Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есептеме



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет16/24
Дата27.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27404
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24

 

Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита 

стр. 18 

 

 

                                                          

(листингілік  жəне  листингілік  емес)  жəне  екі  сақтандыру  компаниясын  қосты.

15

  Аталған 



бағалаудың нəтижелері төменде 69-шы тармақта сипатталған. 

 

65. 



ХҚЕС  сəйкес  топтастырылған  қаржылық  есеп-қисаптың  құрамында  нақты 

компанияның  оқиғалары  мен  мəн-жайларын  шақтап  бейнелей  алмайтын  стандартты 

тұжырымдамалардың  көп  саны  болатыны  сирек  емес.  Стандартты  тұжырымдамалар  əдетте 

аудиторлық фирмалар тапсыратын типті қаржылық есеп-қисаптардан алынады. Кейбір  жағдайларда, 

стандартты тұжырымдамалар нақты компанияларға қатысы жоқ оқиғалар мен операцияларды есепке 

алу принциптерін қозғайды. Кейбіреулер стандартты тұжырымдамаларды пайдалану компаниялардың 

бухгалтерлерінің  ХҚЕС  бойынша  Халықаралық  қаржылық  есеп-қисап  жəне  қаржылық  есептеме 

стандарттарын  жеткіліксіз  білуін  жəне  түсінуін  көрсетеді  деп  санайды.  Аудиторлық  фирмалар 

өздерінің  қаржылық  есеп-қисапты  «дайындамайтындарын»  жəне  тек  өздерінің  кəсіби  этикасы 

мүмкіндік  берген  шектерде  қаржылық  есеп-қисаптарды  жасауға  көмектесетінін  айтады.  Стандартты 

тұжырымдамалар  сондай-ақ  қаржылық  есеп-қисаптардың  сыртан  пайдаланушылар  үшін  маңызын 

төмендетеді. 



 

66. 


Егер  кассалық  жəне  солар  іспеттес  операциялардың  бухгалтерлік  есебі  жоғары 

сапасымен  өзгешеленсе,  есептелімдер  əдісі  бойынша  толық  есеп  жəне  ақпаратты  ашу 

компаниялар үшін үлкен проблема болып табылады. Бұрын мемлекеттік бақылау жағдайларында 

қолданылған  тəртіптік  жазалардың  арқасында,  компаниялар  кассалық  жəне  солар  іспеттес 

операцияларды əбден орындай алады. Əзірге фактура-шоттардың немесе бастапқы жазбалардың мəні 

(мысалы,  резервтерді,  активтер  мен  кейінге  қалдырылған  салықтарды  құнсыздандыруды  мойындау) 

болып  табылмайтын  активтер  мен  пассивтерді  мойындауды  көздейтін  есептелімдер  əдістемесі 

бойынша  есеппен  жағдай  оған  қарағанда  нашар.  Сонымен  қатар,  кəсіпорындар  топтың  ішіндегі 

операцияларды  айқындауда  қиындықтар  көреді,  себебі  бұрын  негізгі  көңіл  заңды  тұлғалардың 

қаржылық  есеп-қисаптарына  аударылғанының  нəтижесінде,  не  болмаса  топтар  секілді 

құрылымдардың  болмауының  нəтижесінде  оларды  айқындау  қажет  болмайтын.  Ондай 

қиыншылықтар компаниялар өздерінің əдеттегі жұмыс режимінің шеңберінен шығатын шаруашылық 

операцияларды  жүргізетін  уақытта  өршиді.  Сонымен  қатар,  компаниялар  мүдделі  тұлғалармен 

мəмілелер, сондай-ақ ХҚЕС ашуды талап ететін басқа көптеген оқиғалар туралы ақпаратты ашу үшн 

қажетті мəліметтерді көп қиындықпен немесе ы:ылассыз айқындайды. 

 

67. 


Қазақстанда  негізгі  активтерді  бағалау  саласында  халықаралық  мойындалған 

біліктілікке  ие  мамандар  жетіспейді,  бұл  жекешелендіру,  компанияларды  біріктіру  ді  жүргізу 

кезінде  жəне  басқа  ақшалай  емес  операцияларды  жүзеге  асырған  кезде  қолданылған 

бағалардың  сенімділігіне  шүбəлануға  мəжбүрлейді.  Белгілі  болғандай,  Қазақстанда  халықаралық 

мойындалған  біліктілікке  ие  сарапшылар  жұмыс  істейтін  тек  екі  бағалаушы  фирма  бар.  Көптеген 

жергілікті бағалаушылардың ондай біліктілігі жоқ жəне олар əртүрлі бағалау базаларын пайдаланады, 

соның  нəтижесінде  кейбір  аудиторлық  фирмалар  олардың  бағалауына  сүйенгісі  келмейді.  Бұл 

компаниялардың  бірінде  ХҚЕС  бойынша  қаржылық  есеп-қисапты  тексеру  нəтижелері  бойынша 

аудиторлық қорытындыны ескерімдермен жасауға себеп болды. Ол 2006 жылдан бастап ХҚЕС одан 

əріде  қолдануда  едəуір  қиындықтар  туғызуы  мүмкін, себебі  ХҚЕС  кейбір  операциялар  үшін  сенімді 

бағалау  жүргізуді  талап  етеді.  Ол  сондай-ақ  ОС  баланстық  құнын  ХҚЕС  бойынша  айқындай 

алмайтын компаниялар үшін КСБУ ХҚЕС көшуді қиындатуы мүмкін.  

 

68. 


Іріктімеге енгізілген кəсіпорындар секторының ұйымдары мен банктердің ХҚЕС сəйкес 

дайындалған  топтастырылған  қаржылық  есептемелерінің  көпшілігі  шын  мəнінде  ХҚЕС 

талаптарына  сəйкес  болса  да,  бағалау  ол  қаржылық  есеп-қисапқа  елеулі  ықпал  етуі  мүмкін 

 

15



   Іріктеменің  қаржылық  есеп-қисаптарының  бес  жиынтықталымын  халықаралық  аудиторлық  желілердің 

құрамына  кіретін  жергілікті  фирмалар,  ал  тоғыз  жиынтықталымды – жергілікті  аудиторлық  фирмалар 

тексерді. Он аудиторлық қорытынды ескерімдерсіз, ал төртеуі – ескерімдермен жасалды. Сонымен қатар, 10 

аудиторлық тексеріс Қазақстандық аудит стандарттарына, ал төртеуі – ХАС сəйкес жүргізілді. 




 

Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита 

стр. 19 

 

 

стандарттардың  сақталмауы  ықтимал  бірнеше  бағытты  анықтауға  көмектесті.  Бағалау 

нəтижелері  көрсеткендей,  есептеме  жасаушылар  мен  аудиторлар  тəрізі,  ХҚЕС  мазмұны  бойынша 

емес, нысаны бойынша сақтайтын бірқатар бағыттар бар. Оларға төмендегілер жатады: 

•  Кейбір қаржылық активтер мен қаржылық пассивтердің əділ құнын айқындау. Кейбір 

банктердің  қаржылық  есептемелерінде  аталғандай, «барлық  қаржылық  активтер  мен 

қаржылық  пассивтердің  əділ  құнын  Қазақстан  нарығында  өтелімдіктің  жеткіліксіздігінің 

салдарынан  айқындау  мүмкін  емес».  Сондықтан  ондай  банктер  «саудалық  жəне 

инвестициялық  бағалы  қағаздардың  əділ  құнының  олардың  баланстық  құнынан  елеулі 

айырмашылығы  жоқтығы»  туралы  тұжырымға  келді.  Осы  мəселелерді  басшылықпен 

талқылағанда,  РОСК  дайындаған  топ  банктердің  басшылары  мен  аудиторларында  ондай 

тұжырымдаманы  қолдайтын  ешқандай  дəлелдердің  мүлдем  дердік  жоқтығын  атады,  бұл 

сондай активтер мен пассивтердің баланстық құны жөнінде қауіп туғызады.  

•  Қаржылық активтерді құнсыздандыру. ХҚЕС 39 «Қаржылық құралдар: мойындау жəне 

бағалауды»  қолдану  банк  қызметін  реттеушінің  талаптарына  байланысты  болуы  мүмкін. 

Қаржылық  есеп-қисаптарға  ескерімдерде «... резервті  қарыздар  бойынша  ықтимал 

залаларға бағалау мақсатында, қарыз берешегінің өтелетін сомасы күтістегі болашақ ақша 

қаражаттары  ағындарының  ағымдағы  құнына  орай  бағаланады»  деп  əбден  орынды 

аталғанымен,  банктердің  басшылығы  көбіне  өздерінің  қаржылық  есептемелеріне 

ескерімдерде  баяндалған  бағалау  принциптері  туралы  білмеген.  Сонымен  қатар,  кейбір 

қаржылық  есептемелерде  «қарыз  берешегі  берешектің  өсімдерін  немесе  негізгі  сомасын 

төлеуді кешіктіру барлық сомалар толық құнсыздандырылған жағдайларды қоспағанда, 30 

күннен  асқан  уақытта  үмітсіз  берешектердің  санатына  аударылатыны»  көрсетілген,  бұл 

дисконтталған ақша қаражаттары ағынын бағалау принципіне қайшы келуі мүмкін (ХҚЕС 

39 қолдану жөнінде нұсқаулықтың (ҚН) 93-ші параграфын қараңыз). Есептік саясат жəне 

басшылықпен талқылаудың нəтижелері ХҚЕС 39-шы стандартымен көзделген тиімді өсім 

мөлшерлемесі əдісін қолдану туралы мəселені көтереді. 

•  Компания  бақылау  пакетін  иеленбейтін  жəне  оның  еншілес  компаниялары,  оның 

қатысы бар бірлескен кəсіпорындары немесе оның қауымдастырылған кəсіпорындары 

болып  табылмайтын  басқа  ұйымдарға  инвестициялар.  Бір  компания  ондай 

инвестицияларды  өзіндік  құны  бойынша  бағалаған,  ал  ХҚЕС 39 сəйкес  олар  əділ  құны 

бойынша  бағалануға  тиіс.  Ондай  инвестициялардың  əділ  құнына  қатысты  ақпарат  жоқ 

болғандықтан,  РОСК  дайындаған  топ  стандартты  сондай  сақтамаудың  көлемін  бағалай 

алмады.  

•  Мемлекеттің өтеусіз көмегі, соның ішінде мемлекеттің салымы  болып табылатын 



ОС  бағалау.  РОСК  дайындаған  топ  компания  иемденген  құқықтар  мен  лицензиялар 

қауымдастырылған  компаниялардың  акционерлік  капиталына  қатысу  үлесі  түрінде 

енгізілген  жəне  кейіннен  əділ  құны  бойынша  қайта  бағаланған  бір  жағдайды  атады.  Ол 

қаржылық  есептемелерге  ескерімдер  сұрақтардың  тұтас  бір  қатарына  нақты  жауап 

бермейді:  мысалы,  компания  ол  құқықтар  мен  лицензияларды  кімнен  жəне  қандай  баға 

бойынша сатып алды; кім жəне қалай ол құқықтар мен лицензияларды қауымдастырылған 

компаниялардың акционерлік капиталына қатысу үлесі түрінде енгізді; неге оларды қайта 

бағалау жүргізілді; ондай қайта бағалау ХҚЕС 38 «Материалдық емес активтерге» сəйкес 

əділ  құнды  айқындау  принципіне  сəйкес  пе,  жəне,  соның  ішінде,  ондай  құқықтар  мен 

лицензиялардың  қолданыстағы  нарығы  бар  ма.  Ондай  ақпарат  болмаса,  сырттан 

пайдаланушылар  жекешелендіру  процессін  бағалау  немесе  сондай  компанияға  қатысты 

негізді шешімдер қабылдау үшін қажетті мəліметтер ала алмайды. 

•  Құқықтарды,  лицензияларды  жəне  ОС  қайта  бағалау.  РОСК  дайындаған  топ 

есептемелердің бірінде тапсырылған келесі ақпаратқа назар аударды: «ғимараттарды қайта 

бағалау  баланстық  құнының  елеулі  ауытқуынан  сақтану  үшін,  жетерліктей  тұрақты 

жүргізіліп  отырады».  Бұл  есептеме  жасаушылар  мен  аудитордың  сапа  бақылау  рəсімінің 




жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау