Солтүстік қазақстандағы жаздық ЖҰмсақ бидайдың селекциясының жетістіктері мен болашағЫ



жүктеу 0,61 Mb.
бет2/4
Дата21.11.2018
өлшемі0,61 Mb.
#22659
түріЛекция
1   2   3   4
.

Қазақстанның солтүстігінде бидай селекциясында негізгі мәселе - өнімді құрастыруға керек құнарлылық ресурстарын толық пайдаланатын сорттарды шығару. Сондықтан кең алқаптағы өнімділікке селекциялық жұмыста бірінші болатыны өсімдіктердің биологиялық, физиологиялық және морфологиялық қасиеттерінің белсенді тәсілдерін және оларды қоршаған жағдайлармен сәйкестеу. Жаздық бидайдың өнімділігін жоғарылату үшін жергілікті климаттың жағдайында академик В.П.Кузьмин айтқандай, селекционерлерге күрделі комплекстік белгілермен жұмыс істеу керек. Ең маңыздылары мыналар: І.топырақтың температурасы 8-10 градуста тұқымдардың бір уақытта өнуі, 2.еккеннен кейін 5-6 төулікте өсу қуаттылығы, түптенуі, түпкі тамырлардың саны мен ұзындығы, З.еккеннен кейінгі 5-6 күні өскіннің ұзындығы мен өсу қуаттылығы, 4.тұқымның егістегі өнгіштігі, өскіндердің жиілігі, 5.жамылғы ұлпалардың беріктігі, түктілігі, жапырақтардың балауыз қабаты және олардың шаң дауылдар мен зиянкестердің механикалық зақымдануына төзімділігі, б.бірінші жапырақтардың өсу қуаттылығы, көлемдері, аязға төзімділігі, күннің күйдіргеніне және ауаның құрғақшылдығына төзгіштігі. 7.зақымдалған жапырақтардың жаңаларымен толтырылу қуаттылығы мен мүмкіншілігі. 8.түптену кезеңіндегі құрғақшылдыққа төзімділігі. 9.түптену кезеңіне ауысу уақыты. 10.сабағы мен масағының өсу кезеңіне ауысу уақыты. 11 .жапырақтардың бір өсімдіктегі және масақтану кезеңіндегі 1 кв.м егістіктегі бетінің көлемі, фотосинтез өнімділігі. 12.түптеніп өсу кезеңіндегі қүрғақшылыққа төзімділігі. ІЗ.масақтану кезеңіндегі және одан кейінгі құрғақшылыққа төзімділігі, астыңғы жапырақтардың солуы, орта қатардағы жапырақтардың тургорды жоғалтуы, жоғарғы жапырақтардың ыстық уақыттарда бүрісуі. 14.масақтану кезеңінің ұзақтығы. 15.масақтың жапырақ қынабынан шығуы. Іб.масақтан жапырақ қынабына дейінгі сабақтың ұзындығы. 17.сабақтың үзындығы. І8.тамыр шірігімен, татпен және қаракүйемен зақымдалу уақыты мен мөлшері. І9.пісу ұзақтығы. 20.масақтың отыруы, қисайуы. 21,тамыр түбінен және сабағынан жапырылу типі. 22.сабақтарының биіктігі мен біркелкілігі. 23.дәннің масақтан шашаылуға төзімділігі. 24.вегетация кезеңінде өсімдіктердің жалпы сақталуы. 25.өсімдіктердің жалпы және дәндік өнімділігі, дәннің өсімдік салмағына қарағанда шығу пайызы. 26.бір өсімдіктегі қуалап өскен сабақтардың саны. 27.дәннің толықтылығы. 28.дәнді жинағаннан кейін бірінші күнгі өнімі. 29.тазалап және сорттағанда болатын қалдық /отход/ саны. ЗО.бір көлемде өнімнің құралдарын дұрыс келістіру /өсімдіктер саны,өнімдік түптенуі, масақтағы дәндердің саны және бір дәннің салмағы/.

Н.И.Вавилов атындағы Ресейлік ғылыми - зерттеу институтының дүниежүзілік гендік қорында әр түрлі белгілері бар бидайдың өсімдіктері көп. Осы ғылыми орынның жаздық бидайының үлгілерін жергілікті климат жағдайында кеңінен және әр жағынан зерттей отырып селекционер керек түрлерді ана-мына белгілерімен селекциялық жұмыс жүргізуге ала алады. Қазақстанның солтүстігінде зерттелетін бидай үлгілеріндегі керек белгілерді экологиялық зерттеумен табуға болады, оны жүргізген бақылаулар көрсетті. /О.С.Хориков, А.С.Ермилов, Л.П.Каратаева, В.К.Швидченко 1981-1985/. Осы белгілердің барлығы әр түрлі тәсілдердің көмегімен селекциялық өңдеуге икемді. Олардың біреуінің дамуын бәсеңдетсе өнімді төмендетеді, кейбір жағдайда тіпте көп.

Қазақстанның солтүстігіндегі тәжірибе мынаны көрсетеді, өндіріске келген жаңа сорттар өнімділікті көтерді. /О.С.Хориков, В.К.Швидченко, 1981/. Дәннің сапасы да жақсарды. Мына сорттар, Целиноградка, Целинная 20, Целинная 21, Целинная 60, Целинная Юбилейная өнімділікті дәннің сапасымен сәтті біріктірді. Жаздық жұмсақ бидайдың сорттарында жоғары өнімділікті дәннің жоғарғы сапаларымен біріктіру Қазақстанның солтүстігінде мүмкін болды. Бірақ бұл мәселені селекциялық процесте толық шештік деуге болмайды. Қазіргі ауыл шаруашылық өндірісі селекционерлерден одан да жоғары өнімді дәндері өте жақсы сапалы сорттарды талап етеді. Сондықтан, қазіргі уақытта ең басты бағдарлар селекцияда өнімділікті көтеру және дәннің сапасын көтеру. Қазақстанның солтүстігінде дөннің кейбір белгілерін күшейту селекциялық қиындық туғызбайды. Ол белгілерге ақуыздың көлемі жатады. Қиындау жағдайда, селекция жағынан, басқа технологиялық көрсеткіштері.

Қазақ АШҒЗИ-дың биохимия және технология зертханасының айтуынша төрт жылдық зерттеуде Акмолинка 1 сортында ақуыздың көлемі 17,88 пайыздан, кейін 18,77-ге өзгерді, Жауын-шашын көп болған жылдары ақуыз көлемі төмендемейді. Осындай көрсеткіштер басқа сорттарда да бар. Ұнның күшінде керісінше көрсеткіштер байқалады. Жылдың метеорологиялық жағдайларына қарай ұнның күші көп өзгереді, тіпті бұл көрсеткіш бидайдың күшті сорттарында да төмендейді. Сондықтан Қазақстанның солтүстігіндегі шаруашылық егістіктерінде дәннің сапасын, жылға байланысты төмендетпейтін бидай сорттары керек.

Екінші маңызды және өте күрделі мәселе - ерте пісетін сорттарды құру. Қазақстанның солтүстігінде жоғарғы өнімділікті жоғары сапалы дәнмен біріктіре отыра тез пісетін сорттар болу керек. Ауыл шаруашылық өндірісінде осындай сорттарға сұраныс мол. Өкініштісі, осы уақытқа дейін тез пісетін жоғары өнімді жаздық жұмсақ бидайдың сорты шығарылған жоқ.

Қазіргі уақытта бұл аумақтағы орташа пісетін және ортадан кеш пісетін жаздық бидайдың сорттарының көптігі ауыл шаруашылық жұмыстарғада көп ауыртпалық жасайды, көбінесе жауын-шашынды суық жылдары агротехниканың кейбір элементтерін бұзуға жағдай туғызады. Сондықтан, Қазақстанның солтүстігінде бидай сорттарының ерте пісуі мәселесі-селекцияның осы уақыттағы ең маңыздысы. Ауыл шаруашылығында бұл мәселені екі жолмен шешуте болады, бірінші, жаздық бидайдың тез пісетін сорттарын құру, екінші, күздік бидайлардың сорттарын өндірісте өндіру. Алайда жаздық жұмсақ бидайдың тез пісетін сорттарын шығару және солтүстікте күздік бидайды өсіру - күрделі мәселе. Бұл мәселені орынды шешу үшін селекцияда ұзақ ізденістер мен зерттеулер керек. Мәселе биоклимат, физиология және генетика салаларында комплекстік ізденістерді талап етеді. Екінші күрделі мәселе - суарылмайтын егіншілікке жаздық жұмсақ бидайдың интенсивтік және жартылай интенсивтік сорттар құру. Бұл сорттар жалпы икемділігімен қатар, жергілікті жағдайларға, жауын-шашынды және топырақтың құнарлылығын молынан пайдаланатын сорттар.

Дүниежүзілік селекцияның жаздық жұмсақ бидайдың жоғары өнімді интенсивтік типті сорттарын шығару табыстары баршамызға кеңінен таныс. Жаңа генетикалық әдістердің негізінде құралған ескі сорттық кемшілікті, жоғары өнімді қысқа сабақты сорттармен айырбастаудың нәтижесінде Америкада, Иидияда, Батыс Пакистанда т.б елдерде астықты мол өндіруге мүмкіндік берді. Нобель премиясының лауреаты Норман Борлаугтың қысқа сабақты сорттары Мексикада астықты 3,5 млн-нан 25 млн.тоннаға дейін өндіруге, ал бидайдың сорттарының өнімділігін 7,5-тен 30 ц/га дейін көтерді.

Кеңес заманының селекционерлері күшімен көптегеи қысқа сабақты, жоғары өнімді бидайдың сорттары құрылды, олар отандық селекцияның алтын қорына мол үлес қосты. Кеңінен белгілі бидайдың тырбиғандық гені бар қысқа сабақты сортын академик П.П.Лукьяненко құрастырған. В.Н.Ремесло, П.И.Товстик құрастырған ергежейліктің үш гені бар сортқа көңіл бөлуге болады. Алайда шетел және ТМД елдерінің кейбір аумақтарындағы қысқа сабақты сорттарды құруда жақсы көрсеткіштерді көре отырып, біздің селекционерлер бұған жете көңіл бөлмей келеді.

1969 жылы Ауыл шаруашылық министрлігінің ұйғарымы бойынша Қазақ АШҒЗИ-дің селекция және генетика бөлімі жаздық бидайдың қысқа сабақты интенсивті сорттарын зерттеп өндіріске енгізді. Жергілікті жағдайға сай алынған агротехникаға сәйкес конкурстық сорттық сынау жүргізілді. Солтүстік Қазақстанға әкелінген жаздық жұмсақ бидайдың қысқа сабақты сорттары сорттардың экологиялық-биологиялық типінен алыс жататынын зерттеулер көрсетті, олар жергілікті сорттардан морфологиялық және шаруашылық белгілерімен өте ерекшеленіп тұрады. Бұл сорт Солтүстік Қазақстанның қуаң аудандарына жарамайтындығын көрсетті. Аудандырылған сорттардан қысқа сабақты сорттар өнімділігімен көп төмен, Саратовская 29 - 11,3-12,5 ц/га, Пиротрикс 28 - 14,2-15,4 ц/га.

Солтүстік Қазақстанда алдын-ала сынаудың көрсеткен тағы бір жарамсыз белгісі-олардың тапалдығы, біздің аумақта сабақтың үзындығын қысқартпау жағын тоқтататын экономикалық және табиғи факторлар бар.

Күннің сәулесі көп болғанымен топырақтағы ылғалдың аздығымен өсімдіктер өсіп-дамуын баяулатады, сондықтан егін биік болмайды. Қуаңшылық жылдары ұзын сабақты сорттардың өзі сабағын қысқартып механикалық жинауға жарамсызданады. Тапалдық - жергілікті жердің белгілі құбылысы, ол астық дақылдарын бөліп жинауды қиындатады, өйткені егін жинау жұмыстарын саябырлатады және дәндерді жерде көп қалдырады. Онымен қатар Қазақстанның солтүстігінде топырақты жел эрозиясынан сақтау және қысқы қар тоқтату үшін астық дақылдарын жинағаннан кейін биік аңыз қалдыру керек. Қысқа сабақты сорттардың сабағының биіктігі сонау жылдары 41-48 см болды. Бөлектеп жинағанда қысқа сабақтық тапалдықтан к,алдырған аңыз шапқан массаны көтере алмайды, сондықтан олар топыраққа тиеді де, дестенің кебуі мен бастыруы қиындайды.

Индия, Чили, Мексика, АҚШ, Канада, Италияның интенсивті жаздық бидайларының қысқа сабақты сорттарының дүниежүзілік коллекциясын зерттеудің көрсеткені олар орта және ұзын сабақты сорттардан өнімділігімен асып түсе алмады. Ол сорттар ауа қуаңшылығына төзімсіз. Осыған байланысты Солтүстік Қазақстанның жағдайларында жаздық жұмсақ бидайдың интенсивті сорттарын құру үшін олардың тамыр жүйесін күшейту керек. Бұл жағынан, бастапқы материал ретінде, Солтүстік Қазақстан селекциясының сорттары - Акмола 1, Шортандинка, Шортандинская 25, Пиротрикс 28 т.б-ларға көңіл бөліну керек. Мұндай күрделі мәселелерді шешуте генетика, физиология, биохимия және технология салаларының мамандарын кірістіру керек. Осындай алғашқы материалды комплексті өңдеу уақытты да, шығынды да азайтады. Қазақстанның солтүстігінде жаздық бидайдың өнімі көп жағдайларда климатқа байланысты, ал ол өте құбылмалы. Интенсивті егіншіліктің талаптарына сай жаздық бидайдың сорттарын шығаруға климаттың жалпы құрғақшылығы кедергі болады. Бірақ бұл аумақта құрғақшылық жылдарымен аралас жауын-шашынды жылдар болады. Осындай жылдары жаздық бидайдың сорттарының өнімділігі 30 ц/га, одан да мол болғанда астықтың жалпы түсіміне әсер етеді, жердің кеңдігіне байланысты болады /О.С.Хориков, В.К.Швидченко, ІІ.И.Зинченко, 1982/.

Сонымен бидайдың интенсивті сорттарын селекциялауда жауын-шашынды жылдарға бет бұру керек. Ол сәйкес құралатын сорттардың өнімділігі 60 ц/га және одан да көп болу тиіс. Құрғақшылық жылдары жаңадан құрылған сорттар өнімділігін, құрғақшылыққа төзімді сорттардың өнімділігінен төмендетпеу керек. Айта кету керек, интенсивті сорттарды селекциялағанда Солтүстік Қазақстанда ксерофильдік және гигрофильдік белгілерді сәйкестендіру. Қазіргі уақытта Бүкілресейлік өсімдік шаруашылық институтының коллекциясынан селекционерлер суармалы жерде жаздық жұмсақ бидайдың бірнеше жоғары өнімді үлгілерін алды, олар тәлімі жерлерде де жоғары өнімділікпен көзге түскен. Бұл үлгілер Швециядаи, Финляндиядан, Германиядан, Бельгиядан әкелінген. Интенсивті сорттарды құру ретінде бастапқы материал болуға, тәлімі жерлерге жаздық бидайдың басқа да маңызды белгілері мен үлгілер бөлінген -жапырылып қалуға төзімді, вегетациялық кезеңнің ұзақтығы, ауруларға төзімді. Бірақ қазіргі уақытта интенсивті сорттардың сабақ зиянкестеріне, тамыр шірігіне, топырақтың тұздалуына төзімділігі қандай екені туралы толық мәлімет жоқ. Өйткені жаздық бидайдың дымқылдыққа қайтарымды сорттарын құрған бұл қасиеттер өте қажет.

Аймақта өсірілетін жаздық жұмсақ бидай сорттарының сипаттамасы

Акмолинка І, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институгында канадалық маркиз сорты мен күздік бидайды тұқым қуалайтын өзгергіштік тудыратын шағылыстыру жолымен шығарылған.

Авторы В.П.Кузьмин,



Мильтурум түршесіне жатады. Масақтары к,ылтықсыз, қызыл түсті, масақ қабықшалары көмкерілмеген, қызыл дәнді.

Масағы цилиндр тәрізді көлденең қимасында квадрат тәрізді, сәл қысыңқы, шамамен ірі /10-12 см/ , жатып қалуға төзімді. Тығыздығы орташа немесе ортадан төмен. Жоғарғы масақшалары қылтық тәрізді өсінділерімен бітеді, ұзындығы 1,0-1,5 см-ге жетеді. Масақшалары көп дәнді /3-5 дәнді/. Масақ білігінің масақшалары жұмыртқа тәрізді, негізінде қатты к,ысылған, бүйірлерінде шашыраңқы.

Масақ қабықшалары ашық қызыл, сопақша, қазтабанға жақын /ұзындығы 7-8 см, ені 4мм/, дөрекі. Кең иықты, шамамен тік немесе қисайған, жоғары жағына қарай көтерілген. Қыры айқын ажыратылған. Масақ қабықшасының негізіне дейін жетеді, барлық бойында ұсақ тісшелері бар. Қыр тісшелері өте қысқа /0,5-1 мм/. Тік, мұқалған, масақтың өн бойында көмкерілген, тісшеленген. Гүл қабықшалары дәнді, салыстырмалы түрде, тығыз жауып тұрады.

Дәні сарғыш-қызғылт, сопақша, мұқалған / ұзындығы 6-7 см, ені 3-4 мм/, орташа ірі, 1000 дәннің массасы орта есеппен 25-33 г, орташа ұнды немесе орташа шынылы. Дән ойығы кең, бетшесі бұрышты. Айдары қысыңқы. Фенолмен боялуы күңгірт. Сорт шашылып қалуға орташа төзімді. Сабанының биіктігі орташа, жуан, дөрекі, жатып қалуға төзімді. Жапырақтануы орташа. Жапырақ қынабы көмкерілген. Жапырақтары күңгірт жасыл, кең, қысқа, қатты, әлсіз есілген. Сабан буынаралықтары, тамыр жүйесі өте күшті дамыған. Түп көмкерілген. Егін көгі- орташа қысыңқы. Сорт ортадан кеш мерзімде піседі, қуаңшылыққа төзімді. Тозаңды қаракүйемен және қоңыр тат ауруларымен зақымдануы орташа. Ұндық сапасы орташа және ортадан төмен, жоғары өнімді, көктемгі бозқырауды жеңіл көтереді.

Сорт 1945 жылы аудандастырылған.



Карагандинская, Қарағанды ғылыми-зерттеу совхоз институтында буданды /Мильтурум 321 х Псевдо-Гостианум 303/ Лютесценс 38 линиясымен шағылыстыру жолымен шығарылған.

Авторы П.А.Вертилецкий.



Велютинум түршесі. Масағы қылтықсыз, ақ, қабықшалары көмкерілген, дәні қызыл. Даланың шығыс экологиялық тобына жатады.

Масағы әлсіз, орташа ұзындықта немесе ұзын / 8-11 см/, орташа тығыздықта /10 см білікте, 17-19 масақша/. Масақтың жоғарғы бөлігінде қылтық тәрізді түзінділері қыска /0,5 мм/. Гүл қабықшалары дәнді тығыз жауып тұрады.

Масақ қабықшалары қызғылт түсті, жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 5-8 мм, ені 3-4 мм, нервациясы орташа көрінген. Көмкерілуі әлсіз дамыған. Кең иықты, масақ асты кесілген, үсті көтерілген. Килі жіңішке, жақсы көрілген, қабықшаның негізіне дейін жетеді. Киль тісшелері қысқа /1,0-1,5 мм/, масақ бойында бәрі бірдей. Дәні сопақша, ұнды, орташа ірі. 1000 дәннің массасы 23-32 г. Фенолмен боялуы күңгірт-қоңыр. Сорт шашылып қалмауға төзімді. Сабаны орташа биіктікте немесе биік /60-120 см/, қолайлы жағдайда суарғанда 155 см, мықты, жатып қалуға төзімді. Жапырағы қатты түкпен жабылған,түбі аралық.

Егін көгі көмкерілген, колеоптилі түссіз.

Сорт ортадан кеш піседі.

Тозаңды қаракүйемен зақымдануы әлсіз немесе ортадан төмен. Қатты қаракүйемен қатты зақымданады. Швед шыбынымен, сабақ бүргесімен зақымдануы орташа және ортадан жоғары. Ұндық сапасы орташа, нандық сапасы орташа және ортадан жоғары.

Сорт көктемгі бозқырауды жеңіл көтереді, топырақтың сортаңдалуына шыдамды. 1949 жылы аудандастырылған.

Шортандинка, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Акмолинка 1 сортын Псевдо-гостианум Д-61 сортымен шағылыстырудан шығарылған.

Авторы В.П.Кузьмин.



Пиротрикс түршесі. Масағы қылтықсыз, қызыл, қабықшалары көмкерілген, дәні қызыл. Далалық шығыс экономикалық тобына жатады.

Масағы жіп тәрізді, орта ұзындықта немесе ұзын /9-11мм/, тығыздығы орташа /10 см білікке 18-20 масақ келеді/. Масақтың жоғарғы жағындағы қылтық тәрізді өсінділері қысқа /0,5-1,0 см/. Масақшалары көп дәнді, масақтың ортаңғы бөлігінде 4 дәнге дейін. Масак, қабықшалары ашық қызыл, дөрекі, сопақша ланцет тәрізді, ірі, кең. Көмкерілуі өте әлсіз көрілген /жеткіліксіз дамыған масақшаларында мүлде жоқ/. Нервациясы қатты көрілген. Өте кең иықты, тік. Килі қатты көрілген, әлсіз тістешеленген. Тісі әлсіз жеңіл тістешеленген, қысқа /0,5-1,0 ем/, масақтың оң бойында біттей. Дәнді гүл қабықшалары тығыз ораиды.

Дәні ұзынша сопақша, ұнды, ірі. 1000 дәнінің массасы 31-41 г. Дән ойығы қатты көрінген, айдары ирек. Дәннің фенолмен боялуы қоңыр. Сорт шашылып қалмауға төзімді. Сабаны орташа биік, мықты. Жапырылып қалуға төзімді, пісіп жетілгенде кейде күңгірт қызыл. Жапырақтары әлсіз көмкерілген, тік тұрғыш түп, егін көгі қысқа қалың түкпен жабылған. Сорт құрғақшылыққа төзімді.



Қоңыр татпен, тозаңды қаракүйемен зақымдануы ортадан төмен. Қатты қара күйемен қатты зақымданады. Швед шыбынымен зақымдануы орташадан қаттыға дейін. Астық жолақ бүргесімен зақымдануы сорттарға қарағанда көп.

Ұндық сапасы орташа және ортадан төмен, нандық сапасы ортадан төмен.

1951 жылы аудандастырылған.



.Саратовская 29. Ресей Федерациясының Оңтүстік-шығыс ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында Альбидум 4х Лютесценс 55/11 гибридті шағылыстыру арқылы шығарылған.

Авторлары А.П.Шехрудин, В.Н.Мамонтова, Н.И.Куликов.

Лютесценс түршесі. Масағы қылтықсыз, ақ, қабықшалары көмкерілмеген, дәні қызыл. Далалық волгалық экологиялық топқа жатады.

Масақ пішіні призмалыға жақын, жоғарыға қарай әлсіз қысыңқы, орташа ұзындықта /8-10 см/ және тығыздығы /10 см білікке 18-20 масақ келеді/, масақтың жоғарғы жағында қылтық тәрізді түзінділері 1.5 см дейін.

Масақ қабықшалары жұмыртқалы-қандауырлы, орташа ұзындықта /ұзындығы 8-9 мм, ені 3,5-4,0 мм/ , нервациясы анық көрінген, килі әлсіз белгіленген. Иығы жіңішкеден өте кең пішінді және шабылғаннан көтеріңкіге дейін. Киль тістері дөрекі немесе әлсіз үшкір, масақ негізіне қарай кең, қысқа /0,5-1.0 мм/ . Килі қабықшаның негізіне дейін жетеді. Гүл к,абықшалары дәнді әлсіз аяқтайды.

Дәні ірі, шынылы немесе жартылай шынылы, ұзынша, 1000 дәннің массасы 32-42 г.

Сабаны орташа немесе биік /75-120 см/, ашық сары, жапырақ ені орташа және ұзын.Түбі аралық немесе тік тұрған. Сорт жатып қалуға орташа төзімді. Егін көгі қысқа түкпен көмкерілген. Сорт орташа мерзімде піседі. 80-110 күнде пісіп жетіледі. Қүрғақшылыққа төзімділігі ортадан жоғары, ІІІашылып қалуға төзімді. Тозаңды қаракүйемен әлсіз зақымданады. Қоңыр татпен және қатты қаракүйемен қатты зақымданады. Швед шыбынымен, сабақ бүргесіне орташа төзімді. Нандық сапасы жақсы және өте жақсы. Күшті бидайға жатады. Аудандастырылған жылдары ұндық сапасы бойынша көрсеткіші жоғары болған және әлемдік селекцияда маңызды орынға ие. Дәннің толысу және қалыптасу кезеңдерінде жылуға өте жоғары талап қойғыштығымен ерекшеленеді, сондықтан /төменгі температурасы/ дәннің толысуымен пісіп жетілу кезеңінде төменгі температуралы және жауын-шашын көп түскен жылдары Сібір мен Солтүстік Қазақстанда күшті бидайдың талабына сай емес дән береді.

Солтүстік Қазақстанда 1961 жылдан аудандастырылған.

1976 жылы Саратовская 29 сорты 21,8 млн.га немесе 50,7 процент бидай егістігін алған. Сорт бұрынғы КСРО-ның 30-ға жуық облыстары мен өлкелерінде себілді, бірақ негізгі егістіктер Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанда болды.

Безенчукская 98. Сорт Ресей Федерациясы ауыл шаруашылығының Куйбышев ғылыми-зерттеу институтында Солтүстік Америка қос будан ДС 11 -21-44 /ВИР жинағының үлгісі/ эритроспермум Б-47 линиясымен шағылыстыру нәтижесінде алынған будандық популяциядан екі мәрте жеке сұрыптау жолымен шығарылған. Бастапқы түрі 11-21-44 Миннесотада /АҚШ/ түраралық Маркиз х Юлипто буданын жұмсақ бидайдың түрішілік Конред х Маркиз буданымен шағылыстыру жолымен алынды. Авторлары А.М.Варфоломеева, Д.П.Буйлин.

Эритроспермум түршесі. Масағы қылтықты, ақ, қабықшалары көмкерілмеген, дәні қызыл. Орманды - далалық волга экологиялық тобына жатады.

Масағы қылтықты, орташа ұзын /8-9 см/, борпылдақ /10 см білікке 15-17 масақша келеді/, кейде орташа тығыздықта /18-20 масақша/. Қылтығы дөрекі, әлсіз айырылатын, шамамен масаққа тең. Масақтың ортаңғы бөлігіндегі масақшалары жиі үш дәнді, қолайлы және суарғанда төрт дәнді.

Масақ қабықшалары дөрекі, әлсіз иілген, сопақша немесе жұмыртқа тәрізді /ұзындығы 7,5-8,0 мм, ені 3-4 мм/. Нервациясы жақсы белгіленген. Қабықшаның негізінде әжімімен ойығы әлсіз көрінген. Килі қабықшаның негізіне айқын көрінген. Киль тісшелері үшкір, жиі қысқа /2 мм/, көптеген өсімдіктерде орташа ұзындықта /3-5 мм/, сирек ұзын /5 мм жоғары/. Иығы масақтың төменгі бөлігінде жіңішке немесе мүлде жоқ, жоғарғы бөлігінде тік, төмпешікті. Гүл қабықшалары дәнді жеткіліксіз табады.

Дәні сопақша немесе жұмыртқа тәрізді, шынылы немесе жартылай шынылы, орташа іріліктен жоғары немесе ірі. 1000 дәннің массасы 30-35 г. Фенолмен дәннің боялуы күңгірт немесе қоңыр. Сорт шашылып к,алуға төзімді, жақсы үгітіледі.

Сабаны орташа биіктікте немесе биік /85-120 см/, жатып қалуға төзімді. Жапырағы ашық-жасыл, сирек көмкерілген, түбі тік тұрғыш. Егін көгі өте әлсіз көмкерілген, калеоптилі антоцианмен боялмаған.

Сорт ортадан кеш піседі. Өсіп жетілу кезеңі 85-95 күн. Құрғақшылыққа төзімділігі жоғары. Сортаң топырақта жақсы өседі. Маусым аяғы мен шілденің басындағы жауын-шашынды өнімді пайдаланады. Қоңыртат және тозаңды қаракүйемен зақымдануы әлсіз, тамыр шірігі және септориозбен ортадан төмен және орташа зақымданады. Швед шыбыны, біте, бізтұмсықпен орташа зақымданады.

1961 жылы аудандастырылған.



Ұндық және нандық сапасы жақсы және өте жақсы. Күшті бидай қатарына жатады.

Қызыл бас , Қарағанды ғылыми-зерттеу совхоз-институтында жергілікті Мекрен сортын Пионерка және Флора сорттарымен күрделі сатылы будандастыру әдісімен шығарылған.

Авторы Я.К.Бычек.



Барбаросса түршесі. Масақ білігі түкті, қызыл, қылтық қызыл түсті, дәні қызыл.

Масақ цилиндрлі, тіреуші пішінді, білігі дөрекі айырылған.Масақ ұзындығынан қысқа немесе бірдей. Сабанның ұзындығы орташа, мықты, жапырақтары ашық жасыл, әлсіз түктелген.

Дәні сопақша қысқа, шынылы, ірі, 1000 дәннің массасы 33-38 г.

Вегетациялық кезеңнің ұзақтығына қарай ортадан кеш пісетін сортқа жатады. Шілде, тамызда болатын жауын-шашынды жақсы пайдаланады, ауа және топырақ қуаңшылығына төзімді. Әсіресе түптену және түтіктену кезеңдерінде жоғары агрофонға және ылғалдылыққа өте сезімтал. Шаңды қаракүйемен залалданбайды. Сары татпен әлсіз зақымданады. Бурыл татпен орташа залалданады. Жатып қалуға төзімді, шашылмайды, жеңіл үгітіледі. Солтүстік Қазақстанда бұл сорт күшті бидай тобына кіреді. Аймақта 1963 жылдан аудандастырылған.

Целиноградка. Сорт Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы институтында жергілікті Мильтурум 45 жаздық бидайы мен күздік Украинаның кооператорка бидайын будандастыру арқылы алынған.

Авторы В.П.Кузьмин, В.И. Кондауров т.б. Бұл сорттың ерекшелігі болып аталық формаларының будандастыру алдында тамыр жүйесінің мықтылығы бойынша таңдау болып табылады.

Түршесі Лютесценс, масағы қылтықсыз, ақ түксіз, дәні қызыл.

Масақ цилиндрлі, орташа тығыздықты.



Масақша анық көрінген, көп дәнді, енді. Қылтық масақтың түбінен басталады да масақтың жоғарғы жағына жалғасады, ұзындығы 1,5-2,0 см. Масақ қабықшалары жұмыртқа пішінді ланцетті, орташа дөңесті, жіңішке,орташа енді. Иығы қисықтан көтеріңкіге дейін өзгереді, дөңесті. Килі орташа көрінеді, нервациясы әлсіз, бір жақ жанында жүйке көрінеді. Кильді тісше қысқа, дөңестеу, тұмсық тәріздес. Дәндері сопақ ұзынша, ашық қызыл түсті, орташа ірі, шынылы, тұқым жолы тұйық, тереңдігі орташа, ұрығы ұсақ, дөңес.

Өсімдік формасы тік. Сабағы биік, қалың, толық, к,алың қабырғалы, мықты, жапырақтарының арасы ашық, жасыл, түкті. Целиноградканың ерекшелігі масақтың қарқынды бояуы-бурыл қызыл түсті.

Күрделі жаздық-күзгі бола тұра Целиноградка кейбір жылдары қылтықты және қылтықсыз, түкті және түксіз формалы болады.

Вегетациялық кезеңі бойынша бұл сорт ортадан кеш пісетін сортқа жатады.

Биологиялық ерекшелігі бойынша суыққа төзімділігі жоғары, жазғы құрғақшылыққа төзімділік және жазғы ылғалға сезімталдылық білдіреді. Күшті бидай сортына жатады.

Бурыл татқа орташа төзімді, бірақ сабақты және шаңды қара күйеге бейімді. 1967 жылы аудандастырылған.

Пиротрикс 28. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Шортандинка сортынан таңдау арқылы шығарылған.

Селекция жеке тамыр жүйесін және жапырақтарды, оларды қорғайтын түктерді сақтау арқылы өнімділікті жоғарылату арқылы жүргізілген.

Авторлар В.П.Кузьмин, В.И.Кандауров, В.К.Мовчан.

Түршесі-Пиротрикс.Масақ қылтықсыз, қызыл, қабықшасы түкті, дәні қызыл. Далалық Батыс экологиялық топқа жатады, ортадан кеш піседі. Басқа сорттармен салыстырғанда үлкен артықшылығы — метеорологиялық ауытқулар мен топырақ жағдайларының өзгеруіне төзімділігі болып келеді. Соның нәтижесінде қуаңшылық кезінде, жақсы ылғалданған кезде, суық және ыстық жылдары әр түрлі топырақ түрлерінде жоғары өнім алуға болады.



Сорт жатып қалуға және шашылуға орташа төзімді. Шашылуға, тамырда тұрып қалуға немесе дестеде жатып қалуға бейім.

Дәннің физикалық қасиеті- шынылығы мен натурасы Саратовская 29 стандартынан асып түседі. 1000 дәнінің массасы 20-35,0 г. Құрамындағы ақуыздың мөлшері Саратовская 29 сортынан жоғары, 16,0-19,3 пайыз болып келеді.

Бидайдың наубайханалық және технологиялық сапалары бойынша күшті бидайлар қатарына кіреді. Табиғи жағдайда сорт тозаңды қаракүйеге төзімді және тамыр шірігі мен сабақ татымен аудандырылған сорттардай зақымдалады.

1973 жылдан аудандастырылған.



Шортандинская-25.. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жыныстық будандастыру әдісімен Саратовская 36 сортын жаздық жергілікті селекция Лютесценс 38 сортымен шағылыстырылып алынған.

Авторлары В.И.Кандауров, В.К. Мовчан, Б.А.Лакс, Л.М.Городилова.

Лютесценс түршесі. Масағы ақ, қылтықсыз, гүл қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Далалық шығыс экологиялық тобына жатады. Сорт орташа пісетін топқа жатады.

Түптену-масақтану даму мерзімінде әлсіз, ал дәннің толу және қалыптасу мерзімінде жылдам дамуы бул сорттың биологиялық ерекшеліктері болып есептеледі. Бұл ерекшеліктер сорттың ерте жаздың және жаздың екінші жартысындағы құрғақшылыққа төзімділігін күшейтеді. Саратовская 29 сортымен салыстырғанда екі күн кеш масақтанады, бірақ бір уақытта піседі. Жаздың екінші жартысында жауын-шашын мол болған жылдары 2-3 күн кеш піседі. Сорт шашылуға төзімді, жатып қалуға орташа төзімді, механикалық оруға жарамды. Ірі дәнділерге жатады. 1000 дәннің массасы 33-37 г. Жоғары шынылы-90 пайыз, дәннің натурасы 807 г/л. Дәндегі протеиннің көлемі 14,2-17,6 пайыз, Технологиялық және наубайханалық сапасы Саратовская 29 сортынан қалмайды, күшті бидайлар сортына жатады.

Қара тозаңды күйемен, тамыр шірігімен, қоңыр татпен Саратовская 29 сортынан кем зақымданады. 1975 жылдан аудандастырылған.

Целинная-20, Сорт Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында будандастыру әдісімен Ласточка және Саратовская 29 сорттарын шағылыстыра отырып, үш біркелкі морфологиялық белгілері мен линияларды қосып алған.

Авторлары В.И.Кандауров, В.К.Мовчан, А.С.Ермилов, Н.И.Моисеева, О.С.Хориков, Р.Н.Оковитая, Г.А.Лакс, Л.М.Городилова.

Түршесі- эритроспермум. Масағы қылтықты, ақ, гүл қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Далалық шығыс экологиялық тобына жатады.

Ортадан кеш пісетін сорт. Құрғақшылыққа төзімді, жаздың екінші жартысының жауын-шашынын жақсы пайдаланады. Шашылуға және жатып қалуға төзімді. Дәндегі протеин көлемі 14,8-16,1 пайыз. Технологиялық және наубайханалық сапасы Саратовская 29-дан кем емес, күшті бидайларға қоятын талаптарға сай.

Тозаңды қаракүйеге орташа төзімді, ал қоңыр және сабақ татымен Саратовская 29 сортындай зақымдалады.

Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде, Челябинск облысында 1978 жылдан, ал Омбы облысында 1979 жылдан аудандырылған.

Қазақстан Республикасында 1979 жылдан аудандырылған.

Целинная - 21. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Ласточка және Саратовская 29 сорттарын будандастыру әдісімен алынған.

Авторлары Р.К.Мовчан, В.И.Кандауров, А.С.Ермилов, В.П.Кузьмин, О.С.Хориков, Р.Н.Оковитая.

Түршесі-лютесценс. Масағы ақ, қылтықсыз, гүл қабықшалары түксіз, дәні қызыл. Далалық шығыс экологиялық тобына жатады.

Масағы цилиндр тәрізді, үстіне қарай сопақ, толықтығы орташа /10 см білігінде 17-20 масақша/, үзындығы 7-9 см. Масақ қабыршығы дөрекілеу, дөңкиген, сопақша ұзын пішінді. Тісшесі орта көлемді, тік, (үшкір, иығы астыңғы жағында қисайған, үстінде көтеріңкі. Килі жақсы көрінеді. Гүл қабыршықтары к,ылтықтарымен 5 мм дейін үстіңгі жағында.

Дәні сопақша-ұзын, ашық-қызыл, саяз жолшаларымен, ірі. 1000 дәннің массасы 31,1-43,6 г. Сабағы орта бойлы, берік, жапырағы көк-жасыл, түптену кезеңінде кішкене балауызды және түкті. Тік түптенген.

Өсу мерзімінің уақытымен ортадан кеш пісетін сорттарға жатады, жаздың екінші жартысындағы жауынды өте тиімді қолданады, құрғақшылыққа төзімді, жатып қалуға бейімді. Қоңыр татпен және тамыр шірігімен өте қатты зақымдалады, тозаңды қаракүйемен орташа. Наубайханалық сапасы жақсы, күшті бидайлардың тізіміне енгізілген.

1980 жылдан аудандырылған.



Карагандинская - 2, Қарағанды ғылыми-зерттеу совхоз институтында Барбароса 6/99 / линия, туыстық сорты Қызылбас/ және Саратовская 29 бес буынды буданының өзіндік таңдау әдісімен шығарылған.

Авторлары Я.К.Бычек, ТА.Середа, Т.С.Боровая.



Пиротрикс түршесіне жатады. Масағы қызыл, қылтықсыз, қабықшасы түсіңкі, дәні қызыл.

Масағы ұршық тәріздес, әлсіз төбесіне қарай үшқырланған, көлденең кескіні квадратты, орташа, ұзындығы 6-дан 10 см-ге дейін, орташа тығыз. /10 см білікте 19-21 масақша/

Масақша дөрекі, күшті түктелген, жұмыртқа тәрізді, ені 4-5 мм, ұзындығы 9-10 мм, нервациясы әлсіз көрінеді. Тісті масақша, қабықшасы өте қысқа, орташа өткір. Иығы тік немесе сәл көтеріңкі, орташа ұзын, килі өте айқын көрінген, қабықшаға дейін жетеді.

Гүл қабықшасы сопақша-ұзынша, ашық жері шашыраңқы, дәні орташа ірі. 1000 дәннің массасы 34,0-40,0 г, ұзынша, жұмыртқа тәрізді немесе сопақша. Тұқым ойығы ұсақ, дәннің түсі қара-қоңыр. Сабаны орташа жуан, мықты, қуысты.

Жапырағы ақшыл жасыл, түптену кезінде орташа түкті, балауызбен көмкерілген, масақтану кезінде жапырақтың ұзындығы орташа. Бұтағы орташа, тіктікке жақын.

Ортадан кеш пісетін сорт, құрғақшылыққа, шашылып және жапырылып қалуға төзімді. Тозаңды қаракүйемен кейбір жағдайда әлсіз зақымданады, қоңыр және сабақ татына төзімді. Күшті бидайға жатады.

1980 жылы аудандастырылған.



Омская 9. Ресей Федерациясы Сібір ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтында Безостая 1 х Саратовская 29 /1210/ будан туысын топтау әдісімен алынған. / 6 линияның бірігуі/.

Авторлары Г.П.Высокос, В.С.Сусляков, Л.А.Михеев, В.А.Зыкин, К.Г.Азиев, А.И.Юферова.

Лютесценс түршесі. Масағы ақ, қабықшасы қылтықсыз, шашыраңқы емес, дәні қызыл. Орманды-дала батыс-сібір экологиялық тобына жатады.

Масағы призмалы, орташа ұзын /8,0-9,3 см/ және тығыз. Масақша қабықшасы сопақша, айдары орташа айқын көрінген. Тісшесі қысқа, иығы орташа, тербеліңкі, киль өн бойында көрінген.

Дәні ірі, тұқым ойығы терең емес, 1000 дәннің массасы 35-44 г. Сабаны орташа ұзын /70-100 см/, құлауға төзімді. Жапырағы жасыл, бұтағы тік. Ортадан кеш пісетін сорт, құрғақшылыққа төзімді, шашырауға және жапырылуға төзімді. Тозаңды қаракүйемен зақымдануы орташа, қоңыр татқа әлсіз. Күшті бидайға жатады.

1980 жылы аудандастырылған.

Целинная-26. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Шортандинская 25 сортын х ГК 25 /АҚШ/ шағылыстыру арқылы шығарылған.

Авторлары В.К.Мовчан, В.Г.Кривобочек, В.И.Кандауров, О.С.Хориков және басқалар.

Лютесценс түршесі. Масағы қылтықсыз, ақ қабықшасы шашыраңқы емес, дәні қызыл.Далалық ығыс экологиялық тобына жатады.

Масағы пирамидалъді-цилиндрлі пішінді, орташа ұзындығы 6-8 см және тығыздығы 10 см масақ білігінде 17-22 масақша.

Масақ қабықшасы сопақша, орташа ұзындығы 8-10 см және ені 3-4 мм, айдары айқын көрінген. Масақша қабықшасы тік, нервациясы қысқа, тікше, өткір. Иығы тік, жоғары жағы көтеріңкі, килі айқын көрінген.

Дәні жұмыртқа ұзынша пішіндес, ашық-қызыл түсті, орташа ірі. 1000 тұқымның массасы 27-32,7 г. Дәні жалаңаш, тұқым ойығы көгілдір, кең.

Сабағы орташа жуан, қуысты, иілуге икемді. Жапырағы тік өскен, түптену кезінде көлемімен орташа, жасыл. Бұтақтың пішіні тік.

Саратовская 29 сортымен салыстырғанда бүкіл өсіп даму кезеңінде жапырақтары ашық түсті, әлсіз түкті сәл балауызды және масақтың тығыздығы үлкен. Қылтықшаның дамуы тік, ұзындығы қысқаша.

Орташа мерзімде пісетін сорт. Саратовская 29 сортымен салыстырғанда 1-2 тәулік кеш піседі және жапырылып қалуға төзімді.

Наубайханалық сапасы жақсы. Септериозбен және қоңыр тат ауруымен күшті зақымданады, ал тозаңды қаракүйемен орташа. Зиянкестердің ішінде швед шыбынымен зақымдалады. 1983 жылдан аудандырылған.

Целинная-60, Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ГК-25 /АҚШ/ және Шортандинская 25 будандастырылып алынған сорт.

Авторлары В.К.Мовчан, В.Г.Кривобочек, В.И.Кандауров, О.С.Хориков және басқалар.

Лютесценс түршесіне жатады. Сабағы қылтықсыз, ақ қабығы шашыраңқы емес, дәні қызыл.Далалық шығыс экологиялық топқа жатады. Сабағы призма тәрізді, орташа тығыз 17-19 масақ 10 см білікке келеді, ұзындығы 6-8 см. Масақ қабықшасының тісшесі қырлы, түзу қысқа, иығы түзуден көтеріңкі, килі орташа көрінген. /қабықтың жартысына дейін/. Дәні орташа іріден іріге дейін, жұмыртқа тәрізді ұзынша пішінді, тұқым ойығы орташа жіңішке, 1000 дәннің массасы 33,4-43 г.

Сабаны орташа биік және жуан қалың, жатып қалуға бейімді. Жапырақтары түптену кезінде және өсімдік тік болып келеді, орташа түкті.

Саратовская 29 сортымен салыстырғанда оның барлық өсу кезеңінде жапырақтарының түсі ақшыл жасыл, әлсіз түкті және қарқынды түрде балауызбен көмкерілген. Масақ өте тығыз және гүл, масақ қабықшаларының өлшемдері кіші. Егін көгі масақтану мерзімінің кешеуілденуі және өнімді жылдары екі күнге кеш пісуі бұған тән. Орташа мерзімнен кеш пісетін сорт, Саратовская 29 сортынан 1-3 күн ерте піседі. Наубайханалық қасиеті өте жоғары. Орташа және ортадан жоғары тозаңды қаракүйемен, стандарттың көрсеткішіндей тат ауруымен іақымданады.

1986 жылдан бастап аудандастырылған.

Иртышанка – 10, Сібір АШИ топтық талдау мен будандық популяциядан алынған. Авторлары В.П.Высокос, В.С. Сусляков, А.А. Михеев, В.А.Зыкин, С.С.Синицын.



Лютесценс түршесіне жатады. Масағы ақ, түксіз, қылтықсыз, дәні қызыл түсті. Орманды-далалық Сібірлік-Орал экологиялық топқа жатады. Масағы призма тәріздес, орташа ұзындықты 7,4-8,3 см, тығыздығы орташа 10 см білікте 17 масақша. Масақ қабықшалары жұмыртқа пішінді, ұзындығы 8-10 мм, ені 4-6 мм. Масақ қабықшаларының тісшелері анық көрінген, иығы орташа, тік /3 мм дейін/, килі барлық ұзындығына айқын көрінеді. Дәні сопақ, ірі, ойығы саяз. 1000 дәннің массасы массасы 37,2-42,1 г. Сабаны орташа биіктікте, жапырылуға төзімді. Сорт ортадан ерте піседі, Саратовская 29 сортынан 1-4 күн ерте піседі. Жазғы-көктемгі құрғақшылыққа орташа төзімді, шашылуға және дестеде өнуге төзімді. Қоңыр татымен орташа зақымданады, тозаңды қаракүйемен және тамыр шірігімен зақымдануы мүмкін. Сорт күшті бидай қатарына жатады. Наубайханалық қасиеті жоғары.

1986 жылдан аудандастырылған.

Целинная Юбилейная. Сорт Қазақ АШҒЗИ-да Мироновская 808 және Целинная 21 будандастыру әдісімен алынған сорт.

Авторлары В.К.Мовчан, В.Г.Кривобочек, В.И.Кондауров, О.С.Хориков және басқалар.

Лютесценс түршесіне жатады, масағы ақ, қылтықсыз, түксіз, дәні қызыл түсті. Масақ сабаққа тік орналасқан. Тұқымның пішіні жұмыртқа тәріздес, дәні ақшыл түсті, шынылы, ірілігі орташа. 1000 дәннің массасы 31,9-34,6г, Түптену кезеңінде өсімдік тік болып өседі. Жапырақтары жасыл, сәл балауызданған. Сабағы орташа, жуан, іші қуыс. Целинная-Юбилейная сорты басқа сорттардан морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бар. Оның сыртқы гүл қабықшалары қырлы болып келеді, 0,5-1 см дейін. Қырлары тік, бірақ кейбір жағдайда дөңес болып келеді, қырының өлшемдері ортасынан жоғары қарай молаяды. Сорт ортадан кеш пісетін сортқа жатады. Саратовская 29 сортына қарағанда табиғи жағдайда және инфекцияланғанда тозаңды қаракүйемен аз зақымданады. Қоңыр және сабақ татымен стандартты Саратовская 29 сортының аудандастырылған сорттарындай сол мөлшерде залалданады.

Сорттың нандық сапасы жақсы, күшті бидай тізіміне енгізілген.

1988 жылдан бастап аудандастырылған.



жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау