2 Физикалық тұнбалар
Қайнатпа - медицинада – дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік
өсімдік шикізатынан алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен
қыздыра отырып сумен экстракциялау арқылы алады. Қайнатпаны сұйық дәрі
ретінде ішеді (жүрек, бауыр, бүйрек, т.б. ауырғанда) және денеге шыққан
жараны жуып, шаю үшін пайдаланады. Қайнатпаны дайындау үшін
өсімдіктердің жапырақтары мен,
гүлдерінің
ірілігі
5
мм,
сабағы,
қабығы, тамыры мен тамыршаларын 3 мм, жемістері мен тұқымдарын 0,5 мм-
дей, ал қабаты қалың өсімдік жапырақтарын 1 мм-ден артық болмайтындай етіп
ұсақтайды. Ұсақталған өсімдік шикізатын фарфор, эмаль немесе тотықпайтын
металдан жасалған ыдысқа салып, үстіне салқын (бөлме темп-расындағы) су
құйып, ыдыстың қақпағын жауып, оны қайнап тұрған су моншасында 30 мин
қыздырады. Алынған қайнатпа суығаннан кейін (10 мин-тай) сүзіліп, ыдыста
қалған өсімдік шикізаты арнайы түтікше үстінде (воронка) сығылады.
Физикалық химиялық тазалаудан кейін тұндырғыштан ұсталатын
қалдықтар. Олар реагенттерді қолданған кезде, сүзген кезде, электролиз,
адсорбция, иондық алмасы, кері осмос, экстракция және басқа әдістерді
қолданған кезде пайда болады. Анаэробты жағдайда пайда болатын шіріген
тұнбалар метантенкте, екі сатылы тұндырғышта, анаэробты шіріткен кездерде
пайда болады.
Тұнба – қайнатпай тұндыратын биологиялық белсенді заттардың сулы
ерітіндісі. Әдетте тұнбаны ұсақтап, майдаланып салынған өсімдіктен 10 есе көп
су құю арқылы жасайды. Тұнба таза дәрілік қасиетке ие, ағзаға жақсы сіңеді әрі
әсері тез, күшті болады. Тұнбаны суық сумен де, ыстық сумен де дайындайды.
Суық сумен дайындау кезінде майдалап ыдысқа салынған өсімдіктікке
қайнаған суық суды құю керек. 4-8 сағат тұндырады. Сосын тұнбаны дәкеден
өткізіп барып ішеді. Ал ыстық сумен дайындау кезінде өсімдікке ыстық су
құйып, 15-20 минуттай ыстық пештің үстіне қойып, суды қайнауға дейін
жеткізбей дәкемен сүзіп алады.
Тұнба мен қайнатпа тез бұзылады, сондықтан күнде дайындап тұрған жөн.
Әсіресе, жаз кезінде керек. Салқын жерде 2-3 тәуліктен артық сақтамайды.
Тұндырма – 40-70 пайыздық медициналық спирт (не арақ) құйып
дайындайтын өсімдіктің дәрілік түрі. Тұндырманы 1:5 қатынасындай етіп
жасайды. Яғни, 20 грамм шөпке – 100 мл спирт. Егер өсімдік уытты болса, онда
1:10 қатынасындай етеді. Тұндырманы бөлме температурасында, қараңғы жерде,
жақсы жабылатын ыдыста сақтайды.
Тұндырманы өсімдік ұнтағына одан бес не он есе көп спирт құйып
дайындайды. 7 тәуліктей тұруы тиіс. Дайындалған тұндырма тұнық әрі өсімдікке
тән иісі мен дәмі болуы керек.
Спирт тұндырманы ұзақ сақтауға болады. Фармацевтикалық зауыттарда,
химиялық зертханаларда осы тәсілмен галенді және химиялық препараттар
жасалады. Тұндырманы кейде тамшы деп те атайды.
|