«Стандарттау, метрология және сертификаттау»


Тақырыбы: Нормативтік құжаттар бойынша сараптау жүргізу және оларға сараптық қорытындыларды беру тәртібі



жүктеу 1,35 Mb.
бет5/7
Дата04.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#3045
1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Нормативтік құжаттар бойынша сараптау жүргізу және оларға сараптық қорытындыларды беру тәртібі
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Сараптаудың мақсаттары, қарастыратын мәселелері мен түрлері

2 Стандарттарға сараптау жүргізу тәртібі

3 Сараптаудың нәтижелерін ресімдеу


1 Сараптаудың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері:

- дайындалатын құжаттардың заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың, техникалық регламенттердің, негізге алынатын стандарттардың және Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құжаттарының міндетті талаптары мен ережелеріне сәйкестігін орнату;

- стандарттауға жататын нысандарды метрологиялық қамтамасыз ету;

- күші бар немесе бұрын дайындалған нормативтік құжаттарды қайта қарау, жаңарту және бірыңғайландыруды жүргізу қажеттілігін табу;

- күші бар техникалық регламенттер мен стандарттардың талаптарының қайталануын жою;

- функционалдық және сәйкестендіруші көрсеткіштерінің және бәсекелестік көрсеткіштерінің бар болуын орнату;

- күші бар нормативтік құжаттамалар туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз ету.

Нормативтік құжаттардың жобаларын сараптауды жасау және бекітуге, мемлекеттік немесе есептік тіркеуге дайындау кезеңдерінде жүргізіледі.

Нормативтік құжаттың нысанына байланысты сараптауды техникалық реттеу және метрология жөніндегі органмен уәкілетті деп танылған ұйымдарда жүргізеді.

Сараптаудың түрлері. Ұлттық стандарттардың жобаларын сараптаудың келесі түрлері бар: ғылыми-техникалық, терминологиялық, метрологиялық, құқықтық, патенттік және арнайы.

Сараптауды келесі мамандар жүргізеді:

орнатылған тәртіпте стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу жөнінде аттестатталған сарапшы-аудиторлар;

белгілі қызмет аймағында жұмыс тәжірибесі 5 жылдан аз емес мамандар;

стандарттау, метрология, сертификаттау және аккредиттеу салаларында кәсіптік дәрежесін жоғарлатуын және дайындығын өткен, стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен берілген орнатылған үлгідегі куәлігі бар мамандар.

2 Сараптауды жүргізу тәртібі мен негізгі кезеңдері

Сараптауды 2 кезеңде жүргізеді:

Бірінші кезеңде ішкі бақылау, ал екінші кезеңде – құжаттың мазмұны, ондағы орнатылған талаптардың, нормалар мен көрсеткіштердің деңгейі мен негізделуі тексеріледі.

Бірінші кезеңде мынандай мәліметтер тексерілуі керек:

нормативтік құжаттың категориясына стандарттау нысанының сәйкестігін, бекітудің деңгейі мен құқықтылығын жасау негізділігі;

ұсынылатын материалдардың жинақтылығы;

қызықтыратын ұйымдармен келісудің толықтығы;

белгіленудің дұрыстығы;

ресімделу, баяндалу мен құрудың дұрыстығы;

басып шығаруға және таратуға жарамды нормативтік құжаттың данасының бар болуы.

Екінші кезеңде мыналар тексеріледі:

күші бар заңнаманың талаптарына сәйкестігі;

Қазақстан Республикасында күші бар техникалық регламенттердің сәйкестігі;

Қазақстан Республикасы үшін қызығушылығы бар халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттарына сәйкестігі;

стандарттауға жататын функционалдық белгіленуі және сәйкестендірудің қажетті көрсеткіштердің бар болуы;

міндетті нормаларды баяндау, оларды ресімдеу және мазмұнының дұрыстығы;

негізге алынатын және жалпытехникалық стандарттардың, оның ішінде негізгі тұтынушының (тапсырушының), лицензиар мен тұтынуды жүргізетін ұйымның (бар болса) талаптарына сәйкестігі;

метрологиялық қамтамасыз ету;

терминологиялық қамтаамсыз ету.
3 Нормативтік құжаттарға сараптауды жүргізу нәтижелері бекітілген түрде сараптамалық қорытындыда ресімделеді.

Нормативтік құжаттардың жобалары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды келесі түрде баяндайды:

толық жоба бойынша;

нормативтік құжаттардың баяндалу тәртібіне байланысты бөлімдері, бөлімшелері, пунктері, қосымшалары бойынша.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Сараптауға қандай нормативтік құжаттар жатады?

2 Сараптаудың қандай түрлері сізге белгілі?

3 Сараптаудың мақсаттары мен қарастыратын мәселелерін атаңыз?

4 Сараптаудың жүргізу тәртібі қандай?

5 Сараптаудың нәтижелері қандай құжатпен ресімделеді?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.: Юрайт, 2000 г. - 465 с.

3 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж. – 224 б.


№ 14 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Техникалық регламенттерде орнатылған талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылау

Дәріс сабағының мазмұны:

1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер

2 Техникалық регламенттердің мазмұны


1 Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса, техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.

Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды пайдалануға болады.

2 Техникалық регламенттердің мазмұны

Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

Техникалық регламентте:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.

Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы салдарынан Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.

Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары мен стандарттары Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.

Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.



Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:

1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз ететiн;

2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңында көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;

3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.



Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.

Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның күшiн жою ерекшелiктерi

Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.

Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды және уәкiлеттi органға ұсынады.



Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.

Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны, нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.

Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:

1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы хабарлайды;

2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс етедi.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:

1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн болуға тиiс.

Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат болуға тиiс.

Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.

Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.

Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға, сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Техникалық регламенттер дегеніміз не?

2 Техникалық регламенттердің мазмұны қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Техникалық реттеу туралы ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)

2 ҚР СТ 1.16-2000 ҚР МСЖ. Стандартау жөніндегі нормативтік құжаттардың, сертификаттау ережелерінің міндетті талаптарын сақтауға және сертификатталған өнімдерге (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүргізу тәртібі

3 ҚР СТ 1.25-2001 ҚР МСЖ. Өнімді әзірлеу және өндіріске қою кезеңдерінде мемлекеттік қадағалауды жүргізу әдістемесі


№ 15 дәріс (1 сағат)

Тақырыбы: Нормативтік-техникалық құжаттамаларға

нормабақылау жасау
Дәріс сабағының мазмұны:

1 Нормалық бақылаудың мақсаты, мәні мен маңызы.

2 Нормалық бақылауды жүргізу ережесі
1 Нормалық бақылаудың мақсаты, мәні мен маңызы.

Нормалық бақылау - нормалық бақылаушылармен бірге құжаттардың сапасын бақылау үшін орындалатын жұмыстардың жиынтығы, оның мақсаты:

- қолданыстағы және қолданылуға рұқсат етілген стандарттардағы және басқа да құжаттардағы сәйкессіздіктерді жою және алдын алу;

- өндірістердегі негізгі және қосымша бұйымдардың конструкторлық нормаларын (диаметр, бұранда, әртүрлі қосылыстар, қондырмалар және басқа да элементтер) типтік өлшем бірліктерінің сандарын оңтайландыру немесе азайту;

- жетілдірілетін бұйымның және бұрын жасалған, өндірісте қолданылатын бұйымдардың стандартталуының оңтайлы дәрежесіне қол жеткізу.

Нормалық бақылау құжаттарды жетілдірудің соңғы кезеңі болып табылады және нормалық-техникалық құжаттарды дайындауға қатысатын басқа да орындаушылармен бірге жобалануы тиіс.

Нормалық-техникалық құжаттың нормалық бақылауы алдағы жылға немесе тоқсанға жоспарланған жұмыстарға сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорындарда нормалық бақылауды арнайы құжаттардың жеке түрлерін тексеруге арналған стандарттау инженерлері жүргізеді.

Стандарттау бюросының бастығына бағынбайтын институт қызметкерлері нормалық бақылау жүргізуге қатыспайды.

Нормалық бақылаушының ҚР стандарттары талаптарының және басқа да нормалық-техникалық және басшылық құжаттар негізіндегі барлық нұсқаулары құжаттарды дайындаушылар үшін міндетті түрде орындалуы қажет.

Нормалық бақылауға жататын нормативті-техникалық құжат нормалық бақылаушының қолынсыз /мөрі/ техникалық құжаттар бюросына қабылданбайды және көбейтілмейді.

Нормалық бақылауға құжаттар комплект түрінде көрсетілуі керек:

- спецификацияға және спецификациялық ведомостарға сәйкес келетін конструкторлық құжаттар;

- технологиялық спецификацияға және маршуттық картаға сәйкес технологиялық құжаттар;

- басқа да нормалық бақылауға жататын құжаттар - мазмұнына сәйкес барлық құжаттар, оларға сұлбалар, сызулар, қосымшада көрсетілген құжаттар жатады.

Нормалық бақылауға жататын барлық құжаттарда стандарт бойынша тағайындалған қолдардың барлығы қойылуы керек, тек кәсіпорын жетекшісі және тапсырыс беруші ұйымның қолдарынан басқа.

Нормалық бақылауға түсетін құжаттардың саны «Нормалық бақылауға түсетін құжаттардың саны мен сапасын есептеу журналына» жазылады.

2 Нормалық бақылау жүргізу ережесі МЕСТ 2.111-68 (1 бөлім) сәйкес бөлімде көрсетілген толықтыруларға сай жүргізілуі керек.

Құжаттарды нормалық бақылау екі кезең бойынша жүргізіледі:

1 кезең - құжаттың түпнұсқасын дайындауға текстік және графикалық құжаттарды тексеру және негізгі жазуларын жазып көбейту. Бұл құжаттар нормалық бақылаушыға «Жетілд.», «Тексер.», «А. бақ» графалары жазылып беріледі.

2 кезең - түпнұсқа құжаттарындағы барлық құжаттың мазмұнына және орындалуына міндетті адамдардың қолдарын тексеру, тек бекітетін кәсіпорын жетекшісінің қолынан басқа. Құжаттың тігілетіп жеріне, ал текстік құжатта - титульді беттің тігілетін жиегіне нормалық бақылаушы қол қояды.

Құжаттың түп нұсқасы бекітілгеннен кейін негізгі жазуының «Н.бақ» графасына нормалық бақылаушы қол кояды. Нормалық бақылаушы қол қоятын арнай графасы жоқ құжаттардың соңғы бетінің бос сызығына нормалық бақылаушы өз қолын қояды. Мысалы, «Нормалық бақылаушы (қолы, күні, фамилиясы)».

Нормалық бақылаушының ескертпелері және ұсыныстары келесі анықтамалармен бірге МЕСТ 2.111- 68 сәйкес дайындалуы тиіс;

- ескертулердің тізімі В қосымшасына сәйкес дайындалуы керек;

- нормалық бақылаушының табылған қателер бойынша ескерпелерді жазуга жұмсалатын уақыттын үнемдеу мақсатында, Е қосымшасында көрсетілген қателер топтастырылып шифрлармен сәйкес болатындай етіп тіркеу керек.

Нормалық бақылаудың мазмұны МЕСТ 2.111-68 і талабына сай болуы керек.

Нормалық бақылауды жүргізген кезде тексеріледі : а) бұрын жобаланған және игерілген өндіріс бұйымдарын қолдану мүмкіншілігі;

б ) қажетті қолдарды қою барысы және қол қою күндері;

в) негізгі параметрлердің , мөлшерлердің, техникалық талаптардың , нормалардың , зерттеу әдістерінің стандарттарға сәйкестігі;

г) конструктурлық элементтердің, қондырмалардың, материалдардың маркаларының және тағайындалған шектік номенклатуралардың сақталуы;

д) құжаттарды дайындау және тұрғызу сонымен қатар олардың графаларының түрлерін дұрыс таңдау және толтыру стандартқа сәйкес болуы керек;

е ) нормативті құжаттаманың, сілтемелердің дұрыстығы ;

ж ) қолданылған терминдердің және қысқартулардың дұрыстығы;

и) құжаттарды дайындау сапасы - қателіктердің, дақтардың, басқа зақымдардың болмауы;

к) мәндік құжаттардың жазылу қателігі

Нормалық бақылаудың нормативті базасы Нормалық бақылау басшылыққа алады:

- ҚР мемлекеттік стандарттарын, ағымдағы жыл көрсеткішінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары

- мемлекет аралық стандарттарын, ағымдағы жыл көрсеткішінде жұмыс істейтін мемлекет аралық стандарттар;

- Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңын;

- жүйеге келтіру және бірыңғайлау кестелерін.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Нормабақылаудың нысандарын атаңыз?

2 Нормабақылауда көрсетілетін құжаттар тізімі жөнінде не білесіз?

3 Нормабақылаудың мазмұны мен жүргізу тәртібін сипаттаңыз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 МЕСТ 2.111-68 «КҚБЖ. Нормабақылау»


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
1 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық негізі

Сабақтың мақсаты: Стандарттаудың заңнамалық негізі бойынша теориялық білімді тереңдету

Мазмұны

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңының бөлімдерімен танысу

2 Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін оқып меңгеру

3 Бақылау сұрақтарына жауап беру



Бақылау сұрақтары:

1 Стандарттау саласындағы қандай заңдарды білесіз?

2 «Стандарттау туралы» заң қандай себептермен «Техникалық реттеу туралы» заңына ауысты?

3 Осы екі заң арасындағы айырмашылықтар неде?

Техникалық реттеу заңына өзгерістер қашан енгізілді және олар неге негізделген?

Әдістемелік ұсыныстар:

1 1 тәжірибелік сабаққа дайындалған кезде «Техникалық реттеу туралы» заңының соңғы нұсқасы болу керек (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)

2 Заңды толық оқып, заңның бөлімдерінің атауларын дәптерге жазу

3 Заңның 1 бөлімінің 4 бабын оқып, техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптерін меңгеру



Ұсынылатын әдебиеттер:

1 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)

2 Дәріс конспектілері.
2 тәжірибелік сабақ (1 сағат)

Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы

Сабақтың мақсаты: ҚР МТРЖ құрылымы бойынша теориялық білімді бекіту

Мазмұны

1 ҚР МТРЖ құрылымын меңгеру

2 ҚР Үкіметінің құзыреттілігін қарастыру

Әдістемелік ұсыныстар:

1 2 тәжірибелік сабаққа дайындалған кезде «Техникалық реттеу туралы» заңының соңғы нұсқасы болу керек (05.07.2008 ж. өзгерістерімен)

2 Заңның 1 бөлімінің 5 бабын оқып меңгеріп, МТРЖ құрылымына қандай органдар кіретінін анықтау

3 Заңның 1 бөлімінің 6 бабын мұқият оқып, техникалық реттеу саласындағы ҚР Үкіметінің құзыреттілігін дәптерге жазу



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау