Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті - 1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
- 2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
- З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
- 4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Сабақта оқушылардың сын тұрғысынан ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы шарттары мыналар: - - сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру үздіксіз түрде жүзеге асырылуы керек;
- - оқыту үрдісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау.
- «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын дамыту төмендегідей нәтиже береді:
- - білім алушының белсенділігін арттыру;
- - пәнге қызығушылығын арттыру;
- - өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- - зерттеуге икемділігін дамыту;
- - сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
- - білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;
- - басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарау.
Достарыңызбен бөлісу: |