Соөж оқу деңгейі: екінші жоғарғы білім Оқу түрі: қашықтан оқыту Мамандығы: шет тілі: екі шет тілі курс студенті Бокашева Назымгул Сериковна



жүктеу 171,43 Kb.
бет5/6
Дата21.01.2022
өлшемі171,43 Kb.
#34474
1   2   3   4   5   6
Бокашева Н Психология 1 апта

Психология ғылымының салалары

  1. Психологияның қандай салалары бар?

  2. Олардың алдына қандай міндеттер қойылған?

Психология сан салалы ғылым. Қазір де оның 40 қа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірге қызмет етеді. Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап тілектері, техникалық- экономикалық прогрестің әсері. Осы тұрғыдан жантану ғылымы – педагогикалық, медициналық, әскери, еңбек, заң, инжинерлік, т.б. болып, бірнеше салаларға бөлінеді.



Педагогикалық психология – оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламсалар құрастыру – кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру) педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселенің бір тобы.

Медициналық психология – дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты оларды мінез құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психомена дейтін салаларға бөлінеді.

Инженерлік психология – адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. Бұл соңғы кезде кең өріс алған ғылыми келешегі мол жантану салаларының бірі.

«Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді ұйымдастыру басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерін тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлік психологияның негізгі проблемасына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық моделдер мен басқару орындарын жрбалау, операторлардың хал күйін анықтау, техникалық эстетика мен эрганаликалық ЭВМ-нің алгаритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрекатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу, т.б. жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалы мәні зор.



Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Онда бірнеше салаларға жіктеледі: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы мен орындаушы психологиясы және т.б.

Әскери психологиясы – адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық талаптары, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т.б. зерттейді.

Еңбек психологиясы – нақты іс-әрекет үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді.

Анаулы психология – кеміс балалардың түрлі жақтарын зерттейді.

Салыстырмалы психология – жануарлар психологиясымен адам ұқсастықтары мен айырмашылықьарын қарастырады. Салыстырмалы пстхологияға: зоопсихология және эталогия дейтін салалар кіреді.

Балалар психологиясы – қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Психологиялық ғылымның келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға: мектепке дейінгі бала, жасөспірім, балаң, кемел, егде жастағылар психолгиясы жатады.

Әлеуметтік психология – қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен айналысады.

Психологияның спорт, сот, космос, кітапхана, сауда, өнер, т.б. сияқты өмір салаларына байланысты да түрлері бар. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология, т.б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына игілікті әсер етіп отыр. Мәселен, автомттық машиналар мен тірі организмдерді басқару мәселесін қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттің заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерін қолдан жасап шығаруға мүмкіндік туғызады. Осының нәтижесінде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлі құбылыстарымен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар.

Этика – адамдардың мінез-құлық нормаларын адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Мораль мәселесінің кейбір жақтарында психология ғылымы қарастырады. Бірақ этикаға қарағанда психоллогияның зерттеу обектісінің көлемі ықшам. Психолгия – сана құбылыстарының пайда болу жолын , қалыптасу жағдайын зерттейді. Ал этика болса бүкіл адамгершілік қасиетке қатысты мәселелердің бәрін қарастырады.

Психология сондай-ақ жаратылыстану (биолгия, физиология , неврология, т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңіндегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік пен тәуелсіздіктің адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы, ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.




жүктеу 171,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау