Строительные нормы республики казахстан


 Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету



жүктеу 2,52 Mb.
Pdf просмотр
бет21/81
Дата10.10.2023
өлшемі2,52 Mb.
#43732
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
СН РК 1.03-00-2022

7.7 Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету 
7.7.1 Құрылысқа қатысушылар -Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) және 
жобалаушы 
жұмыстарды 
жүргізу 
процесінде 
орындалатын 
құрылыс-монтаж 
жұмыстарының, салынып жатқан құрылымдардың және ғимаратты немесе құрылысты 
инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жобалау және жұмыс құжаттамасына, 
техникалық регламенттердің және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына 
сәйкестігін бағалау мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы 
заңнамада көзделген сапаны бақылауды жүзеге асырады. 
7.7.2 Құрылыс мердігері (бас мердігері) құрылыс өнімінің сапасын бақылау кезінде 
жобада, стандарттарда және техникалық шарттарда, жеткізу туралы шарттарда, бұйымның 
паспорттарында және басқа да құжаттарда белгіленген талаптарға сапа көрсеткіштерінің 
сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды 
жүзеге асырады: 
құрылыс салушымен (тапсырыс берушімен) ұсынылған жобалау құжаттамасының 
және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялар мен 
жабдықтардың (нарықта отандық өнім өндірушілер болмаған жағдайда, шетелдік өнім 
қолданылады) кіріс бақылауын; 
құрылыс объектісінің геодезиялық бөлу негізін куәландыру; 
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау процесінде және операцияларды аяқтау 
бойынша операциялық бақылау; 
осы құрылыс нормаларына Д-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейінгі жұмыстарды 
орындау басталғаннан кейін нәтижелері бақылау үшін қол жетімсіз болатын жасырын 
жұмыстарды куәландыру; 
осы құрылыс нормаларына Е-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инженерлік-
техникалық қамтамасыз ету жүйелерінің жауапты құрылыс конструкциялары мен учаскелерін 
аралық бағалау; 
техникалық құрылғылар мен жабдықтарды сынау және сынамалау. 
7.7.3 Сапаны ішкі бақылау құрылыс ұйымының әкімшілік-техникалық персоналының 
қызметі (бас инженер, желілік қызметкерлер, бригадир, сапа кепілдігінің инженері, сапаны 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
28 
бақылау инженері, құрылыс зертханасының мамандары және тағы басқа), ол жұмыс 
тәртібінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде тұрақты бақылау жүргізеді. 
7.7.4* Кіріс бақылауы тапсырыс берушіден келіп түсетін жобалау (жобалау-сметалық) 
құжаттамасының сапасын тексеруді, құрылыс материалдарының, конструкциялардың, 
бұйымдардың, жартылай фабрикаттар мен жабдықтардың жобаға сәйкестігін, сондай-ақ 
стандарттардың, техникалық шарттардың, техникалық куәліктердің, жеткізу туралы 
шарттардың, бақылау сынақтарының паспорттарының, сондай-ақ сертификаттар мен басқа 
да ілеспе құжаттардың талаптарын тексеруді қамтиды. 
Сонымен бірге көрсетілген материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың сапасын 
растайтын жеткізушінің (өндірушінің) ілеспе құжаттарының, сондай-ақ СТ-KZ 
нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың және индустриялық 
сертификаттардың болуы мен мазмұны тексеріледі.
 
Кіріс бақылауы толық немесе таңдамалы болуы мүмкін, бұл қарастырылып отырған 
объектінің бүкіл жиынтығын бағалауды қамтамасыз етеді.

жүктеу 2,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау