Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік
Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғамның дамуы барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған.
Қазіргі жағдайда «монетарлық теория» өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтайшылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.
Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикады жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызбен өлшенген үлесі.
Шетелдік мамандар жұмыссыздың себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.
Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықды екі топқа бөледі:
Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.
Қазір көптеген мекемелер әлдеқашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының қажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:
кадр дефициті
жұмыссыздық.
Университеттер, училишщелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет.
жұмысшыларды мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру, бұл әдіс негізінен натуралды шаруашылықтарға тән.
жұмыссыздық әсерін төмендету, бөл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жөмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.
Жұмыс орындарын ашу. Бұған келісу қиын, өйткені ол кедей елдерден имигранттар келуін көбейтпесе, ашылған жұмыс орындарға жергілікті жұмыссыздардың бара қоюы екіталай.
Жоғарыда аталған әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі де бар. Ол қоғамдағы басқа жұмыссыздыққа әсері бар факторлар:
Білім беру
жұмыс табуға көмек т.б.
Бұл факторларды қолдана отырып сыртқы жұмыс іздеп келушілер мәселесін де еске алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |