9
принтер, вибрациялық стендтер, жарық түсіретін микроскоп және т.б. сияқты
әртүрлі жабдық пайдаланылады. 55 аккредиттелген өнім берушіден алынған
жабдықтың 538 бірлігінде айына орташа алғанда 26 тапсырыс орындалады.
Қажетті іс-қимылдар
Көп салалы инновациялық орталықты «ҚИ R&D орталығы» ЖШС-нің
негізінде жүргізуге болады. Бастапқы кезеңде жұмысты мына бағыттар
бойынша ұйымдастыру ұсынылады:
› киберқауіпсіздік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласында ІТ-
әзірленімдер;
› ортақ конструкторлық-технологиялық орталық;
› ортақ конструкторлық-технологиялық орталықты қалыптастыру үшін
қолда бар ҒЗТКЖ және жобалау құжаттамасын шоғырландыру.
Міндет: Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру
Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру міндетін шешу кешеңді
тәсілдемені талап етеді. Атап айтқанда, басқалардың ішінде Холдинг
қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруын ынталандыруға, сонымен бірге жас
мамандарды тартуға бағытталған құралдарды қамтитын Инновацияларды
дамыту бағдарламасын әзірлеу ұсынылады.
Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар үшін қызметкерлерді оқыту мен
біліктілігін арттыру ерекше маңызды мәнге ие болуда. Бүгінгі жаһандану,
технологиялардың
жылдам
жаңаруы
және
қызметкерлердің
кәсіби
дағдылардың ескіруі жағдайларында, кәсіпорындардың өз қызметкерлерін
дамыту қабілеті табыстың өзекті факторларының бірі болып табылады.
Сонымен бірге, сыртқы ортаның жылдам өзгергіштігі, оның үдемелі
инновациялық сипаты, өндірісті басқару мен ұйымдастырудың жаңа үлгілерінің
үнемі пайда болуы елеулі әсер етеді. Осы өзгерістерге жауап ретінде
кәсіпорындар заманауи технологиялар мен қызметті жүргізудің жаңа
тәсілдемелерін бұрынғыдан гөрі жиірек енгізуге және бәсекеге қабілеттілікті
қамтамасыз ету үшін анағұрлым икемді стратегияларды қолдануға мәжбүр.
Осы мән-жайлар қазіргі ұйымдардан қызметкерлердің білімі мен дағдыларын
үздіксіз және барлығын қамтитын жаңартуды талап етіп, бұл өз кезегінде
мынадай бір қатар құнды артықшылықтарды береді:
› Нәтижелілікті арттыру. Қажетті оқытуды алатын қызметкер өз
жұмысын анағұрлым сапалы және тиімді орындауға қабілетті. Жұмысты
жақсырақ түсіну қызметкерге сенім беріп, бұл, өз кезегінде, компания
қызметіне оң әсер етеді;
› Қызметкерлерді уәждеуді жақсарту. Адами капиталды дамытуға
инвестициялар
қызметкерлердің
өзн-өзі
бағалауы
мен
жұмысқа
қызығушылығын арттыруға ықпал етеді;
› Қызметкерлердің әлсіз жақтарын дамыту. Оқыту мен дамыту білімдегі
олқылықтарды
өтейді,
барлық
қызметкерлердің
құзыреттілік
және
кәсібиліліктің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді;
10
› Шығарылатын өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыру. Жекелеген
процестердің артқан тиімділігі компанияның тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді;
› Инновацияларға қабілеттілігін арттыру. Тұрақты оқыту жаңа
идеяларды түрлендіруге мүмкіндік береді.
Халықаралық тәжірибе
› Lockheed Martin, АҚШ. Компаниядағы көшбасшылық дамыту
бағдарламасына көшбасшылық дағдыларды дамыту, техникалық оқыту,
конференцияларға бару, ротациялық тағайындауларды, әртүрлі тренингтер мен
менторлықты қамтиды
2
.
›
Boeing, АҚШ. Компанияның меншікті Құзыреттер орталығы бар
(«Boeing Leadership Center»), мұнда бүгінгі көшбасшылар тренингтер өткізу,
үздік тәжірибелерге оқыту және өзінің жинақталған жеке тәжірибесімен бөлісу
жолымен болашақ көшбасшыларды оқытады. Компания «Learning Together»
бағдарламасы шегінде қызметкерлерді оқытуға $1 млрд инвестиция жасады
3
.
›
Safran, Франция. Компанияның философиясына сәйкес озық
технологиялық шешімдерді әзірлеу мен дамытудағы басымдықтарды сақтау
дарынды қызметкерлердің дағдыларын ұдайы жетілдіруді көздейді.
Қызметкерлер, клиенттер мен әріптестер үшін «Safran University» құрылды,
оның үш негізгі мақсаты бар: қызметкерлердің дағдыларын күшейту (жеке
тиімділік, тілдер және т.б. сияқты әртүрлі қажетті дағдылар), маңызды
мамандықтар бойынша дарындарды/қызметкерлерді дамыту және басқару
дағдыларын дамыту
4
.
Оқыту және біліктілігін арттыру Құзыреттілік орталығы шегінде жүзеге
асырылады, оны құру Ұйымдастырушылық дамыту бойынша бастамалар
шегінде жоспарланады («Ұйымдастырушылық дамыту» бөлімін қараңыз). ЕТҰ
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша корпоративтік орталықтың
әдіснамалық көмегінен басқа, орталық оқыту бағдарламалары, тренингтер және
т.б. арқылы мамандардың жекелеген дағдыларын дамытатын болады.
Міндет: Өндірістік процестерді цифрландыру арқылы Индустрия 4.0
технологияларын енгізу.
Инновацияларды дамыту ҒЗТКЖ саласында жұмысты қарқындатуды
ұйғарады. Алайда, бұл ҒЗТКЖ арналған ҒЗТКЖ болмауы тиіс. Зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың іс жүзіндегі тиімділігін, соның
ішінде қаржылық тиімділікті қамтамасыз ету үшін соңғыларын ішкі және
сыртқы нарықтардың қажеттіліктеріне сәйкес жүргізу қажет. Нарықтық
қажеттіліктер, өз кезегінде, маркетингтік стратегияны және оның негізінде
әзірленген маркетингтік жоспарды іске асыру нәтижесінде айқындалады. Тек
2
Lockheed Martin компаниясының ресми сайты, lockheedmartin.com
3
Boeing компаниясының ресми сайты, boeing.com
4
Safran компаниясының ресми сайты, safran-group.com