Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 10
41.
Бүгінгі жағдаят үшін жоғары емтихандық стандарттар жəне сол емтихандарды табысты
тапсырғандардың төмен үлесі сипатты. Бұл əсіресе емтихандардың екінші, анағұрлым жоғары
деңгейіне (СIPA) тəн жəне сөзсіз, білікті оқытушылардың тапшылығына байланысты. Егер СAP
курсын оқытушылар пайда бола бастаса, анағұрлым ілгері деңгей (СIPA) үшін білікті оқытушылар
табу өте қиын. Оның үстіне Алматыда оқытушылармен жағдай елдің басқа аумағына қарағанда,
анағұрлым жақсы. Осындай шарттарда қазі Білім министрлігі қолға алып жатқан шетелдік кадрлар
тартуды көздейтін бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіншіліктер пайда болуда. Бұл университеттік
білімнің сапасын көтеруге жəне елдің бүкіл аумағында анағұрлым жоғары деңгейде емтихандар өткізу
үшін қажетті оқу материалдары мен оқытушыларды көбірек алуға мүмкіндік береді.
42.
СAP/СIPA біліктіліктілерін алуға емтихандардың Халықаралық білім стандарттарында
(МСО)
10
тұжырымдалған жəне халықаралық мойындалған практиканың шеңберінде
сақталатын оқу мазмұнына талаптардың айтарлықтай бөлігін (мысалы, заңнамамен көзделген
міндетті аудитқа арналған ЕО «Компаниялар туралы заңнама» жаңа Сегізінші
директивасының талаптарын) ескеретініне қарамастан, кəсіби біліктілік беру рəсімі
Қазақстанда əзірше жалпыны қамтитын болып табылмайды. СAP/СIPA біліктіліктілерін алу
үшін төмендегі пəндер бойынша емтихандар тапсыру қажет:
• Бірінші деңгей (СAP):
o
Қаржылық есеп I
o
Əкімгерлік есеп I
o
Салық салу
o
Құқық
• Екінші деңгей (СIPA):
o
Қаржылық есеп II
o
Əкімгерлік есеп II
o
Қаржы
o
Аудит
o
Ақпараттық басқару жүйелері
Демек, университеттік біліммен бірге бухгалтерлік есеп саласындағы қазақстандық білім беру жүйесі
МСО 1 жəне МСО 2 талаптарына жауап береді. Қалған МСО əзірше толық ескерілмеген.
43.
Экономикасы өтпелі басқа елдердің көпшілігі үшін секілді, Қазақстанға кəсіби
машықтарды, құндылықтарды, этика мен ұстанымдарды дамытуға көбірек көңіл бөлу қажет.
МСО 3 құрамында машықтарға біршама жаңа көзқарас тұжырымдалған. Қажетті машықтардың
қатарына интеллектуалдық, техникалық жəне функционалдық машықтар; тұлға аралық қатынастарды
реттей білу жəне жұғысымдық; ұйымдастырушылық машықтар мен шаруашылық басқару машықтары
жатады. Олар білім алу процессінде де, практикалық тəжірибе алу процессінде де игеріледі. Жазбаша
емтиханның барысында машықтардың кең ауқымын бағалау қиын. Құзыреттілікті ескеретін,
машықтарды дамытудың дəлелдері құрылымданған практикалық тəжірибені көрсететін құжаттарда
тіркелетін тəсілдеме əзірлеу қажет. МСО 4 этикалық нормаларды сақтай отырып жəне қоғам мен
кəсіптің мүдделерін барынша ескере отырып, кəсіби пайымдама шығару жəне əрекеттер жасау үшін
кəсіптік құндылықтардың, этиканың жəне ұстанымдардың шеңберлік негіздерінің болуын көздейді.
Оны ең абзалы, негізіне кандидаттар өздерінің мəселелерді тиісті кəсіптік құндылықтарға, этикаға
жəне ұстанымдарға орай шешетінін көрсете алу үшін, кеңейтілген жағдаяттық зерттеу алынған
емтиханның көмегімен бағалаған дұрыс сияқты.
10
МФБ Халықаралық білім стандарттарын МФБ Халықаралық білім стандарттары жөніндегі кеңесі
белгілейді. They comprise of МСО 1,
Entry Requirements to a Program of Professional Accounting Education, МСО
2, Content of professional Accounting Education Programs, МСО 3, Professional Skills, МСО 4, Professional Values,
Ethics and Attitudes, МСО 5,
Practical Experience Requirements, МСО 6,
Assessment of Professional Capabilities and
Competence, МСО 7,
Continuing Professional Competence, and МСО 8,
Competence Requirements for Audit
Professionals (draft).
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 11
44.
Қазақстанда практикалық тəжірибеге қазіргі талаптар əзірше халықаралық
стандарттарға сəйкес емес. МСО 5 кем дегенде үш жылдық практикалық жұмыс тəжірибесінің
болуын көздейді (осындай талап барлық ЕО мүше елдерде əрекет етеді). Қазақстанда аталған шарт тек
номиналды орындалып отыр. Қолданыстағы АП ережелеріне сəйкес, кандидаттар емтихандарға
қатысуға мүмкіндік алғанға дейін, олар практикалық жұмыс тəжірибесін алуға тиіс. Емтиханның
нəтижелері өзінің күшінен айырылмауы үшін, олардан үш жарым жыл сайын қайтадан өтіп отыру
керек. Алайда АП кандидаттар үшін қауымдастырылған мүшелердің мəртебесі жоқ, ал практикалық
тəжірибенің мазмұны ешқандай ерекше нормалармен реттелмейді. Бұл практикалық жұмыс
тəжірибесінің құрылымданбаған болып шығуы мүмкін жəне кандидаттар алған тəжірибе аудитор ие
болуға тиіс машықтарға сəйкес болатынына ешқандан кепілдіктер жоқ деген сөз. МФБ жəне ЕО
қабылданған практикалық тəжірибеге көзқарас Қазақстандағы бүгінгі жағдаяттан өзгеше, өйткені
МФБ жəне ЕО талаптарына сəйкес, практикалық тəжірибе тиісті кəсіптік ортада алынуға, маңызға ие
болуға, мониторинг жəне қадағалау объектісі болуға тиіс, ал кəсіптік бірлестік немесе реттеуші орган
практикалық тəжірибе алу жүйесінің жұмысы үшін жауапкершілік көтеруге тиіс.
45.
АП да, ППБА да біліктілікті көтеруге (ПК) талап қояды, алайда практикада ол
талаптың сақталуын қамтамасыз ететін ешқандай шаралар жоқ. Қазақстандағы жағдаят ЕО жəне
АҚШ-ның жақындағы өткенін еске түсіреді, онда біліктілікті көтеру міндетті талап болды, бірақ оны
сақтау үшін жауапкершілік əрбір жеке адамға айрықша жүктеліп отырған еді. Қазіргі кезеңде МСО 7
сондай-ақ ПК мазмұнының, сондай-ақ оның мониторингі мен кəсіптік бірлестіктердің тəртіптік
жазалар салу стандарттарын белгілеуде. Сонымен қатар, кəсіптік бірлестіктер ПК насихаттауға жəне
біліктілікті көтеруге ықпалдасуға тиіс. Демек АП да, ППБА да Палаталардың мүшелері біліктілікті
көтеруге қатысты өздерінің міндеттемелерін орындай алуы үшін, ПК тиісті курстары мен оқу
материалдарының жеткілікті саны болуына шаралар қабылдауға тиіс. Сонымен қатар, олар өз
мүшелерінің осы міндеттемелерді шын мəнінде орындауын аңду үшін мониторинг рəсімдерін енгізуге
тиіс.
46.
МСО 8 аудитордың біліктілігін кəсіпқой бухгалтердің келесі біліктілік сатысы ретінде
қарастырады; осы стандарттың білімге жəне құзыреттілікке қатысты қосымша талаптары
Қазақстанда əзірге ескерілмеген. Қазіргі кезеңде Қазақстанда бухгалтердің біліктілігі мен
аудитордың біліктілігінің арасында айырмашылықтар жоқ, ал бухгалтердің біліктілігін алуға
емтихандар ретінде құрылған СAP/СIPA біліктіліктерін алуға емтихандар МСО 8 талаптарына жауап
бермейді. Атап айтқанда, МСО 8 көрсетілгендей, кəсіпқой аудиторлар қаржылық есеп-қисап аудиты
саласында «анағұрлым терең» білімге ие болуға тиіс. Демек, КК кəсіпқой аудиторларды куəландыру
үшін (кəсіпқой бухгалтерден бөлек) сондай анағұрлым терең білімдерді қалай бағалау керектігі
туралы мəселені қарастыруға тиіс.
47.
Жоғарыда аталған аспектілерге қарамастан, РОСК дайындаған топ алған ақпарат
Қазақстанда бəлкім, бүкіл аймақтағы ең қатал біліктілік рəсімдері бар екенін көрсетеді. АП
Кəсіпқой бухгалтерлер мен аудиторлар институтының құрылтайшыларының бірі ретінде (ол осы
кəсіптердің болашақ өкілдерін оқытумен жəне дайындаумен шұғылданады) бүкіл елдің аумағында
кəсіби білімнің сапасын арттыру жəне көлемдерін кеңейту үшін белсенді шаралар қабылдайды. Қазіргі
сəтке қарай, Институт Аудиторлар палатасы мен Еуразиялық сертификатталған бухгалтерлер мен
аудиторлар кеңесі толық құптаған бағдарлама бойынша 4 500 студентті дайындады.
D. Бухгалтерлік есеп жəне аудит стандарттарын белгілеу
48.
«Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап туралы» Заң ірі кəсіпкерлік субъектілері
мен көпшіліктік мүдделі ұйымдардың өздерінің қаржылық есеп-қисаптарын халықаралық
қаржылық есеп-қисап стандарттарына сəйкес жасауын талап етеді. Басқа ұйымдар (мемлекеттік
мекемелерден басқа) қаржылық есеп-қисап жасауды ұлттық қаржылық есеп-қисап стандарттарына
сəйкес жүзеге асырады. Бұл Қазақстанда қолданыстағы бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есеп-қисап
стандарттарының бір бөлігін Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттары жөніндегі кеңес