Жұмыспен қамтудың және жұмыссыздықпен күресудің кейбір аспектілері.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.
Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.
Жұмыссыздықтан қоғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:
Бірінші бөлек жүйе өзінің үшкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.
Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:
Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-экономикалық факторларға бағынышты.
Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына «еңбекке құқығын» қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.
Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.
Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.
Жұмыспен қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір табыс түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің санымен сипатталады. Оны тек еңбектің жалақыға айырбасталуымен түсіндірілетін нарықтық келісім ғана емес, өмір сүру қалпын ұзақ уақытқа, кейде түбегейлі өзгертуге алып келуші ретінде де қарастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |