Сонымен бірге әрбір нақты жағдайда түзету жұмысын құру кезінде тірек
етіп алуға болатындай бала дамуының жағымды жағын көру өте маңызды.
Қарастырылған кезең баланы зерттеу нәтижесі бойынша мамандардың
жеке тұжырымда жасауымен аяқталады.
Оқушыны тексеруді жүргізгеннен кейін мамандар алынған нәтижелерді
коллегиалды талқылайды. Бұл талқылауды қолдау мамандары қызметінің
екінші кезеңі ретінде қарастыруға болады.
Осындай тексеру нәтижесін бірге талқылау оқушыны басқа
мамандардың көзімен көруге ғана емес, сондай-ақ баланың мәселелері, оның
даму ерекшеліктері туралы бірыңғай жан-жақты түсініктерді алуға, оқушыға
оқуда табысты болуына көмектесетін педагогикалық шаралар кешенін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл коллегиалды жұмыстың қорытынды бөлігіне
оқушының білім алудағы жеке қажеттілігіне сәйкес психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің бағдарламасының мазмұнын анықтау, сондай-ақ
оның дамуына қажетті түзету және дамыту бағдарламаларын анықтау жатады.
Бұл жерде мамандардың бір-бірімен ары қарайғы өзара әрекеттенуін үйлестіру
мен келісу талаптары талқыланады. Қажет болған жағдайда оқушымен
жұмысқа әр түрлі мамандардың қосылу тәртібі анықталады.
Қолдау мамандары қызметінің пәнаралық қағидасы оқушының
қажеттілігіне жалпы ұғынуды қалыптастыруды қарастырады. Бұл өз кезегінде
коллегиалды талқылауды жүргізудің қажетті технолгиясын, яғни пәнаралық
өзара әрекеттену технолгиясын талап етеді. Бұл жағдайда негізгі «жүктеме»
оқушының мәселесін талқылауды жүргізу атқарымын өзіне алған маманға
түседі. Жетекші маманның маңызды міндетіне оқушыға арнайы
педагогикалық көмектің қажеттілігі туралы мамандар мен педагогтардың
өзінің пікірі туралы айтылымдарының бірізділігін анықтау мен реттеу жатады.
Коллегиалды талқылаудың қорытынды шешімінде мамандардың балаға қойған
қандай да болмасын бірде-бір диагнозының болмауы маңызды. Талқылаудың
қорытындысына педагогикалық қолдаудың мазмұнына қатысты құрылымдық
ұсынымдар болуға тиісті. Сонымен бірге, жеке түзете дамыту сабағының
болжалды ұзақтығы, сабақтар циклының жалпы ұзақтығы анықталуға міндетті.
Арнайы педагогикалық қолдаудың мазмұны психологиялық-педагогикалық
қолдаудың жеке бағдарламасында бейнеленеді.
Келесі, үшінші кезеңде қолдау арнайы психологиялық-педагогикалық,
баламен маманның түзете дамыту жұмысы, оқу үдерісіндеоқушыға мұғалім,
қосымша білім беру педагогтары мен ата-аналарының көмектесуі болып
табылады.
Бұл кезеңдегі психолг қызметінің негізгі бағыттары: жайлы яғни
оқушының мүмкіндігіне сәйкес оқытуды ұйымдастыруға көмек; мұғалімнің
психологиялық қолдауы; баланың әлеуметтік, эмоциялық және жеке тұлғалық
дамуына бағытталған жеке-дара жұмыс; жанұямен жұмыс және оның
мамандармен өзара әрекеттенуін үйлестіру; оқушының сыныптастарымен
жұмыс. Психолог баланың әлеуметтік мәртебесін арттыруға көмексететін
топтық психологиялық түзету жұмысының әр түрлі технологиясын пайдалана
14
отырып, мүмкіндігі шектеулі баланы құрдастарының қабылдауына
бағытталған жұмысты ұйымдастырады. Мүмкіндігі шектеулі баланың өзі
қосылатын бұндай топтық жұмыс оның құрдастарының арасындағы
әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешуге көмектесуге міндетті. Психолог
балаға балалармен және ересектермен қырым-қатынасты, өзара әрекеттенудің
әдіс-тәсілдерін қалыптастыруға, сондай-ақ өзара әрекеттену шегін түсінуге
көмектеседі.
Психолог баланың әрекетінің сипатын: оның қарқынын, жұмысқа
қабілеттілігін, өнімділігін, белсенді зейін деңгейін бағалай отырып, педагог
үшін оқу жүктемесін, оқу материалының көлемінмөлшерлеу туралы, баланың
жұмысқа қабілеттілігін есепке ала отырып, оқу материалын ұсыну қарқыны
туралы және сыныптағы жаппай жұмыс кезіндегі баланың өзіндік қарқынын
есепке алу қажеттілігі туралы ұсынымдар әзірлейді. Мүмкіндігі шектеулі
оқушының психикалық қызметін ұйымдастыру ерекшелігін бағалау оны
оқытуға арналған сайма сай ұйымдастырылған жағдайды тудыруға мүмкіндік
береді: сынып бөлмесіндегі тиімді жұмыс орны, сыртқы тіректерді
ұйымдастыру, жекеше тәсілдемені пайдалана отырып, оқу материалын беру
мен бекітудің арнайы тактикасын таңдау.
Педагог дефектолгтың қызметінің негізгі мазмұнына оқу әрекеттін
мөлшерлеу; оқу білімін, икемділігі мен дағдыларын меңгерудегі қиындықтарды
жеңу жатады. Есту қабілеті бұзылған оқушылармен жұмыста арнайы педагог
өзінің күшін есту арқылы қабылдауға, сөйлеу тілін және коммуникативтік
атқарымды дамытуға бағыттайды. Көру қабілеті бұзылған оқушылар көру
арқылы қабылдауды, кеңістікте бағдарлауды, әлеуметтік-тұрмыстық
бағдарлауды дамытуға мұқтаж болады. Тірек-қимыл аппаратында
бұзылыстары бар оқушылармен жұмыс мазмұнына танымдық әрекетті,
кеңістікте бағдарлауды, көру қимылдық тепе-теңдік пен қимылды дамыту,
коммуникативтік атқарымдардың қалыптасуы жатады. Аутистік
бұзылыстары бар оқушылар тәртіпті ұйымдастыру, қатынастың
коммуникативтік атқарымын дамыту, сенсорлық және сенсомоторлық дамыту,
танымдық қызметті, кеңістікте бағдарлауды дамыту бойынша арнайы жұмысқа
мұқтаж болады.
Логопед мұғалімнің қызметінің негізгі міндеттері оқушылардың ауызекі
және жазба сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жеңу, жазу мен оқу үдерісіне
қатысатын жоғары психикалық атқарымдарды дамыту, коммуникативтік
дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Мамандар педагогикалық қолдау алатын оқушының жеке кестесіне
сәйкес күннің екінші жартысында оқушылармен арнайы жабдықталған
кабинетте жеке-дара және топтық сабақтарды өткізеді.
Мұғалім білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушыны сүйемелдеу (қолду)
бағдарламасын жүзеге асыратын орталық бейне болып табылады. Сонымен
бірге педагогтың балаға, оқушының оқу әрекетінің нәтижесінедеген
көзқарасының, педагогтың оқыту үдересін дараландыра білуінің, мамандардың
(психолгтың, логопедтің, дефектологтың) ұсыныстарын ұстануының, балада
15
Достарыңызбен бөлісу: |