«Сот медициналық сараптама негіздері»



жүктеу 0,7 Mb.
бет3/9
Дата18.02.2020
өлшемі0,7 Mb.
#29318
1   2   3   4   5   6   7   8   9

құрылымы

Елімізде сот-медицина сараптамасын:



а) аудандық, ауданаралық, қалалық сот-медицина сарапшылары;

ә) республикалық бағыныстағы қалалар мен облыстардын сот-медицина сарапшылары;

б) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы жүзеге асырады. Қалалық (Алматы), облыстық аға сот-медицина сарапшылары мен Денсаулық сақтау министрлігінің Бас сот-медицина сарапшысы арнаулы сот-медицина сараптама мекемелерін - қалалық (Алматы), облыстық, республикалық сот-медицина сараптама бюросын басқарып, олардың бастығы қызметін атқарады.

Сот-медицина сараптама бюросының қүрамына мына бөлімдер кіреді:

1) тірі адамдарды сот-медициналық түрғыдан куәландыру бөлімі (емхана);

2) сот-гистология бөлімшесі мен өлікті зерттеу бөлімі (мәйітхана);

3) айғақты заттарды сот-медициналық зерттеу бөлімі (сот-медицина лабораториясы), оның:

а) физикалық-техникалық зерттеу

ә) сот-биологиялық зерттеу;



б) сот-химиялық зерттеу бөлімшелері бар. Сот-медицина сараптама бюросы:

а) зорлықпен өлтірілген немесе зорлықсыз өлген жағдайларда өлімнің уақытын, сипаты мен себептерін анықтау және анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа дамәселелерді шешу үшін өліктерді зерттеу;

ә) дене жарақаттарының сипаты мен ауырлығын анықтау, жыныстық қылмыстар жөнінде сараптама жүргізу, сондай-ақ анықтама, тергеу және сот органдары алға қойған басқа да мәселелерді шешу сараптамаларын;

б) объектілерге сот-медициналық, физикалық-техникалық және сот-химиялық зерттеу жүргізу жолымен айғақты заттарға сараптамалар;

в) жеке адамның өміріне, денсаулығына және қадір-қасиетіне қарсы қылмыс жасалған істердің материалдары бойынша және кәсіптік қүқық бүзушылық үшін медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істер бойынша сараптамалар жасайды;

г) сот-медициналық клиникалық-анатомиялық конференцияларда емдеуші дәрігерлермен бірге сот-медицина оқиғаларын талқылайды.

Бюро бастығы емдеу мен диагностикада табылған кемшіліктер туралы денсаулық сақтау органдарына жеткізеді, өте жүқпалы аурулар табылған жағдайда хабарлап отырады.

Сот-медицина сараптама бюросында адам патологиясының нақгы проблемалары меН арнаулы сот-медицина мәселелері ғылыми жолмен өңделіп, кенеттен өліп кету, тасымалдағы жарақаттану, өнеркәсіпте және түрмыста улану материалдарына талдау жасалады, сот-медицина сарапшылары мен сот химиктерін мамандандыру және олардың білімін арттыру жүзеге асырылады. Сот-медицина сараптама бюролары денсаулықь сақтау органдарына жатады және олар әкімшілік-шаркашылық жағынан облыстық денсаулық сақтау бөлімдеріне бағындырылған.

Сот-медицина қызыметінің мүлтіксіз ұйымдастырылуы, срапшының сот әділдігі органдарына тәуелсіздігі, оның іс-нәтижесіне материалдық жағынан мүдделі болмауы сот-медицина сараптамасының объективтілігіне жәрдемдеседі.


Пысықтау сұрақтары:

1. Сот медицина пәнінің құрылымы.



2.Сот-медицина сараптама бюросының кіретін бөлімдер.

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.



Тақырып 3. Сот- медициналық травматологияның жалпы сұрақтары.

  1. Травматологияның жалпы сұрақтары.

  2. Жарақат түрлерi

Жарақаттар — бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық зақымдану – бұл тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтар тұтастығы бұзылмайтын зақымдану түрлері. Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).

Ашық зақымдану бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы).

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған жарақат созылмалы жарақат деп аталады.

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу — адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу. Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу, қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).


Жараларды зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнешеге жiктеймiз.

  1. Кесiлген жара (пышақ, әйнек, ұстараның жүзi т.б). Мұндай жараның жиегi тегiс, тiк және қан қатты ағады. Бұл жарада ауру дәрежесi басқа жарақат түрлерiне қарағанда азырақ.

  2. Шапқылағанда, балтамен кесiп алғанда кесiлген жараға ұқсас бұдан терең, тiптi кейде жарақат сүйекке дейiн жетуi мүмкiн.

Шаншылған, тесiлген жара шаншылатындай заттардан: ине, шеге, пышақ, үшкiр темiр т.б зақымданудан пайда болатын жара.
Терiде аз ғана жара тесiгi болады, бiрақ ұлпаға тереңiрек еңiп зақымдайды, кейде iшкi органдар да зақымдалуы мүмкiн. Сыртқы қан кету болар болмас қана.

Мыжылған жара снарядтың жарықшағынан зақымдалуынан және адам жүрiп бара жатқан транспорттың астына түсуiнен т.б. болады. Мұндай жараның жиегi тегiс емес, оның айналасындағы ұлпалар күштi зақымдалады. Қан кету өте көп болмайды,бiрақ ауырсыну әр уақытта жоғары.


Соғылған жара сыртқы түрiне қарағанда мыжылған жараға ұқсас. Соғылған жара таспен (күштi ұрғанда) және дөрекi заттармен күштi ұрғанда, көмiлiп қалғанда, күштi толқындар әсерiнен болады.
Егер соғылған және мыжылған жара көлемi қан көлемдi ұлпаларды зақымдаса, олар езiлген жара деп аталады. Соғылған, мыжылған, езiлген жараларда инфекция түсу, даму мүмкiндiгi жоғары.
Тiстелген жара адам мен жануарлардың тiстеуiнен пайда болады. Тiстелген жараға ауыз қуысынан инфекция түсу мүмкiндiгi жоғары.Ол көбiнесе iрiңдеп, баяу жазылады.

Атылған жара оқ, снаряд жарықшағы түсуiнен т.б жара ол оқ және жарық винтовка мен пистолет оғының әсерiнен болса, екiншiсi жарықшақты жара – артиллериялық снаряд, мина, қол гранаты, авиабомба жарықшағы әсерiнен болады.


Жаралар, ату құралдарын қолданудан пайда болса олар мыжылған, шаншылған, езiлген де болуы мүмкiн. Атылған жаралар ұлпаны қатты зақымдайды. Жарықшақ пен оқ кейде сүйекке өтiп, оны бөлiп жiберуi мүмкiн, ал сүйек (жарық) жарықшақтары жұмсақ ұлпаны зақымдайды.

Адам денесiндегi атылған жараларда кiре берiс және шыға берiс тесiктер болады. Бұл жараны өтпелi тесiк дейдi. Егер жарықшақ немесе оқ адам денесiне өтсе, ұлпалар арасына батып кетсе оны соқыр жара деп атайды. Соқыр жарада тек кiре берiс тесiк болады. Жарықшақты жарақатта көбiнесе соқыр жара көп кездеседi, себебi, оққа қарағанда жарықшақ жеңiл. Сондықтан ұлпаларға кiрiп кетедi.


Оқ пен жарықшақ жанама өтiп, терiнi және ұлпаларды жарақаттап, тереңге өтпесе оны жанама өткен жара деп атайды. Онда жараның каналы болмайды.
Кейде зақымдаушы заттар (кинжал, оқ, жарықшақ т.б.) дене қуысына өтiп, ары қарай (көкiрек, құрсақ) өтпей, тұрып қалуы мүмкiн.
Бұл кезде ол сол қуыстағы етке, iштiң қабырғалық терiлерiне тұрып қалады. Мұндай жарақатты соқыр, кiре алмайтын жарықшақты жаралар деп атайды. Кiре алмайтын жаралар ми сауыты көкiрек және iш қуысында болады да, ол өте қауiптi..

Егер адам бiр мезгiлде 2 немесе одан да көп жарықшақпен немесе оқпен зақымданғанда ондай жараларды бiрнеше жарақат дейдi.



Жарадағы инфекция.

Микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш, жердегi заттар және ауада заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде микробтар болады.

Жаралар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда болады.

Инфекция түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып, жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi.

Терi температурасы көтерiледi, жарақаттанған адам көңiл күйi төмендейдi. Жараның микроб саны көп болады. Ол микробтар лимфа тамырларына енiп, одан лимфа түйiндерiне барып, ол iсiнiп ауырады, ал оның үстiндегi терiсi қызарады. Егер iрiңдi инфекция қанға өтсе, қанның бұзылуы (сепсис) басталады да, кейде өлiмге әкеп соғады.
Жарадағы микробтардың дамуы ауаның қатысуынсыз жүредi. Оны анаэробты деп атайды, ол аса қауiптi. Ол жерде, қида, дәреттерде болады. Микробтар дамуына қолайлы жағдай көбiнесе төменгi аяқ, бөлiмi мен бөксе бөлiктерiндегi мыжылған – езiлген және созылған жараларда туады. Бiрнеше сағат немесе күннен кейiн өте ауыр ауру түрi анаэробты немесе газды инфекция (газды гангрен) дамиды. Әуелi жарадағы ұлпалар жансызданады, сосын ол еттiң қалыпты жағдайдағы денi сау аумағын зақымдайды. Ұлпаларда газ көпiршiктерi пайда болады және едәуiр мөлшерде iсiнедi. Жараланушы жара бөлiмiн ауырсынады. Тамыр соғуы төмендейдi, температура көтерiледi. Төменгi бөлiмдерде жара көлемi ұлғаяды. Іскен бөлiкте саусақпен басып көргенде ол қытырлайды. Жара құрғақтанады, төменгi бөлiктер суық, сөлсiз, сосын көгередi. Терiде кейде қанды көпiршiктер пайда болады. Аурудың жағдайы нашарлайды, кейде жедел өмiрiн сақтап қалу үшiн хирургиялық операция жасау қажеттiгi туады.
Жараға жерден немесе қилардан анаэробты микробтардың басқа түрлерi түсiп, ауру туғызса, оны сiреспе деп атайды. Жараға түскен сiреспе қоздырғышы бiрнеше күннен немесе аптадан кейiн шайнау еттерi талып, жиырылу пайда етедi, одан кейiн ол шүйде және арқа еттерiнде. Бiрiншiден дененiң барлық еттерiне оның iшiнде тыныс алу еттерiне тарайды. Талу кезiнде бас артқа қарай шалқақтай бередi. Тыныс алу аяқ астынан тоқталуынан өлiмге әкеп соғады.
Газды инфекция және сiреспе – мұндай ауруларға арнайы персонал бөлiнiп, төсек-орнын сода ерiтiндiсiне ылғалдап, 1 сағаттай қайнатады, сосын жуады.
Қолданылған хирургиялық құралдар 2 процент сода ерiтiндiсiнде бiр сағаттай қайнатылады, металл таяқшалар отқа ұсталады. Ал ағаш таяқша, таңғыштарды өртеп жiбередi.

Жарадағы инфекцияның алдын-алу үшiн жараға өз кезiнде хирургиялық өңдеп, өлген ұлпалар мен бөгде заттарды шығарып, тазартып отыру қажет. Ал ядролық қару қолдану кезiнде бұл мүмкiн емес. Сондықтан қандай жағдайда болмасын жарадағы инфекцияның алдын алуға антибиотиктер қолданылады.


Кез-келген жара, тiптi кiшкентай жаралардың өзiнде әр түрлi микробтардың дамуына қолайлы жағдай тууы, тiптi қан кетудiң әсерiнен адам көп мөлшерде қан жоғалтуы мүмкiн. Жара асқынбас үшiн жараға алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн жараға стерилдi таңғыш, асептика мен антисептикалық ереженi сақтап, қан тоқтату қажет.
Асептика – жараға микробтардың түсуiнен сақтануға бағытталған iс-шаралар. Осы тұрғыдан асептика — жараға инфекция түсудiң алдын-алу. Жараны қолмен ұстауға, жарықшақтарды, киiм жиектерiн қолмен алуға, жараны жабуға стерилдi емес матаны пайдалануға болмайды.
Микробтарды өлтiрудiң ең дұрыс қолданылатын әдiсi – стерилдеу, жоғарғы температурада – су буларында ұстау, хирургиялық құрал-жабдықтарды қайнату.

Антисептика – жараға түскен микробтарды антибиотиктер және химиялық басқа да құралдар көмегiмен жоюды антисептикалық деп атайды. Антисептикалыққа хлорамин, иодты ерiтiндi, спирт, сутегi асқын тотығы, перманганат калий т.б. жатады.

Антисептика механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық деп бөлiнедi. Алғаш жараны хирургиялық өңдеу механикалық деп аталады, микроб түсуге қолайлы жағдай туғызбай жараны кептiру, күн сәулесiнде ұстау, жасанды ультракүлгiн сәулемен сәулелендiру физикалық әдiс. Химиялық әдiске әр түрлi дәрiлiк құралдарды пайдаланылып, микробқа қарсы күресу жатады. Антисептикада иод, хлорамин, ривонол, перманганат калий, этил спиртiмен басқа Вишневский мазы сияқты антисептикалық заттар пайдаланылады. Биологиялық антисептикаға антибиотиктер жатады. Олар жараға микроб түсуiнiң алдын алады.
Асептика мен антисептика жараға түскен инфекцияны асқындырмау жолында бiрiн-бiрi толықтырып отырады.
Жарақат салдарынан зардап шегушi есiнен таңатын кездерi болады. Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды. Адамның нелiктен шокқа ұшырайтыны толық әлi анықталмаған, бiрақ орталық жүйке жүйесi тiтiркенуiнен қан қысымы азаюынан қан тамырлары тарылып, шеттегi тамырларына қан жетпей қалады. Жарақаттанған жердiң белоктары ыдырап, оның уы денеге жайылады, зат алмасу бұзылады, тамыр соғуы әлсiреп, көз қарашығы ұлғаяды, естен тану бiрнеше минутқа дейiн созылады. Шоктың төрт дәрежесi бар.

І дәрежелi шок – орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi.


ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады.

Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.

ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.


Пысықтау сұрақтары:

1.Жарақат түрлері

2.Жара

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.



4 тақырып. Доғал және өткір заттардан болатын жарақаттар

1. Доғал заттардан болатын жарақаттар.

2. Өткір заттардан болатын жарақаттар.
Доғал заттармен соққы жасалған жағдайда жарақат салу-шы заттардын ерекшеліктерін көрсететін алуан түрлі зақым-даулар пайда болады. Ең алдымен, соққы жасайтын беті көлемінің мәні бар, оның көлемі дененің зақымдалған бөлігінен немесе, дәлірек айтқанда, зат пен адам денесінің түйіскен жерінен үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Сонымен бірге соғылатын жағының пішіні: жалпақ, сфералық, цилиндр пішшінде болуы да елеулі рөл атқарады. Жарақаттың сипатына догал-қырлы заттардың қырлары, бүдырлары жөне бүрыштары (шығыңқы жерлері) болуы да зор әсер етеді.

Сонымен, сырттан соғылатын доғал заттардын мынадай негізгі түрлері болады: 1) үлкен жалпақ зат (тақтай, тақтатас, т.б.); 2) бетінің ерекше сипаты бар үлкен зат (кір тасы, дома-лақ тас); 3) цилиндр тәрізді зат (үзын және енді емес заттар — таяқ, сүймен, жүмыр білік); 4) бүдыр қырлары бар үзын зат (үзын және көлденеңі енсіз заттар — көлденең кескенде үш және төрт бүрышты білік, қайрақ тас); 5) қыры бар шағын көлемді зат (балға, балтаның желкесі, білік кесіндісі); 6) қырлы заттың (үтіктің, кірпіштің, қайрақтың және т.б.) бүрышы не-месе шығыңқы жері

Бір затпен ерекшеліктері жөнінен әр түрлі жарақат салуға болатынын, оның жарақат заттың қандай бөлігімен салына-тынына байланысты екенін атап көрсеткен жөн.

Беті жалпақ, ауқымды доғал заттармен соққан жағдайда жара түсуі біршама сирек кездеседі. Әдетте, қанталап кетуі мүмкін, ал қырындата соққан кезде сонымен қоса жырылған жерлер пайда болады. Бастан қатты соққан жағдайда алуан түрлі: тік сызық, доға тәрізді, қисық-қисық, жүлдыз тәрізді, кейде ағаш бүтақтары сияқты жарақат салынады. Кейбір жағдайларда доғал затпен соғылған жерде бірнеше жарақат пайда болады. Әдетте, жарақаттың айналасын ауқымды дөңгелек сияқты немесе сопақша көбінесе былжырап түрады. Соққы тура тигенде жараның жиектері әдетте қатпарланбайды. Ол қиғаштай соққанда ғана байқалуы мүмкін.



Беті жалпақ доғал заттармен бастан соғылған соққылар көбінесе бас сүйегінің күмбезі мен түбінің жарылуына әкеп соғады, ал олардың бағыты негізінен жарақат салушы күштің бағытымен сәйкес келеді. Ауыр затпен өте күшті соққы жа-салған жағдайда сүйек жарықшақтанып жарылады, соққы жасалған жердегі сүйектердің үсақ жарықшақтануымен және сол маңайда сүйек үлпасының шытынауынан радиус бойынша таралатын сынықтармен сипатталады. Сонымен бірге сынықтар сүйектердің майысуынан болатын доға тәріздес, соққы тиген жерді айнала орналасқан сынықтар-мен қиылысып жатады. Кейде соққы тиген жерден сүйектің неғүрлым үсақ жарықшақтар қоршаған ірі сынықтары байқ-алады.

Бетінің ерекше сипаты бар үлкен затпен соққы жасап түсі-рілген жарақаттар көбінесе 3,4,5 жарық саңылауы бар жүлдыз сияқты болады. Тік сызық сияқты, кейде көптеген жарақаттар сирек байқалады. Жарақаттар төңірегінде дөңге-лек немесе сопақша ойық болады. Жарақаттың жүлдыз сияқты болуы оның орталық бөлігі жиектерінің көрінеу был-жырап-мылжалануымен сипатталады, мүның өзі кейде үлпа-лардың кемшілігі бар деген әсер туғызады. Әдетте, мүндай жарақаттардың жиектері маңайындағы үлпалардан бөлек-теніп түрады.

Бетінің ерекше сипаты бар үлкен заттар бас сүйекке кіріп түрған дөңгелек пішінді сынықтары бар, ал соққы қатты тиген жағдайда жарықшақты сынықтары бар жарық салады.

Цилиндр тәрізді үзын заттармен соққы жасалған жағдай-да қанталаған жерлер жолақтанып, кейде ойықтау болып түрады. Едәуір жалпақ заттармен (таяқпен) соққы жасалған жағдайда денеде қосарласа орналасып қанталаған қос жолақ қалуы мүмкін. Мүны былайша түсіндіруге болады: цилиндр тәрізді заттың ең дөңес бөлігі тиген жерге қарағанда, оның шетіндегі терінің созылуы кезінде тамырлар көбірек үзіліп, қанталап кетеді, ал заттың дөңес бетінің тиюі қан тамырла-рының жаншылуын ғана туғызады.

Цилиндр тәрізді затпен бастан қатты үрғанда жігі әр түрлі тік және иілген жаралар салынуына әкеп соғады. Олардың жиектері тегіс болмайды, былжырап түрады. Жараның бір жағының немесе екі жағының да ойықтау болып түрғаны жақсы аңғарылады. Жара жиектерінің қатпарлануы қиыс-тай соққанда мейлінше айқын көрінеді. Бүл орайда жара-ның жиегі соққы жасалу бағытына қарай қатпарланып түра-ды. Сонымен бірге ойықтау жағы оның қарсы шетінен көбірек байқалады.

Басқа цилиндр тәрізді соққы жасалған жағдайда оған үзын

ша сопақ пішінде ойық сынықтар салынуы, кейде осындай сынықтардың ортасында бос сүйек жарықшақтарының түзілуі тән болып табылады. ша сопақ пішінде ойық сынықтар салынуы, кейде осындай сынықтардың ортасында бос сүйек жарықшақтарының түзілуі тән болып табылады.

Көлденеңінен қарағанда үш бүрышты қырлары бар үзын заттар тік сызық сияқты қабырғаларының болуымен, олар-дың үзындығының соққы жасаушы зат пен адам денесі жа-насатын жер көлемінен асып түсуімен сипатталады.



Бүдырлы заттың қырымен жасалған соққы соғылған жара туғызады, оның шабылған, тіпті кесілген жарақатқа да үқсаүы мүмкін. Бүл жаралар түзу, ал үңірейіп түрғанда үршық тәрізді, жиектері біршама тегіс болады. Жиектері мылжаланып, былжырап түрмайды. Жарақаттың жиектеріндегі дақ енсіз болады, ал кейде мүлде болмайды. Соққы қиыстап жасалған жағдайда ғана жарақаттың бір шетінен ойық анық аңғарылуы мүмкін. Егер терінің қатпарлануы болса, ол қарсы жиектен

көрінеді.

Бас сүйекте қырлы заттың қырынан көбінесе ішке қараи кіріп түратын жарық салынады, ал соққы қатты болған жағдайда жарық ойылып, үңірейіп түрады.

Доғал қырлы шағын заттардан - балғадан, балтаның жел-кесінен, біліктің кееіндісінен және т.б. - түсетін жарақаттың пішіні заттың қандай бөлігімен және қаншалықты қисайта. соғылып, жарақат салынатынына байланысты. Соққы заттың қырымен тура жасалған жағдайда соққы жасаушы заттың пішіні мен көлеміне едәуір сәйкес келетін дөңгелек, сопақ, төрт бүрышты, тік бүрышты жарақат түсуі және оның қанталап кетуі мүмкін. Бүл орайда жара әдетте заттың қандай да бір жағында жиегі немесе үшы тиюіне байланысты оның қырының пішінін ішінара ғана көрсетеді. Сондықтан жарақаттар доға тәрізді, П немесе Г тәрізді көрінеді. Бас сүйектен (терінің зақымдануына сәйкес) ойылған немесе үңірейген сынықтар байқалады, блардың пішіні мен ауқымы соғылған заттың қырына байланысты болады.

Егер денеге соққы қисайта жасалса, шет жақтарында тері жыртылған (заттың қыры тигендіктен) түзу жарақаттар немесе қырлы заттың бүрышы ықпалынан үш бүрышты жырығы бар жүлдыз сияқты жарақат пайда болады. Жиектерінің мылжалануы мен олардың қатпарлануы онша аңғарылмайды. Доғал қырлы заттың бүрышымен (дөңес жағымен) яғни үш қабырғасы және соған сәйкес үш қыры сәйкес келетін жерімен тіксоққан жағдайда да жаралар нақ сондай жүлдызша пішінінде болып, олардың айналасы іркілдеп түрады. Бүл орайда қырлары үш бүрышты жарақат туғызады да, шет жақтары оның жиектерінің ойығын көрсетеді. Мүндай жағдайларда бас сүйекте ішке кіріп кететін жарықтар пайда болып, кейде оның үш бүрышты пирамида түрі айқын көрінеді, ал оның төбесі бас қуысына қарап түрады.

Көлденеңінен қарағанда үш бүрышты қырлары бар үзын заттар тік сызық сияқты қабырғаларының болуымен, олар-дың үзындығының соққы жасаушы зат пен адам денесі жа-насатын жер көлемінен асып түсуімен сипатталады.



Бүдырлы заттың қырымен жасалған соққы соғылған жара туғызады, оның шабылған, тіпті кесілген жарақатқа да үқсаүы мүмкін. Бүл жаралар түзу, ал үңірейіп түрғанда үршық тәріз-ді, жиектері біршама тегіс болады. Жиектері мылжаланып, былжырап түрмайды. Жарақаттың жиектеріндегі дақ енсіз болады, ал кейде мүлде болмайды. Соққы қиыстап жасалған жағдайда ғана жарақаттың бір шетінен ойық анық аңғарылуы мүмкін. Егер терінің қатпарлануы болса, ол қарсы жиектен

көрінеді.



Бас сүйекте қырлы заттың қырынан көбінесе ішке қараи кіріп түратын жарық салынады, ал соққы қатты болған жағ-дайда жарық ойылып, үңірейіп түрады.

Доғал қырлы шағын заттардан - балғадан, балтаның жел-кесінен, біліктің кееіндісінен және т.б. - түсетін жарақаттың пішіні заттың қандай бөлігімен және қаншалықты қисайта. соғылып, жарақат салынатынына байланысты. Соққы зат-тың қырымен тура жасалған жағдайда соққы жасаушы зат-тың пішіні мен көлеміне едәуір сәйкес келетін дөңгелек, сопақ, төрт бүрышты, тік бүрышты жарақат түсуі және оның қанталап кетуі мүмкін. Бүл орайда жара әдетте заттың қандай да бір жағында жиегі немесе үшы тиюіне байланысты оның қырының пішінін ішінара ғана көрсетеді. Сондықтан жарақаттар доға тәрізді, П немесе Г тәрізді көрінеді. Бас сүйектен (терінің зақымдануына сәйкес) ойылған немесе үңірейген сынықтар байқалады, блардың пішіні мен ауқымы соғылған заттың қырына байланысты болады.

Егер денеге соққы қисайта жасалса, шет жақтарында тері жыртылған (заттың қыры тигендіктен) түзу жарақаттар немесе қырлы заттың бүрышы ықпалынан үш бүрышты жы-рығы бар жүлдыз сияқты жарақат пайда болады. Жиектерінің мылжалануы мен олардың қатпарлануы онша аңғарылмайды. Доғал қырлы заттың бүрышымен (дөңес жағымен) яғни үш қабырғасы және соған сәйкес үш қыры сәйкес келетін жерімен тіксоққан жағдайда да жаралар нақ сондай жүлдызша пішінінде болып, олардың айналасы іркілдеп түрады. Бүл орайда қырлары үш бүрышты жарақат туғызады да, шет жақтары оның жиектерінің ойығын көрсетеді. Мүндай жағдай-ларда бас сүйекте ішке кіріп кететін жарықтар пайда болып, кейде оның үш бүрышты пирамида түрі айқын көрінеді, ал оның төбесі бас қуысына қарап түрады. Дағдылы жағдайларда соғылған жарақаттарға саралап диагноз қою қиын емес. Доғал заттардың қырларымен жа-салған соққылардан бастың шаш өскен бөлігіне жарақаттар мен сирек болса да, шығыңқы тұрған сүйектер, мысалы, қас үсті доғасы, төменгі жақ сүйек шеті маңындағы жарақаттарды шабылған немесе кесілген жарақат деп қателесу әбден мүмкін. Алайда, соңгыларының жиектері тегіс болып қана қоймай, сонымен қатар терідеп жарақат ізінің қабырғалары да тегіс болатынын ескеруі қажет. Соғылган жарақаттың жиектері үнемі белгілі бір дәрежеде ойылып, олардан қаншығып түрады.

Қорыта келгенде, тиісті сүйектердің зақымдану сипаты көптеген жағдайларда дүрыс диагноз қоюға мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Өйткені тері беті мен сүйектер зақымдануының жогарыда келтірілген барлық ерекшеліктері жарақат салушы заттын сипаты туралы жалпылама түжырым жасап қана қоймай, сол заттың ерекшеліктерін: соққы салатын жерінің пішіні мен көлемін, қырларының болуын және олардың пішінін, бүрышы, т.б. болуын анықтауга да мүмкіндік береді.

Кейінгі жылдарда жарақат салу қүралдарын анықтау үшін зерттеудің алуан түрлі қосымша әдістері, атап айтқанда, А.П.Загрядскаяның, О.Х.Поркшеянның әдістері барған сайын кеңінен қолданыла бастады. Соның ішінде зерттеліп отырған өліктегі зақымданулар мен куәлардың айтқандарын бір ауқымды фотосуреттерге салуды әлде бір пластикалық массаға, жүмсақ металға немесе мәйітке жорамалданған қарумен жарақат түсіріп тәжірибе жасау әдісі жақсы нәтижелер беруде. Әдетте, мүндай жолмен жарақаттың қандай топтағы қүралдармен салынғанын ғана анықтауға болады. Бірақ бір сипатта көрсету мүмкін емес.

Қарудың нақты үлгісін азды-көпті айқын керсету үшін жарақат салынған заттан жәбірленушішң үлпаларын, қанын және шашын, киімінің талшықтарьш, сондай-ақ жәбірленушінің терісі мен киім-кешегінен жарақат салынған магериалдыц бөлшектерін табу пайдаланылады. Бул үшін физиакалық, химиялық және биологиялық зерттеу әдістері қолданылады. Егер жасалған жарақаттар зақым келтірген құралдардың жеке ерекшеліктерін көрсететін болса және осындай зерттеу үшін жарамды болса, кейбір жагдағдайларда сүйектердің зақымдануына трасологиялық зерттеулер жүргізілуі де мүмкін.


жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау