Бет: 5-нің -сі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Бекітемін
М.Өтемісов атындағы
БҚМУ ректоры
______________ А.С.Иманғалиев
03.09.2011 ж.
ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
Орал, 2011
Ақпараттық деректер:
Дайындаған: 01.09.2011 Т.Е.Алимбекерова
13.10.2004 ж. құжаттың орнына енгізілді
Енгізілген күні: 09.09.2011
Қайта қарау күні: 09.09.2014
Өзгертулер:
№
|
Енгізілген күні
|
Дайындаушының аты-жөні
|
Қолы
|
1
|
|
|
|
2
|
|
|
|
3
|
|
|
|
4
|
|
|
|
5
|
|
|
|
Мазмұны:
Мақсаты
Қолданылу саласы
Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
Жауапкершілігі және өкілеттілігі
Сипатталуы
Жазбалар
Дәйектемелер
Мақсаты
Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі туралы осы Ереже оның ұйымдық құрылымын, мақсаттарын, қызметтік міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін бекіту мақсатында, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұдан әрі мәтін бойыша-БҚМУ) бөлімі туралы Ережеге және мамандардың қызметтік нұсқаулықтарға, ҚР іс жүзіндегі заңнамалық актілеріне сәйкес дайындалды.
Қолданылу саласы
2.1 Осы ереже БҚМУ Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімнің меңгерушісі мен мамандары үшін жарамды.
3 Терминдер, анықтамалар және қысқартулар
3.1 Осы ережеде қолданылған термин және анықтамалар ҚР СТ ИСО 9000 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандарттарына сәйкес келеді.
3.2 Қолданылған қысқартулар М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың сапа бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ 04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.
4 Жауапкершілік және өкілеттілік
4.1 Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі (үрдістер тізіміне сәйкес) мына жұмыстардың уақытылы орындауына жауап береді:
4.1.1 бөлімнің жұмысын қамтуға, ұйымдастыруға және өздігінен басқаруға;
4.1.2 кітапханалық есеп-қаржы құжаттарын жүргізуге: кітапхана қорының жиынтық есебі кітабы, оқырмандар жоғалған құжаттарды қордан шығару туралы және құны бірдей деп танылған құжаттарды қабылдау туралы акті, мүлік кітабы, құжаттардың есеп дәптері, кітапхана қорын тексеру акті, кітап түсімі мен құжаттарды тізімнен шығару акті, мерзімді басылымдар тіркеу картотекасы;
4.1.3 кітапхана қорын білім туралы әдебиеттермен жабдықтауға (оқулықтар, көркем, ғылыми әдебиеттер, мерзімді басылымдар, электронды басылымдар);
4.1.4 бекітілген талапқа сай техникалық және ғылыми түрде әдебиеттерді өңдеу жұмысын жүргізуге;
4.1.5 кітапхана қорынан мазмұны ескірген, ақауы бар, жоғалған кітаптарды нормативтік және актілік құжаттарға сай шығару үшін мерзімді түрде кітап қорын тексеруді ұйымдастыруға;
4.1.6 кітап сақтау секторы мен сирек кездесетін әдебиеттер мұражайының жұмысын қамту және ұйымдастыруға; бөлімнің жылдық есебі мен жылдық жоспарын құруға;
4.1.7 бөлімнің кітап қоры мен мүлкін сақтауға;
4.1.8 бөлім жұмысын кітапхананың басқа құрылымдық бөлімдерімен ұштастыруға;
4.1.9 еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғауы бойынша өндірістік және еңбек тәртібі ережелерін сақтауға.
4.2 Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің өкілеттілігі, бөлімге жүктелген міндеттерін және БҚМУ туралы Ереженің талаптарын есепке ала отырып, бөлім меңгерушісі жүзеге асырады.
5 Сипатталуы
5.1 Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі БҚМУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей Ғылыми кітапхана директорына бағынады.
5.2 Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімі өз жұмысында Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңнамасын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын, СМЖ әдістемелік нұсқауларын және БҚМУ туралы Ережені, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
5.3 Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімін оның БҚМУ ректоры қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын меңгерушісі басқарады.
5.4 Бөлім меңгерушісі болмаған кезінде оның орнына Ғылыми кітапхананың әдебиеттерді жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы жұмыс жасайды.
5.5 Бөлім мамандарын БҚМУ ректоры тағайындайды және қызметінен босатады.
5.6 Бөлім меңгерушісі мен мамандарының міндеттері, құқығы мен жауапкершілігі БҚМУ ректоры бекіткен қызметтік нұсқауларымен реттеледі.
6 Жазбалар
-
7 Дәйектемелер
7.1 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті туралы Ереже.
Келісілді
Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі
____________ А.С.Тасмағамбетов
02.09.2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |