Өзін-өзі тексеруге арналған тест
1. Динамика қатары деп атайды?
А) статистикалық көрсеткіштер мағынасының хронологиялық рет-реттілігімен орналасқан қатар;
В) көрсеткіштер мағынасының өсу тәртібімен орналасқан қатарлар;
С) мағынаның белгілі бір тәртібі бойынша орналасқан қатарлар;
D) статистикалық көрсеткіштер мағынасының иерархиялық рет-реттілігімен орналасқан қатарлар;
Е) статистикалық көрсеткіштер мағынасының топтастырылған қатарлар.
2. Динамикалық қатардың құрамды элементі болып саналады:
А) қатар деңгейінің көрсеткіші және орташа шама;
В) абсолютті көрсеткіштер және уақыттың мезеті;
С) қатар деңгейінің көрсеткіші және уақыттың (мезеті) кезеңдері;
D) вариация көрсеткіштері және уақыттың мезеттері;
Е) өсім көрсеткіштері және уақыттың мезеттері.
3. Динамикалық қатарды құрастыратын сандық мағыналы көрсеткіштер аталады:
А) қатардың кезеңі;
В) қатардың деңгейі;
С) абсолютті шама;
D) салыстырмалы шама;
Е) орташа шама.
4. Динамикалаық қатарлар уақыттың көрсетуі бойынша бөлінеді:
А) вариациялық және мезетті;
В) аралықты және вариациялық;
С) мезетті және аралықты;
D) атрибутивтік (анықтауыштық) және аралықты;
Е) атрибутивтік және вариациялық.
5. Динамиканың аралықты қатары деп аталады:
А) уақыттың нақты бір кезенінде құбылыстың өлшемін сипаттайтын қатардың деңгейі;
В) уақыттың мезетті бір кезінде пайда болған құбылысты сипаттайтын қатардың деңгейі
С) нақты бір тәртіппен орналасқан қатардың деңгейі;
D) өсу тәртібімен орналасқан қатардың деңгейі;
Е) кему тәртібімен орналасқан қатардың деңгейі.
6. Динамикалық қатарларының деректердің өзара сәйкес еместігін жою осы амалдың көмегімен іске асырылады:
А) динамикалық қатарды тегістеу ;
В) динамикалық қатарды рет-ретімен орналастыру;
С) динамикалық қатарлардың өлшемдестігі;
D) динамикалық қатарларды тегістеп қою;
Е) динамикалық қатарлардың біріктірілуі.
7. Динамикалық қатарлардың әрбір келесі деңгейдің алдындағымен салыстыруы қалай аталады:
А) орташа көрсеткіш;
В) салыстырмалы көрсеткіш;
С) абсолютті көрсеткіш;
D) тізбекті көрсеткіш;
Е) базисті көрсеткіш.
8. Белгілі бір кішкене уақыт ішінде берілген көрсеткіштің деңгейі қалай, әлде қаншаға өзгергенін көрсетететін динамикалық қатардың абсолютті көрсеткіші қалай аталады?
А) Бір пайыз өсімнің абсолютті мағынасы деп;
В) абсолютті өсім деп; С) өсудің екпіні;
D) өсімнің екпіні; Е) өсудің екпіні
9. Өсу коэффициенті көрсетеді:
А) берілген уақыт ішінде көрсеткіштің салыстырмалы деңгейі қаншаға өзгергені;
В) салыстырмалы көрсеткіш қаншаға үлкен, әлде қаншаға кіші екенін;
С) белгілі бір кішкене уақыт ішінде көрсеткіштің салыстырмалы деңгейі неше рет өзгерген екені;
D) белгілі бір кішкене уақыт ішінде салыстырмалы көрсеткіш қанша пайызға өзгергенін;
Е) дұрыс жауап жоқ.
10. Төменде көрсетілген қай статистикалық әдістің көмегімен динамика қатарларының негізгі даму тенденциясын (тренд) анықтайды?
А) орташа шама әдісі; В) тандамалы әдіс;
С) индексті әдіс; D) аналитикалық тегістеу әдісі;
Е) корреляциялы (өзара байланыстылық) және регрессивті (кертартпа) талдау әдісі.
9 ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРДЫ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Мақсаты: Белгілер арасында байланыстың негізгі түрлерін және тәсілдерін зерттеу, байланыс түрлерін анықтау, корреляция коэффицентінің, рангтік Спирмен коэффициентінің формулаларын қарастыру.
Жоспар:
9.1 Белгiлер арасындағы өзара байланыстың түрлерi мен типтерi туралы түсiнiк. КРТ.
9.2 Белгiлер арасындағы байланыстарды өлшемдеу коэффициенттері.
9.1 Белгілер арасындағы өзара байланыстың түрлері мен типтері туралы түсінік. Корреляционды-регрессионды талдау
Барлық қоғам құбылыстары өзара байланысты. Байланыстардың әр түрлі формалары және түрлері бар – байланыс мінезі бойынша, байланыс бағыты бойынша, байланыс тығыздығы бойынша, аналитикалық анықтауы бойынша.
Баланыстарда белгілі бір белгі немесе фактор әсер етуші Х болып, ал оның әсерінен пайда болатын белгі нәтижелік белгі болып табылады У.
Байланыс тығыздығына қарай – функционалды және корреляционды байланыстарын ажыратады.
Функционалды – егер әсер етуші белгінің мәніне нәтижелік белгінің бір ғана мәні сәйкес келсе.
Корреляционды – егер әсер етуші белгінің мәніне нәтижелік белгінің бірнеше мәні сәйкес келсе.
Байланыс бағыты бойынша – тура және кері байланыс.
Тура - әсер етуші белгі өсіп (кеміп) отырғанда, нәтижелік белгі өсіп (кеміп) отырады.
Кері - әсер етуші белгі кеміп (өсіп) отырған жағдайда, нәтижелік белгі өсіп (кеміп) отырады.
Аналитикалық анықтауы бойынша - сызықты және сызықты емес байланыстар. Сызықты байланыстар сызықты теңдеу арқылы өрнектеледі, мысалы Y=a+b*X, сызықты емес байланыстар қисық сызықты теңдеулер арқылы өрнектеледі. Мысалы, парабола, гипербола. Y=a+b*X2, Y=a+b/X
Бұл теңдеулерді У- нәтижелік фактор
а- регрессия теңдеуінің бос мүшесі
в – регрессия теңдеуінің коэффициенті
Х - әсер етуші фактор.
Корреляционды – регрессионды талдау (КРТ) – регресия теңдігі ретінде факторлардың байланысын анықтайтын экономико-математикалық модель. КРТ құрамындағы элементтері:
Регрессионды талдау – моделдің құруымен байланысты.
Корреляционды талдау – белгілер арасындағы байланыстың тығыздығын анықтау.
КРТ келесі кезеңдерден тұрады:
алдынала талдау
деректерді жинақтау және алғашқы өңдеу
модельді құру
модельді бағалау және талдау.
9.2 Белгілер арасындағы байланыстарды өлшемдеу коэффициенттері
Корреляционды- регрессионды талдау өткізу барысында ең маңызды іс болып факторлық және нәтижелік белгілердің байланысын зерттеу мәселесі болып табылады.
Ең қарапайым коэффицент – Г.Фехнердің таңбаларының корреляция коэффициенті:
, коэффиценттің мәндері -1,1 интервалында жатады.
Байланыс тығыздығын анықтау үшін жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялрын есептейді:
Жалпы дисперсия - , факторлық дисперсия - , қалдық дисперсия –
Корреляция коэффиценті:
.
К.Спирменнің рангтік корреялция коэффиценті:
, мұнда - рангттердің корреляция коэффициенті, d- рангттердің айырмашылығы, n-рангтер саны.
Достарыңызбен бөлісу: |