8-сынып. С.Әбілмәжінова, К.Каймулдинова.
1-БӨЛІМ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
1.География ғылымының салалары
Географияның зерттеу нысаны: географиялық қабық
Географиялық қабықтың адамзат игерген бөлігі: географиялық орта
Табиғи және қоғамдық жағдайлар мен үдерістердің күрделі жүйесі, өте ауқымды, қарама-қайшылыққа толы біртұтас әлемі: географиялық орта
География ғылымы жүйесінің төрт саласы: физикалық-географиялық ғылым, қоғамдық-географиялық ғылым, табиғи-қоғамдық ғылым, картография
Географиялық қабықтың жалпы заңдылықтары мен оның жекелеген бөліктерін зерттейтін ғылым саласы: физикалық-географиялық ғылым
Географиялық ортада қоғамның аумақтық ұйымдасуын зерттейтін ғылым саласы: қоғамдық-географиялық ғылым
Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым салалары: табиғи-қоғамдық ғылымдар
Сипаты бойынша техникалық ғылым саласы болғанмен, географияның зерттеу нысандарының кеңістік моделін жасауына байланысты география ғылымымен қатар дамып, тағыс байланысқан сала: картография
Физикалық-географияның ғылым салалары: жалпы физикалық география, геоморфология, климатология, гидрология, топырақ географиясы, биогеография
Қоғамдық-географияның ғылым салалары: экономикалық география, әлеуметтік география, халық географиясы, саяси география
Табиғи қоғамдық географияның ғылым салалары: геоэкология, тарихи география, рекреациялық география, табиғат ресурстары географиясы, медициналық география, геоглобалистика
Картография ғылымының салалары: картография
Зерттеулер құрлықтар мен мұхиттардың табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және аумақтық экологиялық проблемаларды зерттеу: табиғатты пайдалану және қорғау мәселелерін зерттеу
Аумақтық ұйымдасуды зерттеу арқылы географтар табиғи және әлеуметтік-экономикалық құрылымды анықтайтын зерттеу: қоғамның өндіргіш күштерінің аумақтық ұйымдасуын зерттеу
Экологиялық, әлеуметтік, ұлттық, саяси, әскери жанжалдар мен апаттардың қаупін азайту мақсатын көздейтін зерттеулер: тұрақты дамудың кеңістік әлеуетін қамтамасыз ету
Сандық карталарды құрастыруда статистикалық, жедел ақпарттармен қатар, ғарыштық түсірілімдер пайдаланылып, жер бетіндегі құбылыстар мен нысандарды танып білу, олардың өзгерістерін бақылау, болжам жасауға мүмкіндік беретін зерттеу түрі:қолданбалы картографиялық зерттеулер
Дүниежүзілік және аймақтар, елдер деңгейінде демографиялық өзгерістерді, қалалар дамуының зағдылықтары мен ерекшеліктерін зерттеу: урбандалу мен демографиялық өзгерістерді зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |