ҚР ҚН 1.03-00-2022
22
Бұзылатын ғимараттың немесе құрылыстың жарылыс, жағу немесе құлау сәті туралы
құрылыс алаңындағы барлық ұйымдар, сондай-ақ іргелес аумақты пайдаланатын ұйымдар
хабардар етіледі. Қажет болған жағдайда қоршау қойылады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу кезінде жарылыс жұмыстарын жарылыс
жұмыстарын жүргізуге рұқсат алғаннан кейін Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру
қағидаларына сәйкес жүргізуге жол беріледі.
7.4.8
Жұмыс
өндірісінде
қолданылатын
машиналар
мен
механизмдерді
құрылымдардың құлау аймағында орналастыруға жол берілмейді. Құлату тәсілін қолданған
жағдайда жұмыс арқандарының ұзындығы құрылыстың биіктігінен үш есе артық болуы
тиіс.
7.4.9
Сына-балғаның немесе шар-балғаның көмегімен бұзылуға жататын
ғимараттардың (құрылыстардың) конструкциясын бұзу жөніндегі жұмыстар процесінде
ғимараттың (құрылыстың) жанында оның биіктігінен кем қашықтықта болуға жол
берілмейді.
7.4.10 Объектіні бұзуды жүзеге асыруға ниеті бар тапсырыс беруші заңнамаға сәйкес
облыстардың (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарынан объектілерді
кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге
шешім алуға міндетті.
7.4.11 Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу (кейіннен кәдеге жарату)
әзірленген жобалау (жобалау-сметалық құжаттама)
негізінде сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
7.4.12 Ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға (кейіннен кәдеге жаратуға) арналған
жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі Ғимараттар мен
құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге
жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында белгіленеді.
7.4.13 Объектінің жауапкершілік деңгейіне байланысты жобалау, құрылыс-монтаж
жұмыстары, сондай-ақ инжинирингтік қызметтер көрсету және сараптамалық жұмыстар
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамада
белгіленген рұқсат
беру құжаты (лицензия, сарапшының аттестаты, аккредиттеу туралы куәлік) негізінде
тұлғалармен орындалады.
7.4.14 ЖӨЖ дайындау кезінде объектіні бұзған жағдайда ғимараттар мен
құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына жүргізілген техникалық тексеру
нәтижелері ескеріледі.
7.4.15 Жаңа объектіні бір мезгілде тұрғыза отырып бұзу кезінде құрылыс заңнамада
белгіленген тәртіппен жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
7.4.16 Егер объектіні бұзу мемлекеттік инвестициялар қаражатын тарта отырып не
олардың қатысуымен жүзеге
асырылатын болса, Тапсырыс беруші объектіні бұзуға
сметалық құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етеді.
7.4.17 Блокталған тұрғын үйдің бір бөлігін бұзу кезінде жобаның ведомстводан тыс
кешенді сараптамадан өтуімен қалған бөлігін күшейту жөніндегі жобалау (жобалау-
сметалық) құжаттамасын әзірлеу талап етіледі.
7.4.18 Жерге тиісті құқықсыз объектіні заңсыз салу кезінде сол сияқты өз бетінше
салу кезінде, сондай-ақ соттың шығарған шешімдері және тиісті уәкілетті мемлекеттік
органдардың нұсқамалары (ұсынымдары) кезінде бұзу туралы шешім алу талап етілмейді.
7.4.19 Өз бетімен салынған құрылысты бұзуды өз бетімен салынған құрылысты
қайтарып алған адам, ал мұндай адам туралы мәліметтер болмаған кезде өз бетімен
салынған құрылыс салынған жер учаскесінің құқық иесі жүзеге асырады.
7.4.20 Авариялық ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға
байланысты табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою Қазақстан Республикасының
ҚР ҚН 1.03-00-2022
23
азаматтық қорғау саласындағы заңнамасымен реттеледі және бұл үшін бұзу туралы шешім
алу талап етілмейді.
7.4.21
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кейін
жылжымайтын мүлік объектісі ретінде мүліктің жұмыс істеуін тоқтату азаматтық қорғау
саласындағы органдар берген тиісті құжаттың және ғимараттар мен құрылыстардың
сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптамалық қорытындының
негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі –
Тіркеуші орган) жүзеге асырылады.
7.4.22 Мүлік иесі мүліктің жылжымайтын мүлік объектісі ретінде жұмыс істеуі
тоқтатылған кезде үш жұмыс күні ішінде сәулет және
қала құрылысы саласындағы
жергілікті атқарушы органды жазбаша хабардар етеді.
7.4.23 Иесіз жылжымайтын мүлікті есептен шығару кезінде Тіркеуші орган үш жұмыс
күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органды
жазбаша хабардар етеді.
7.4.24 Объектіні бұзу инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша
қызмет көрсетушілермен Берілген шарттарға сәйкес сыртқы
инженерлік желілерден
объектіні ажыратқаннан кейін және ЖӨЖ сәйкес жүзеге асырылады.
7.4.25 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 1-тармағында көрсетілген
объектілер бойынша ЖҚЖ талап етілмейді.
7.4.26 Объектіні бұзу барысында адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке
немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға
бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданады, сондай-ақ уақытша қоршауларды, кірме
жолдарды орнату және құрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жөніндегі іс-шараларды
қарастыру қажет.
7.4.27 Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды хабарлама нысанына
және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына сәйкес құрылыс-
монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы,
сондай-ақ Хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды
айқындау туралы хабардар етеді.
7.4.28 Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеуден және бұзғаннан кейін (кейіннен
кәдеге жарату) осы құрылыс нормасының Ж-қосымшасына сәйкес сәйкес ғимараттар мен
құрылыстарды бұзу актісі жасалады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бұзу актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы
функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда міндетті есепке алынуға
жатады.
Жылжымайтын мүлік объектісін бұзуға байланысты құқықтың тоқтатылуын
мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші немесе өтініш берушінің уәкілетті өкілі тіркеуші
органға жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала
құрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуден өткен ғимараттар
мен құрылыстарды бұзу актісін қоса бере отырып, құқықтың тоқтатылуын тіркеу туралы
өтініш береді.
Достарыңызбен бөлісу: