«Step by step» технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі №17



жүктеу 1,4 Mb.
бет5/5
Дата15.01.2020
өлшемі1,4 Mb.
#26713
1   2   3   4   5

Орталықтар ережесі:

  • Орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы орналасуы тиіс;

  • Әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. Ережелерді тәрбиешілер балалармен бірлесе отырып құрады;

  • Топта балалардың жиналатын орны болуы міндетті, ол жер жайлы, әрі төсеніші болғаны дұрыс;

  • «Шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орналасуын қадағалау;

  • Сыныпта столдар мен орындықтар саны жеткілікті болуы қажет;

«Step by step»технологиясының негізінде жүргізілген жоғарыдағы аталған жұмыстар арқылы біздер оқу-тәрбие үрдісін балалар үшін де, ата-аналар үшін де және педагогтар үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз. Орталықтарда сабақтарды өткізу арқылы біздер әр балаға жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасаймыз. Себебі, жалпы топпен жұмыс істеген кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың шағын тобында сабақтарды ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын сезіне отырып, өзін әр қырынан көрсетуге тырысады. Өйткені ол өз ойының басқаларға өте қызықты екендігін сезінеді.Бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып,ата-анамен байланыс нығаяды.Сонымен қатар «Step by step» технологиясы ата-аналарды балабақшаның тыныс-тіршілігіне тартудың ең бір тиімді жолдарын ашып отыр.

«Step by step» технологиясындағы тәрбиешінің рөлі

«Step by step»технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға және көп білуге құмарлығын оятуға, мәселелік жағдайларды шеше білуге үйретеді. Жеке және топтық оқыту ата-аналардың келісімімен, арнайы міндеттер төңірегінде жоспарланып отырылады. «Step by step» технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілердің қызметін бақылау үшін ұсыныстар жасалып, оның нәтижесінде тәрбиеші дайындығының психологиялық-педагогикалық деңгейі, педагогикалық құзыреттілігі топпен, жекелей оқытуды ұйымдастыруы, жоспарлауы, бала қызметін бағалауы, отбасының топ өміріне қатысуы бағаланады. Тәрбиешілер өз кәсіби шеберлігіне сын көзбен қарай отырып, өзіне өзі баға беру мүмкіндіктерін меңгереді. «Step by step»технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан – дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан да қазіргі таңда әр тәрбиеші өз қызметіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды,жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.



Тәрбиелеудің үш көзі

Балабақша*Бала*Отбасы

Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын   баланың өсіп,өмір сүретін орыны.


Отбасы тәрбиесінің міндеттері:
1.Тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз ету.

2 .Баланың танымдық дамуы үшін жағдайлар жасау.



3 .Балалардың басқа балалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасау.  
4.Өзін-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге үйрету.

Балабақша:Балаға  жан-жақты білімді, тәрбиені,  ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.

Тәрбиеші ол кім- Жан-жақты білімді игерген,баламен қарым-қатынас орната білетін,бала жанын түсінетін, адамгершілігі мол, шебер ұйымдастырушы  лауазымды тұлға.

«Step by step» технологиясын насихаттау үшін тәрбиешіге қажетті қасиеттер:

  • Жылылық;

  • Түсінгіштік;

  • Сезімталдық;

  • Кең ойлай алу;

  • Баланы шабыттандыра білу;

  • Бала адам ретінде қадірлі болу;

  • Іс-әрекеттің қызықты әрі пайдалы болуы;

  • Шығармашылық ізденісі;

Тәрбиешінің түпкі мұраты:

  • Баланың рухани өсуіне, өзін-өзі тануына басшылық жасау.

  • Рухани өсу дегеніміз:

  • Кісілік қасиетін дамыту;

  • Шығармашылық қасиетін дамыту;

  • Дүние танымын кеңейту;

Жоғарыда айтылғанды  қорытындылай келе, педагогикалық ұжым «Step by step»технологиясы бойынша атқарған жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз.



«Жас ұрпақ – болашақ көзі»

Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда«Step by step»технологиясының  тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. «Step by step»технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын  арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды.Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады. Балабақшадағы «Step by step»технологиясындағы бала мен тәрбиешінің екіжақты байланыс нәтижесін кесте түрінде былай көрсетуге болады:



Тәрбиеші іс-әрекеті

Балалар іс-әрекеті

* Сенсорлық қабылдауын қалыптастырады

* Ақыл-ойы дамиды

* Ұйымшылдыққа тәрбиелеу

* Сөз байлығын арттырып, сөздік қорын кеңейтеді

* Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру

* Достық сезімін қалыптастыру

* Уақытты үнемдейді

* Көрнекіліктерін жүзеге асырады

* Ізденушілік қасиеті мен педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.

* Ақпараттық мәдениетін дамытады



Күтілетін нәтиже: Дені сау, үш тұғырлы тілді меңгерген, ақыл-ойы, сана сезімі жоғары,өз ұлтының тарихын,салт-дәстүрін құрметтейтін, Өз елін сүйетін патриотты, Қазақстанның болашақ азаматын тәрбиелеу.


«Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» - дегендей бұл технологиямен жұмыс істеудің негізінде түйгенім: баланың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы артады, сапалы білім алып, жеке тұлға ретінде қалыптасады. Баланың көңілі де ақ, жүрегі де ақ. Сәби шағынан қалай тәрбиелесек, солай иіліп, бар жақсылығы бойына сіңіп қалыптасады. Ата-ана мен тәрбиеші тығыз байланыста болады. Осындай тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлерін қолданып жүрген тәрбиешілердің ерен еңбектерінің арқасында тәрбиеленушілер ұлттық салт-дәстүрге, адамгершілікке үйреніп, сапалы білім алып, жан – жақты даму үстінде.«Тәй – тәй» технологиясын қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау – қазіргі таңдағы әрбір педагогтің міндеті.
жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау