Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының



жүктеу 36,43 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі36,43 Kb.
#13205

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының

2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша

түсіндірме жазба
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасымен 2018-2020 жылдарға 7 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланған.
001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 51460,0 мың теңге, 2019 жылға 53126,0 мың теңге, 2020 жылға 55346,0 мың теңге жоспарланған.Бұл бюджеттік бағдарлама жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті тиімді іске асыру және дамыту функцияларын іске асыруда жұмсалатын шығыстарды қамтиды: еңбекақы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де ағымдағы шығындар т.б. Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін 25,5 бірлік кадрлық құрам қарастырылған, соның ішінде 19 бірлік мемлекеттік қызметкер, 6,5 бірлік техникалық персонал.
005 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылы, 2019 жылы және 2020 жылы 47000,0 мың теңгеден жоспарланған. Бұл қаражат әр жылы шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 16 жобасына мемлекеттік грант түрінде қаржылай қолдауға қарастырылған. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

- Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.



- Бұрын нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте өткізілмеген тауарларды шығару, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындауға бағытталған немесе жаңа, жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалардың үлесі 2018 жылы – 100 %, 2019 жылы – 100 %, 2020 жылы – 100%.
006 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018, 2019 және 2020 жылдарға 671 775,0 мың теңгеден жоспарланған. Бұл бюджеттік бағдарлама бойынша әр жылдары 37 жобаға микрокредиттер беру көзделген. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

  • Халықты кәсіпкерлікке тарту арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту.

  • Бағдарлама шеңберінде микрокредиттік ресурстардың кеңейтілуі және кәсіпкерлерге қолжетімді болуы.

  • Тұрақты жұмыс орындарын құру (жұмыспен қамту орталықтары арқылы бағытталған) қалада 2018 жылы – 30 адам, 2019 жылы – 30 адам, 2020 жылы - 30 адам.

  • Қаржыландырылған стартап жобалардың үлесі қалада 2018 жылы – 20%, 2019 жылы – 20%, 2020 жылы – 20%.


010 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018, 2019, 2020 жылдарға 1 477 690,0 мың теңгеден жоспарланған. Екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қаржылай қолдауға әр жылдары 90 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары ие болады. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, өндіріс орындарын жаңарту және кеңейту 2018 жылы – 50%, 2019 жылы – 50%, 2020 жылы – 50%.

011 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018, 2019 және 2020 жылы 94000,0 мың теңгеден жоспарланған. Екінші деңгейлі банктердің кредиттерін ішінара кепілдендіру түрінде түрінде қаржылай қолдауға әр жылдары 37 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары ие болады. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.  Жаңа өндірісті құру, жаңғырту және кеңейту 2018 жылы - 30 % , 2019 жылы – 30%, 2020 жылы - 30%.

027 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018, 2019 және 2020 жылдары 36000,0 мың теңгеден жоспарланған. Берілген кепілдіктердің саны қалада 2018 жылы – 12, 2019 жылы – 12, 2020 жылы – 12 жобаны құрайтын болады. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

  • Халықты кәсіпкерлікке тарту арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту.

  • Бағдарлама шеңберінде микрокредиттік ресурстардың кеңейтілуі және кәсіпкерлерге қолжетімді болуы.

  • Қолдау алатын старт-аптар саны 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 3, 2020 жылы – 3.


069 «Облыстық орталықтарда, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 90 379,0 мың теңге қарастырылған. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің 5 жобасы микрокредиттеу бойынша қаржылай қолдауға ие болады. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

  • Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.

  • Тұрақты жұмыс орындарын құру 2018 жылы – 5 адам.

жүктеу 36,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау