Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.
Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.
Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.
Қолғапты шешу
Іс-әрекет алгоритмі:
Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.
Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.
Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.
Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.
Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұымдардан өңделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |