Пән: АЛГЕБРА
|
Сынып: 8
|
Күн:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Квадраттық функция. у = ах2 + п және у = а(х – т)2 функциялары және олардың графиктері.
|
Мақсаты:
|
Квадраттық функция анықтамасын, анықталу облысын, мәндер облысын анықтай білу. Квадраттық функция графиктерін салып және түрлендіру параболаның симметрия осін, тармақтарының бағытын, төбесінің координасын табу. Жаңа технологияларды қолдана отырып есеп шығару белсенділігін арттыру, жетілдіру. Әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, өз бетінше іздене білуіне, математикалық тілде сөйлей білуіне дағдылау.
|
Сілтеме:
|
8-сынып алгебра оқулығы, 8-сынып дидактикалық материалдар, есептер жинағы.
|
Негізгі идеялар:
|
Функция, функцияның анықталу облысы, функцияның мәндер жиыны, функция және оның графигі, () функциясы, оның графиктері мен қасиеттері, квадрат теңдеу және оның түбірлері.
|
Сабақтың дидактика
лық кезеңдері
|
Мұғалімнің іс -әрекеті
|
Оқушының іс -әрекеті
|
Жұмыс тәсілдері, әдіс-формалары
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Психологиялық ахуал тудыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа ынталандыру, зейінін мақсатқа бағыттау. Теңдеулерге байланысты 4 топқа бөлу.
|
«Көтеріңкі көңіл-күй» шаттық шеңбері. Зейіндерін сабаққа аударады. Топқа бөлінеді. Өз рөльдерін анықтайды(топ басшысы, хатшы, таймкипер, баяндамашы)
|
Тәсілі: Сұрақ- жауап
Формасы: ұжымдық.
|
Мақсат қою:
|
Оқушылармен бірлесе отырып, сабақтың атқарылар жұмыстың мақсатын, бағыттарын анықтау.
|
Квадрат функцияның графигін салып зерттеуге бағыттау, бағыт бағдар беру.
|
Тәсілі: қысқаша мәлімет беру
|
Үй тапсырмасын тексеру:
|
№242(1,2) жұптық жұмыс арқылы тексеру, бір-бірін бағалау.
|
Жұптық жұмыс арқлы бір-бірлерін тексереді, талқылайды, дәлелдейді. Бір-біріне баға береді.
|
Әдіс-тәсіл: жұптық жұмыс, пікір алмасу.
|
Жаңа сабаққа дайындық:
|
«Ой қозғау» топтастыру стратегиясы:
Функция дегеніміз не? Анықталу облысы, мәндер облысы
у=kx+b, y=k/x, y=ax2 +bx+c, y=x3+3 функцияларынан квадрат функцияны анықта
анықтамасын тұжырымда
1) Квадраттық функция графиктерін анықта
Берілген суреттен х2 коэффициентінің таңбасын анықтау:
|
Өткен тақырыптарға шолу жасайды.
Сұрақтарға әр топтан топ басшылары жауап береді.
Берілген тапсырмаларды топпен талқылап орындайды.
Әр топ бір-бірлерін бағалайды.
|
Тәсілі: топтық, жекелей жұмыс, ізденіс, ой толғау. Ғылыми дәлелдерге сүйену.
|