Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата07.02.2020
өлшемі1,2 Mb.
#28532
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

13 



6.1.8  Энергияны  тұтынуды  қадағалау  мақсатында  орынжайлардың  жалпы  жасанды 

жарықтандыруының  рұқсат  етілген  меншікті  белгіленген  қуатына  талаптар  қойылады. 

Өндірістік  және  қоймалық  орынжайларда  жалпы  жасанды  жарықтандыруының  рұқсат 

етілген  меншікті  белгіленген  қуаттылық  максимальды  рұқсат  етілген  мөлшерден  аспау 

керек. 

6.1.9 Жұмыс  орындарын  жергілікті  жарықтандыру  үшін  жарық  өткізбейтін 



шағылыстырғыштары бар шамдарды  пайдалану керек. Шамдар жарық беру  элементтері 

жарықтандырылатын  және  басқа  да  жұмыс  орнында  жұмыс  атқаратындардың  көзіне 

түспейтіндей етіп орналастырылу керек. 

Жұмыс  орындарының  жергілікті  жарықтандырылуы  әдетте  жарық  бері 

реттеуіштерімен жабдықталу керек. 

6.2 Қоғамдық, тұрғын және қосалқы ғимараттарды жарықтандыру 

 

6.2.1 Түс 



сипаттамалары 

бойынша 


қоғамдық, 

тұрғын 


және 

қосалқы 


ғимараттардың  орынжайлары  үшін  жарық  қөздерін  таңдауды  келесі  талаптар  

негізінде атқару керек. 

- мектептік  және  кәсіптік-техникалық  білім  беру  мекемелерінде  люминисценттік 

лампаларды қолдану керек (соның ішінде шағындарды да). 

-  мектепке  дейінгі  мекемелерде,  сонымен  бірге  емдеу-профилактикалық  мекемелердің 

негізгі  қызметтік  жайларында    люминисценттік  лампаларды  (соның  ішінде  шағындарды  да) 

және жарықдиодтарды қолдану керек. 

- қалған  қоғамдық  жайларда  жалпы  жарықтандыруға  галогендік  қызу  лампаларын 

тек сәулеттік-көркемдік талаптарды қамтамасыз ету үшін ғана қолдануға рұқсат етіледі. 

6.2.2 Энергияны  тұтынуды  қадағлау 

мақсатында  А-В  снаттағы  қоғамдық 

ғимаратардың  орынжайлардың  жалпы  жасанды  жарықтандыруының  рұқсат  етілген 

меншікті белгіленген қуатына нормативтерге көрсетілген талаптар қойылады.  

6.2.3 Жарықтандырылу  нормаларын  жарытық  шәкілінің  бір  сатысына  мына 

жағдайларда көтеру керек: 

а)  А-В  санаттарының  жұмысы  кезінде  арнайы  жоғары  санитарлық  талаптар 

жағдайында (мысалы, қоғамдық тамақтанудың және сауданың кейбір орынжайларында); 

б) адамдар тұрақты жүретін орынжайларда табиғи жарық болмаған жағдайда;  

в) Г-Е  санаттарындағы  көру  жұмыстары  үшін  орынжайдағы  жарық  қарқындылығына 

жоғары  талаптар  қойылған  жағдайда  (көрермендер  және  концерт  залдары,  бірегей 

ғимараттардың фойелері және т.с.с.); 

г) әкімшілік  ғимараттарда  қиыстырылған  жарықтандыру  жүйесін  қолданған  кезде 

(кабинеттер, жұмыс бөлмелері, кітапхананың оқу залдары); 

д) жұмысшылардың жартысынан көбінің жасы 40-тан асқан орынжайларда. 

6.2.4 Толықсыма  еселендіргіші  бойынша  нормасы  сақталған  жағдайда  түсберу 

қабілеті  жақсартылған  (R



a

  ≥  90)  жарық  көздерін  пайдаланған  кезде,  нормативтерде 

көрсетілген  Г-Е  санаттары  үшін  жарықтандырылу  нормативтерін  жарытық  шәкілінің  бір 

сатысына төмендету керек. 

6.2.5

 

Г-Е  санаттарындағы  көру  жұмыстары  бар  қоғамдық  ғимараттардың  сәнді-

көркемдік  жарықтандыру  қондырғыларында  сәулеттік  талаптарға  сәйкес  жарықтықты 



ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

14 


таңдауға рұқсат етіледі, шартты көлденең беттің ең аз жарықтандырылуы 100лк-дан төмен 

болмау керек



Цилиндрлі  жарықтандыруды  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  бар  орынжайларда  беткі 

орташа өлшенген шағылысу еселендіргіші  40 % кем болмау керек, ал төбенікі  50 % кем 

болмау керек.  

6.2.6  Қоғамдық  ғимараттар  орынжайларында  әдетте  жалпы  жарықтандыру  жүйесін 

қолдану  керек.  А-В  санатты  көру  жұмыстары  орындалатын  әкімшілік  ғимараттардың 

орынжайларында  қиыстырылған  жарықтандыру  жүйесін  қолдануға  рұқсат  етіледі 

(мысалы,  кабинеттер,  жұмыс  бөлмелері,  кітапханалардың  және  мұрағаттардың  оқу 

залдары және т.с.с.). Сонымен қатар жұмыс бетіндегінормаланатын жарықтық ұлғаяды, ал 

жалпы жарықтандыру жарықтығы 70 % кем болмау керек  

6.2.7  Тұрмыстық  қызмет  көрсету  кәсіпорындарындағы  өндірістік  сипаттағы    I  –  IV 

санаттағы  көру  жұмыстары  (мысалы,  зергерлік  және  нақыштау  жұмыстарының 

орынжайлары,  сағат,  теле  және  радиоспаптарды,  калькуляторларды  жөндеу 

орынжайлары)  атқарылатын  жалғаспалы  орынжайларда  қиыстырылған  жарықтандыру 

жүйесін қолдану керек.  

6.2.8 Үш қабаттан биік тұрғын ғимараттарының басқыш шабақтарын жарықтандыру 

баспалдақтардың  жарықтандырылуы  эвакуациялық  жарықтандыру  нормаларынан  төмен 

болмайтындай  есеппен  жарықшамдардың  немесе  лампалардың  бір  бөлігінің  түнгі 

мезгілде  өшірілуін  қамтамасыз  ететін  автоматты  немесе  қашықтықтан  басқаруы  болу 

керек.  

 

6.3  Кәсіпорындар  алаңдарын  және  ғимараттардан  тыс  өндіріс  орындарын 

жарықтандыру 

 

6.3.1 Ғимараттан тыс жұмыс атқару орындарының, ғимараттан тыс этажеркаларда және 



бастырма  астында  жұмыс  беттерінің  жарықтандырылуы  және  жылтырлық  еселендіргіші 

нормативтік құжаттарда көрсетілген нормативтер бойынша қабылдану керек. 

6.3.2  Сыртқы  жарықтандыру  ғимарат  ішіндегі  жарықтандырудан  бөлек  басқарылу 

керек. 


6.3.3  Жұмыс  атқару  орындары  мен  өнеркәсіптік  кәсіпорындар  аумақтарын  сыртқы 

жарық беру қондырғыларындағы көзді қарықтыру әрекетін шектеу үшін, жарықшамдарды 

жер бетінен орнату биіктігі: 

а)  қорғаныс  бұрышы  15°  кем  жарықшамдар  үшін-  нормативтерде  көрсетілгенден  кем 

емес ; 

б) қорғаныс бұрышы 15° және одан артық жарықшамдар үшін- 3,5 м кем емес. 



6.3.4  Қорғаныс  бұрышы  15°  және  одан  (  немесе  шағылдырғышы  жоқ  немесе  сүтті 

шыныдан  тұратын  шашыратқыштары  бар)  артық  жарықшамдарды  адамдар  өтетін 

алаңқайларда  немесе  технологиялық  (немесе  инженерлік)  жабдықтарға  қызмет  көрсету 

алаңдарында, және ғимарат кіреберісінде) ілу биіктігін шектемеуге рұқсат етіледі. 

6.3.5 Шашыраңқы жарық шамдарын орнату биіктігі жарық көзінің жарықтығы 6000 

лм-ге дейінгі жағдайда 3м-ден кем болмау керек, ал 6000 лм-нен асқан жағдайда 4м кем 

болмау керек. 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау