|
22-тармақ
|
22. Жұмыс тобы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) тұрғындарды Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабардар етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын айқындайды;
3) Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау рәсімін өткізеді;
4) Қоғамдық кеңес туралы ереже жобасын осы Үлгілік ереже негізінде әзірлейді.
|
22. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін жұмыс тобына жазбаша түрде (қолма қол немесе электрондық мекенжайға) қажетті құжаттарды қоса отырып, қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жолдайды.
|
|
23-тармақ
|
5. Жұмыс тобының отырыстарын дайындау және өткізу
23. Жұмыс тобының отырыстары өткізілгенге дейін кемінде бес жұмыс күні қалғанда хатшы жұмыс тобының мүшелерін оның өткізілу уақыты, орны, талқыланатын мәселелер туралы құлақтандырады.
|
23. Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады.
|
|
24-тармақ
|
24. Жұмыс тобының отырысы оның тізімдік құрамының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып табылады.
|
24. Жұмыс тобы құжаттарды қабылдауды аяқтаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде отырыста Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар бойынша келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар Қоғамдық кеңес құрамына сайланған болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының даусы шешуші болып есептеледі.
|
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру, нормативтерді нақтылау, нормативтерді реттеу және рәсімдерді нақтылау жөніндегі жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобын қалыптастыру тәртібі, оны өткізу мерзімдері енгізілді.
|
|
25-тармақ
|
25. Жұмыс тобының отырыстарын жұмыс тобының басшысы жүргізеді.
|
25. Қоғамдық кеңеске мемлекеттік органның атынан өкілдік етуді мемлекеттік орган басшысы конкурс өткізбей бекітеді.
|
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін жаңартылған стандарттармен толықтыру мақсатында.
|
|
26-тармақ
|
26. Жұмыс тобының отырыстарында шешімдер ашық дауыс беру жолымен қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауыс беруі арқылы қабылданады.
|
26. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы республикалық немесе жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік орган шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы және (немесе) республикалық немесе жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның интернет-ресурсында Қоғамдық кеңес құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуы тиіс.
|
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, Қоғамдық кеңестің құрамына кандидаттар сайланған кезде нормативтерді нақтылау, нормативтерді реттеу және рәсімдерді нақтылау, сондай-ақ оны өткізу шарттарын енгізу мақсатында.
|
|
3-тарау
|
жоқ
|
3-тарау. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру
|
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жүйелі және нақты жұмысын қамтамасыз ету үшін.
|
|
1-параграф
|
жоқ
|
1-параграф. Қоғамдық кеңес қызметінің тәртібі
|
|
27-тармақ
|
27. Жұмыс тобының отырыстарында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды.
|
27. Қоғамдық кеңес комиссияны Қоғамдық кеңес қызметінің басымдықтарына байланысты Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатарынан құруға құқылы.
|
|
28-тармақ
|
28. Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны республикалық және (немесе) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе) мемлекеттік органның интернет-ресурсында оның атауын, пошталық мекенжайын, құжаттарды тапсыру мерзімдерін, құжаттар және өзге де мәліметтер жіберілетін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып және Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес өзге де мәліметтерді жариялайды.
|
28. Қоғамдық кеңес отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспары Қоғамдық кеңес отырысында әзіренеді және бекітіледі.
|
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жұмысын жариялауды қамтамасыз ету мақсатында.
|
|
29-тармақ
|
29. Жұмыс тобы отырыстарда Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсына қатысу үшін келіп түскен құжаттарды талқылауды және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізеді.
|
29. Қоғамдық кеңес отырысы Қоғамдық кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқылы деп саналады. Қоғамдық кеңес мүшелерінің бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуына рұқсат етіледі.
|
Редакцияны нақтылау мақсатында
|
|
30-тармақ
|
30. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.
|
30. Қоғамдық кеңес төрағасы өз құзыреті шегінде:
1) осы Ережеге және бекітілген отырыстың күн тәртібіне сәйкес отырыстың жалпы жүргізілуіне басшылық етеді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерінен ұсыныстар келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес шешімімен белгіленген тәртіпте кезектілік тәртіпте оларға сөз беріледі;
3) келіп түсуіне қарай Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысын дауыс беруге қояды;
4) дауыс беруді жүргізеді және оның нәтижелерін жариялайды;
5) Қоғамдық кеңес отырыстары хаттамаларының жүргізілуін қадағалайды;
6) Қоғамдық кеңес атынан құжаттарға қол қояды;
7) Қоғамдық кеңес шешімдерін іске асыру бойынша қызметті үйлестіреді;
8) кеңес дауыс беру құқығымен республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органның отырыстарына қатысады;
9) өзі болмаған уақытта Қоғамдық кеңес төралқаның бір мүшесіне төрағаның міндетін уақытша атқару құқығы беріледі;
10) Қоғамдық кеңес атынан мемлекеттік органдарға өтініштермен, ұсынымдармен, ұсыныстармен шығады;
11) қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан Қоғамдық кеңестің отырыстарында қаралатын мәселелерге қатысты қосымша материалдарды сұратады.
|
|
31-тармақ
|
31. Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді құру кезінде бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.
|
31. Қоғамдық кеңес хатшысы өз құзыреті шегінде:
1) Қоғамдық кеңес отырысын өткізу күніне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, электрондық пошта арқылы оның мүшелеріне отырысты өткізу уақыты мен орны, қарауға енгізілетін мәселелер тізбесі туралы хабар береді;
2) Қоғамдық кеңес мүшелерін шешім қабылдау үшін қажетті материалдармен, құжаттармен және ақпаратпен қамтамасыз етеді;
3) Қоғамдық кеңес отырыстарын өткізуді ұйымдастырады;
4) Қоғамдық кеңес шешімдерінің жобасын әзірлейді және Қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне үш жұмыс күні ішінде электрондық пошта арқылы, қолма-қол немесе интернет-ресурсы жүйесін қолдану арқылы жеткізеді;
5) Қоғамдық кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Хатшы болмаған кезде оның функциялары Қоғамдық кеңес отырысының хаттамалық шешіммен Қоғамдық кеңес мүшелерінің біреуіне жүктеледі.
|
Қоғамдық кеңестің қоғамдық кеңесі мәжілістеріне қашықтықтан қатысуды оңтайландыру және енгізу мақсатында.
|
|
32-тармақ
|
32. Құрылған Қоғамдық кеңес құрамы мемлекеттік орган шешімімен, немесе жергілікті өкілді орган шешімімен бекітіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және (немесе) тиісті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
|
32. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін Қоғамдық кеңестің жұмыс органының (бұдан әрі - жұмыс орган) функцияларын орындау жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі айқындалады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіндегі мемлекеттік орган өкілі жұмыстан босатылған жағдайда мемлекеттік орган бір ай ішінде конкурс өткізбей, Қоғамдық кеңес мүшесін ауыстыруға құқылы.
|
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес хатшының өкілеттігі толықтырылды, өйткені іс жүзінде ол жаңа редакциядағы Үлгілік ережеде егжей-тегжейлі баяндалуы керек кең ауқымды өкілеттіктерге ие.
|
|
33-тармақ
|
33. Қоғамдық кеңестің бірінші отырысын жұмыс тобының басшысы ашады, ашық дауыс беру арқылы Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және төралқаның бүкіл құрамы сайланады.
|
33. Қоғамдық кеңестің төрағасы, хатшысы және мүшелері өз еркімен және (немесе) Қоғамдық кеңес отырыстарында қатарынан үш реттен көп себепсіз болмағаны үшін Қоғамдық кеңестің шешімімен мерзімінен бұрын міндеттерінен босатылуы мүмкін.
|
|
34-тармақ
|
34. Қоғамдық кеңес төрағасы, хатшысы, төралқасы сайланған соң жұмыс тобының және оның төрағасының өкілеттіктері тоқтатылады.
|
34. Қоғамдық кеңес Заңы 9-бабының, 1-тармағына сәйкес конкурс нәтижелері бойынша немесе мемлекеттік органның шешімі бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелігінен кеткен адамның қалған мерзіміне жаңа мүшені қабылдау туралы шешім қабылдайды.
|
|
2-параграф
|
жоқ
|
2-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларын талқылау тәртібі
|
|
35-тармақ
|
6. Өтпелі және қорытынды ережелер
35. Осы Үлгілік ереже жергілікті қоғамдастық жиналысын қалыптастыру тәртібіне қолданылмайды, ол Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасымен регламенттеледі.
|
35. Заңның 5-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жобаларын қоғамдық тыңдауларда немесе Қоғамдық кеңестердің отырыстарында мемлекеттік орган басшысының баяндама жасауымен талқылау жүргізеді.
|
Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің жүйелі және тиімді жұмысын үйлестіру мақсатында.
|
|
36-тармақ
|
36. Жергілікті қоғамдастық жиналысы Қоғамдық кеңестің функцияларын "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Заңмен белгіленген өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады.
|
36. Қоғамдық тыңдауларда талқылау жүргізу барысында хаттама толтырылады, онда:
1) қоғамдық тыңдаудың өтетін орны мен уақыты;
2) қатысушылар саны;
3) қоғамдық тыңдау немесе отырыс төрағасының және хатшысының аты, тегі, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген жағдайда);
4) күн тәртібі, баяндама мазмұны белгіленеді.
|
Әрекет етуші үлгілі тәртіп қазіргі уақытта қарастырылмаған. Берілген үлгілі тәртіп жекелеген және қоғамдық жұмыстарда қолданылған.
|
|
37-тармақ
|
жоқ
|
37. Қоғамдық тыңдаудағы талқылау нәтижесі бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы және хатшысы немесе қоғамдық кеңес төрағасы және хатшысы қол қояды.
|
|
38-тармақ
|
жоқ
|
38. Қорытынды хаттама егер оған қатысқан Қоғамдық кеңес мүшелерінің жартысынан көп бөлігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі.
|
|
39-тармақ
|
жоқ
|
39. Қоғамдық тыңдау қорытынды хаттамасына:
1) қадағалаушы мемлекеттік органдар және олардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпаратты;
2) қоғамдық тыңдауда немесе отырыста талқылау барысында анықталған жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін және шектейтін ережелерді жою туралы ұсынымдарды;
3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады..
|
|
40-тармақ
|
жоқ
|
40. Қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар сарапшылар мен мамандар қатыса алады.
Республикалық немесе жергілікті деңгейде өткізілетін қоғамдық тыңдауға оның басталуынан бұрын тіркелген азаматтар қатыса алады.
|
|
41-тармақ
|
жоқ
|
41. Қоғамдық кеңес отырысының талқылау нәтижесінде қоғамдық кеңес төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттама қабылданады.
|
Әрекет етуші үлгілі тәртіп қазіргі уақытта қарастырылмаған. Берілген үлгілі тәртіп жекелеген және қоғамдық жұмыстарда қолданылған.
|
|
3-параграф
|
жоқ
|
3-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерді талқылау тәртібі
|
|
42-тармақ
|
жоқ
|
42. Заңның 5-бабы, 1-тармағның 2) және 3) тармақшаларына сәйкес Қоғамдық кеңес мемлекеттік орган жұмысының нәтижелері туралы есепті тыңдау арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерді талқылауды өткізеді, оған: Заңның 18-бабы, 4-тармағының ережелеріне сәйкес республикалық деңгейдегі мемлекеттік органның бірінші басшысының баяндамасы және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасы, ал аумақтарда – әкімшілік-аумақтық бірліктегі әкімнің баяндамасы, мәслихат хатшысының және Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамалары тыңдалады.
|
|
43-тармақ
|
жоқ
|
43. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерді талқылау барысында хаттама толтырылады, онда мыналар жазылады:
1) талқылаудың өтетін уақыты мен орны;
2) қатысушылар саны;
3) баяндама жасайтын лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке куәлікте көрсетілген жағдайда);
4) күн тәртібі, есеп пен баяндама мазмұны белгіленеді.
|
|
44-тармақ
|
жоқ
|
44. Талқылаудың нәтижелері бойынша қарар қабылданады. Онда мыналар:
1) қадағалаушы органның және оның лауазымды адамдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметін бағалау;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін және шектейтін ережелерді жою туралы ұсынымдар;
3) мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар қамтылуы тиіс.
|
Әрекет етуші үлгілі тәртіп қазіргі уақытта қарастырылмаған. Берілген үлгілі тәртіп жекелеген және қоғамдық жұмыстарда қолданылған.
|
|
45-тармақ
|
жоқ
|
45. Егер отырысқа қатысушылардың жартысынан көбі оған дауыс берсе, қарар қабылданды деп есептеледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақты дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерді талқылауға қатысуға қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімімен бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен мамандар қатыса алады.
|
|
4-параграф
|
жоқ
|
4-параграф. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыруы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) іске асырудан түскен түсімдер мен шығыстар жоспарының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түскен ақша және оның жұмсалуы туралы есептерді талқылау тәртібі
|
|
46-тармақ
|
жоқ
|
46. Заңның 5-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қоғамдық кеңес отырыстарында мемлекеттік органдар басшыларының сөз көйлеуімен Қоғамдық кеңес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) іске асырудан түскен түсімдер мен шығыстар жоспарының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түскен ақша және оның жұмсалуы туралы есептерді талқылауды өткізеді.
|
|
47-тармақ
|
жоқ
|
47. Талқылау нәтижелері бойынша хаттама қабылданады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
|
|
48-тармақ
|
жоқ
|
48. Егер отырысқа қатысушылардың жартысынан көбі дауыс берсе, хаттама қабылданды деп есептеледі.
|
|
49-тармақ
|
жоқ
|
49. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) іске асырудан түскен түсімдер мен шығыстар жоспарының орындалуы, қайырымдылықтан түскен ақша және оның жұмсалуы туралы есептерді талқылау жөнінде Қоғамдық кеңес отырысына, қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңестің шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми кәсіподақтар мен басқа да ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар сарапшылар мен өзге де мамандар қатыса алады.
|
|
5-параграф
|
жоқ
|
5-параграф. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу тәртібі
|
Нормативтік құқықтық актілері жобасын қарау тәртібін, оның мерзімі, НҚА жолдау, қоғамдық сараптама жүргізуді реттейтін нормалары нақтыланған және толықтырылған. Бұл норма нақтылауға және қоғамдық кеңестермен бірыңғай қолдануға бағытталған.
|
|
|