Сравнительная таблица



жүктеу 0,53 Mb.
бет1/4
Дата29.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#18307
  1   2   3   4


«Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысына

өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ




Құрылымдық бөліктері

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме



1-тарау

1. Жалпы ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

ҚР Премьер-Министрінің мемлекеттік органдар мен өңірлердің қоғамдық кеңестердің жұмысы бойынша жинақталған ұсыныстарды жаңғырту бойынша Павлодар облысындағы жұмыс сапарының нәтижелерінде 2016 жылғы
6 тамыздағы №11-5/09-37 берілген тапсырмаcын орындау мақсатында.

ҚР «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңның (бұдан әрі-Заң)


1-бабына сәйкес қоғамдық кеңестерді қалыптастыруға қатыспайтын мемлекеттік органдардың кең ауқымды тізім көрсетілгендіктен, қайталанудың алдын алу мақсатында бұл тізімді үлгілік ережеден алынып тасталды.Үкмет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар институтының жойылуына байланысты.



1-тармақ

      1. Осы Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) "Қоғамдық кеңестер туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.

1. Осы Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.




2-тармақ

      2. Қоғамдық кеңестер – Үлгiлiк ереженiң осы тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бiрлесiп министрлiктер, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша құратын консультативтiк-кеңесшi, байқаушы органдар.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды.



2. Қоғамдық кеңес – министрліктер, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, сондай-ақ осы тармақтың екінші бөлімінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, жергілікті мемлекеттік басқару органдары өз құзыреті мәселелері бойынша коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп құратын консультациялық-кеңесші, қадағалау органы.

Қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы арнайы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қатысуымен құрылмайды.






3-тармақ

      3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар "қоғамдық кеңес" атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.

3. Мемлекеттік органдардың жанынан Заңда көзделгеннен өзгеше тәртіппен құрылатын консультативтік-кеңесші, байқаушы органдар және коммерциялық емес ұйымдар «қоғамдық кеңес» атауына ие бола алмайды және Заңда белгіленген өкілеттіктерді толық көлемде иелене алмайды.




4-тармақ

      4. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған сәйкес заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.

4. Қоғамдық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, оған тиісті заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.




2-тарау

жоқ

2-тарау. Жұмыс тобын қалыптастыру


Қоғамдық кеңестердің «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін Қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру туралы өкілеттіктерін күшейту мақсатында.



1-параграф

2. Республикалық және жергілікті деңгейлердегі қоғамдық
кеңестерді қалыптастыру

1-параграф. Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі




5-тармақ

      5. Қоғамдық кеңестер Заңмен көзделген тәртіппен қалыптастырылады.

5. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан заңнамамен белгіленген тәртіпте құрылады.




6-тармақ

      6. Қоғамдық кеңестер екі деңгейде – республикалық және жергілікті деңгейлерде құрылады, автономды және дербес болып табылады. Қоғамдық кеңестер арасындағы өзара іс-қимыл Заңда көзделген тәртіппен іске асырылады.

6. Жұмыс тобының сандық құрамын мемлекеттік республикалық, жергілікті деңгейлерде мемлекеттік органның басшысы жұмыс тобы мүшелерін іріктеу конкурсын өткізгенге дейін айқындайды.


Сонымен қатар Қоғамдық кеңестердің қызметін жүйелендіруге және Қоғамдық кеңестер мүшелерін сайлау үшін конкурсты өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды неғұрлым толық реттеуге үлес қосу мақсатында.



7-тармақ

      7. Қоғамдық кеңестердiң республикалық деңгейiне Заңның 1-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген мемлекеттiк органдарды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бiрлесiп министрлiктер, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар құратын қоғамдық кеңестер жатады.

7. Республикалық немесе жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан жұмыс тобының сандық құрамын, сондай-ақ құжаттар жолданатын пошта және электрондық мекенжайы мен құжаттарды тапсыру мерзімін көрсете отырып, жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) өздерінің интернет-ресурсына орналастырады.


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын қалыптастыру және оны жүргізу мерзімдері туралы нормативтерді нақтылау, реттеу және нақтылау рәсімдерін енгізу мақсатында.



8-тармақ

      8. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестерге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің қоғамдық кеңестері жатады. Бұл ретте ауыл, кент, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі Қоғамдық кеңес функциялары жергілікті қоғамдастық жиналысына жүктеледі.

8. Конкурс өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланғанна кейін он жұмыс күнді құрайды.


Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу және өткізу бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық кеңестің қызметіндегі ашықтықты арттыру мақсатында.




9-тармақ

      9. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қатысуға арналған өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматтығын куәландыратын құжаттың көшірмесі.




Азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері ұсынған конкурсқа қатысушылардың құқықтық қабілетін растайтын құжаттарды қоса алғанда, құжаттарды нақты реттеуді қамтамасыз ету мақсатында.




10-тармақ

      3. Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәртібі, оны өткізу мерзімі

10. Қоғамдық кеңестерді мемлекеттік органдардың өкілдерінен және конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан тұратын жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырады.

      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар ұсынуы, оның ішінде адамдардың өзін-өзі ұсынуы мүмкін.


10. Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыс тобына кандидаттар тізімі құрылады.


Бәсекелестіктің уақытын дәл реттеу және оңтайландыру үшін.



11-тармақ

      11. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Аталған өкілдіктің дербес құрамын мемлекеттік органның басшысы өзі дербес айқындайды. Бұл кезде мемлекеттік органның басшысы Қоғамдық кеңесте қаралатын мәселелердің басымдығына сүйенуге тиіс.

11. Күнтізбелік бес күн ішінде кандидаттар тізімін құру аяқталғаннан кейін, жұмыс тобына кандидаттардың қатысуымен отырыс өткізіледі. Ашықтықты және объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялық емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан байқаушылар қатыса алады.

Республикалық және (немесе) жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдар бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) өзінің интернет-ресурсынада байқаушылар тізіміне іріктеу өткізу туралы, сонымен қатар, құжаттарды жіберуге арналған пошта және электронды мекенжай туралы хабарландыруды жариялайды.



Байқаушы ретінде жұмыс тобының отырысына қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген тұлға мемлекеттік органға осы Үлгілік ережеге
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қатысушыларды бақылайтындарға арналған өтініш ұсынады немесе электронды поштаға жолдайды.


Конкурстық комиссия отырысында ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысы бақылаушылармен, оның ішінде Интернет-ресурстар арқылы өзара іс-қимыл тәртібін түсіндіру мақстында.



12-тармақ

      12. Жұмыс тобының құрамында азаматтық қоғамнан өкілдік ету жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігін құрайды және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

12. Жұмыс тобының мүшесіне жұмыс тобының отырысын өткізу уақыты мен орны туралы отырысты өткізуге дейін үш жұмыс күні қалғанда республикалық деңгейдегі мемлекеттік орган - орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілетті орган құлақтандырады. Республикалық деңгейдегі мемлекеттік орган - орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілетті орган жұмыс тобының отырысын дайындауды және өткізуді ұйымдастыру мәселелерінің шешімін қамтамасыз етеді.


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобын қалыптастыру және оны жүргізу мерзімдері туралы нормативтерді нақтылау, реттеу және нақтылау рәсімдерн енгізу мақсатында.




13-тармақ

      13. Жұмыс тобының сандық құрамын республикалық деңгейде – мемлекеттік органның басшысы, жергілікті деңгейде жергілікті өкілді органның басшысы айқындайды.

13. Жұмыс тобының отырысын республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) жүргізеді.


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін түсіндіру нормаларымен толықтыру мақсатында.




14-тармақ

      14. Республикалық деңгейдегі мемлекеттік орган, жергілікті өкілді орган жұмыс тобының мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырады.

14. Жұмыс тобының бірінші отырысындағы дауыс беруде Заңның 8-бабының 2-тармағында бекітілген жұмыс тобының басшысы, мемлекеттік орган өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобы мүшесіне кандидаттар қатысуға құқылы. Коммерциялық емес ұйымдардан кандидат азамат өз кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттардың отырысқа қатысуы міндетті.


Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау тәртібі енгізілген, себебі қолданыстағы ережеде қоғамдық кеңеске мүшелікке сайлау тәртібі көрсетілмеген. Бұндай норма қоғамдық кеңестердің қызметін жүйелендіру үшін қажет.




15-тармақ

      15. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күн мерзімде республикалық деңгейдегі мемлекеттік органға, жергілікті өкілді органға жазбаша түрде жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жібереді.

      Өзінің ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және әрбір азамат бір ғана кандидат ұсына алады.



15. Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланған болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының сайлау тәртібі мен рәсімдеу тәртібін анықтау мақсатында.



16-тармақ

      16. Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарға Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

16. Жұмыс тобының құрамын республикалық деңгейде тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы, ал жергілікті деңгейде – жергілікті өкілдік органның басшысы бекітеді. Жұмыс тобының басшысы жұмыс тобының құрамын бекітеді және хатшыны - Қоғамдық кеңестің жұмыс органының функцияларын атқару жүктелетін мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындайды.


Қоғамдық кеңестің жұмыс тобының сапалық құрамын қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін.



17-тармақ

      17. Республикалық деңгейдегі мемлекеттік орган, жергілікті өкілді орган конкурс мерзімі аяқталған соң келіп түскен ұсыныстардың негізінде жұмыс тобына кандидаттар тізімін әзірлейді және екі апта мерзімде жұмыс тобына кандидаттарды, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтарды шақыра отырып отырыс ұйымдастырады.


17. Жұмыс тобының шешімі республикалық мемлекеттік органның немесе жергілікті өкілдік органның ресми интернет-ресурсында отырыс аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жарияланады. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған жұмыс тобының басшысы және хатшы қол қояды.


Жұмыс тобының шешімдер қабылдау және уақытты реттеу тұрғысынан ашықтығын арттыру мақсатында.




2-параграф

жоқ

2-параграф. Жұмыс тобының өкілеттіктері


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының беделін нығайту мақсатында



18-тармақ

      18. Республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның басшысы, жергілікті өкілді органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) отырысты ашады және жүргізеді.

18. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:

1) халықты Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;

2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;

3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді.






19-тармақ

      19. Отырыста осы Үлгілік ереженің 14 және 15-тармақтарының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатураларды талқылау жүргізіледі. Кандидатураларды талқылау қорытындысы бойынша ашық дауыс беру жүргізіледі. Отырысқа келмеген кандидатуралар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жеңімпаз болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидатуралар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.

19. Жұмыс тобының отырысы жұмыс тобының басшысын қоса алғанда, жұмыс тобы мүшелерінің жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қайта қарау жүргізу мақсатында.




20-тармақ

      20. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекітіледі. Жұмыс тобының басшысы оның мүшелері қатарынан хатшыны тағайындайды.

20. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің кезекті құрамын уәкілеттілігінің толық мерзіміне құрылады.


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін кандидаттарды ұсыну тәртібі тұрғысынан нақты рәсімдер енгізу мақсатында.



3-параграф

4. Жұмыс тобының өкілеттіктері

3-параграф. Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу тәртібі


Қоғамдық кеңесті қалыптастыру, нормативтерді нақтылау, нормативтерді реттеу және рәсімдерді нақтылау жөніндегі жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында. Сонымен қатар Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыру тәртібі мен оны өткізу мерзімдерін енгізу мақсатныда.



21-тармақ

      21. Жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органның, жергілікті өкілді органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

21. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды және (немесе) республикалық мемлекеттік органның немесе жергілікті өкілдік органның интернет-ресурсына орналастырады. Хабарландыруда мемлекеттік органның атауы, құжаттар жолданатын пошталық және электрондық мекенжайлар, құжаттарды ұсыну мерзімдері және Заңның 10-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі мен кандидаттарға қойылатын талаптар, сонымен қатар Қоғамдық кеңестің мемлекеттік орган және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан сандық құрамы көрсетіледі.


жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау