«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Ұйым стандарттары



жүктеу 1,35 Mb.
бет3/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Ұйым стандарттары
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Ұйым стандарттарын әзірлеудің негізгі мақсаттары мен принциптері

2 Ұйым стандарттарының нысандары мен әзірленетін стандарттардың түрлері

3 Ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі


1 Ұйым стандарттарының түрлері мен әзірлеу тәртібі ҚР СТ 1.14 сәйкес орнатылады. Бұл стандарт ұйым стандарттарын әзірлеу, келісу, бекіту, тіркеу, жаңарту (өзгерту, қайта қарау) қолдану және жою тәртібін белгілейді.

Стандарт ережелері ұйым стандарттарын әзірлеуді және (немесе) қолдануды жүзеге асыратын, ұйымдастыру-құқықтық нысандарынан тәуелсіз, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жеке және занды тұлғалармен қолданылады.

ҚР СТ 1.4 сәйкес кәсіпорындармен (ұйымдармен) әзірленген және бекітілген фирмалық стандарттар олардық күшінің мерзімі өткенге немесе бекітетін ұйымның оларды қайта қарау туралы шешім қабылдағанға дейін қолданылады.

Стандарттарды әзірлеудің негізгі мақсаттары: - азаматтардың өмірі және денсаулығы, заңды және жеке тұлғалардың мүліктері, малдар мен өсімдіктердің өмірі, қоршаған орта үшін өнім, процесс, қызметтер (ары қарай өнім) қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;

- техникалық реттемелер талаптарын сақтауға көмектесу;

- табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлар пайда болу тәуекелдігін есепке алып объектілер қауіпсіздігі деңгейін жоғарылату;

- ғылыми-техниқалық прогреске көмектесу;

- өнім, процесс және қызметтің бәсекеге жарамдылығын көтеру;

- ресурстарды үнемді пайдалану;

- техникалық және ақпараттық үйлесімдік;

- зерттеулер (сынаулар) мен өлшеулер, техникалық-статистикалық деректер нәтижелерін салыстыру;

- өнімнің өзара алмасуы.

Стандарттарды әзірлеудің негізгі принциптері:

- келісу;

- еркіндік;

- қол жететіндік;

- экономикалық мақсатқа сайлық.

2 Стандарттау нысандары

Ұйымдар деңгейінде стандарттау нысандарына ұйымдар ішіндегі нысандар және жеткізілетін өнімді қоса, соның ішінде іргелі немесе қолданбалы зерттеулер және әзірлемелер болып табылатын өнім, процесс және қызметтер жатады:

- жаңа және жаңғыртылған өнім, технология және қызмет түрлері; ұйымдастыру- әдістемелік және жалпы техникалық нормалар;

- өнімнің құрамдық бөлігі, технологиялық жабдықтау және құрал;

- технологиялық процестер, сонымен қатар жалпы технологиялық нормалар мен оларға қойылатын талаптар;

- ұйымдастыру процестері және өндірісті басқару, сапа менеджменті жүйесін, экологиялық менеджмент, еңбек қауіпсіздігі менеджментін қоса;

- терминология, сыныптау және кодтау нысандары;

- технологиялық процестер (тәртіптер, реттемелер);

- бақылау (сынау) әдістері, өлшеу орындау әдістемелері.

Стандарттар ұйымдарды және өндірісті басқаруды жетілдіру, шығарьшатын өнімнің, процестердің және қызметтердің бәсекеге жарамдылығын, сонымен қатар ұйымдарда халықаралық, аймақтық және шетелдік мемлекеттердің ұлттық стандарттарын енгізуді қамтамасыз ету мақсатымен оларды қолдану қажеттілігіне сүйеніп әзірленеді.

Стандарттар авторлық құқық нысаны болып табылады және тек олардың түп нұсқаларын ұстаушы-ұйым рұқсатымен таралуы мүмкін. Стандарттардың түпнұсқа ұстаушылары оларды бекіткен ұйымдар немесе олармен келісім бойынша басқа ұйымдар болып табылады.

Стандарттарды әзірлеуді мүдделі жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады: соның ішінде: мемлекеттік органдар мен ұйымдар, өнімді дайындаушылар мен тұтынушылар (тапсырушылар), стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, сертификаттау органдары, ғылыми-зерттеу және жобалық ұйымдар мен институттар, қоғамдық бірлестіктер (одақтар, қоғамдастықтар), оқу орындары.

Стандарттар жоспарлық немесе ынтагерлік тәртіпте әзірленеді. Стандарттар конкурс негізінде әзірленеді. Ондайда конкурс шарттары әзірлеуші тапсырушысы белгілеген ережелерге сәйкес анықталады, ал әзірлеушілермен олардың әзірлемесіне шарт жасалады.

Тапсырушы атынан түрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандарының жеке немесе занды тұлғалары атынан шығуы мүмкін.

Стандарттарды әзірлеу кезінде төмендегілерді пайдалану ұсынылады:

- осы ұйым стандартын пайдаланылатын осы және басқа ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын;

- ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық және жобалық жұмыстар нәтижелері;

- патенттік зерттеулер нәтижелері;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары, сонымен қатар халық аралық және мемлекеттік стандарттар ретінде Қазақстан Республикасында қолданылатын шетел мемлекеттерінің аймақтық стан-дарттары;

- халықаралық және аймақтық стандарттар немесе аяқтау сатысында олардың жобалары;

- шетел мемлекеттерінің салалық және ұлттық стандарттары;

- отандық кәсіпорындар мен ұйымдардың техникалық шарттары және өндірістік тәжірибесі;

- белгілі шет ел компанияларының фирмалық (корпоративтік) стандарттары;

- қоғамдық бірлестіктер стандарттары, соның ішінде шетелдік;

- отандық және шетелдік ғылым, техника және ақпараттық қазіргі заманы жетістіктері туралы басқа ақпарат;

- ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар мен мемлекеттік басқару ор-гандарының ұсыныстары.

Республикада міндетті түрде сәйкестікті растауға жататын қажетті өнім стандарттары техникалық реттемелер жоқ болса, осы талаптарға сәйкестігіне сәйкестікті растау, бақылау (сынау) әдістері жүзеге асырылатын талаптар, өнімді таңбалау және буып-түю ережелері болу тиіс.

Стандарттарды әзірлеу кезінде халықаралық аймақтық, ұлттық, салалық және шетелдік мемлекеттер мен ұйымдардың фирмалық стандарттары қолданылады, оларды қолдану Қазақстан Республикасында қабылданған адамдардың, малдардың, өсімдіктердің өмірі, денсаулығы және қоршаған орта үшін өнім қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етпейтін жағдайларды қоспағанда.

Стандарттар мен құжаттарды қолдану шарттары мен тәртібі ҚР СТ 1.9 сәйкес. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылмайтын халықаралық және аймақтық ұйымдары стандарттарын қолдану шарттарда және келісімдерде көрсетілген стандарттарға сілтеме болған кезде жүзеге асырылады.

Әзірленетін стандарттардың нормалары мен талаптары адам-дардың, малдардың, өсімдіктердің өмірі, денсаулығы, жеке және заңды тұлғалардың мүлігі мен қоршаған орта үшін өнім қауіпсіздігі бойынша міндетті талаптар бөлігінде республика аумағында қолданыстағы техникалық реттеу және стандарттар саласында өзара байланысты занды, нормативтік құқықтық актілер ережелеріне қайшы болмау керек және өнім, процесс, қызмет қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастырмау керек.

Өнімді жеткізуде қолданылатын ұйымдар стандарттары, процестерді орындау немесе қызмет көрсету жасалған келісім-шарттар талаптары көлемінде міндетті сақтауға жатады.

Стаңдарттарды әзірлеуде жұмыстарды жүргізудің келесі көлемдері ұсынылады:

- әзірлемені ұйымдастыру;

- стандарт жобасын (алғашқы редакциясын) әзірлеу және мүдделі тұлғалардың оларды қарауы;

- стандарт жобасын аяқтап бітіру (сонғы редакциясы), оны келісу және сараптау;

- стандартты бекіту, оны тіркеу, тарату және іске қосу.

Стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту, жаңарту (өзгертулерді енгізу, қайта қарау), құрастыру, баяндау, ресімдеу, мазмұны, күшіне енгізу, қолдану, жою, басып шығару және тарату ерекшелігі бекітетін мекемемен анықталады.

Стандарттарды әзірлеу кезінде езара түсінушілікті және бір келкілігін қамтамасыз ету мақсатымен, соның ішінде халықаралық, аймақтық және шетелдік мемлекеттердің ұлттық стандарттары негізінде әзірленген стандарттарды ресімдеу кезінде ҚР СТ 1.5 ережелерін қолдану керек.

Стандарттарды бекіту алдында сараптау жүргізу қажеттілігі, сонымен қатар оны жүргізу тәртібі, бөтен ұйымдардағы сараптауды қоса бекітетін ұйыммен анықталады.

Сараптау жүргізу кезінде ҚР СТ 1.33 ережелерін пайдалану ұсы-нылады.

Әзірленетін стандарттар туралы әлуетгі серіктестер мен мүделлі тұлғаларды хабарлау мақсатымен олар туралы ақпарат бекітетін ұйым басылымдарында және құралдарында немесе ИНТЕРНЕТ-ті жалпы пайдалану желісінде электрондық-цифрлық пішінде орналасуы керек.

Келісілген жағдайларда әзірленетін стандарттар туралы ақпарат оларды әзірлеуге тартылған немесе мүдделі тұлғалардық кең тобы қолдануға тартылған стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның баспа немесе электрондық құралдарында орналасады.

Әзірленетін стандарттар тұрлері

Ұйымдар деңгейінде келесі түрлі стандарттар әзірленуі мүмкін:

- ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық;

- өнім, процесс және қызмет стандарттары;

- қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеу, бақылау (сынау, өл-шеу) әдістері, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау.

3 Стандарттарды әзірлеу тәртібі

3.1 Стандарттарды әзірлеуді ұйымдастыру

Әзірлеу үшін негіздеме әзірлеуші-ұйым немесе тапсырушы жоспарына, немесе оларды әзірлеу қажеттілігі мақсаты және негіздемесі көрсетілген бөтен мекемелер әзірлемесі өтініміне кіретін, стандартарды әзірлеу тапсырмалары болуы мүмкін. Өніммен бірге стандарт жобасы, оны әзірлеуге техникалық тапсырмалар немесе қолданыстағы халықаралық, аймақтық, салалық, шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттары қоса жіберілуі тиіс.

Техникалық тапсырмада (оны дайындау қажеттілігінде) көрсетіледі: стандарттарды әзірлеу сатылары және оларды орындау мерзімі, стандарттар бөлімдері; стандарттауға белгіленген негізгі сипаттамалар мен нысан көрсеткіштері; стандарттармен бірге ұсынылатын құжаттар, келісілетін ұйымдар, олардың нормаларымен әзірленетін стандарттар талаптарын, тапсырушының басқа талаптарын үйлестіруге ұсынылатын-халықаралық стандарттар тізбелері.

Әзірлеуші стандарт жобасын әзірлеуді ұйымдастырады:

- қажет болса, мүдделі (осы ұйым, бөтен) тұлғалар санынан стандарт жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобы құрамын анықтайды (ЖТ);

- бекітілген бағдарлрмалар, жоспарлар және шарттарға сәйкес стандартты әзірлеу сатысы бойынша жұмыстарды орындау мерзімін белгілейді.



3.2 Стандарт жобасын әзірлеу (бірінші редакциясын)

Жұмыс тобы стандарт жобасын және оларға түсіндірме жазбасын дайындайды.

Түсіндірме жазбасында келтіріледі:

- стандартты әзірлеудің техника-экономикалық негіздемесі;

- тиісті құжат тапсырмасын көрсетіп стандартты әзірлеу үшін негіздеме;

- стандартты әзірлеудің мақсатқа сайлығы негіздемесін;

- стандарттау объектісі сипаттамасын;

- стандарт жобасының Қазақстан Республикасы заңдарына, техникалық реттемелерге, халықаралық стандарттарға, қазіргі заманның ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкестігі;

- стандарт жобасының басқа нормативтік құжаттарымен өзара байланысы туралы мәліметтері;

- стандарт жобасын қарауға және келісуге тарату туралы мәліметтер;

- ақпарат көздері;

- әзірлеуші және жұмысты қосарлас орындаушы, стандарттарды әзірлеу мерзімдері туралы деректер (мекенжайы, электрондық; қатынасу телефоны/факсы);

- стандартты әзірлеуден және қолданудан экономикалық тиімділігінің есебі;

- стандарттау нысанының патенттік тазалығы туралы мәліметтер.

Әзірлеуші-мекеме стандарт жобасын занды және басқа нормативтік құқықтық актілер, техникалық реттемелер, келісім шарттар және (немесе) стандартты әзірлеуге техникалық тапсырмалар (бар болса) талаптарына сәйкестігіне тексереді және оны түсіндірме жазбахатпен мүдделі ұйымдарға жібереді.

Мүдделі мекемелер стандарт жобасын (отырыстарда, хат жазысу жолымен, соның ішінде электрондық пошта каналы, сөйлесу бойынша) қарайды және оларға ұсыныстар мен ескертулерді дайындайды.

Стандарт жобасын электрондық поштаны пайдаланып жіберу ұсынылады.

Алынған ескертулерді есепке алып бірінші редакция ретінде стандарт жобасы дайындалады.

Стандарттау объектісіне байланысты стандарт жобасын келісуге таратады:

- әзірлеме тапсырушысына (болса);

- егер әзірлеу сәтіне мемлекетте стандартталатын нысанға сактау үшін міндетті белгілейтін талаптарға сәйкес әзірленген техникалық реттеу (техникалық реттеме) саласында тиісті нормативтік құқықтық акгілер жоқ болса, құзырына нормалау және стандартталатын өнім қауіпсіздігіне қадағалау кіретін мемлекеттік басқару органдарына. Стандарттары келісуге жататын нысандар тізбесі қауіпсідік нормаларын нормалауға және қадағалауға уәкілетті тиісті мемлекеттік қадағалау органдарымен анықталады;

- балалар жөне арнайы тамақ өнімдеріне Қазақ тамақ академиясы, тамақ және тамақа биологиялық белсенді қоспалар.

Қарауға стандарт жобасын тарату жоспарланатын ұйымдар тізбесі, сонымен қатар стандарт жобасын мүдделі түлғалар қарау мерзімі бекітетін ұйыммен анықталады. Дағдыдағыдай, қарау мерзімі стандарт жобасы алынган сәтінен бір айдан аспау керек.

Бақылау (сынау) әдістеріне және елшеу орьіндау әдістемелеріне талаітгарды реттемелейтін стандарттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесі белгілеген тәртіпте метрологиялык сараптауға жатады.

Стандарт жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар нақты және негізделген болу тиіс. Баяндаудың ұсынылатын тізбектілігі:

- тұтас стандарт жобасы бойынша;

- стандартты баяндау тәртібінде бөлімдер, бөлімшелер, тармақтар, тармақшалар, атап өтулер, қосымшалар.

Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу және оны бекітуге ұсыну;

Әзірлеуші-ұйым алынған ұсыныстар мен ескертулерді есепке алып стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды.

Есепке алынған және есепке алынбаған ескертулер мен ұсыныстарды ресімдеу тәртібін (хаттама, сын-пікір жиынтығы), стандарт жобасын қайта келісу және қарау қажеттілігін, оны бекіту шарттарын (дауыстар консенсусы, басқалар) бекітетін ұйым анықтайды.



3.3 Стандартты бекіту, тіркеу және басып шығару

Стандартты стандарт түпнүсқасын ұстаушы - ұйымның бірінші басшысы (басшы орынбасары) бекітеді. Стандарт түпнұскасы иесі ретінде әзірлеуші-ұйым немесе олармен келісілген шарттарда басқа ұйымдар болуы мүмкін.

Стандарт жобасының соңғы редакциясымен бекітуге ұсынылған құжаттар тізбесі: түсіндірме жазба хат, суреттер, электрондық версиясы, сын-пікір жиынтығы, қарауды және келісуді растайтын құжаттар; стандартты қарау бойынша әзірлеуші-ұйым отырысы жаттамасы, қабылдау комиссиясының отырыс хаттамасы (дегустациялық немесе көркем-техникалық Кеңестің), өнімді сынау актілері.

Стандарттарды оларды ұсынған сәттен 15 күннен аспайтын мерзімде бекіту ұсынылады.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен (ТР НҚА) үйлестіріліп пайдаланылатын ұйым стандарттары, сондай-ақ сарапталуға тиіс жеткізілетін өнімдерге арнап әзірленген стандарттар стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен аныкталған ұйымдарда есептік тіркелуі және ресми ақпарат көздерінде жариялануы керек. Есептік тіркелуге ұсынылатын құжаттар жинағының құрамында өнімнің қауіпсіздігіне жауап беретін мемлекеттік органдардың келісімі және сараптамалық қорытындысының болуы міндетті.

Тіркеуге және басып шығаруға жататын стандарт мемлекеттік жане орыс тілеріяде орындалуы тиіс. Тіркеу жүргізу кезінде бірден басталатын (мысалы, тіркеу нөмірі: 0001-ден 10.03.2004 ж.) стандартқа реттік төрт мәнді тіркеу нөмірі беріледі. Тіркеу нөмірі мөр түсіру жолымен немесе қолмен стандарттың бірінші бетінде төменгі оң жағында койылады.

Стандартты басып шыгаруды оларды бекіткен ұйым немесе келісім бойынша басқа ұйым жүзеге асырады. Басып шығарылатын стандартқа қойылатын талаптар ҚР СТ 1.5, ГОСТ 7.4 сәйкес.

Стандарт 5 жылға дейінгі мерзімге тіркеледі және өндіріс, технологиясын жаңарту, сілтеме берілген стандарттар мен үйлестірілген; стандартардың техникалық реттеу (техникалық реттеме) саласында өзара байланысты нормативтік күқықтық актілер талаптары, заң өзгеру кезінде көкейкесті етуге жатады.

Стандарт күшіне енгізілген күні бекітетін ұйыммен стандартты енгізуді қамтамасыз ететін қажетті шараларды жүзеге асыруды есепке алып белгіленеді. Стандарт тың күшіне енгізілген күні оны тіркеу күнінен аспау керек. Стандарттарды енгізу жұмыстарын жүзеге асыру кезінде пайдалану ұсынылады.

Әр стандартқа бекітетін ұйым төмендегілерден тұратын белгі береді:

- аббревиатуралар - СТ;

- заңды тұлғаны тіркеу кезінде берілген бекітетін ұйыммен ұйымдастыру-құқықтық пішінді қысқа атауы - ААҚ, ҒӨБ, ҒТБ, Қаз ҒЗИ, ОО.

• ұйымның статистикалық коды ҚР МС 02 сәйкес;

- жүйенің шартты цифрлық белгілері (ұйымдастыру-әдістемелік, жалпы-техникалық) ҚР СТ 1.41 сәйкес, егер стандарттар республикада қолданыстагы жүйелердің кез келгеніне жататын объектілерге әзірленсе;

- реттік нөмір. Нөмірдегі цифрлар саны 2-ден алтыға дейін болуы мүмкін, әзірленетін және бекітетін стандарттар санына байланысты;

- бекітетін жылы.



Мысалдар:

1 ААҚ СТ 23459876-01-2004;

2ААҚСТ 23459876-01-04.

Егер әзірленетін құжаттың «ұйымдастыру-әдістемелік» немесе «жалпы техникалық» түрі болса және стандарттардың мемлекетгік немесе жалпы техникалық жүйелерінің біріне кірсе, онда стандарт белгісі жүйенің шарттық цифрлық белгілеріне енгізіледі.



Мысалдар:

1 ААҚ СТ 23459876-1.01-2004;

2ААҚСТ 23459876-12.06-2004.

Әзірленетін стандарттардың деңгейіне және олардың Қазақстан Республикасында қолданыстағы техникалық реттеу (техникалық реттеме) саласында нормативтік құқықтық актілердің міндетті талаптарына сәйкестігіне әзірлеуші-ұйымдар мен стандартты бекіткен ұйымдар жауапты.



3.4 Стандарттарды жаңарту және жою

Стандарттарға тексеру жүргізу тәртібі

Стандарттарды жаңарту мүдделі жеке және (немесе) заңды тұлғалардан алынған ұсыныстарға немесе стандартқа тексеру жүргізу негізінде қайта қарау немесе өзгертулер мен толықтыруларды енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Стандарт жобасын тексеруді олардың нормалары ғылым, техника және технология деңгейіне, халықаралық стандарттар, заңдар, техникалық реттемелер және олармен үйлестірілген стандарттар, тұтынушылар (тапсырушылар), өндірушілер талаптарына сәйкестігін анықтау үшін жүргізіледі.

Стандарттарды тексеруді түскен ұсыныстарды және жоғарыда көрсетілген мәселелерді есепке алып әзірлеуші-ұйым ұйымдастырады және жүргізеді.

Ұсыныстар ретінде өзгертулер жобасы, қайта қаралған стандарттар жобасы, қолданыстағы халықаралық стандарттар немесе аяқталу сәтінде олардың жобалары ұсынылуы мүмкін.

Тексеру нәтижесі бойынша әзірлеуші-ұйым стандартты жаңарту қажеттілігін анықтайды.

Стандарттарға өзгертулерді енгізу, соның ішінде ұзарту, шектеу немесе стандарттардың күшінің мерзімін шектеуді алу, сонымен қатар стандарттар күшін қалпына келтіру немесе оларды жою дағдыдағыдай өзгертулер түрінде ресімделеді.

Тексерілетін стандарттар деңгейі экономика және тұтынушылар қажеттілігіне сәйкес болса және стандарттар нормаларына және талаптарына қатысты өзгертулер мен толықтырмаларды оларға енгізу қажеттілігі жоқ болса, олардың күшінің мерзімін шектеу және ұзарту, сонымен қатар стандарттар күшін қалпына келтіру бекітетін ұйымның ұйымдастыру-өкімгерлік құжатымен ресімделеді.



3.5 Стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі

Стандартқа өзгертулерді стандарттың жеке талаптарын ауыстыру, толықтыру немесе жою кезінде әзірлейді.

Егер өзгерту мәтінінің көлемі қолданыстағы стандарт көлемінен 50% асса, онда қолданыстағы стандартты оны бекіткеннен кейін бір айлық мерзімде өзгертумен бірге қайта шығару ұсынылады.

Стандартқа өзгертулерді оларға жаңа, ілгері талаптарды енгізген және қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған өніммен жаңа өнім үйлесушілігі және өзара алмасушылығы талаптарын бұзбайтын халық аралық стандарттармен үйлестірген кезде әзірлейді.

Редакциялық және (және) сілтеме сипатты өзгертулерді өнім сапасына талаптарды ауыстырумен (қосумен, жоюмен) немесе халықаралық стандарттары талаптарымен үйлестірумен негізделген өзгертулерді әзірлеу кезінде ескереді.

Стандартқа өзгертулерді әзірлеуді стандарттарды әзірлеу үшін 5 бөлімде белгіленген тәртіпте және осы стандарт талаптарын есепке алып жүргізеді. Өзгертулер стандарт әзірлеушісі болып табылмайтын, бірақ олармен міндетті келіскен кезде ұйымдармен дайындалуы тиіс.

Егер өзгертулердің олардың құзырына жатпайтын талаптарға қатысы болмаса, стандарт өзгертулерінің жобасын стандартты келіскен ұйыммен келіспесе де болады.

Егер бекітетін ұйым құжатгарымен басқа ескерілмесе, стандарт өзгертулерінің жобасын бекітуге бір данада ұсынады.

Стандарт өзгертулері жобасымен бірге өзгертулер жобасын келісуді және қарауды растайтын түпнұсқа құжаттар, пікірлер жиынтығы және түсіндірме жазбахат ұсынылу керек. Түсіндірме жазбахатында енгізілетін (енгізілген) өзгерту (өзгертулер) болуы керек.

Өзгертулер стандартты бекіткен ұйымның ұйымдастыру-өкімгерлік құжатымен бекітіледі және күшіне енгізіледі. Бекітілген өзгертулер стандарттарға белгіленген тәртіпте тіркеуге жатады.

Өзгертулер тіркеуге жатады. Тіркеу кезінде әр өзгертуге бөлшек арқьшы тіркеу нөмірі көрсетіліп, стандартқа берілген реттік тіркеу нөмірі беріледі және оның күшіне енгізілген күнін белгілейді, бірақ оның тіркелген күнінен бұрын емес.

Стандартқа өзгертулерді тіркеген кезде мемлекеттік тіркеу тізіліміне стандарттың тіркеу нөмірі енгізіледі және бөлшек арқылы өзгертудің реттік нөмірі көрсетіледі (мысалы, тіркеу нөмірі: 0001/01 02.08.2004 ж.).

Стандарттың күшінің мерзімін ұзарту, шектеу немесе шектеуден алу ұсыныстары стандартты бекіткен ұйымға жіберіледі.

Бекітілген өзгертулер мәтіндері және олармен бірге бекітуге ұсынылған құжаттар Стандарт ісіне кіргізіледі, егер ол стандартқа ескерілсе.

Күшінің мерзімі дер кезінде ұзартылмаған стандарттар шынайы емес болып саналады және жұмыста қолданылмауы да мүмкін. Стандарт күшінің мерзімі қалпына келтірілуі мүмкін, егер оның мерзімі өткеннен кейін алты айдан көп болса.

3.6 Стандартты қайта қарау

Стандартты қайта қарауды технологияларды жаңарту және жаңаларды, одан ары ілгері талаптарды белгілеу кезінде жүзеге асырады, егер олар қолданыстағы стандарттар бойынша дайындалған өніммен бірге жаңа өнімнің өзара алмасушьшығын бұзуға және (немесе) өнім сапасының негізгі көрсеткіштерін өзгертуге әкелмесе.

Стандартты қайта қарау кезінде қолданыстағының орнына жаңа стандарт әзірленеді. Ондайда, бұрын қолданыстағы стандарт жойылады, ал жаңа стандартта қай стандарт орнына әзірленгені көрсетіледі. Жаңа стандартқа бекітілген жылының соңғы екі цифрын ауыстырып, ескі стандарт цифры беріледі.

Нақты өнімге стандартты қайта қарау кезінде бөлшек бөліктерін дайындау және пайдалануға жататын өнімді жөндеу қажет болса, ал негізгі бұйымдарды шығару тоқтатылса, әзірлеуші-ұйым қолданыстағы стандартқа өзгертулер жобасын дайындайды.

Өзгертуде оның таралу саласы шектелуін көрсетеді «Осы стандартты тек пайдаланудағы бұйымдарды жөндеу және бөлшек бөліктерін дайындау үшін қолдану керек». Ондайда стандарттың тіркеу нөмірін сақтайды, егер ол шектелген болса, стандарт күшінің мерзімі шектелуін жояды.

3.7 Стандартты қолдану

Бекітілген стандарттар еркін болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғалармен қолданылады.

Қазақстан Республикасы аумағында өндіру және жүзеге асыру туралы шешім қабылдау кезінде әзірленген стандарт бойынша дайындаушы өнімнің каталогтық парақтарын толтырады және ҚР СТ 1.11 сәйкес уәкілетті органға ұсынады.

3.8 Стандартты жою

Стандартты жоюды техникалық реттеу (техникалық реттеме) немесе осы объектіге халықаралық стандарттар саласында нормативтік құқықтық актілерді енгізген және өзгерткен кезде осы стандарт бойынша жасалатын өнімді (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) шығаруды тоқтатқан кезде жүзеге асырады.

Қолданыстағы стандартты жою жөніндегі ұсыныстарды оларды бекіткен ұйымға жібереді.

3.9 Түзетулерді енгізу

Стандарттарға түзетулерді енгізуді және ресімдеуді, қажет болса, бекітетін ұйым анықтайды. ҚР СТ 1.2 ережелерін пайдалануы мүмкін.

Стандарттарға жарияланған түзетулер құқықтылығына оларды жариялауға берген ұйым жауапты.

Стандарттарға жарияланған түзетулер олар болған кезде Стандарттар ісіне енгізіледі.



3.10 Ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету

Бекітілген стандарттар туралы ақпаратты мүдделі тұлғаларға дейін жеткізуді және есепке алуды түпнұсқаларды ұстаушы-ұйымдар жүзеге асырады.

Стандарттар түпнұсқаларын ұстаушы-ұйымдар ақпаратты меншікті ақпараттық басылымдарында және каталогтарында немесе ИНТЕРНЕТ желісінде орналастырып, бекітілген стандаттар және оларға өзгертулер туралы, олардың күшінің мерзімі ұзартылуы немесе шектелуі, стандарттардың жойылуы және (немесе) қайта қарау туралы ақпаратты жариялауды ұйымдастырады.

Бекітілген стандарттар туралы және олардың өзгертулер мәтіндері туралы ақпартты жариялау тәртібі, ақпаратпен, басып шығарылған стандарттармен және олардың көшірмелерімен мүдделі тұлғаларды қамтамасыз етуді бекітетін ұйым белгілейді.

Жеткізілетін өнімге әзірленген стандарттар бойынша ақпарат тоқсанында бір реттен сирек емес техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органдармен анықталған ұйымға ҚР СТ 1.8 сәйкес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты» (ҚР СТ АС) ай сайынғы ақпараттық сілтемесінде жариялау үшін жіберіледі.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Ұйым стандарттарын әзірлеудің негізгі мақсаттары мен принциптерін атаңыз.

2 Ұйым стандарттарының нысандары мен әзірленетін стандарттардың түрлері қандай?

3 Ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі қандай кезеңдерден тұрады?

4 Стандартқа өзгертулерді әзірлеу, бекіту және күшіне енгізу тәртібі қалай жүргізіледі?

5 Стандартты қайта қарау, қолдану, жою және оларға түзетулер енгізу қандай тәртіпте жүреді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

4 ҚР СТ 1.14-2000 ҚР МСЖ Ұйым стандарттары. Түрлері мен жасау тәртібі


№ 10 дәріс (1 сағат)

жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау