ҚР ҚН 2.04-01-2011
11
Орынжайларда және ғимараттардан тыс жарықтандырудың нормаланатын
сипаттамалары жұмыстық жарықтандырудың жарықшамдарымен де және олармен
бірлескен апаттық жарықтандырудың шамдарымен де қамтамасыз етілуі мүмкін.
5.4.2 Орынжайлардың жасанды жарықтандыруу екі жүйелі болуы мүмкін – жалпы
(біркелкі және жергілікті) және қиыстырылған (аралас).
5.4.3 Жұмыстық жарықтандыруды ғимараттардың барлық орынжайлары үшін, және
адамдардың жұмыс жасауға, жүруге және көліктің қозғалысына арналған ашық
кеңістіктердің учаскелері үшін қарастыру керек. Табиғи жарықтандыру жағдайлары және
жұмыс режимдері әр түрлі аумақтары бар орынжайлар үшін мұндай аумақтарды
жарықтандыруды бөлек басқару керек.
5.4.4 Жасанды жарықтандыру үшін энергия үнемдейтін жарық көздерін пайдалану
керек. Тең қуаттылық кезінде, ұзақ мерзім қызмет атқаратын және ең көп жарық беретін
жарық көздеріне жол берілу керек
Жалпы қолданыстағы 100Вт және одан жоғары қуатты қызу лампаларын
жарықтандыруға пайдалануға тыйым салынады.
5.4.5 Орынжайларды жалпы жарықтандыру үшін әдетте жарық беру 55 лм/Вт кем емес
ең үнемді тоқ лампаларын пайдалану керек. Использование ламп накаливания для общего
освещения допускается только для обеспечения архитектурно-художественных
требований, а также в случае невозможности или технико-экономической
нецелесообразности использования разрядных ламп.
Для местного освещения, кроме разрядных источников света, допускается
использование ламп накаливания, преимущественно галогенных.
Применение ксеноновых ламп внутри помещений не допускается.
5.4.6 Орыжайларды жалпы және жергілікті жарықтандыру үшін түс температурасы
2400К –нен 6800 К-ге дейінгі жарық көзерін пайдалану керек.толқындардың ұзындық
диапазоны 320-400нм ультракүлгін сәулелену қарқындылығы 0,03 Вт/м² аспау керек .
сәулелену спектрінде 320нм төмен толқындар ұзындығына тыйым салынады.
Жалпы және жергілікті жарықтандыруғңка арналған жарық диодтары бар жарық
беру аспаптарының жұмыс істеп тұрған тікелей сәулелердің көзге түсуін жоққа
шығаратын қорғау бұрыштары немесе шашыратқыштары болу керек.
6 ҒИМАРАТТАР МЕН ОРЫНЖАЙЛАРДЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ
6.1 Өндірістік және қоймалық ғимараттардың орынжайларын жарықтандыру
6.1.1 Өндірістік және қоймалық ғимараттар орынжайларының жарықтандырылу
нормативтерін жарытық шәкілінің бір сатысына мына жағдайларда көтеру керек:
а) I – IV санаттағы жұмыс барысында, егер көру жұмыстары жұмыс күнінің
жартысынан астам уақыт бойы атқарылса;
б) жарақат алу қауіптілігі жоғары болса, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен
жарықтық 200 лк және одан да төмен болса;
в) арнаулы жоғары санитарлық талаптар кезінде (тамақ өндіру және химика-
фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындарында), егер жалпы жарықтандыру жүйесінен
жарықтық 500 лк және одан да төмен болса;
ҚР ҚН 2.04-01-2011
12
г) жасөспірімдерді өндірістік оқыту немесе жұмыс жасау кезінде, егер жалпы
жарықтандыру жүйесінен жарықтық 300 лк және одан да төмен болса;
д) орынжайда табиғи жарық болмаған жағдайда және жұмысшылар үнемі жүрген
жағдайда, егер жалпы жарықтандыру жүйесінен жарықтық 750 лк және одан да төмен
болса;
е) жылдамдығы 500 айн/мин айналатын бөлшектерді бақылаған жағдайда немесе
жылдамдығы 1,5м/мин қозғалатын нысандарды бақылаған жағдайда;
ж) көлемі 0,1 м
2
және одан астам беттерде үнемі айыру нысандарын іздестірген жағдайда;
з) жұмысшылардың жартысынан көбі 40 жастан асатын орынжайларда.
Бір мезгілде бірнеше сипаттама болған жағдайда, жарықтық нормаларын
жоғарылатуды бір сатыдан асырмау керек.
6.1.2 IV – VI санаттағы жұмыстар атқарылатын орынжайларда,адамдар қысқа мерзім
ғана жұмыс атқаратын жағдайда немесе тұрақты қызмет көрсетуді талап етпейтін
жабдықтар болған жағдайда жарықтық нормаларын бір сатыға төмендету керек.
6.1.3 Орынжайларда I – III, IVа, IVб, IVв, Vа санаттағы жұмыстарды орындаған кезде
қиыстырылған жарықтандыру жүйесін қолданған жөн. Техникалық мүмкіндігі болғанда немесе
жергілікті жарықтандыруды орнату тиімсіз болғанда, жалпы жарықтандыру жүйесі
қарастырылады( бұл салалық жарықтандыру нормаларында нақтыланады).
Бір орынжайда жұмыстық және қосалқы аймақтар болса, жұмыстық аймақтарды
локальдық жалпы жарықтандыруды (кез келген жарықтандыру жүйесі жағдайында)
және қосалқы аймақтарды, VIIIа санатына жатқыза отырып, қарқыны төмен
жарықтандыруды қолдану керек.
6.1.4
Қиыстырылған (аралас) жүйедегі жалпы жарықтандыру шамдарынан пайда
болатын жұмыс бетінің жарықтығы аралас жарықтандыру үшін мөлшерленетін
жарықтықтың 10 %-нан кем болмау керек. Сонымен қатар жарықтық 200лк-дан төмен
болмау керек.
Аралас жүйедегі жалпы жарықтықтың 1200 лк артық болуы дәлелдемелер болғанда
ғана рұқсат етіледі.
Табиғи жарығы жоқ орынжайларда аралас жүйедегі жалпы жарықтандару
шамдарынан пайда болатын жұмыс бетінің жарықтандырылуын бір сатыға көтеру керек .
6.1.5 Жарықтықтың таралу біркелкілігі І-ІІІ санатты жұмыстар үшін 0,8 кем болмау
керек, ал IV – VII санатты жұмыстар үшін 0,7 кем болмау керек.
Технология шарты бойынша жалпы жарықтың жарықшамдары тек қана алаңдарда,
ұстындарда немесе орынжай қабырғаларында орнатылатын жағдайда ғана жарықтықтың
таралу біркелкілігін 0,3-ке дейін төмендетілуі мүмкін.
6.1.6
Өндірістік орынжайларда жұмыс жасаламайтын өтпелер мен учаскелерде
жалпы жарықтық жарықшамдарынан таралатын, нормаланатын жарықтықтың 25 % аспау
керек, бірақ 100лк-дан төмен болмауға тиіс.
6.1.7 Технологиялық үдерісі толық автоматтандырылған цехтарда жабдықтардың
жұмысын бақылауға арналған жарықтандыруды қарастыру керек, сонымен бірге жөндеу-
ретке келтіру жұмыстары кезінде қажетті денгейде жарық беру үшін жалпы және
жергілікті жарықтандырудың қосымша қосылатын жарықшамдары қарастырылады.