Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 12
(СХҚЕС) белгілейді деп көздейді. Заңда бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап жүйесін реттеу
ұлттық қаржылық есеп-қисап стандарттарын əзірлеуге жəне бекітуге тиіс Қаржы министрлігінің
прерогативасы болып табылатыны көрсетілген.
49.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (НБК) Халықаралық қаржылық есеп-қисап
стандарттарымен реттелмеген жəне оларға қайшы келмейтін мəселелер бойынша бухгалтерлік есеп
стандарттарына əдістемелік ұсыныстамалар əзірлеуге жəне бекітуге тиіс. Нормативтік талаптар мен
ХҚЕС арасындағы қалдықтық қақтығыстың əлуеттегі тəуекелдігі бар. Ондай қақтығыс ХҚЕС
қолданылатын елдерде кең тараған құбылыс болып табылады жəне оны ескеріп отыру қажет.
50.
«Аудиторлық қызмет туралы» Заңға сəйкес, «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға соңғы
түзетулер қабылданғанға дейін аудит стандарттарын бекітуге уəкілетті орган Қаржы
министрлігі болып келді. Тарихи тұрғыдан аудит стандарттарын бекіту екі сатылы процесс болды,
алдымен аудит стандарттары Республикалық аудиторлар палатасының конференциясында
(жиналысында) қабылданды, ал содан кейін Қаржы министрлігі оларды бекітіп отырды. АП ХАС
негізінде алты Қазақстандық аудит стандартын (КСА) 1998 жылы, енді алтауын 1999 жылы
қабылдады жəне 2000 жылы 35 КСА қайта қарады. Алайда Қаржы министрлігі ол стандарттардың тек
он бірін бекітті, соның нəтижесінде қазіргі аудит режимінде көптеген ХАС жоқ. Соның салдарынан
аудиторлар көбінесе қандай стандарттарды: тек Қаржы министрлігі бекіткен стандарттарды, АП
қабылдаған стандарттардың бүкіл жинағын немесе қолданыстағы ХАС қолдану керектігін түсіне
алмайды. 2006 жылдың мамырында күшінге кірген жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң аудит
ХАС сəйкес жүргізілгенін талап етеді. Алайда жергілікті аудиторлардың басым бөлігіне ХАС
таныстырылмағанының жəне сол себепті осы заңды тиісті қолдануда қиыншылықтарға тап болуының
айтарлық тай тəуекелдігі бар. Аудиторлар палатасы 2000 жылдың мамырынан бері Халықаралық
бухгалтерлер федерациясының (IFAC) толық құқылы мүшесі болып табылады аудиторов. Министрлік
Палатамен 2006 жылғы 17-ші сəуірдегі № 174 мемлекеттік сатып алымдар туралы келісімшарттың
негізінде республикалық бюджеттің есебінен халықаралық аудит стандарттарының (ХАС) орыс жəне
қазақ тілдеріне аудармасын жүзеге асырды.
E. Бухгалтерлік есеп жəне аудит стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету
51.
2004 жылғы 1-ші қаңтардан бастап банктерді, сақтандыру компанияларын, қор
нарығын жəне зейнетақы қорларын қадағалау жəне реттеу функциялары Қазақстан
Республикасының қаржы нарықтары мен қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау
жөніндегі агенттігіне (АФН) көшті. АФН мəлімденген мақсаты қаржылық қызметтерді
тұтынушыларды анағұрлым толық қорғауды жəне ішкі қаржы нарығында тұрақтылықты сақтауды
қамтамасыз ететін тəуелсіз жəне тиімді қаржылық қадағалау құру мақсатында қаржылық секторды
одан əріде дамыту жəне жетілдіру болып табылады.
52.
Егер НБК нормативтік кесімдер мен қосалқы əдістемелік ұсыныстамалар қабылдап,
банктердің бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап жүйесін реттесе, АФН банктердің
бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп-қисап жəне аудит талаптарын сақтауы үшін жауап береді.
Бақылау функциясын АФН Банктік қадағалау департаменті атқарады. Департаментте 33 қызметкер,
соның ішінде камералдық тексерістермен шұғылданатын 13 адам жəне тексерістерді жергілікті
орындарда жүзеге асыратын 20 адам жұмыс істейді. Банктер сан алуан пруденциалдық есептемелер,
соның ішінде күнделікті, апталық, айлық, тоқсандық жəне жылдық есептемелер тапсырып отыруға
тиіс. Олардың ішінде негізгілері тоқсандық баланс жəне табыстар мен шығасылар туралы есептеме
болып табылады. Банктерден келіп түсетін есептемелердің дəлдігі жергілікті орындардағы
тексерістердің барысында тексеріледі.
53.
Заңнамамен көзделген міндетті аудитқа қосымша, АФН банктердің есептік құжаттарын,
есептемелерін, бастапқы құжаттары мен олардың қызметі жайында басқа ақпаратты
Агенттіктің өзі таңдаған аудиторлық фирманың тексеруін талап ете алады. Егер АФН
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 13
аудиторлық қорытындының көшірмесін талап етсе, банктің аудиторы оны тікелей Агенттікке
жолдауға тиіс. Сонымен қатар, аудиторлар Қазақстан Республикасының заңнамасын кез келген
бұзушылықтар туралы АФН атына тікелей баяндап отыруға тиіс.
54.
Практикада АФН инспекторлары əдетте өз тексерістерінің барысында аудиторлар
растаған қаржылық есеп-қисаптарды пайдаланбайды. Банктерді тексерушілер үшін тəуелсіз
аудиторлардың жұмысының нəтижелерін пайдалану дəстүрге айналмаған. Оның орнына
инспекторлар пруденциалдық есептемелерді зерделейді жəне өздері тергеу жүргізеді. АФН белгілеген
пруденциалдық нормалар əдетте тəуекелдік мəселелеріне қатысты болғандықтан, камералдық
тексерістер уақытында да, жергілікті орындардағы тексерістердің барысында да инспекторлар ең
алдымен ол талаптардың қалай сақталатынын тексереді. Көптеген банктердің 2004 жылдағы
аудиторлар растаған қаржылық есеп-қисаптарын инспекторлар бухгалтерлік есеп жəне қаржылық
есеп-қисап талаптарына сəйкестік тұрғысынан тексермеген.
55.
Банктерге есеп-қисап талаптарын сақтамағаны үшін қолданылатын санкциялардың
«Банктер жəне банк қызметі туралы» Заңда жəне Əкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінде
белгіленгеніне қарамастан, РОСК дайындаған топ, бұзушылықтар көп болса да, осы
санкциялар қолданылған бір де бір жағдайды таба алмады. «Банктер жəне банк қызметі туралы»
Заңға сəйкес, егер банк уəкілетті органға есептемелерін тапсырмаса немесе көрінеу жалған
есептемелер мен деректер берсе, ондай банктің лицензиясы тоқтатыла немесе күші жойыла алады.
Есептік құжаттар мен қаржылық есеп-қисапқа қатысты нормативтік кесімдер сақталмаған жағдайда,
Əкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі ұйымнан да, нақты лауазымды тұлғалардан да ақшалай
айыппұл өндіруді көздейді. Сонымен қатар, Кодекс сондай-ақ банк аудиторларына қасақан жалған
немесе бұрыс мəліметтер беретіндерге, сондай-ақ «бұрыс тұжырым» жасайтын банк аудиторларына
азаматтық-құқықтық санкциялар қолдануды көздейді. Банктердің жекелеген лауазымды тұлғалары
мен ресми аудиторларына қарсы санкциялар сондай-ақ Қылмыстық кодексте белгіленген.
56.
АФН Сақтандыруды қадағалау департаменті сақтандыру компанияларының
бухгалтерлік есеп, есеп-қисап жəне аудит талаптарын сақтауы үшін жауап береді.
Департаментте 34 қызметкер, соның ішінде жергілікті орындарда тексерістер жүргізетін 14 адам
жұмыс істейді. Олар сондай-ақ камералдық тексерістер жүргізу үшін əртүрлі мəселелер бойынша 28
есептемені тұрақты алып отырады. Департамент қаржылық есеп-қисаптардың мерзімдеріне,
толықтығына жəне сенімділігіне (сапасына) қатысты талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді жəне
бухгалтерлік есеп жəне аудит ережелері сақталмаған жағдайда, əсер ету шараларын жəне санкциялар
қолданады.
57.
Əкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі сақтандыру жəне қайта сақтандыру
компаниялары үшін есептік құжаттамаға жəне қаржылық есеп-қисапқа қатысты
нормативтерді сақтамағаны үшін ақшалай айыппұлдар белгілейді. Ондай санкциялар сақтандыру
компанияларының жекелеген лауазымды тұлғаларына да, жалпы заңды тұлғаларға да қолданыла
алады. Банк секторында секілді, Кодекс сондай-ақ «бұрыс тұжырымға» келген аудиторға жəне
аудиторға бұрыс мəліметтер берген лауазымды тұлғаларға азаматтық-құқықтық санкциялар
қолдануды көздейді. «Сақтандыру қызметі туралы» Заң АФН жүргізілген тексерістердің барысында
анықталған кемістіктерді жою мақсатында түзету шараларын қабылдау туралы сақтандыру
компаниялары үшін міндетті ұйғарымдар шығаруға құқық береді. Сайып келгенде, АФН сақтандыру
қызметі субъектісінің лицензияның əрекетін тоқтатуға немесе қайтып алуға құқығы бар. Өзінің
өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында, АФН сақтандыру компаниялары үшін сенімсіз есептемелер
беруге қатысты бірқатар ұйғарымдар шығарды.
58.
АФН да, КАФБ да листингілік компанияларда ХҚЕС немесе КСБУ орындалуына
мониторинг жəне қамтамасыз етуді өздерінің басым бағыттары ретінде айқындамады. АФН
үшін басымдықты бағыт жалпы мақсаттағы қаржылық есеп-қисап жасаған кезде қолданылатын
бухгалтерлік стандарттарының орындалуын қамтамасыз ету емес, пруденциалдық реттеу жəне