Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есептеме



жүктеу 1,39 Mb.
Pdf просмотр
бет18/24
Дата27.01.2020
өлшемі1,39 Mb.
#27404
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

 

Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита 

стр. 22 

 

 

71. 


КСА  мен  ХАС  арасындағы  айырмашылықтар  КСА  сəйкес  жүргізілген  аудиторлық 

тексерістің  ХАС  сақтай  отырып,  жасалған  аудитқа  қарағанда  анағұрлым  аз  сенімділікті 

қамтамасыз ете алатындай алыс. Ең елеулі бөлек оқылымдар КСА құрамында ХАС 20 стандарттан 

астамның болмауына байланысты туындайды, соның ішінде:  

•  Аудиттың елеулілігі: ХАС сəйкес аудиторлық тексерістің мақсаты аудиторға қаржылық есеп-

қисаптың  барлық  елеулі  аспектілері  бойынша  қаржылық  есеп-қисапқа  белгіленген  талаптарға 

сəйкес жасалғаны туралы пікірін білдіруге мүмкіндік беру болып табылады. Ақпарат егер оның 

болмауы  немесе  бұрмалануы  аталған  қаржылық  есеп-қисаптың  негізінде  қабылданған 

пайдаланушылардың  шаруашылық  шешімдеріне  ықпал  етуі  мүмкін  болса, «елеулі»  деп 

саналады.  ХАС 320 «Аудиттың  елеулілігі»  аудитордан (a) аудиторлық  рəсімдердің  сипатын, 

уақытын жəне форматын айқындау; жəне (b) бұрмалаудың салдарын бағалау кезінде, сондай-ақ 

қаржылық  есеп-қисаптың  барлық  елеулі  аспектілері  бойынша  қаржылық  есеп-қисапқа 

белгіленген талаптарға сəйкес жасалғанын бағалау кезінде елеулілік аспектілерін есепке алуды 

талап  етеді.  КСА  құрамында  ондай  талап  жоқ  жəне  бұл (i) аудитордың  елеулі  параметрлер 

бойынша  шүбəлі  болып  табылатын  деректердің  енгізілгенін  немесе  елеулі  деректерді  өткізіп 

алуды  айқындай  алмауына,  содан  қаржылық  есеп-қисаптың  шүбəсіздігін  бұзуға  əкеліп  соғуы, 

немесе (ii) қаржылық  есеп-қисапты  пайдаланушыларда  аудитор  қаржылық  операциялардың 

бірін қалдырмай тексеріп жатқан секілді əсер қалдыруы мүмкін. 

•  Аудитор  қаржылық  есеп-қисапты  аудиторлық  тексеру  кезінде  алаяқтық  əрекеттердің 

ықтималдығын  ескеруге  міндетті:  ХАС 240 «Аудиторлық  тексерістер  жүргізу  кезінде 

аудитордың ықтимал алаяқтық əрекеттерді ескеруге міндеті» алаяқтықты қателіктен ажыратуды 

жорамалдайды  жəне  аудиторға  есте  ұстау  қажет  алаяқтық  əрекеттердің  екі  типінің 

айқындамасын  береді.  Ол  екі  алаяқтық  типі  төмендегідей: (a) активтерді  заңсыз  иемденудің 

нəтижесінде  пайда  болатын  бұрмаланымдар;  жəне (b) қаржылық  есеп-қисап  жасау  кезінде 

алаяқтықтың  нəтижесінде  туындайтын  бұрамаланымдар.  Аудиторлық  тексерудің  барысында 

елеулі  алаяқтықтың  анықталмауына  байланысты  тəуекелдікті  минималдандыруға  арналған 

арнайы рəсімдер қажет. КСА құрамында ондай талап жоқ.  

•  Талдампаздық  рəсімдер  немесе  аудиторлық  іріктелім  жəне  басқа  сынамалар:  ХАС 520 

«Талдампаздық  рəсімдер»  аудитордан  кəсіпорын  мен  оның  бизнес  ортасы  туралы  пайымдама 

жасау  үшін,  сондай-ақ  аудиторлық  тексерістің  соңында  жалпы  қорытынды  жасау  кезінде 

тəуекелдіктерді  бағалауға  арналған  талдампаздық  рəсімдерді  қолдануды  талап  етеді.  КСА 

құрамында ондай талап жоқ. 

•  Байланысқан  тараптар:  ХАС 550 «Байланысқан  тараптар»  аудитордан  басшылық 

байланысқан  тараптарды,  сондай-ақ  қаржылық  есеп-қисап  жасау  үшін  елеулі  маңызға  ие 

мүдделілік  бар  мəмілелердің  салдарын  айқындау  жəне  ашу  кезінде  жеткілікті  аудиторлық 

дəлелдер алуға арналған аудиторлық рəсімдерді орындауды талап етеді. КСА құрамында ондай 

талап жоқ. 

•  Əділ  құнның  аудиты:  Көптеген  жағдайларда  ХҚЕС  активтер  мен  пассивтердің  құнын 

айқындау  кезінде  бағалау  кезінде  əділ  құн  көрсеткіштерін  қолдануды  белгілейді  немесе  жол 

береді.  ХАС 545 «Əділ  құнның  жəне  ашылған  ақпараттың  көрсеткіштерінің  аудиты» 

аудитордан  ол  кəсіпорын  мен  оның  бизнес  ортасы,  соның  ішінде  оның  іштен  бақылау  жүйесі 

туралы  пайымдама  қалыптастыру  шеңберінде  кəсіпорында  əділ  құн  мен  ашылған  ақпараттың 

көрсеткіштерін,  сондай-ақ  бекіту  сатысында  елеулі  бұрмаланыстар  тəуекелдіктерін  айқындау 

жəне  бағалау  үшін  жəне  стандартта  сипатталған  қосымша  аудиторлық  рəсімдер  əзірлеу  жəне 

пайдалану  үшін  жеткілікті  тиісті  бақылау  шараларын  пайдалану  кезінде  қолданылатын 

рəсімдермен таныс болуын талап етеді. КСА құрамында ондай талап жоқ. 

 

72. 



Міндетті  аудиттың  сапасы  біркелкі  емес.  Аудиторлық  тексерістердің  қорытындыларымен 

танысудың  (жоғарыдағы 66-шы  тармақты  қараңыз)  жəне  РОСК  дайындаған  топпен,  жеке 

аудиторлармен,  шағын  жəне  ірі  аудиторлық  фирмалармен  жəне  Аудиторлар  палатасымен 



 

Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита 

стр. 23 

 

 

                                                          

талқылаудың  нəтижесінде  Қазақстанда  орта  есеппен  аудиторлық  практиканың  сапа  көрсеткіштеріне 

негативті ықпал ететін нақты проблемалар анықталды: 

•  Халықаралық  аудиторлық  желілердің  мүшелері  болып  табылатын  жергілікті 

фирмалар 

тəрізі, 

КСБУ 

сəйкес 

дайындалған 

қаржылық 

есептемелермен 

салыстырғанда, ХҚЕС сақтай отырып жасалған қаржылық есеп-қисапты анағұрлым 

терең  аудиторлық  тексеру  рəсімдерін  пайдаланатын  жəне  тексеруді  анағұрлым 

тəжірибелі аудиторларға тапсыратын секілді

17

. Бұл тек қана Қазақстандық ерекшелік 

болып табылмаса да, байқаушылар ондай практика КСБУ негізіндегі қаржылық есеп-қисап 

аудитының сапасынан теріс көрінуі мүмкін деп қауіптенеді. 

•  Халықаралық  аудиторлық  желілердің  мүшелері  болып  табылатын  жергілікті 



фирмалар  тəрізі,  қарызға  ақша  қаражаттарын  немесе  төте  шетелдік 

инвестициялар  тартатын  компаниялардың  ХҚЕС  сəйкес  жасалған  қаржылық  есеп-

қисаптарын    анағұрлым  терең  аудиторлық  тексеру  рəсімдерін  пайдаланатын  жəне 

тексеруді  анағұрлым  тəжірибелі  аудиторларға  тапсыратын  секілді.  Халықаралық 

аудиторлық  желілердің  мүшелері  болып  табылатын  жергілікті  фирмалар  ХҚЕС  сəйкес 

жасалған  қаржылық  есеп-қисапты  ондай  құжаттаманы  анағұрлым  терең  сапалы  талдау 

рəсімдерінің  көмегімен,  соның  ішінде  келесіде  Мəскеуде,  ал  кейде  Лондонда  немесе 

Франкфуртта  техникалық  сарапшыларды  тарту  арқылы  тексеру  нəтижелерін  сараптау 

арқылы жүргізсе де, аталған рəсімдер тəрізі, шетелдік реттеу жəне/немесе толық көлемде 

аудитордың  кəсіби  жауапкершілігін  көтеруге  дайындық  жоқ  болған  кезде  жүйелі 

қолданылмайтын секілді. 

•  Жергілікті  аудиторлық  фирмалар  жасаған  аудиторлық  қорытындылардың 

айтарлықтай санының нашар дайындалғаны соншалық, тексерілген қаржылық есеп-

қисапты  пайдаланушылар  тіпті  аудиторлық  фирма  тындырған  жұмыс  туралы 

пайымдама  жасауға  қабілетсіз  болуда.  РОСК  дайындаған  топ  талдап  шыққан 14 

аудиторлық  қорытындының  сегізінде  адресат  болмаған,  тексеруге  ұшыраған  қаржылық 

есептемелер  көрсетілмеген,  қаржылық  есеп-қисабы  тексеруге  қос  тіркелген  компаниядан 

басқа  компанияның  атауы,  сондай-ақ  аудит  стандарттарына  сілтемелердің  орнына 

бухгалтерлік есеп-қисап стандарттарына сілтемелер жəне т.б. болған.  

•  Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары 



үстірт  болып  шыққан,  бұл  олардың  Этика  кодексін,  соның  ішінде  олардың  тəуелсіз 

мəртебесіне  қатысты  бөлігінде  сақтауына  күмəн  туғызбай  тұра  алмайды.  РОСК 

дайындаған топ тексеріп шыққан 14 аудиторлық қорытындының төртеуінде Қазақстандық  

бухгалтерлік есеп стандарттаынан (КСБУ) елеулі жəне анық шегіністер бар. 

•  Жергілікті аудиторлық фирмалар жасаған аудиторлық қорытындылардың бірқатары 



аудиторлық  рəсімдерге  толық  емес  сəйкестікте  орындалған  жəне  КСА  мен 

аудиторлық тексерістің сапасына талаптардың сақталуына елеулі күмəн туғызады. 

РОСК  дайындаған  топ  тексеріп  шыққан 14 аудиторлық  қорытындының  үшеуінде 

аудиторлық  фирма  қолданған  аудиторлық  рəсімдер  баяндалған  қосымша  болды.  Топ 

сарапшылары  осы  үш  құжаттың  барлығында  төмендегілерге  қарамастан  аудиторлық 

фирманың сөзсіз оң қорытынды бергенін атады: 

o

 



аудиторлық  фирмаға  тауарлық-материалдық  қорлар  туралы  сандық  деректер 

тапсырылмаған  жəне  оның  еншісіне 23% жиынтық  активтер  түсетін  мүліктің, 

машиналар мен жабдықтың іс жүзінде бар екеніне (компанияның жұмыс істегеніне 

бірінші  жыл)  көз  жеткізбей,  тек  шоттармен  жəне  бухгалтерлік  тіркелімдермен 

танысуды  қанағат  тұтқан.  Басқа  екі  аудит  бойынш  топ  сарапшыларында  сол 

іспеттес ескертпелер туындады. 

 

17

 Халықаралық аудиторлық желілердің мүшелері болып табылатын жергілікті аудиторлық фирмалар өздері 



КАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты, сондай-ақ ХАС сəйкес дайындалған қаржылық есеп-қисапты 

аудиторлық тексеруге аудит стандарттары, қызметкерлер құрамы жəне сапаны тексеру тұрғысынан бірдей 

тəсілдеме пайдаланатындарын айтады. 



жүктеу 1,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау