Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет6/21
Дата07.02.2020
өлшемі1,2 Mb.
#28532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 



Тереңдігі 6,0м-ден астам ірі көлемді өндірістік орынжайларда бүйірлі жарықтандыру 

кезінде  жарық  түсетін  тесіктерден  қашықтықта  орналасқан  шартты  жұмыс  бетіндегі   

нүктеде ТЖЕ-нің минимальды мәні мөлшерленеді : 

а) I  –  IVсанаттағы  көру  жұмыстарына  арналған  жарық  түсетін  ойықтардың 

төбесіне дейін 1,5 биіктікке; 

б) V  –  VII  санаттағы  көру  жұмыстарына  арналған  жарық  түсетін  ойықтардың 

төбесіне дейін 2 биіктікке;  

в)  VІІІ  санаттағы  көру  жұмыстарына  арналған  жарық  түсетін  ойықтардың 

төбесіне дейін 3 биіктікке. 

Кез-келген мақсаттағы орынжайларды жоғарыдан және аралас табиғи жарықтандыру 

кезінде бөлінген үй-жайдың қабырғасының қиылысында және жұмыс жағдайында (немесе 

еден)  ТЖЕ  орташа  мөлшерленген  мәні  мөлшерленеді.  Бірінші  және  соңғы  нүктелер 

қабырға  бетінен  (қалқалардан)  немесе  қатарлардың  осьтерінен  1  м  арақашықтықта 

қолданылады. 

5.2.7 Орынжайларды  бүйірлі  жарықтандырылатын  (сыртқы  қабырғалар  мен 

терезелерге қабысатын аумақтар) және жоғарыдан жарықтандырылатын өңірлерге бөлуге 

жол беріледі. Әр аумақта табиғи жарықтандыруды нормалау және есептеу жұмыстары бір 

біріне тәуелсіз атқарылады. 

5.2.8 І-ІІІ  санаттағы  көру  арқылы  жұмыс  атқарылатын  өндірістік  орынжайларда 

аралас(қиыстырылған)  жарықтандыруды  қолданған  жөн.  Ірі  аралықты  құрастыру 

цехтарында,  атқарылатын  жұмыстар  ауқымды  жерді  алып  отырып,  еденнің  әр  түрлі 

денгейінде  және  кеңістікте  әр  алуан  бағдарланған  жұмыстық  беттерінде  жасалып 

жүзеге  асырылса,    жоғарғы  табиғи  жарықтандыруды  қолдануға  рұқсат  беріледі. 

Сонымен бірге ТЖЕ-нің нормаланған мәндері І-ІІІ санаттар үшін тиісінше 10; 7; 5 % 

болып қолданылады. 

 

5.3 Орынжайлардың қиыстырылған(аралас) жарықтандыруына қойылатын 

талаптар 

 

5.3.1 Өндірістік 



ғимараттар 

орынжайларын 

қиыстырылған 

(аралас) 

жарықтандыруды мына жағдайда қарастыру керек: 

а) І-ІІІ санаттағы жұмыстар атқарылатын өндірістік орынжайлар үшін; 

б) өндірістік  және  басқа  да  орынжайлар  үшін,  технология,  өндірісті  ұйымдастыру 

немесе  құрылыс  салынатын  жердегі  климат  жағдайында  көлемдік-жоспарлау  шешімдер 

ТЖЕ-нің  нормаланатын  көрсеткішін  қамтамасыз  ете  алмайтын  жағдайда  (ені  үлкен 

көпқабатты  ғимараттар,  аралықтарының  ені  үлкен  бір қабатты  көп  аралықты  ғиараттар), 

және  қиыстырылған  жарықтандырудың  табиғи  жарықтандырумен  салыстырғандағы 

техника-экономикалық тиімділігі тиісті есептермен расталған жағдайда; 

в) өнеркәсіптің жекелеген салаларының ғимараттары мен имараттарын құрылыстық 

жобалау бойынша белгіленген тіртіппен бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес. 

5.3.2  Тұрғын,  қоғамдық  және  әкімшілік-тұрмыстық  ғимараттардың  қиыстырылған 

жарықтандырылуын  оңтайлы  көлемдік-жоспарлау  шешімдерітаңдацының  шарты 

бойынша  талап  етілетін  жағдайда,  бұған  үйлер  мен  жатақханалардың  тұрғын  бөлмелері, 



ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

10 


қонақ күту бөлмелері  мен мейманханалардың номерлері,  санаторийлердің және демалыс 

үйлерінің  жатын  бөлмелері,  мектепке  дейінгі  балалар  мекемелерінің  топтық  және  ойын 

бөлмелері  әлеуметтік  қамсыздандыру  нысандарының  (интернаттар,  қарттар  мен 

мүгедектер пансионаттары) палаталары мен жатын бөлмелері жатқызылмайды. 

5.3.3 Адамдар  үзілмейтін  өндірістік  орынжайлардың  жалпы  (қабылданған 

жарықтандыру  жүйесіне  қатыссыз)  жасанды  жарықтандыру  аккумуляторлы  жарық 

көздерімен қамтамасыз етілу керек 

Қызу  шамдарын  қолдануға  интерьерді  безендіру  талаптары  немесе  ортаның, 

технология  жағдайлары  бойынша  басқа  жарық  көздерін  қолдану  мүмкін  емес  немесе 

мақсатқа сай болмағанда жол беріледі. 

5.3.4  ТЖЕ  нормаланатын  мәндері  өндірістік  орынжайлар  үшін  қиыстырылған 

жарықтандырудағыдай қабылдану керек.  

ТЖЕ  нормаланатын  мәндерін  төмендетуге  және  мына  жағдайда  қабылдауға  рұқсат 

беріледі:  

а) ең суық  бескүндігінің нольден төменгі температурасы  28 °С  және одан да төмен 

болатын аудандарда; 

б) тереңдігі  технология  немесе  оңтайлы  клемдік-жоспарлау  шешімінің  таңдауы 

бойынша  қиыстырылған  жарықтандыруға  арналған  1  кестеде  көрсетілген  ТЖЕ  –нің 

нормаланатын  мәнін  қамтамасыз  етпейтін  жағдайдағы  бүйірлі  жарықтандырылатын 

орынжайларда; 

в) І-ІІІ санатты жұмыстар атқарылатын орынжайларда. 

5.3.5  7.4 сәйкес ТЖЕ нормаланатын мәндеріне қол жеткізген кезде: 

а) жалпы жарықтандыру жүйесінің жарықшамдарынан жарықтандырылу 200 лк кем 

болмау керек; 

б) қиыстырылған 

жарықтандыру 

жүйесіндегі 

жалпы 


жарықтандырудың 

жарықшамдарынан  жарықтықты  жарықтандырылу  шәкілі  бойынша  бір  сатыға  көтеру 

керек, бұған  Iа, Iб, IIа санаттары жатқызылмайды.  

в) толықсыма еселендіргіші K

п

  көру арқылы жұмыстардың I – III санаттары үшін 10 % 



аспау керек. 

Қиыстырылған  жарықтандыру  жағдайындағы  жасанды  жарықтандыру  осы 

нормалардың 8 тарауына сәйкес жобалау керек. 

5.3.6 Мектептердің,  мектеп-интернаттардың,  кәсіби-техникалық  және  орта 

арнаулыоқу  орындарының  (техникумдардың)  оқу,  оқу-өндірістік  орынжайларын 

қиыстыра  жарықтандыру  кезінде  жарық  ойықтарына  параллель  орналасқан 

жарықшамдар қатарларының бөлек қосылуын қарастыру керек. 

 

5.4 Орынжайлардың жасанды жарықтандыруына қойылатын талаптар 

  

5.4.1 Жасанды  жарықтандыру  жұмыстық,  апаттық,  күзеттік  және  кезекшілік  болып 



бөлінеді. 

Апатты жарықтандыру эвакуациялық және резервтік болып бөлінеді. 

Қажет  кезде  жұмыстық  немесе  апаттық  жарықтандыру  шамдарының  бөлігі 

кезекшілік жарықтандыру үшін қолданылуы мүмкін. 




жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау