Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
СӨЖ
Пәні: Қолданбалы экономика
Тақырыбы: Жұмыспен қамту және жұмыссыздық
Орындаған: Тұлымхан Назерке
Тобы: ГТ-19-1
Тексерген: Құдабаева Ляззат Асановна
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жұмыссыздық туралы жалпы түсінік
Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамтамасыз ету саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту мәселесі басты проблемалардың бірі отыр. Дүниежүзілік Банктің 2000-2001 жылдары Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек: “Асып тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік орын алып отыр”. Жер шарындағы 6 млрд. тұрғынның 2,8 млрды, демек тең жарымына жуығының күндік табысы 2 АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді. Алайда, кедейлер саны күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өсуі байқалуда.
Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі әрі басты мәселелерінің бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.
Бірақ, елімізде бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі назар аудартатын өзекті мәселе халық арасындағы табыстың азаюы, кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.
Дегенмен де, шынайы оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін барлық жағдай жасал, үлкен көлемдегі шетел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.
Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз әлемдік экономикалық жүйеге біртіндеп ену жолында.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы - адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.
Кешенді жұмыс ретінде бұл тақырыпты таңдауымыздың себебі кедейшілікпен күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл – ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл – ауқатын жақсартудың бірден – бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.
Тақырыптың маңыздылығы - нарықтық қатынастар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру шаралары қазіргі халықтың, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың әл-ауқатын көтеру мен республикамыздағы басты мәселелердің бірі болып табылатын жұмыссыздық деңгейін азайту бағытындағы шараларды іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |