Студенттерге арналған бағдарлама (Syllabus) Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум



жүктеу 336,27 Kb.
Дата30.05.2018
өлшемі336,27 Kb.
#18498
түріПрактикум

Студенттерге арналған Түрі

бағдарлама (Syllabus) Ф СО ПМУ 7.18.3/37




Қазақстан Респубикасы білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Филология, журналистика және өнер факультеті
Орыс филологиясы кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА

(Syllabus)

Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум

5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша

сырттай орта кәсіби білім негізінде оқитын студенттерге арналған

Павлодар

Студенттерге арналған Түрі

бағдарламаның (Syllabus) Ф СО ПМУ 7.18.3/38

бекіту парағы






БЕКІТЕМІН

ФЖжӨФ деканы

________Сарбалаев Ж.Т.

«___»____________ 20 _ж.
Құрастырушы: филол.ғ.к., доцент ______________ Шахметова Н.А.

Орыс филологиясы кафедрасы



Студенттерге арналған бағдарлама (Syllabus)



«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» пәні бойынша

5В020700 «Аударма ісі» мамандығы бойынша

сырттай орта кәсіби білім негізінде оқитын студенттерге арналған


Бағдарлама «____» _________20 _ ж. бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған
Кафедра мәжілісінде ұсынылған

«___» ___________ 20 __ ж., № ____ хаттама


Кафедра меңгерушісі ________ Кенжебалина Г.Н.
Филология, журналистика және өнер факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды

«___» ___________ 20 ___ ж., № ____ хаттама


ОӘК төрайымы ________________ Жуманкулова Е.Н.


КЕЛІСІЛДІ

АТжП кафедрасының меңгерушісі ________ Демесинова Г.Х. «__» _ 20 _ ж.



1 Оқытушы туралы мәлімет

Аты-жөні Шахметова Назира Ахановна

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы филол.ғ.к., орыс филологиясы кафедрасының доценті

Орыс филология кафедрасы бас оқу корпусында орналасқан (Ломов к., 64 үй), № 454 аудиториясы, байланыс телефоны 673623 (ішкі 1287).


2 Пән туралы мәліметтер

«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» курсын оқу 2 кредит санын құрайды, 2-ші және 3-ші семестрде. Бақылау түрі – емтихан (3-ші семестрде).
3 Пәннің жұмыс көлемі

Семестр

Кредит саны

Аудиториялық сабақтар түрлері бойынша

сағат саны

СӨЖ


сағат саны

Бақылау

түрі


барлығы

дәріс

тәж.

зерт.

студ.

жеке

барлығы

СӨЖӨ

2,3

2

90




12










78

12

Э


4 Пәннің мақсаты:

«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» курсының мақсаты  мәдениетаралық өзара әрекет жасау субъектілері ретінде студент-аудармашылардың сөйлеу қарым-қатынастарының мәдениетін жетілдіру және қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілігін қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

- сөйлеу әрекеттерінің төрт түрі (сөйлеу, оқу және жазу) негізінде болашақ студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілігін қалыптастыру;



- болашақ аудармашының кәсіптік қызметінің контекстінде мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін теориялық-когнитивтік базаны құру;

- вербалды және вербалды емес қатынас құралдарының ұлттық-мәдени өзіндік ерекшеліктері туралы білімді жүзеге асыру;

- қарым-қатынастың жағдаятты және конвенциондық салаларында студенттердің вербалды және вербалды емес мінез-құлқын қалыптастыру;

- студент-аудармашыларға тілдік қарым-қатынас пен сөйлеу мәдениетінің негізгі ұғымдары жөнінде түсінік беру;

- орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық және грамматикалық нормаларды қоса отырып, тілдік қарым-қатынаста студенттердің оқытылатын шет тілінің тілдік бірліктерін өлшемге сәйкес қолдану шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру;

- басқа елдер мен халықтардың мәдениетін сыйлау және шыдамдылыққа үйрету.



5 Студенттің білім алуына қойылатын талаптар:

«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» курсын оқығаннан кейін студент:

- тілін оқып жатқан ел мен Қазақстанда мәдениеттің, құндылық бейімделушіліктердің жүйесін, мәдениеттердегі ортақтықтар мен айырмашылықтарды;

- тілдік қарым-қатынас, мәдениетаралық қарым-қатынас, сөйлеу мінез-құлқының вербалды және вербалды емес құралдар туралы ұғымдарды;

- негізгі қарым-қатынастық прагматикалық стратегиялар мен мәдениаралық қарым-қатынас кезінде аудармашының сөйлеу мінез-құқының техникасын;

- оқытылатын шет тілін жеткізушілердің тілдеріндегі ұлттық-мәдени ерекшеліктерді;

- мәдениетаралық қарм-қатынас кезінде вербалды және вербалды емес мінез-құқының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату; тілдік сипаттамалар мен ауызша және жазбаша, дайын және дайын емес, ресми және биресми сөздердің ұлттық-мәдениеттік ерекшеліктерін;

- оқытылатын тілдің орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық және дискурсивтік өлшемдерін білуі керек.

«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» курсын тыңдағаннан кейін студент:

- екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу, барабар аударманы жүзеге асыру және өзінің тілдік әрекетінің жағдаятты-барабар стратегиясын және тактикасын іске асыру мақсатында білімдерді пайдалана алуы;

- мәдениетаралық қатынастың ауызша және жазбаша нысандарын жүзеге асыратын сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде орыс тілін қарым-қатынас құрал ретінде қолдана алуы;

- мәдениетаралық қатынастың барабар вербалды және вербалды емес құралдарын аудармашының кәсіптік іс-әрекетінде қолдана алуы;

- дискурстық нормаларға сәйкес тілдің мазмұндылығын, орындылығын және мәнерлілігін ескере отырып, айтылымды құрастыра алуы керек.

- аудармашының кәсіптік іс-әрекетін қамтамасыз ететін тілдік қарым-қатынастың мәдениетін;

- мәдениетаралық қатынастың вербалды және вербалды емес орыс тілдік құралдарын, оның ішінде сөйлеу этикетінің формулаларын;

- ресми және биресми жағдайларда қарым-қатынастың ауызша және жазбаша нысандары қоса алынған (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу) сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеруі керек.



6 Пререквизиттер:

- мамандыққа кіріспе

- орыс тілі

- базалық орыс тілі (А1, А2, В1, В2).



7 Постреквизиттер:

- елтану


- орыс тілінің функционалдық стилистикасы

- жалпылама-кәсіби орыс тілі

- мәдениетаралыққарым-қатынас теориясы мен практикасы

- аударма теориясы



- ауызша аударма практикасы.

8 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырып атауы

Студенттердің ОЖЖ бойынша жұмыс көлемі

дәр.

тәж.

зерт.

студ.

жеке

СӨЖ

1

Коммуникация және тілдік қарым-қатынас




2










10

2

Мәдениетаралық қарым-қатынас және мәдениеттердің өзара әрекет жасауы




2










13

3

Вербалдық қарым-қатынас және тілдік қарым-қатынас мәдениеті




2










13

4

Вербалды емес қарым-қатынас




2










13

5

Аудармашының мәдениетаралық қарым-қатынас жасау кезіндегі вербалды және вербалды емес құралдардық өзара әрекетестігі




2










13

6

Қарым-қатынастың оқиғалы және конвенциондық сфералары




2










16

БАРЛЫҒЫ:




12










78


9 Пәннің қысқаша аннотациясы:

«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» курсы Базалық орыс тілі бағдарламаларымен (А1, А2, В1, В2) сабақтастығын сақтай отырып, студенттердің қарым-қатынастық және мәдениетаралық біліктілігін бұдан әрі дамытуға және болашақ аудармашының мәдени-адекваттық стратегиясы мен кәсіптік-бағдарлы жағдайлада сөйлеу қарым-қатынастарының тактикасын дағдыға айнадыруға ықпал етеді.
10 КУРСТЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІ:

10.1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДЫҢ ТІЗІМІ:

1 тәжірибе тақырыбы: Коммуникация және тілдік қарым-қатынас.

Қарым-қатынас ұғымы (коммуникация). Компоненттер және қатынас жасау мақсаттары. Сөйлеу актісі. Сөйлеу актісінің құрылымы. Қарым-қатынастың рольдік жағдаяты. Қарым-қатынастың негізгі нысандары. Тілдік қарым-қатынастың түрлері: ауызша және жазбаша, монолог және диалог, формалды және формалды емес, контактылы және дистанттық. Қарым-қатынас жасау жолдары. Қатынастық шеңбер. Қатынас жасау нәтижелілігінің шарттары.

2 тәжірибе тақырыбы: Мәдениетаралық қарым-қатынас және мәдениеттердің өзара әрекет жасауы.

Мәдениетаралық қарым-қатынас. Мәдениет ұғымы. Мәдениеттің түрлілігі. Мәдениеттердің өзара әрекеттестігі. Мәдениеттегі ортақтық пен түрлілік.

3 тәжірибе тақырыбы: Вербалдық қарым-қатынас және тілдік қарым-қатынас мәдениеті.

Вербалдық қарым-қатынас. Аудармашының тілдік қарым-қатынасының мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті мен сөйлеу мәдениетінің негізгі критериялары. Әдеби орыс тілі нормалары туралы ұғым. Сөйлеу этикеті. Этикеттік сөйлеу формулалар мен мәтіндер әлеуметтік және тұлғааралық қатынастарды реттеу құрал ретінде.

4 тәжірибе тақырыбы: Вербалды емес қарым-қатынас.

Вербалды емес қарым-қатынас. Паравербалды сигналдар мен құралдар (проксема, мимика, кинесика, көзқарас, тактильды қатынас). Паралингвистикалық құралдар (дауыс ырғағы, дауыс күші, тонның жцне диапазонның жоғарылығы, дауыс қарқындылығы, паузация).

5 тәжірибе тақырыбы: Аудармашының мәдениетаралық қарым-қатынас жасау кезіндегі вербалды және вербалды емес құралдардық өзара әрекетестігі.

Аудармашының сөйлеу мінез-құлқындағы қарым-қатынастың вербалды және вербалды емес құралдардың өзара әрекеттестігі. Мәдениетаралық қарым-қатынастағы аудармашының тілдік және тілдік емес мінез-құлқының этикасы мен эстетикасы.

6 тәжірибе тақырыбы: Қарым-қатынастың оқиғалы және конвенциондық сфералары.

Қарым-қатынастың оқиғалы сферасы. Аталмыш қарым-қатынасты орнату. Іскерлік серіктесті қарсы алу, бастапқы байланысты орнату. Алғашқы кездесу мен танысудың ұлттық-мәдение ерекшелігі мен этикеті. Қатынас орнатушылардың кездесу кезіндегі вербалды емес мінез-құлқы.

Қарым-қатынастың конвенциондық сферасы. Жұмысқа орналасу кезіндегі қарым-қатынас. Сұхбат. Жұмыс орнында тұлғаралық қарым-қатынас. Телефон арқылы қарым-қатынас орнату. Іскерлік кездесу. Келіссөздер. Көпшілік алдындағы қарым-қатынас.




10.2 СӨЖ ТҮРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ:

СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп

түрі

Бақылау

түрі

Сағат

көлемі

1

Тәжірибелік сабақтарға дайындық: сабақтардың тақырыптары бойынша материалдарды оқу, үй жұмыстарын орындау

Жұмыс

дәптері


Сабаққа

қатысу


24

2

Аудиториялық сабақтардың мазмұнына енбеген материалдарды өз бетінше оқу

Конспект

Сұрақтарға

жауап беру



48

3

Бақылау шараларына дайындық




КБ1 қорытынды бақылау, емтихан

6

БАРЛЫҒЫ:







78


Өз бетінше жұмыс істеуге арналған тақырыптардың тізімі:

1 тақырып: Қарым-қатынас жасау жолдары.

Қатынастық шеңбер. Қатынас жасау нәтижелілігінің шарттары. Қарым-қатынастың негізгі нысандары. Тілдік қарым-қатынастың түрлері: ауызша және жазбаша, монолог және диалог, формалды және формалды емес, контактылы және дистанттық.

2 тақырып: Аудармашының тілдік мәдениетіне бейімделу шарттары.

Идиомалардағы, мақал-мәтелдердегі, дәйек сөздердегі, нақыл сөздердегі мәдени реалийлер семантикасы.

3 тақырып: Этикеттік жағдайлардағы негізгі сөйлеу актілері.

Қаратпа сөз. Таныстыру. Танысу. Сәлемдесу және қоштасу. Алғыс айту және кешірім сұрау. Жарасымды және құттықтау сөздер. Өтініш және ұсыныс. Келісу және бас тарту. Шақыру және шақыруға жауап.

Жазбаша қарым-қатынас түрлері: открыткалар (шақыру, құттықтау, алғыс айту). Факс және электрондық аппарат. Жеке хат және телефон арқылы ақпараттық жазба. Іскерлік және жеке хат. Өмірбаян (резюме). Жұмысқа қабылдау туралы өтініш хат. Жұмысқа орналасу кезіндегі бланкілер мен құжаттар нысандары.

4 тақырып: Вербалды емес қарым-қатынастың ұлттық-мәдение ерекшелігі.

Вербалды емес қарым-қатынастың ұлттық-мәдение ерекшелігі (сәлемдесу және қоштасу, назарын өзіне аудару, сезімді және бағалауды білдіру кезінде, арақашықтықты сақтау).

5 тақырып: Аудармашының кәсіптік қарым-қатынастағы оқиғалы сферасы.

Формалды емес әңгімелесу. Іскерлік серіктестер мен әріптестердің корпоративтік кештегі, конференция мен кездесулердегі үзілісте әңгімелесуі. Әріптесінің үйіне бару. Қонаққа шақыру. Әріптесінің үйінде қонақта болу. Қонақтарды қабылдаудың вербалды және вербалды емес этикеті. Қонақжайлық ұлттық мәдени құндылық ретінде. Жарасымды және алғыс сөз айту. Сыйлық берудің ұлттық-мәдени ерекшелігі.

6 тақырып: Аудармашының кәсіптік қарым-қатынастағы конвенциондық сферасы.

Жұмысқа орналасу кезіндегі қарым-қатынас. Жұмысқа орналасу кезінде аудармашыға қойылатын талаптар. Сұхбат. Сұхбат жүргізу кезіндегі сауалнама алу техникасы. Жұмыс орнында тұлғаралық қарым-қатынас. Кәсіпорын (офис) қызметкерлерінің тұлғаралық қарым-қатынасы. Қызметкерлердің іскерлік және сөйлеу этикеті. Телефон арқылы қарым-қатынас орнату. Телефон арқылы әңгімелесу этикеті. Ұялы телефон арқылы қатынасу мәдениеті. Іскерлік кездесу. Кездесу түрлері (жиналыс, брифинг, конференция). Түрлі елдер мен кәсіпорындарда іскерлік кездесу жүргізу стратегиясы мен регламенті. Кездесу қатысушыларының сөйлеу этикеті. Келіссөздер. Көпшілік алдындағы қарым-қатынас. Көпшілік алдында сөйлеу. Сөйлеудің негізгі риторикалық тәсілдері.

11 «Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» пәнінің саясаты:

- Сіздің біліміңіз балл-рейтинг жүйесі негізінде бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша бағаланады.

- Сырттай оқитын студенттің білімі КБ1 және қорытынды бақылау негізінде бағаланады.

- Егер Сіз сабақтарға белсенді қатыссаңыз, тапсырмаларды уақытында орындасаңыз, Сізде ең жоғарғы балл жинауға мүмкіншілігіңіз бар.

- Егер Сіз уақытында тапсырмаларды орындамай, сабақ босатсаңыз, онда баллдарыңыз 30 % пайызға төмендейді.

- Егер Сіз сабақтарды немесе бақылау шарасын белгілі бір себептермен босатсаңыз, онда Сізге жеке түрде белгіленген бір уақытта тапсыруға мүмкіншілік беріледі.

- КБ1 шарасы 100 балл көлемінде бағаланады.

«Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» пәні бойынша КБ1 шарасы тест түрінде өтеді.

Студенттің «Тілдік қарым-қатынас мәдениеті бойынша практикум» пәнінен рейтингісі ағымдағы үлгеріммен (АҮ) КБ1 қосындысынан тұрады. Балл жинағы мынадай формула бойынша есептеледі:

Р = АҮ * 0,7 + КБ *0,3

Егер Сіз КБ1 шарасына қатыспаған болсаңыз, Сіздің рейтингіңіз 0-ге тең болады.

Емтиханға кіруге рұқсат алу үшін КБ1 шарасында алған баллдарыңыз 50-ден төмен болмау керек.

Қорытынды бақылау жабық тестілеу түрінде өтеді.

Егер Сіз емтиханда 50 баллдан төмен алсаңыз, Сіздің рейтингіңіз анықталмайды, ведомоске «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Ағымдағы, кезеңаралық, қорытынды бақылау баллдары төмендегідей мөлшерге сай болу керек:

50-74 балл «қанағаттанарлықсыз», 74-89 жақсы, 90-100 өте жақсы. Сәттілік тілеймін!

12 Әдебиет тізімі:

Негізгі:

1 Алимжанова Г.М. Речевой этикет казахского и русского языков. – Алматы, 2004. – 106 с.

2 Введенская Л.А., Павлова Л.Г. Риторика и культура речи. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2003.

3 Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Лингвострановедческая теория слова. – М.: Русский язык, 1980.

4 Зарецкая Е.Н. Риторика: Теория и практика речевой коммуникации. – М.: Дело, 2002. – 480 с.

5 Казарцева О.М. Культура речевого общения: Теория и практика обучения. – М.: Флинта: Наука, 2001. – 224 с.

6 Формановская Н.И. Русский речевой этикет. М.: Русский язык, 2002. – 168 с.

Қосымша:

7 Вагапова Д.Х. Риторика в интеллектуальных играх и тренингах. – М.: Цитадель, 1999. – 460 с.

8 Иванушкина П.Ф. Риторика. Логические, психологические и языковые основы речевой деятельности. – Ставрополь, 1993.

9 Кондубаева М.Р. Основы культуры речи. – Алматы, 1997.



10 Хазагеров Г.Г., Лобанов И.Б. Риторика. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2004. – 384 с.
жүктеу 336,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау