Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 20
қаншалықты ойластырылғаны туралы мəселені көтеретін үрейлі хабар (бəлкім, бұл қате
терілген болар).
• Сатым алымдардың, соның ішінде сатып алынған активтер мен пассивтердің
бухгалтерлік есебі. Бірнеше компания мойындау сəтінде өзіндік құны бойынша
бағаланатын, одан кейін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика жəне
талдау жөніндегі комитетімен белгіленген негізгі қорлардың құнын ұлғайту
коэффициентін» пайдалану арқылы қайта бағалаудан өтетін ОС туралы ақпарат тапсырды.
Аудиторлар сондай активтерді сатып алу кезінде оларға жатқызылған сомаларды бұрынғы
мемлекеттік кəсіпорындарды сатып алу ретінде, демек, гудвиллға (кері гудвиллға)
жатқызылған сома ретінде ескереді. Ондай ескерім орынды секілді көрінеді жəне оның
салдарын сандық түрде бағалау мүмкін емес.
• Зейнетақылық қамсыздандырудың есебі, соның ішінде төлемдері белгіленген
зейнетақылық бағдарламалардың болу мүмкіндігі. Мысалы, егер қаржылық есеп-қисапта
зейнетақылық қамсыздандыру туралы ақпаратты ашуға заңнамалық талаптардан
іріктемеге енгізілген компанияның төлемдері белгіленген зейнетақылық қамсыздандыру
бойынша міндеттемесі бар болса, онда есептік саясат бойынша компания жарналары
белгіленген зейнетақылық бағдарламаның бухгалтерлік есебін қолданады.
• Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептемедегі ақша қаражаттары мен
олардың
эквиваленттерінің
компоненттері.
Кейбір
компаниялардың
ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептемелерінде мерзімді депозиттер «ондай
депозиттердің мерзімі қашан өтетінінен тəуелсіз», «ақша жəне оның эквиваленттері»
бабында көрсетіледі. Бұл үш айлық лимит белгілейтін ХҚЕС 7 «Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есептемеге» қайшы келеді. Оның үстіне кейбір мерзімді депозиттерде
пайдалануға шектемелер бар, себебі олар кепілзаттар немесе кепілдіктер мəртебесіне ие.
Ондай депозиттерді «ақша жəне оның эквиваленттері» бабынан шығарып тастау керек
секілді.
•
Мүдделі тұлғалармен мəмілелер туралы ақпаратты ашу. 2004 жылы бір компания 5,5
млн АҚШ долларына еншілес компания сатып алды. Сатып алу сəтіне қарай ол еншілес
компания ABC компаниясына төлеуге жататын 5,3 млн АҚШ доллары мөлшерінде өсімсіз
қарыз бойынша қарызгер болған еді. Ол қарыз 5,3 млн АҚШ долларына бағаланған, ол
оның əділ құнынан асатын тəрізді, демек таза сатып алынған активтердің əділ құны
төмендетілген. Қарыз 2004 жылы өтелген. Бұл мəміле кез келген жағдайда, мүдделілік бар
мəміле болып табылады, бірак қаржылық есеп-қисапқа ескерімдерде ол мүдделілік бар
мəміле ретінде аталмаған.
69.
КСБУ негізінде жасалған қаржылық есеп-қисаптың саны əдетте өте төмен болды жəне,
сонымен қатар, КСБУ сақтамауға байланысты бірқатар елеулі проблемалар пайда болды. Ол
проблемалардың елеулілігі сонша, көптеген жағдайларда сондай қаржылық есеп-қисаптарды
пайдаланушылар оларды негізді шешімдер қабылдау үшін қолдана алмайды жəне одан да жаманы,
шешімдер қабылдау процессінде қате жолға түсуі мүмкін. Аталған проблемалардың қатарына
төмендегілер жатады:
16
•
КСБУ 30 «Қаржылық есеп-қисап тапсыруды» сақтамау. Қаржылық есептемелердің
аудиторлар растаған сегіз жиынтықталымында қаржылық есептемелердің форматы КСБУ
көзделгеннен елеулі өзгеше болды. Мысалы, осы жағдайлардың барлығында есептік саясат
көрсетілмеген, бұл ол қаржылық есептемелерді пайдаланушылардың түсінуін өте қиындатады.
Сонымен қатар, екі жағдайда баланстағы жəне табыстар мен шығасылар туралы есептемедегі
цифрлар ескерімдердегі цифрлардан едəуір басқа болды.
16
РОСК дайындаған топ тек оның пікірі бойынша, елеулі болған жəне ешқандай күмəн туғызбайтын
проблемалар туралы ғана хабарлауды ұйғарды. Осыны ескере отырып, мұнда топ стандарттардың
сақталмауының сипатына жəне елеулілігіне қатысты даусыз тұжырымға келе алмаған бірнеше
стандарттарды сақтамау жағдайлары туралы хабарланбайды.
Казахстан – Стандарты и кодексы бухгалтерского учета и аудита
стр. 21
•
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептемені елеулі бұрмалау. Қаржылық
есептемелердің аудиторлар растаған төрт жиынтықталымында ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есептеме баланспен жəне табыстар мен шығасылар туралы есептемемен
сəйкес келмеді. Бір компанияда ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептемеде жалпы
баланстан 34% құрайтын активтерді сатып алу көрсетілмеген. Екінші бір компанияда ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептемеде құны 1,6 млрд теңге (доллардағы эквивалентте
12,3 млн) қаржылық активтерді сату көрсетілген.
•
Еншілес/қауымдастырылған компанияға инвестицияларға қатысты принциптік қателік.
Бір жағдайда іріктеме енгізілген компания 2004 жылғы 31-ші желтоқсандағы ахуалы бойынша
оған еншілес компаниялардың бірінің (ABC компаниясының) акцияларының жүз пайызы
тиесілі болғаны туралы хабарлады; сонымен бір мезгілде басқа бір компания сондай-ақ оған тап
сол күнге қарай ABC компаниясының 49% акциялары тиесілі болғанын хабарлады. Жүргізілген
талдаудың іріктемедегі екі компанияның қайсысы ABC компаниясына иелігі туралы қате хабар
бергені туралы тұжырым жасауға мүмкіндік бермегін былай қойғанда, ондай қателік аудиторлар
растаған қаржылық есептемелерге сенімді өте азайтады.
•
Мүдделі тұлғалар туралы жалған ақпарат немесе ондай ақпараттың болмауы. Екі
жағдайда мүдделі тұлғалар туралы жалған ақпарат тапсырылған, ал бірнеше жағдайда ондай
ақпарат болмаған.
IV. АУДИТ СТАНДАРТТАРЫ: ТЕОРИЯ ЖƏНЕ ПРАКТИКА
70.
Жаңа «Аудиторлық қызмет туралы» Заң 2006 жылдың мамырынан бастап ХАС
пайдалануды талап етсе, ол күнге дейін Қазақстандық аудит стандарттары (КСА) күшінде
қалады. Сонымен қатар, көптеген аудиторлар ХАС емес, КСА құрамымен көбірек дəрежеде
таныс болады. Сондықтан осы бөлімде КСА жəне ХАС арасындағы алшақтықтарға талдау
жүргізіледі. КСА ХАС негізінде əзірленсе де, олар бір біріне онша сəйкес келе бермейді. 52-ші
тармақта аталғандай (жоғарыдан қараңыз), Қаржы министрлігімен тек төменде берілген 11 11 КСА
бекітілген:
КСА
Аналог в ХАС
КСА 1: Қаржылық есеп-қисап аудитының
мақсаты жəне жалпы принциптері
ХАС 200: Қаржылық есеп-қисап аудитының
мақсаты жəне жалпы принциптері
КСА 2: Аудит жүргізу шарттары
ХАС 210: Аудит жүргізу шарттары
КСА 3: Аудиторлық қызметтің сапасын
бақылау
ХАС 220: Аудиторлық қызметтің сапасын
бақылау
КСА 4: Құжаттама
ХАС 220: Құжаттама
КСА 5: Қаржылық есеп-қисап бойынша
аудиторлық қорытынды
ХАС 700: Қаржылық есеп-қисап бойынша
аудиторлық қорытынды
КСА 7: Жоспарлау
ХАС 300: Жоспарлау
КСА 8: Клиенттің бизнесін білу
ХАС 310: Клиенттің бизнесін білу
КСА 9: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен
бақылау
ХАС 400: Тəуекелдікті бағалау жəне іштен
бақылау
КСА 10: Аудиторлық дəлелдер
ХАС 500: Аудиторлық дəлелдер
КСА 11: Алғашқы аудиторлық тексеру,
кезеңнің басына шоттардың сальдосы
ХАС 510: Алғашқы аудиторлық тексеру,
кезеңнің басына шоттардың сальдосы
КСА 12: Басшылықтың мəлімдемесі
ХАС 580: Басшылықтың мəлімдемесі
Нəтижесінде негізінен келесі екі себеп бойынша елеулі бөлеу оқылымдар орын алған:
• ХАС ұқсас қағидалары КСА қабылданғаннан кейін қайта қаралауы мүмкін (мысалы, ХАС
700 қайта қаралған жəне ХАС 200 жəне ХАС 210 тиісті түзетулер енгізілген);
• ХАС құрамына КСА құрамынан өз көрінісін таппаған 20 стандарттан астам жəне
ұсынылған практика туралы 15 қаиғада кіреді ( төменнен 73-ші тармақты қараңыз).