Агрометеорологиялық факторлар және жаздық бидай сорттарының Қазақстанның солтүстігіндегі өнімділігі
Бидайдың әр түрлі сорттарының өнімі негізінде ең маңызды үш факторға байланысты, табиғи-климаттық, агротехникалық, биологиялық / Н.И.Федоров, 1980/.
Солтүстік Қазақстанның аймағында табиғи-климаттық факторлардың ішінде ең маңыздысы - ылғалдылық жағдайы.
Бидай өсімдіктері өсіп-даму кезеңдерінің әрбір уақытында, өнімді құрастырғанда, су факторына әр түрлі қарайды. Дж.Аццидің /1959/ айтуынша бидайдың және басқа астық дақылдарының су факторына қатынасты қиын кезеңі масақтану алдындағы 15 күндік мерзім. Егер осы уақытта топырақтың дымқылдығы өсімдіктердің дұрыс дамуын белгілейтін шеңберден төмен болса, онда өнім азаяды.
Масақтанудан пісуге дейінгі топырақтағы судың аздығы өнімді көп төмендетпейді. Бұл жағдайда өнімнің төмендеуі дәннің әлжуаздық әсерімен болады /Ф.Д.Сказкин, 1971/.
Көп зерттеушілердің байқауынша, Солтүстік Қазақстанның жағдайында жаздық бидайдың тез пісетін сорттарының өнімінің төмендеуінің негізгі себебі, дамуының ең қиын мерзімінде сумен нашар қамтамасыз етілу /В.П.Кузьмин,1965, В.И.Кандауров, ІІК.Мовчан 1970,1974./.
Ауа райының құбылмалылығына байланысты жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттарының өнімділігінің өзгеруі 7-кестеде келтірілген. Зерттеулер жүргізген жылдары ерте пісетін сорттар өнімділігімен, аймақтағы аудандырылған стандарт сорт Саратовская 29, орта есеппен 31-88 ц/га кейін қалады. 7-кестеде келтірілген мәліметтерді талдау көрсеткендей, ерте пісетін сорттардың Қазақстанның солтүстігінде көбінесе өнімі төмендеуі ерте болатын к,ұрғақшылыққа байланыстылығын көрсетеді. Ал топырақтың ерте болатын жауындармен дымқылданатын жылдары өнімділігі артады. Бірақ тез піскіш және ерте пісетін сорттардың өнімі осындай жылдарда да орта пісетін және ортадан кеш пісетін сорттардікінен төмен.
Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың дүниежүзілік коллекцияларын зерттей отырып өте қызық көрсеткіштер алдық. Бидайдың әр түрлі сорттарының үлгілері табиғи аңыз және суару жағдайларында зерттелді.Қазақстанның солтүстігінде, жоғарыдағы жағдайларға қарамастан, жүргізген зерттеулердің көрсеткіштері өсу мерзімі қысқа сорттардың өнімділігі төменін, ал ұзақтардың жоғарылығын көрсетті.
Зерттеулер жүргізген уақыттың климаттық жағдайларын талдай отыра мынадай заңдылықты байқауға болады. Жауын-шашынның болуымен дымқылдықтың ерте пісетін сорттарға жақсаруына қарамастан, олар кеш пісетін сорттардан өнімділігімен кейін тұрады. 7-кестенің мәліметтері бойынша, Волга бойының құрғақшылығы болған жылдары/мамыр-маусым айлары/ - ерте пісетін сорттар құрғақшылыққа ілікпейді, ал кештеу пісетіндер өсу мерзімін топырақтық және ауалық қүрғақшылықта аяқтайды, соған қарамай, кештеу пісетін сорттар өнімділігімен әлдеқайда тез пісетін сорттардан басым түседі.
Сонымен, жауын-шашынның болу ерекшеліктерін ескере отырып және бидайдың үлгілерін суармалы жерде зерттеудің көрсеткіштерін ойға алып, болжамдауға болады, ерте пісетін сорттардың өнімділігі төмендеуі топырақтағы ылғалдың азаю нәтижесінде емес, өйткені Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр кеш болады. Шамасы, бұл аймақта тез пісетін сорттардың өніміне шешуші әсер ететін басқа факторлар бар.
Солтүстік Қазақстанның аймағындағы тез пісетін сорттарының төмен өнімділік себептерін байқағанда, біз жаздық бидайдың әр түрлі сорттарының өнімін топырақ бетіндегі жоғары температуралармен байланыстыруды ойладық, өйткені өсімдіктерге көп әсер ететін факторлардың біреуі болып есептеледі.
Коллекциялық материалды зерттегенде біз келесі жағдайға көңіл бөлдік. Жаздық жұмсақ бидайдың барлық сорттары көктеу кезеңінде өте жақсы бағаланған. 1-2,5 жұмадан кейін олардың арасында көп айырмашылықтар байқалды. Жерорта теңізінің, Солтүстік, Оңтүстік Америка елдерінің көптеген сорттары өсуін бәсеңдетіп, түптелуі тіпте нашарлап, сорттардың өсімдіктерінің жапырақтары сарғайып, бара-бара солып қалады.
Волга бойының, Орал, Сібір,Солтүстік Қазақстан, Қиыр Шығыс, Алтай, Солтүстік және Батыс Еуропа сорттары жақсы түптеліп, жапырақтары көкпеңбек болып, жоғарғы сорттарға қарағанда өте жақсы болып көрінеді. Ондай көрсеткіштер суармалы және суарусыз жерлерде байқалды.
В.Е.Писаревтің айтуы бойынша /1922/, бидай өсімдіктерінің сорттық ерекшеліктері өсе бастағанда байқалады. Топырақ пен ауаның жоғары температуралары жас өсімдіктердің транспирациясын күшейтеді, ол жас ушаның тургорын сақтауға керек. Егер топырақ дымқыл болып, ал өсімдіктер солығаннан өлсе,онда олар суды жапырақтарға жеткізуге үлгере алмайды, сондықтан олар ауырады, не өледі.
Біз жүргізген зерттеулерде Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың көгеруі 29-30 мамырда басталды, сондықтан ең қиын мерзім ретінде 1 маусым алынды. Ал ең жоғарғы және ең төменгі температуралар, топырақ бетіндегі, дұрыс алынып отырды, өйткені өзгерістерді сонда ғана байқаймыз. Зерттеу жолдарында өсімдіктердің өсіп-дамуының бастапқы кезеңінде суық болмаған жылдарды алдық, ол уақыттар бидайдың дамуына кері әсер етеді. Зерттеулер өткізген жылдары өсімдіктердің өсу мерзімінің бастапқы кезеңінде топырақ бетіндегі ең жоғарғы температуралар +12°с-дан +60°с дейін болды. Біз жүргізген эксперименттерде ең жоғарғы температураға көңіл бөлген жоқпыз, ал ол көрсеткіштер бірнеше күн жер бетінде болғанда ғана ескердік. Жүргізген зерттеулердің арқасында мынаны байқадық, топырақ бетінде жоғарғы температуралар болған күндер көп болса, онда сорттардың өнімділігі төмен. Бұл ретте мынаны болжамдауға болады, топырақ бетіндегі жоғарғы температуралар өсімдіктердің өсуінің басында жаздық жұмсақ бидайдың сорттарының өсу және дамуына мәнді әсер етеді. Топырақтың қатты ысуымен оның маңайындағы ауа да ысиды, сондықтан топырақ бетінде өзіндік микроклимат орнайды, ол бидайдың жас өсімдіктерінің өсуіне өте жайсыз. Ал өсімдіктер өздерін сақтап қалу үшін суды көп буландыру керек. Сірә, осы жерде жаздық жұмсақ бидайдың ерте және кеш пісетін сорттарының сорттық ерекшеліктері байқалады. Солтүстік Қазақстанның көктемгі жағдайсыз жайларына икемделген, жаздық жұмсақ бидайдың сорттары жоғары өміршең болып және тамыр жүйесі жақсы даму керек. Солтүстік Қазақстанның климаты құбылмалы болғандықтан жаздық бидай төмен өміршеңдік көрсетеді. Бірақ жаздық бидайдың піскіштігі әр түрлі сорттарда әр түрлі. Көпжылдық зерттеулер мынаны көрсетті, өсу мерзімі ұзақ сорттардың өміршеңдігі, қысқа сорттармен салыстырғанда, зор. Мысалы, жаздық жұмсақ бидайдың ерте пісетін Эритроспермум 841 сортының 5 жылдық, орта есеппен, егін оруға өсімдіктер сақталуы 59,8%, ал орташа және кеш пісетін сорттарда 71,3 - 79,9% болды.
Коллекциялық материалды зерттеу нәтижесінде мынаны анықтадық, жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарының егін оруға сақталған саны кеш пісетіндерден әлдеқайда аз. Бұл көрсеткішпен тез пісетін және кеш пісетін сорттар арасында айқын ерекшеліктер бар. Волга бойының, Орал, Сібір, Солтүстік Қазақстан, Қиыр Шығыс, Алтай, Солтүстік және Батыс Еуропаның үлгілерінің егін оруға өсімдіктері едәуір көп, өйткені негізінде орташа және кеш пісетін сорттармен көрсетілген. Ал Орталық және Оңтүстік Африканың, Оңтүстік Американың сорттары негізінде тез және ерте пісетін болғандықтан олардың өсімдіктерінің сақталған саны аз.
Қазақстанның солтүстігінде белгілі заңдылықты байқауға болады, бір мөлшерлі жерде өнім түптенуі жоғары болса, онда жаздық бидайдың сорттарының өнімділігі жоғары. Бірақ бұл заңдылық толығынан орындалуға сорттың көп белгілері әсер етеді-масақтың дәнділігі, 1000 дәннің массасы, дәндердің толықтығы және т.б. Сонымен қатар жаздық жұмсақ бидайдың піскіштігі әр түрлі сорттарының өнімділігін талдау мынаны көрсетті, Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың сорттарының өнімділігі көбінесе бір мөлшерлі жердегі өнімді сабақтардың санына байланысты.
Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі піскіш сорттарының тамыр жүйесінің даму ерекшеліктері
Белгілі жаздық жұмсақ бидайдың тамыр жүйесі ұрықтық, колеоптильдік және түптену тамыршаларынан құралатыны. Бұл себепте айта кету керек, әр тамырлардың түрлеріне тән ерекшеліктері бар, олар өсе бастауы, дамуы және қоршаған ортаға қойылатын талаптары /И.В.Красовская, 1926, 1935, 1947/.
О.Г.Грамматикатидің /1961/ дәлелдеуінше, құрғақшылық жағдайларда өнімнің негізгі бөлігі ұрықтық тамырлардың дамуымен байланысты.
7 кесте
Жаздық бидайдың пісу мезгілі әртүрлі сорттарының ауа райы өзгеруіне байланысты өнімділігі / ц/ га/ Шортанды, Қазақ, АШҒЗИ, алғы дақыл-сүрі жер/
Стандарттан ауытқу
|
-8,8
|
-3,1
|
+0,0
|
+0,5
|
+1,5
|
+1,5
|
+2,3
|
+2,8
|
+3,0
|
|
Орташа 6 жылда
|
9,7
|
15,4
|
18,6
|
19,0
|
20,0
|
20,0
|
20,8
|
21,3
|
21,5
|
|
Мамыр-маусым-дымқыл, шілде-тамыз құрғақ-шылық
|
20,8
|
27,0
|
31,2
|
35,8
|
37,0
|
37,6
|
38,0
|
39,8
|
38,8
|
2,1
|
Маусымның құрғақшылығы
|
6,0
|
8,0
|
11,9
|
11,0
|
15,1
|
13,2
|
15,5
|
14,4
|
15,2
|
1,6
|
Тамыздың құрғақшылығы
|
7,3
|
15,9
|
18,7
|
19,2
|
18,4
|
18,0
|
17,9
|
20,2
|
19,6
|
1,8
|
Мамыр-маусымның күшті құрғақшылығы
|
1,7
|
7,2
|
9,3
|
9,7
|
10,0
|
10,3
|
11,5
|
11,3
|
11,3
|
1,3
|
Шілденің құрғақшылығы
|
10,5
|
15,7
|
19,2
|
16,7
|
18,6
|
17,9
|
20,6
|
20,1
|
20,1
|
0,5
|
Тамыздың құрғақшылығы
|
11,6
|
18,4
|
20,5
|
21,8
|
20,6
|
20,1
|
21,4
|
22,0
|
23,9
|
1,0
|
Сорттың типі
|
Ерте
|
Орташа ерте
|
Орташа
|
Орташа
|
Орташа
|
Орташа кеш
|
Орташа кеш
|
Орташа кеш
|
Орташа кеш
|
|
Сорттар
|
Эритроспермум 841
|
Альбидум 24
|
Саратовская 29-ст
|
Шортандинская 25
|
Уральская 52
|
Акмолинка 1
|
Целиноградка
|
Сибирячка 4
|
Пиротрикс 28
|
НСР 0,95
|
Құрғақшылық жылдары, топырақтың үстіңгі қабаттары кеуіп қалғандықтан түптену тамырлары толық дамымай немесе құрастырылмауы мүмкін, сол себептен жаздық бидайдың өсімдіктерінің өсіп және өнім беруі ұрықтық тамырларымен байланысты / Л.Н.Балашов, 1930. А.С.Кружилин, 1936. Ф.Д,Сказкин, 1939. П.К.Иванов, 1948. А.П.Шехурдин, І961.И.Г.Цыганков, 1967/.
Сонымен , көп зерттеушілердің ойынша өнімді құрастырғанда ұрықтық тамырлардың маңызы зор, әсіресе жауын-шашын болмаған жылдары. Бірақ бидайдың әр түрлі сорттарының жоғары өнім беру үшін ұрықтық тамырлардың дамуымен қатар түптену тамырларының жақсы дамығаны керек / И.В.Красовская, 1933 т.б./.
Жаздық жұмсақ бидайдың ұрықтық тамырлары ерте көктемде дамуын бастайды, топырақтың ылғалдылығы жоғары уақытында. Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі сорттары мен түрлерінің тамырлары дамуында көп өзгешілік байқалады, өйткені тамыр жүйесінің дамуы, ұзындығы және топыраққа тереңдеуі сорттық ерекшеліктеріне байланысты/ А.П.Шехурдин, 1961 т.б./.
И.О.Байтулин /1976/ ескерткен, сорттық ерекшелік ретінде жаздық бидайдың тамыр жүйесінің күшті дамуы үш жапырақ мерзімінде айқын байқалады.
Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағының жағдайында жаздық жұмсақ бидайдың өсімдіктері ерте даму кезінде өте қолайсыз жағдайларға түседі, ауаның төмен қатынастық дымқылдығына, топырақ бетінің жоғарғы температураларына, аңызақ желге және т.б., осының бәрі егісті сиретеді. В.Е.Писаревтің ойынша, осындай экстремальдік жағдайларда
өсімдіктердің өсіп келе жатқанында тамыр жүйесі
ұзын және жақсы дамыған түрлер жоғары өнімді
және өміршіл болады, тамыр жүйесі нашар
дамығандармен салыстырғанда.
Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесін салыстырып зерттегенде, Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайында, біздің байқағанымыз, кешірек пісетін жоғары өнімді жаздық жұмсақ бидайдың сорттары тез пісетін өнімі төмендеу сорттарға қарағанда, өсіп-дамуының бастапқы кезеңінде жылдамырақ және күштірек тамыр жүйесін құрастырады. Ол айырмашылықтар әрі қарай өсіп - дамыған сайын тіпті көбейе береді/8-9 кестелер/.
8 кестедегі келтірілген эксперименттік көрсеткіштер айқындағанындай, үш жапырақ мерзімінде кеш пісетін Пиротрикс 28 сорты, тез пісетін К-47455 күрделі қысқа сабақты буданмен / Мексика/ және орташа пісетін Саратовская 29 сортымен салыстырғанда, өте терең кеткен басты ұрықтық тамырмен және бір өсімдікке келетін тамырлардың ұзындығымен көзге түседі.
Тамыр жүйесінің дамуының әжептәуір екендігі, жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарында Солтүстік Қазақстанның масақтану мерзімінде тамырларын өлшеп есептегенде, ең көп масса кеш пісетін Пиротрикс 28 сортына келгені, бұл көрсеткішті пайыздап көрсетсек, ол Саратовская 46 сортынан 51,1 % , ал күрделі қысқа сабақты буданнан К-47455 /Мексика/ 61,7 % көп.
8 кесте
Жаздық жұмсақ бидайдың әртүрлі пісетін сорттарының бастапқы өсу мерзіміндегі тамыр жүйесінің жалпы дамуы (Шортанды, Қазақ АШҒЗИ)
Сорттар
|
Шығу тегі
|
Піскіштік тұрі
|
Бір өсімдіктің тамырларының ұзыңдығы
|
Бір өсімдіктің тамырларының топыраққа тереңдеуі, см
|
Ұрықтық тамырдың топыраққа ең терең кетуі, см
|
Ұрықтық тамырларының саны, см
|
Бір жапырақ кезеңі
|
К-47455 буданы
|
Мексика
|
тез пісетін
|
35,0
|
10,2
|
13,2
|
3,6
|
Саратов ская 29
|
Саратов облысы
|
орташа пісетін
|
38,0
|
11,5
|
14,5
|
3.4
|
Пиротр икс 28
|
Қазақ АШҒЗИ
|
орташа кеш
|
48,2
|
10,8
|
15,3
|
4,5
|
|
|
пісетін
|
|
|
|
|
Бкі жапырактар кезеці
|
К-47455 буданы
|
Мексика
|
тез пісетін
|
69,1
|
20,4
|
28,8
|
3,4
|
Саратов ская 29
|
Саратов облысы
|
орташа пісетін
|
71,9
|
15,7
|
29,8
|
4,6
|
Пиротр икс28
|
Қазақ АШҒЗИ
|
орташа кеш
|
80,4
|
17,7
|
36,4
|
4,5
|
|
|
пісетш
|
|
|
|
|
Үш жапырақтар кезеңі
|
К-47455 буданы
|
Мексика
|
тез пісетін
|
98,6
|
30,2
|
39,6
|
3,3
|
Саратов ская 29
|
Саратов облысы
|
орташа пісетін
|
98,0
|
22,2
|
33,4
|
4,4
|
Пиротр икс28
|
Қазақ АШҒЗИ
|
орташа кеш
|
121,6
|
27,4
|
47,0
|
4,4
|
|
|
пісетш
|
|
|
|
|
Солтүстік Қазақстанның аймағының жағдай жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесінің сортты ерекшеліктері дамуының жылдамдығы мен күштілігінде ғана емес, ол морфологиялық құрылысына да байланысты. Жаздық жұмсақ бидайдың Пиортрикс 28 сорты орташа кеш пісетін топқа жатқандықтан күшті және тарамдалған ұрықтық және түптену тамырларын дамытады. Тез және ерте пісетін сорттар бұл жағдайлардан әлдеқайда қалып қояды
9- кесте
Жаздық жұмсақ бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының 0-60 см топырақ кесіндісіндегі тамырлардың құрғақ массасы
/Шортанды ,Қазақ АШҒЗИ, суармалы жер/
Сортгар
|
Піскіштік типі
|
Топьрақ кесін-дісіңцегі бір өсіццік тамырының құргақ массасы
|
Бір өсімдік тамырының құрғақ массасының сортқа қаты-настығы (%)
|
Пиротрикс 28
|
Орташа кеш пісетін
|
311,1
|
100
|
Саратовская 46
|
Ерте пісетін
|
151,5
|
48,9
|
Күрдепі қысқа сабақты будан К-47455
|
Тез піоетін
|
119,2
|
38,3
|
Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайларына жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сортының болжамдалған үлгісі
Жергілікті климаттың бір ерекшелігі - көктемнің қуаңшылығы жаздың бірінші жартысының ыстықтығы және екінші жартысының жаңбырлығы өсу мерзімінің қысқалығымен қосыла отырып тез пісетін сорттарды өсіруге және селекциялауға ерекше қиындықтар туғызады. Осы себептер бұл аймақтың жағдайына тез пісетін сорттың үлгісін ойластырғанда бірнеше сұрақтар туғызады.
Бұл аймақтағы кеш пісетін сорттардың
өнімінен қалыспайтын немесе асып түсетін жаздық
жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарын құрастыру
мүмкін бе?
Егістік шаруашылығындағы өндірістік
жұмыстарының қарбаластығын азайтсақ, онда ол
сорттың өнімі қандай болу керек?
3. Тез пісетін топтағылардың ішінде жаздық
жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарын
селекциялағанда нысана ретінде ұстайтын өсу
мерзімінің оптимумы бар ма?
4. Тез пісетін сорттардың өніміне, дамуына және
өсуіне аймақтың агрометеорологиялық жағдайлары
қалай әсер етеді?
Жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін
сорттарын құрастырғанда селекциялық жұмыстармен
өнімділіктің қандай элементтерін күшейту керек?
Бұл аймақта тез пісетін сортты қандай
мерзімде егу керек және т.б?
Жаздық бидайдың тез пісетін сортының теориялық үлгісін құрғанда біз қазіргі уақытта бидайға жақын, осы аймақта, тез пісетін және жоғары өнімді түрлер барлығын байқадық.Солтүстік Қазақстанның аймағында өндірілетін астық дақылдарының көптеген түрлерін талдай отырып біз жаздық арпа дақылына тоқтадық. Жергілікті климаттың жағдайында бұл дақылдың тез пісетіні және жоғары өнімділігі - ең басты қасиеті. Алты жыл ішінде салыстырмалы егістіктерде жаздық жұмсақ бидай сорты Саратовская 29 20,4 ц/га өнім берсе,арпаның сорттарының өнімділігі, бір алғы дақылда,21,5-22,8ц/га болды /10-кесте/
10 кесте
Станция аралық сорт сынаудагы жаздық жұмсақ бидаймен арнаның салыстырмалы өнімділігі (Шортанды п., Қазақ АШҒЗИ)
Сорт
|
6 жылдың орташасы
|
Саратовская 29 аутқу, ц/га
|
сүрі жермен
|
бидаймен
|
бидай сүрі жерден кейін
|
Саратовская 29 Ең жақсы сортгар
|
22,4
25,5
|
бақылау +5,1
|
+2,0 +5Д
|
бидай бидайдан кейін
|
Саратовская 29 Ең жақсы сорттар
|
20,4 23,2
|
-2,0 +0,8
|
бақылау +2,8
|
арна бидайдан кейін
|
Целинный 5 Омский 13709 Европеум 353/133
|
21,5 21,6 22,8
|
-0,9 -0,8 +0,4
|
+ 1Д
+ 1,2 +2,4
|
Зерттеу жүргізген жылдардың мәліметтеріне қарасақ, Саратовская 29 сортының өсу мерзімінің ұзақтығы, орта есеппен 79 күн, ал арпа сорттарының көрсеткіштері 72-74 күн,яғни 7-5 күнге қысқа /11-кесте/.
Өнім құрылымдарының элементтерін талдай отырып, біздің байқағанымыз, бұл аймақтағы арпа сорттарының жоғары өнімділігіне себепкер болған, өнім беретін сабақтардың көп болуы, масақтың жоғары дәнділігі және 1000 дәннің массасының жоғарылығы.Осындай үйлесушіліктің арқасында, Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайында арпаның сорттары, әсіресе дымқылдығы жайлы жылдары, жаздық жұмсақ бидайдың аудандырылған орташа және орташа кеш пісетін сорттарын өнімділігімен басым түседі. Жаздық бидайдың тез пісетін сорттары өнім беретін сабақтардың санымен арпаның да, жаздық жұмсақ бидайдың орташа және кеш пісетін сорттарына да жете алмайды.
11-кесте
Арпаның әр түрлі сорттарының және жұмсақ бидайдың Саратовская 29 сортының өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы
/Шортанды п. Қазақ АШҒЗИ/
Сорт
|
6 жылдық орташасы
|
Целинный 5
|
72
|
Омский 13709
|
72
|
Европиум 353/133
|
74
|
Саратовская 29
|
79
|
Сонымен жаздық бидайдың тез пісетін сорттарын жоғарыда айтылған қасиеттермен, селекциялық жолмен күшейтсек, мүмкін жаздық бидайдың сорттарында, Солтүстік Қазақстанның аймағындағы арпа сорттарының өнімділігі пайда болар.
Бірақ, Қазақстанның солтүстігінде коллекциялық материалды зерттегенде өнім беретін сабақтары көп масақтың дәнділігі жоғары және 1000 дәннің массасы зор тез пісетін бидай сорттарының үлгілерін бөле алмадық, өйткені жүргізген зерттеулердің көлемінде жергілікті жағдайда тез пісетін сорттарды табу қиын болды. Сонда да табиғатта бұл жерде арпаның ішінде болса, олар Н.И.Вавиловтың гомологиялық қатарлары заңы бойынша жаздық бидайдың тез пісетін сорттарының ішінде де болуға тиіс. /Н.И.Вавилов, 1967/
Жаздық жұмсақ бидайдың, Қазақстанның солтүстігінде, тез пісетін сорттарының күрделі өнімділігін көтеру күрделі мәселелерімен қатар оның тиімді егу уақытын табу керек.
В.П.Кузьминнің /1965/ мәліметтері бойынша, ерте және тез пісетін бидайдың сорттарын бұл аймақта кеш ексек, өнімі көбейеді, бірақ кеш пісетін сорттардың деңгейіне жетпейді.
Солтүстік Қазақстанның аймағының жағдайында жаздық бидайдың орташа кеш пісетін сорттары себу мерзіміне, орта және кеш пісетін сорттармен салыстырғанда, басқаша сезінеді. Олар ерте сепкенде өнімді көп төмендетпейді. /А.И.Бараев, 1975/
Бұрынырақ айтқан ғалымдардың ойларын тексеру үшін біз бірнеше мерзімде сеуіп бақыладық, олардың айтқандары дәлелденді. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың тез пісетін сорттарына ең тиімді себу мерзімі-кешірек себу. Бұл мерзімде себу, біріншіден, осы аймақта тез пісетін сорттарды көктемгі суықтардан сақтайды, екіншіден, тез пісетін сорттардың өсімдіктері ылғалды көп пайдаланатын уақытын ауаның жаңбыры көп болатын уақытына келтіреді, үшіншіден, ерте пісетін сорттарды себетін уақыты мен топырақтың физикалық уақыты қашық болғандықтан, бұл мерзімде арам шөптермен күресуге болады.
Сонымен, айтылғандардан өте қажетті қорытынды жасауға болады, жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін түрлерін іздегенде, жергілікті климаттың жағдайында өнімді болатын, зерттелетін материалды бұл аймақта мамырдың аяғында және маусымның басында себу керек /12-кесте/.
12 кесте
Жаздық жүмақ бидайдың сорттарының егу мерзіміне байланысты өнімділігі (ц/га)
Піскіштік түрі
|
Сорттар-дың саны
|
Егу мерзімі
|
10 мамыр
|
20 мамыр
|
30 мамыр
|
Тез пісетін
|
3
|
8,6
|
13,7
|
18,4
|
Орташа пісетін
|
4
|
23,6
|
25,3
|
30,7
|
Орташа кеш пісетін
|
5
|
32,3
|
34,7
|
35,8
|
НСР 0,95
|
|
4,0
|
3,8
|
4,7
|
Жаздық бидайдың сұрыпталатын түрлері едәуір тез пісетін болу керек, өйткені олар орташа пісетін Саратовская 29 сортынан 5-7 күн ерте пісу керек, оны себетін мерзім - 15-25 мамыр. Бұл аймақта жаздық жұмсақ бидайдың сорттарының түптену мерзімінде құрғақшылыққа төзімділігін күшейту керек.
Жаздық бидайдың сорттарында потенциалдық өнімділік болу керек, ал ол ең бірінші күшті дамыған тамыр жүйесімен байланысты. Жаздық жұмсақ
бидайдың әр түрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесін зерттегенде, Қазақстанның солтүстігінде кеш пісетін сорттар күшті және топыраққа терең кететін тамыр жүйесін құрады, ондай көрсеткіштерде тез пісетін сорттар байқалмайды. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, кейбір бидай сорттарының күшті дамыған тамыр жүйесі-тұқым қуалаушылық құбылысы, өйткені өсімдіктердің дамуының бірінші күнінен байқалады. Жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарын құрастырғанда, селекциялық жұмыста, бұл белгілерге ерекше көңіл бөліну керек.
СЕЛЕКЦИЯ ӘДІСТЕРІ
Жаздық бидайдың сорттарын құрастыру селекциясында қолданылатын селекционерлердің қолдарында көптеген әдістер мен тәсілдер бар. Негізгілері мыналар - сұрыптау, будандастыру, қолдан жасалатын мутагенез, гетерозис, полиплоидия, ауыл шаруашылық биотехнологиясының әдістері - жасушалық және гендік инженерия. Әдістердің әрқайсысы араласа отырып жаңа сорттарды құрастыруды жылдамдатуға әсерін тигізеді. Солтүстік-Қазақстандық селекция орталығының материалдық-техникалық негізі және мамандарды дайындау деңгейі сорттардың селекциясында жоғарыда айтылған әдістерді кеңінен қолдануға мүмкіндігі бар. Бірақ аймақта сорттардың селекциясында қолданылып келген және қолданылатын негізгі әдіс - будандастыру. Жаздық жұмсақ бидайдың сорттарының ең көбі осы әдістің негізінде құрастырылған.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Ацци Д. Сельскохозяйственная экология. М. Издательство иностранной литературы, 1959. — 480с.
2.БайтулинИ.О. Корневая система сельско-хозяйственных культур. — Алматы. Наука, 1967.— 244с.
З.Бакаев Н.М., Ревенская П.К. Северный Казахстан, релъеф, климат, почвы /Яровая пщеница в Северном Казахстане.-Алматы. Кайнар, 1976. — С.21-29.
4.Бараев А.И. Яровая пщеница в Северном Казахстане.-Алматы. Кайнар, 1976. — 115с.
5.Бекмаханов Е.Б. Очерки истории Казахстана 19 в. —Алматы. Мектеп, 1966. — 115с.
6.Бекмаханов Е.Б. История Казахской ССР. — Алматы. Мектеп, 1968. — 80 с.
7.Болашов А.Н. Влияние периодической засухи и пониженнной влажности на урожай пщеницы и на развитие ее зародышевой и узловой корневой системы // Записки станции физиологии растений Ленинградского СХИ, 1930. -Стр. 14-15.
8.Бурдун А.М., Гуйда А.Н. Основные параметры идеального сорта яровой пщеницы на Кубани // Селекция яровой пщеницы, М.,1977. — С. 126-130.
9.Вавилов Н.И. Научные основы селекции. — М. 1935, Сельхозгиз. — 244с.
10.Вавилов Н.И. Селекция как наука // Избр.труды.-М. -Л. 1960. -Т.2 -С. 9-70.
11.Вавилов Н.И, Закон гомологических рядов в наследственной изменчивости. — Л. Наука, 1967. — 92с.
12.Вальтер О.А. Физиологические исследования двух сортов яровой пщеницы в условиях почвенной засухи и последующего полива // Тр. Лаборатории физиологии и биохимии растений. М., 1934, т.1. — 40с.
13.Ведров Н.Г. Оценка исходного материала в селекции пщеницы по степени развития зародышевых корней // Труды Краснодарского СХИ. — 1968. — С. 234-278.
14.Внучкова В.А., Чеботарева Т.М., Аветисова
Л.В. Индукция іп._УІІГО каллуса и растений
пщеницы из незрелых зародышей // сельскохозяйственная биологая. —1987. ™1. — С, 34 -38.
15.Гапоненко А.К., Маликова Н.И., Охрименко Г.Н., Созинов А.А. Получение самоклоналъных линий у злаков /Тгііісит аезііуит Ь. Нопіеит уиідаге Ь./ Докл. АН СССР. -1985. -т. 283. -С. 1471-1475.
16.Гензель Г. Физиология накопления урожая и селекция зерновых культур на урожайность // Сельское хозяйство за рубежом. 1966. -™7. — С. 19-25.
17.Грамматикати О.Г. Роль корней, проникающих в глубокие слои почвы, в водном питании растений / / Водный режим растений в засушливых районах СССР. М., 1961. -С.46-247 /Изд-во АН СССР/.
18.Григорьев А.А. Природные условия Казахстана. -М. -Л. Изд-во АН СССР, 1944. - 126с.
19. Жуковский П.Н. Пщеница в СССР. -М.Л, 1960.-Т.2.-С. 9-70.
20.Дубицкий А.Ф. Где течет Ишим.-Алматы. Казахстан, 1965. — 307с.
21.3ыкин В.А., Савицкая В.А. Селекция мягкой и твердой яровой пщеницы в Западной Сибири // Селекция яровой пщеницы. М., 1977. — С. 20-23/ Научные труды ВАСХНИЛ/.
22.Иванов П.К. Яровая пщеница. — М., Колос, 1971. -328с.
23.Ильина Л.Г. Селекция яровой пщеницы в НИИСХ Юго-Востока. -Саратов, 1970. -вып.27. -С. 5-126.
24.Кандауров В.И. Виды и сорта яровых пщеницы, возделываемых в Северном Казахстане. Алматы, Кайнар. — 1976.
25.Кандауров В.И., Мовчан В.К. Засухоустойчивость, биологические и морфологические признаки яровой шценицы // Повышение засухоустойчивости зерновых культур. М., 1970. 70 с.
26,Кандауров В.И., Мовчан В.К. Некоторые вопросы селекции яровой пщеницы на продуктивность и иммунитет на севере Казахстана / / Научно-технический бюллетень "Селекция и растениеводство" , ВНИИЗХ, Шортанды. — 1974. — С. 15-23.
27.Корнилов А.А. Биологические основы высоких урожаев зерновых кулътур. М., 1968. — 241с.
28.Красовская И.В. Корневая система растений и рост ее в зависимости от внешних факторов // Труды по прикладной ботанике, генетике и селекции. - 1926. -т 15. - вып . 5. -С. 57-114.
29.Красовская И.В. Пределъная влажность почвы для развития узловых корней хлебных злаков // Труды по прикладной ботанике, генетике и селекции. Л. — М., 1935.- т 3. - вып. 8. - С. 5-30.
30.Красовская И.В. Корневая система яровой пшеницы и рост ее в зависимости от внешних условий // Научный отчет института зернового хозяйства Юго-Востока СССР за 1943-45 гг., Саратов, 1947. - С.
31.Кружилин А.С. Корневая система полевых культур Юго-Востока в сухом земледелии и при орошении // Труды конференции по почвоведению и физиологии культурных растений. Саратов. — т. 2, - 1938. -С. 274-283.
32.Кузьмин В.П. Селекция и семеноводство зерновых культур в Целинном крае Казахстана. — М. -Ц. Колос, 1965. 197с.
33.Кузьмин В.П. Итоги и перспективы селекции и семеноводства зерновых культур в северных районах Казахстана // Сельскохозяйственная биология. Отдельный оттиск, 1966. Т 1 — вып. 1. — Ис.
34.Кузьмин В.П. Особенности селекции яровой пшеницы на засухоустойчивость на севере Казахстана // Известия АН КазССР. Серия биологическая. — 1968. Март-апрель. ™ 2.
35.Кузьмин В.П. Селекция яровой пшеницы на засухоустойчивость в Северном Казахстане // В кн. Повышение засухоустойчивости зерновых культур. М., 1970. - С. 6-17.
36.Кузьмин В.П. Вопросы селекции сельскохозяйственных культур. — Алматы. Кайнар, 1978. - 432с.
37.Кузнецова Е.С. Географическая изменчивость вегетационного периода культурных растений / по данным географических посевов 1923-27 гг./ //Труды по прикладной ботанике, генетике и селекции, Л., 1929. Тю21. Вып. 1. С.321-446.
38.Кумаков Б.А. Модель сорта мягкой яровой пшеницы для степного Поволжья // Селекция яровой пшеницы. М., 1977. — С. 70-75. / Научные труды
ВАСХНИЛ/.
39.Куперман Ф.М. Физиология развития роста и органогенеза пшеницы // Физиология сельскохозяйственных растений. М., МГУ. — 1969. — С. 7-204.
40.Лукьяненко П.П. Основные итоги работ по селекции озимой пшеницы и ячменя / с 1920 по 1931 гг./ , Краснодар, 1932. - Зіс.
41.Лукьяненко П.П. Озимая пшеница Безостая 1 // Селекция и семеноводство. — 1961. -™ 23. —50-54.
42.Лукьяненко П.П. Селекция продуктивных и устойчивых к полеганию сортов озимой пшеницы // Генетика сельскому хозяйству. М. Колос, 1963. С. 214-229.
43.Лукьяненко П.П. Селекция и семеноводство озимой пшеницы. — М. Колос, 1973. — 448с.
44.Мамонова В.Н. Мощный резерв повышения урожайности и качества зерна пшеницы // Селекция и семеноводство. -1966. ™ 1. С. 20-22.
45.Мовчан В.К. Морфо-биологические особенности и продуктивность яровой пшеницы в зоне Северного Казахстана // В кн. Селекция и семеноводство полевых культур. М., С. 121-184. / Научные труды ВАСХНИЛ/.
46.Неттевич Э.Д. Яровая пшеница в Нечерноземной зоне., М. Россельхозиздат, 1976. С. 195-219.
47.Неттевич Э.Д., Щеглова Н.С., Пташенчук Н.В. Повышение биологического потенциала продуктивности яровой пшеницы в процессе селекции // Сельскохозяйственная биология. Т. 12. ™ 4. 1979. - С. 391-396.
48.Носатовский А.И. Пшеница /Биология/. — М. Сельхозгиз, 1950. - 408с.
49.Носатовский А.И, Пшеница /Биология/. — М. Колос, 1965. -568с.
50.Нефедов А.В. Использование признаков корневой системы в селекции яровой твердой пшеницы // В кн. Вопросы земледелия в Северном Казахстане, 1967. Т 1. С. 66-68.
51,Орлов А.А. Ботанико-географический очерк пшениц Казахстана // Сельскохозяйственная наука Казахстана. Орган Комитета науки ЦИК КазССР. ™ 1. Казкрайгиз. 1934. 66с.
52.Орлов А.А. Пшеницы Казахстана. Алматы. Казкрайгиз, 1935. — 66с.
53.Пальмова Е.Ф. Введение в экологию пшениц.
— М. — Л. Сельхозгиз, 1935. — 76с.
54.Петелина А.М., Федорин Ю.В. Почвенный покров Северного Казахстана // Природное районирование Северного Казахстана. М.-Л., 1960. С. 82-96.
55.Пельцих И.И. Изучение корневой системы пшеницы различного географического происхождения // Сборник трудов аспирантов и молодых научных сотрудников /ВИР/, 1963. ™ 3 С. 41-47.
56.Писарев В.Е. Селекция зерновых культур. М. Колос, 1964. -318с.
57.Писарев В.Е. Пшеницы в Иркутской губернии.
— Иркутск. 1922. — 71с, /Труды Восточно-Сибирской
сельскохозяйственной опытной станции/.
58.Разумов В.И. Среда и особенности развития растений. М. —Л. Сельхозгиз, 1954. — 144с.
59.Редков В.В. Почвы Целиноградской области.
Алматы. Наука, 1964. —вып. 5. — 314с.
60.Ротмистов В.А. Корневая система сельскохозяйственных растений и урожай // Советская агрономия. - 1939. ™ 8. С. 61-74.
61.Савицкая В.А. Разработка идеала интенсивного сорта твердой пшеницы для восточных районов страны // Селекция и семеноводство, 1977.™ 4. С. 8-12.
62.Сказкин Ф.Д. Критический период у растений по отношению к недостатку воды в почве. — Л. Наука, 1971. 120с.
63.Сдобников С.С. Особенности климатических условий Целинного края и агротехника зерновых культур // Труды НИИЗХ, Колос, 1964. -т. 2.- С. 3-16.
64.Сулейменов И.С. Культура пшеницы в Казахстане. — М. ОГИЗ-сельхозгиз, 1948. — 261с.
65.Сулейменов И.С. Культура ІІшеницы в Казахстане. Алматы. Казгосиздателъство, 1957. ~-294с.
66.Сулейменов И.С, Развитие культуры пшеницы в Казахстане. Алматы. Кайнар, 1971. — 115с.
67.Тарчевский И.А. Основные методы и некоторые результаты комплексного изучения продуктивных процессов у пшеницы // В кн. Физиолого-генетические основы повышения продуктивности зерновых культур. М., 1975. С. 282-291. '
68.Терновский М.Ф. Яровая пшеница в Западно-Сибирской области. Ботанико-географический очерк, частъ 1. Изд-во Западно-Сибирской областной опытной станции. Омск, 1927. — 168с.
69.Тетеряченко К.Г. Анатомо-биологический метод в селекции п.ри создании моделей сортов мягкой озимой пшеницы высокоинтенсивного типа // В кн. физиолого-генетические основы повышения продуктивности зерновых культур. М., 1975. — 267с.
70.Удачин Р.А. Влияние условий выращивания на длину вегетационного периода мягких пшениц // Сб.трудов аспирантов и молодых сотрудников /ВИР/ , 1961. С. 66-76.
71.Утешев А.С. Климат Казахстана. Л. Гидрометеоиздат, 1959, — 360с.
72.Утешев А.С. Засуха и урожай хлебов. Алматы. Кайнар, 1965. — 15с.
73.Федоров Н.И. Продуктивность пшеницы. Саратов. Саратовское книжное издательство, 1980. -176с.
74.Федорович Б.А. Природное районирование Северного Казахстана. М. — Л. Академия наук СССР, 1960. -457с.
75.Фокеев П.М. Яровая пшеница на Юго-Востоке //Научные труды НИИСХ Юго-Востока, 1961. — вып. 20. - 188с.
76.Хориков О.С., Ермилов А.О., Каратаева Л.П., Швидченко В.К. Межстанционное и экологическое испытание сортов ярового ячменя и озимой пшеницы в сухой степи севера Казахстана. Новое в селекции зерновых культур и трав на севере Казахстана. Целиноград. 1979. С.58-77. /Сб.работ ВНИИЗХ/.
77.Хориков О.С., Куличенко Н.А., Моисеева Н.Е. Итоги и перспективы работы в Северо-Казахстанском селекцентре // Научно-техническйй бюллетень ™ 8. Целиноград, 1977.
78.Хориков О.С., Швидченко В.К. Изучение мировой коллекции яровой мягкой пшеницы в условиях Северного Казахстана, Комплексные меры
повышения урожаиности сельскохозяиственных культур в зерновой зоне Казахстана. Целиноград. 1982. С. 24-30. /Сб. Работ ВНИИЗХ/.
79.Хориков О.С., Ермилов А.С., Швидченко В.К. Результаты экологического изучения сортов озимой пшеницы в Северном Казахстане. Селекция зерновых культур в Северном Казахстане. Целиноград. 1983. С. 41-50 /Сб.научных трудов ВНИИЗХ/.
80.Хориков О.С., швидченко В.К. Короткостебельные пшеницы на севере Казахстана и их значение для селекции. Сорта сельскохозяйственных культур Северо-Казахстанского селекцентра и их особенности агротехники. Целиноград. 1984. С. 39-43. /Сб. Научных трудов ВНИИЗХ/.
81.Хориков О.С., Ермилов А.С., Швидченко В.К. Создание скороспелых интенсивных сортов яровой пшеиицы, их исходный материал для селекции. Результаты селекции в Северном Казахстане. Целиноград, 1985. —19-25 /Сб. Научных трудов ВНИИЗХ/.
82.Хориков О.С., Швидченко В.К. Вегетационный период и урожайность пшеницы на севере Казахстана. Результаты селекции в Северном Казахстане. Целиноград. 1985. С. 43-47. /Сб. научных трудов ВНИИЗХ/.
83.Хориков О.С., Ермилов А.С.,Зинченко В.И., Швидченко В.К. Озимая пшеница в Северном Казахстане и перспективы ее использования в селекции сортов яровой мягкой пшеницы интенсивного типа. Результаты изучения сортов пшеницы в титикале в различных географических зонах СССР, Л., 1985. Т. 96. С.50-53 / Сб. научных трудов по прикладной ботанике, генетике и селекции ВИР/.
84.Хориков О.С., Швидченко В.К. Получение дружных всходов озимой пшеницы в условиях сухостепной зоны севера Казахстана. Итоги и перспективы селекционной работы в Северо-Казахстанском селекцентре. Целиноград, 1977. — вып.8. — С. 3-4 /научно-технический бюллетень/
85.Цыганков И.Г. Развитие корневой системы яровой пшеницы в Актюбинской области // Труды Актюбинской областной с.-х. Опытной станции, 1970. -т 1. С. 32-43.
86.Чупахин В.М. Страна природных контрастов. Алматы. Казахстан, 1973. — 133с.
87.Шевелюха В.С. Закономерности ростовых процессов и продуктивность сельскохозяйственных растений // В кн. Физиолого-генетические основы повышения продуктивности зерновых культур. М., 1975. -С. 23-34.
88-Шехурдин А.П. Яровая пшеница. Избранные сочинения. М„ 1961. -С. 124-133.
89.Шехурдин А.П. Пути и методы селекции яровой пшеницы на Юго-Востоке СССР. Избранные сочинения. М., 1961. -С. 260-270.
90.Яхтенфельд П.А. Культура яровой пшеницы в Сибири. М. Издательство сельскохозяйственной литературы, журналов и плакатов, 1961. —359с,
91.Веvегsdоrf W.D. Аррlісаtіоn оf рlаnt tіssuе аnd сеll сultuге tо field сгорs іmргоvеmеnt the uр- аnd down-sіdе // Рlаnt tissuе and сеll сultuге. N.Ү. 1987. Р. 359-365.
92.Вогlaug N.Е. Мехісаn Wһеаt ргоduсtіоn аnd іt thе еріdеmіоgу о£ stеm rust іn north Аmегіса //Рһуіораtһоlоgу. -1954. Үо1.44. -Р. 398-404.
93.Соорег D.В. Sеагs R.V. Lооkһаrt Ү.L. Jоues В.J. Негіtаblе sоmасlоnаl vагіаtіоn іn glіаdіn ргоtеіns о£ wһеаt рlаnts dегіvеd from іmmаtuге еmbгуосаllus сultuге // Теог. Аррl. Gеnеt. - 1986. V. 71. -Р. 784-790.
94.Соmbell L. Lafewer Н. Сultivate environment interactions in soft red winter wheat tests // Сгор. Sоі. 1977. Vol.17. -Р. 605-608.
95. Chaleff R.S. Genetics of Higher Plants Applications of Cell Culture // Cambridge Univ. Press. 1981. — Р. 41-96.
96. Donald C. M. The breeding of crop indectypes //Euphytica. 1968. -Р. 385-403.
97.Evans D.A. Somaclonal variation // Plant Biology. 1987. -Р.59-69.
98. Lorz H. Gobel E. Brown P. Advances in tissue culture and progress towards genetic transformation of cereals //Plant breeding. 1988. Р. 1-25.
99. Nass N.G. Determination of character for yield selection in spring wheat // Canadian Jounal of Plant Sci. 1973.-vol.53. Р.755-762.
100. Novak F.I. Kudalakova M.Cytogenetic stydies tissue of ( Triticum aestivum) // J.Exp. Bot. 1978. — vol.34. - Р.915-926.
101. Ruscha. U. Morphogenese bei kalluskulturen des weizes // Tagungsber. Akad. Landwirtschaft. Wiss. 1982, -Bd. 207. -S.15-21.
102. Sallans B.J. Inherent Differences in depth of crown in wheat ant barley // Canadion Journal of Plant Science. 1961. –vol. 41. -Р.-493-498.
103. Sears R.G. Descart E.L. Tissue culture variability in wheat callus induction and plant regeneration // Crop. Sci 1982. - vol.22. - Р. 546-550.
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
Бидай дақылы Солтүстік Қазақстанда
Бидайды егіп өсірудің қысқаша тарихы
Солтүстік Қазақстандағы бидайлардың тегі, түрлері және түршелері
Солтүстік Қазақстандағы селекциялық жұмыстың тарихы____
Солтүстік Қазақстандағы бидай селекциясының негізгі шешетін мәселелері
Аймақта өсірілетін жаздық жұмсақ бидай сорттарының сипаттамасы
Солтүстік Қазақстанның климаты
Солтүстік Қазақстандағы жаздық бидайдың өнімділігі және морфологиялық-биологиялық ерекшеліктері
Өсу мерзімі
Агрометеорологиялық факторлар және жаздық бидай сорттарының Қазақстанның солтүстігіндегі өнімділігі
Жаздық жұмсақ бидайдың әртүрлі пісетін сорттарының тамыр жүйесінің даму ерекшеліктері
Солтүстік Қазақстан аймағының жағдайларына жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сортының болжамдалған үлгісі
Селекция әдістері
Әдебиеттер
Мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |