мәселелері мен әлеуметтендіру мәселелерін шешуде, өмірлік дағдыларын
қалыптасыруда көмектесу, неврозды алдын ала емдеуде, ата-анасымен және
құрдастарымен құрылымды қатынасты құрастыруда көмектесу;
4)
орта мектеп – оқушыға бейінді бағдарлауда және кәсіптік тұрғыда өзін-
өзі
анықтауда, экзистенциалдық мәселелерді (өзін-өзі тану, өмірдің мәнін
іздеу, жеке бірдейлікке жету) шешуде қолдау, уақытша келешекті, мақсатты
тұжырымдау қабілетін дамыту, психоәлеуметтік құзыреттілікті дамыту.
1.5.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің негізгі қағидалары:
1) баланың қандай да бір даму мәселесін шешуде кешенді, пәнаралық
тәсілдеме;
2) білім беру үдерісіндегі баланың дамуын қолдаудың үзіліссіздігі;
3) қолдау үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамсыздандыру;
4) қолдау әрекетін әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық жобалау
(болжау);
5) мүмкіндіктергі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық
қолдау бойынша шараларға ата-аналарды, педагогикалық және балалар
ұжымын белсенді қатыстыру.
2.
№ ... ОБМ-інде психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін
ұйымдастыру
2.1.
Оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау облыстық
психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің (ары қарай ОПМПК)
тұжырымдамасы мен ұсынысының негізінде, сондай-ақ оқушыларды № ...
ОБМ-тің штаттық мамандарының (педагог-психолог, логопед мұғалім,
дефектолог мұғалім, әлеуметтік педагог, ЕДШ маманы, медициналық
қызметкер) диагностикалық тексерулерінің нәтижесінде жүзеге асырылады.
2.2.
Қолдау қызметінің мамандарының өзара кәсіптік әрекеттенуі үшін
директордың
бұйырығымен
мектепте
психологиялық-педагогикалық
консилиум (ары қарай педконсилиум) құрылады.
2.3.
№ ... ОБМ-тің директорының бұйырығымен тағайындалған
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің төрағасы аталған қызметті
басқарады. Қызметтің барлық мамандары қолдау бойынша бірлескен
әрекеттерін лауазымдық ережелер мен атқарымдық міндеттемелерге сәйкес
атқарады. Қызметтің жұмысына пән мұғалімдері, тәрбиешілер, оқушылардың
ата-аналары,
үйірмелердің
(секциялардың)
жетекшілері,
қоғамдық
бірлестіктердің өкілдері және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар
тартылуы мүмкін.
2.4.
№ ... ОБМ-індегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі
өзінің жұмысында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы: баланың
құқығы туралы БҰҰ конвенциясын, мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ
декларациясын, білім беру саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы
конвенциясын, балаларды қорғау және дамыту, өмір сүруін қамтамасыз ету
туралы дүниежүзілік декларацияны, ҚР «Білім туралы» заңын, «Кемтар
балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау
22