Смс(ҚХҚ)-хабарламаларындағы ықшамдалу



жүктеу 4,86 Mb.
бет22/23
Дата13.05.2018
өлшемі4,86 Mb.
#12193
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Литература:

1.Н.М. Короленко в Нижнем Новгороде.1885-1996. – Горький, 1986. – 159 с.

2.М.Т. Чернышевский художественного творчество – М., 1984. – 224 с.

3.С.В. Книга об отце. – Ихевск, 1974. -120с.



Түйіндеме

Мақалада В.Г. Короленконың «Чернышевский жайлы естеліктер» романындағы туындыгердің мінез концепциясы қарастырылады. Әдеби портреттің композициялық негізін Короленко-публицистің Чернышевский тұлғасын сипаттау құрайды.


Әдебиет әлеміндегі қайраткер бейнесі
Г.Шәден, ҚазМемҚызПУ 1-курс студенті.
Әдебиет - өмір айнасы. Күнделікті қоршаған ортадан көріп жүрген нәрсені адамды, тіпті, өзіңді әдебиеттен, кинодан көрсең әсері өзгеше болады. Көркем әдебиет автордың жүрегінің жылуы, сезімнің табы білінетін сондай бір дүние болғандықтан, әрқашан қызық. Біз өмір жолы мен қызметін зерттеп, жинап жүрген Жақай Тайшиевтің көркем әдебиеттегі бейнесінен сондай ерекшелікті таптық. Себебі Жақайдың бейнесі қарапайым деректегідей емес, айшықты, жоталы. Жақай Тайшиевтің бейнесін қазақтың белгілі прозаигі, драматургі Сәкен Жүнісов жасады. Оның «Аш қасқырлар қамаған қызыл керуен» повесі мен «Өліара» пьесасының басты қаһарманы біздің жерлес атамыз – Жақай Тайшиев.

Атақты жазушы Сәкен Жүнісовтің Жақай Тайшиев туралы көркем шығарма жазуының себебі не деген сұрақ туатыны заңды. Біздің ойымызша, жазушыны Жақайдың басқа жұрттан ерекше тағдыры, адами қасиеттері қызықтырған сияқты. Повесте Жақай дәл сондай адами қасиеті мол, тағдыры ерекше жан ретінде көрінеді.

Жер шарында теңдесі жоқ үлкен өзгеріс жасаған революционер – көсем, ғалым, өзгеше тұлға Владимир Ильич Лениннің есімі бүгінде кім не десе, о десін, маңыздылығы жағынан адамзат ұзақ уақыт зерттейтін, еш уақытта ұмытпайтын есімге айналған. Уақыт оған әлденеше рет айтар, бәлкім ақтап алар, оны уақыт біледі. Бір нәрсе анық – өз дәуірінде Лениннің аты кедей кепшіктердің аса зор құрмет тұтқан есімі болды.

Жақай Тайшиевтің сол Ленинмен кездесуі, сақшы болуы, ондай дәрежеге бүкіл қазақ даласынан Жақайдың жетуі адам таңғаларлық тағдыр еді. Сондай сәттерде қазақ баласы өзін қалай ұстады. Адамгершіліктің қандай үлгісін көрсете білді, міне, бұл жазушыға да, оқырманға да қызықты жағдай екені түсінікті. Повестен біз қазақ баласы Жақайдың өмірдің ащы-тұщысын көріп шыныққан, парасатты бейнесін көреміз. Повесть Жақайдың Ресейден Қазақстанға қайтып келе жатқан сәтін суреттеуден басталады. Ол арнайы тапсырмамен келе жатыр. Былғары сөмкесінде Лениннің телефоны бар. Оның Ленинге қаншалықты сеніп, құрметтейтіні шығарманың өне бойынан көрініп тұрады. Бұдан Жақайдың айтқан сөзге тұратын, табанды, тұрақтылықты сүйетін жан екендігі байқалады.

Шығармада шегіністер арқылы оның Ленинмен кездескен сәттері көрсетіліп тұрады. Мұнда Жақайдың басты мақсатына берік жан екендігі, өзі сенген нәрсені аяғына дейін жеткізуге қажыр-қайратын аямайтыны көрсетіледі. Жау қолына түсіп қандай қиыншылықтарға душар болса да, ол алған бетінен қайтпайды. Өйткені ол балалар үшін, қарапайым халық үшін, солардың бақыты үшін күресіп жүр.

Повестегі негізгі оқиға Ресейде ашыққан халыққа азық–түлік жинап жеткізу туралы болады. Аштықтан ісіп-кеуіп өліп жатқан балаларға, кедейлерге көмек көрсетуді ол адамгершілік парызы деп санайды. Сол жолда еш нәрседен қаймықпайды, ажалдан сескенбейді.

Сонымен бірге Петропавл – Көкшетау теміржол құрылыс туралы да сөз болады. Оны Жақай қазақ даласына келе жатқан жақсылық деп түсінеді. Сондықтан да бұл жұмысқа ол жан-тәнімен жақ. Повестің жазылған уақыты кеңестік кезең болғандықтан, жазушы тап күресі туралы айтпауы мүмкін емес еді. Дегенмен де мұндағы кейіпкерлер тек бай мен кедей болып қана ерекшеленіп тұрған жоқ, әркім өзінше дараланып көрсетілген. Ақ гвардияшы топ Калчак әскерінің қалдықтарының теріс пиғылдары, жауыздықтары Жақай бастаған топқа қарама-қарсы қойылған. Шынын айту керек, жазушы Ежов, Кудряцев, Белова сияқты қарсы топтың адамдарының бейнелерін бедерлі бейнелеген. Олардың ішкі сырын қимылдарымен үйлестіріп, Жақайдың алдындағы міндеттерін қиындатып жіберген. Осындай күшті жауларға қарсы күресте, әлбетте, Жақайдың бейнесі сомдала түседі. Ол нағыз ерлерге тән әрекеттер жасайды.

Шебер жазушының қолынан шыққан «Аш қасқырлар қамаған қызыл керуен» повесінде оқиға шиыршық атып, оқырманды баурай жөнеледі. Мұндағы адамдар арасындағы тартыс оқырманды бей-жай қалдырмайды. Сондай шытырман оқиғадан Жақайдың аман-есен шығуына тілектес болып отырады. Өйткені жақсылық үшін күрескен Жақай біздің жүрегімізден орын алған, әдеби қаһарман дәрежесіне көтерілген. Талай рет өлім аузынан қалған Жақайдың мақсаты жүзеге асатынын біліп қуанамыз.

Жақайдың Сыр бойынан екені бір-екі жерде айтылып қалады, біз соны мақтаныш етеміз. Сыр бойы қазағының сонау Көкшетау аймағында бүкіл ел үшін күресіп жүргені, нағыз азаматтық іс-әрекеттің иесі Жақай Тайшиев бейнесі бізге үлгі-өнеге. Жақайдың ақылмен істеген жұмыстары қарсы жақты күйдірді, амалы таусылған жау жанталасады. Адамның қандай адам екені қиыншылықта, іс-қимылда білінеді. Мұндай сынға түскен кездерінде көп адамдар жаңылысып, қателеді. Сондай адамдардың бірі – милиционер Нұрислам. Ол кейде Жақайға дұшпандық, қастық әрекеттер жағына да шығып кете жаздайды. Ой-өрісінің тапшылығын байқатып қояды.

Повесте мақсатына берік, жолы тура Жақай ғана өзінің адамгершілігінен танбайды, адамдық бейнесіне дақ салмайды. Жақай: - Міне, жолдастар, сіздерден жұмысшы бауырларың ғана көмек сұрап отырған жоқ, нәрестелер, балалар нәзік қолдарын созып, сәби алақандарын жайып отыр, - деді. Жақайдың осы бір сөзінен оның ізгілікті мақсаты анық сезіледі.

Жақай - Сыр бойынан, қазақ даласынан бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақ жігіті. Ол Европадағы соғысқа қатысып, өмір көрді, жақсы мен жаманды білді, жан-жақты шынықты. Әскери соғыс өнерін үйренді. Повесте оның «Самбо» күресінен жаттығып жүрген кезі суреттелген. Бұл өнер оған кейін қажет болғанын оқиға желісінде көреміз.

Ол әрине өзінің қатар-құрбыларының арасында көш ілгері дамыған, озық тұрған жігіт. Өйткені Жақайды өмірдің өзі оқытқан, Жақайдың өзі талаптанып іздене берген. Сонымен бірге ол тәртіпке бағынған құл болмайтынын түсіне білді. Жақайдың ішкі – сыртқы болмысынан осынау тәртіптіліктің белгісі көрініп тұрады. Тәртіпті адам әрқашанда көзге ұнайды, көңілге жылы тиеді. Повестегі Жақай бейнесінен біз осыны аңғарамыз.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісов біздің Сыр бойының – Жалағаш жерінің азаматы Жақай Тайшиевтің бейнесін сомдаған екі шығарма жазып, ел бақыты үшін күрескен қайраткерге үлкен ескерткіш жасады. Бір повесть пен бір драмалық шығарма кезінде Ұлы Ленин тақырыбында жазылған қазақ Ленинианасы деп бағалағаны рас. Ленин жөніндегі ойымызды білдірдік, тарих еш нәрсені алып тастай алмайды. Кім де болса уақытқа бағынады. Сол тақырыптың аясында біздің Сыр бойының түлегі Жақайдың ұмытылмас тірі бейнесі жасалғанына қуанамыз. Талантты қаламгердің қолынан жасалған Жақай Тайшиев бейнесі қазақ әдебиетінде оқырман жүрегінде сақтала бермек.

Қазақ әдебиетінің классигі Асқар Тоқмағанбетовті оқырмандар сатира сардары деп таниды. Сонымен бірге ол - лирикалық жырлардың, еңбек адамдары туралы толғау жырлардың, дастандардың да авторы. Асқар Тоқмағамбетов өзіміздің төл – топырағымызда туған тарихи тұлғалар туралы көп жазды. Оның «Ақ күріштің атасы», «Ана туралы толғау», «Шынар туралы шындық» атты дастандары Сыр бойында туып өскен Ыбырай Жақаев, Ұлбала Алтайбаева, Бұқарбай батырдың сүйген жары Шынар туралы жыр толғайды.

Ақынның сондай шығармаларының бірі – «Сақшы». Бұл жыр дастанның тақырыбы – атақты жерлес атамыз Жақай Тайшиев. Дастан кеңестік дәуірде жазылғандықтан, сол кезеңнің өмір шындығын суреттеуі заңды құбылыс. Шығарманың кіріспесі революция, Ленин туралы ақынның ой-толғамынан тұрады. Содан кейін жасы ұлғайып қарияға айналған Жақай Тайшиевтің өткеніне шегініс жасап, жастық шығын еске түсірген әңгімесі арқылы дастанның оқиғасы өрбиді. Ауыл жігіті Жақай ВЦИК-тің атынан ашылған курске Мәскеуге барып оқиды. Сонда оқып жүргенінде В.И.Ленин жұмыс істейтін Кремль сарайында күзетші болады. Ленинмен кездеседі. Бір – екі ауыз тіл қатысады. Жақай сол бір кездесуді еске түсіреді.

Ақын поэзия тілімен Жақайдың жан сырын, адами болмысын оқырманға мөлдіретіп жеткізген. Біз дастаннан қазақтың ер жігітін көреміз. Ол сонау Мәскеуге қазақтың домбырасын алып барған.

Күзетші тік тұрар сөйлемей, үндемей,

Бірақ та жүрегім тұра алмас гүлдемей.

Туған жер алыста, қиырда қалса да,

Көзімнің алдында, жақын тұр елдегі үй.

Жақайдың елді, туған ауылын ойлауы сол ел үшін күресетін арманымен қабысып жатыр. Оның ойынша, Ленинді күзету –әлемді күзету, бүкіл халықты күзету. Ол сол үшін қандай қиыншылықтан да қорықпайды.

Кремль жаңарар, сарайлар салынар,

Қазақтың жүрегі әлі де танылар.

Бірақ та ең алғаш ән - жырдың ұрығын,

Біз сепкен, бұл залда дәні бар.

Ақын бұл жерде Жақайдың қиял арманын, болашаққа көз салған тілегін көрсетіп отыр. Қазақтың жүрегі әлі де танылар деген жолда көп мағына жатқан сияқты. Егер ойды ойға жалғап сабақтай беретін болсақ, бүгінгі тәуелсіздігімізге келіп ұштасады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан өркениетті елу елдің қатарында болуы керек деген қанатты сөзі сол Жақайлардың арманының шындыққа айналатынын білдіретіндей.

Кремльде күндер, достық күндері елдің келешектегі бақыты үшін күрес күндері деп тұжырым жасайды ақын. Жақай бейнесі толыға түседі.

Дастан «әділдік өрлесін, қайғы-мұң бітсін, әр басқан қадамға гүл бітсін» деп қарт Жақай Тайшиевтың сөзімен аяқталады. Көсемнің болжаған, аңсағаны да осы дейді. Ақын «көсемнің» десе де ойдың иесі Жақай екені байқалады. Әдебиеттегі Жақай бейнесі, тағдыры қызық қазақ жігітінің ел қамын ойлаған күрескер екені көрінеді.

Жақай Тайшиев туралы шығармалар кеңестік кезеңде жазылған. Сондықтан сол кезеңдегі уақыт талабынан табылуы тиіс екендігі белгілі. Соған қарамастан біз ол шығармалардан қазақтың, халықтың жоғын жоқтаған ердің бейнесін көреміз. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі қаламгерлері Жақай атаның бейнесін жасаулары керек деп ойлаймын. Сәкен Жүнісов, Асқар Тоқмағамбетовтер таныған Жақай Тайшиевтің өмір жолы мен қызметі, адами болмысы, әдебиеттегі бейнесі жас ұрпаққа адамгершілік, патриоттық тәрбие беріп, келешек үшін күресте жігерлендіреді.
Ата жолы өнеге

(Белгілі қоғам қайраткері Жақай Тайшиевке)


Жаман десе елің оған сене ме?

Басқаша деп айтуға әсте келе ме?

Ал бүгін мен парақтасам тарихты,

Өткен өмір біздер үшін өнеге.


Ашып қалсам өмірбаян беттерін,

Көріп тұрмын шарасыз күй кешкенін.

Дәл өзіңнің қолжазбаңда жазулы,

Қос бауырыңды қалай қимай кеткенің.


Бәрі өмір, бәрі ғұмыр жалғасқан,

Адам алға ұмтылады танбастан.

Ал атамыз елі үшін еміреніп,

Қолға мылтық алған, алдаспан.


Бәрі кетті, бәрі түс боп атаға,

Жаңа заман орнады да далаға.

Жангелдиннің сеніміне ие боп,

Ол оқуға алынады қалаға.


Бар жігер, күш –қуатын жұмсады,

Жастық шағын Түрксібтен бастады.

Сәкен аға драмасында кейіпкер,

Жақай аты ескерткіш боп сақталды.


Елің үшін арпалысқан ер едің,

Қазағымның жарасына ем едің.

Қыздан туған мен жиенің болсам да,

Атыңызды көкке өрлетсем деп едім.

Шаден Гүлжан жиен немересінен.

Резюме

В статье автор рассматривает художественный образ общественного деятеля Ж.Тайшиева.



Көркем әдебиет саласындағы аудармалар

А.Ыбраева, ҚазМемҚызПУ 4 -курс студенті.

Ғылыми жетекшісі магистр-оқытушы Ж.И.Жүнісова

Ұлттық әдебиет өз өмірімен тіршілік етеді. Әрине, ол сол халықтың күллі тарихымен, оның барлық даму жағдайларымен шартты түрде байланысты және барлық халықтар әдебиетімен қарым-қатынаста болды. Осы қарым-қатынас ішінде аударманың орны ерекше. Сонымен қатар, аударма ақынның дүниетанымдық қорын байытудың баға жетпес көзі ретінде белсенді қызмет атқарады. Аударма жалпы адамзат атаулының танымдық рухани алмасуы нәтижесінде мәдениет пен өркениеттің дамуына, адам баласының эстетикалық көркемдікке қол жеткізуіне, санасының өсуіне, дүниетанымының кеңеюіне апаратын жол сияқты.

Ақыл - ауыс, ырыс - жұғыс деп білетін халық өзінің елдік болмысын танып біле бастаған кезеңінен-ақ өзге елде, көрші жұртта не болып жатыр дегенге жіті құлақ түреді. Сондағы ең алдымен көңіл бөлетін - жан дүниені байытар рухани қазына үлгілері. Ендеше, рухани ауыс-түйіс, мәдени жалғастық ежелден-ақ ел назарында болып келген. Кедергі – тіл өзгешелігі болса, халық оның да жолын тапқан; тіл үйрену арқылы бір халықтың қазынасын екінші тілге аудару дәстүрі батыс, шығыс елдерінің қай- қайсысының да тарихында болған. Әлем халықтарының әдебиетінің бір-бірімен байланысуында, ғылым мен әдебиет салаларында халықаралық ынтымақтастықтың дамуында аудармалардың маңызы зор. Кезінде Р.Якобсон «Аударма туралы» деген эссесінде аударманың үш түрін көрсеткен болатын:


  1. бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау-түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету деген сияқты.

  2. сөздің төл мағынасындағы аударма немесе тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру.

  3. семиотикалық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалға, белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау.

Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін «аударманың» екі формасы бар екені көрініп тұр. Оның біріншісі аудармада басқа сөзбен жеткізу: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, «rewording». Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трасмутация. Бұл екі жағдайда да сөз «аударманың» аудармасы, интерпретациясы мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.

Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды. Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ. Өйткені барлық адамзат балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады. Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т.б. белгілері бойынша ғана бірнеше топқа болінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес-алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша әлемде төрт-бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді.

Аударма дегеніміз не? Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу обьктісіне өзіндік анықтама береді. Аударма - құндылықты қайта таныту. Егер кез-келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударманың анықтамаларынан аудармашы тұлғасын да жалпы түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы - ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған, екі жақты Янус секілді, екі тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.

Аударма ұғымының қолданылу аясы өте кең. Бір тілден екінші тілге поэзиялық және прозалық шығармалар, публицистикалық мақалалар, ғылыми әдебиеттер, ресми іс қағаздар, саяси және қоғам қайраткерлерінің, шешендердің сөйлеген сөздері, кинофильмдер аударылады; әр түрлі тілде сөйлейтін адамдар тіл табысу үшін аудармашылардың көмегі қажет етеді. Мен осылардың ішінен көркем әдебиет саласындағы аудармаларды сөз еткелі отырмын.

«Аударма» сөзі жалпыға түсінікті, әрі көпшілікке белгілі болып табылады. Осыған қарамастан, бұл адам әрекетінің арнайы бір түрі және жемісі болғандықтан, ол ғылыми-терминологиялық анықтауды қажет етеді. Аудармашылардың өздері де «көркем аударма» ұғымына нақты анықтама беруге қиналады. Кейбір әдебиетшілер «аударма түпнұсқаға негізделіп, түпнұсқаның басқа тілдегі көшірмесі» болу керек деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, аударма түпнұсқаға толық сәйкес болу керек. Бұл арада «сәйкестік» деген ұғымға тоқталу керек деп ойлаймын. Егер бір шығарма екі түрлі тілде, екі түрлі мәдени тарихи жағдайда өмір сүрсе, онда «сәйкестік» тек шартты түрде ғана болмақ.

Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой-пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиыны - лингвистикалық ерекшелік емес, түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсету білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма - жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері де сусындай алады.

Көркем аударма процесінің нәтижесінде түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы зор. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келесім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылық даралығы мүлдем бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа - екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлт тіліне көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты - айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болуымен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.

Бір тілдегі көркем шығарманы екінші тілге қарай аудару қажет екендігі туралы пікірталас басталғалы талай замандар өтті. Көркем аударма проблемалары күн тәртібінен түспейтін, шешілуінің ұшы қиыры көрінбейтін түбегейлі проблемалардың бірі. Әдеби аударма халықтардың бірін бірі тануына, рухани жағынан жақындасып қалам қайраткерлерінің ғана емес, бүкіл бір елдің әдебиетіне әсерін тигізеді.

Әдебиет тарихында бір жазушының шығармаларына әр кезде әр түрлі аудармашылар ілтипат білдіреді. Осының нәтижесінде бір туындының бірнеше аудармасы сақталады. Олардың ішінде сәттісі де, сәтсізі де ұшырасуы мүмкін.

Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел белестерін бажайлау, ізденістері мен іркістерін саралау ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы біз тәржіменің халқымыз тарихында қаншалықты қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлек болатынын көрсете аламыз. Қазақтың өркениетке барар жолындағы аударманың алар орнын Жүсіпбек Аймауытов айшықты етіп айтқан: «Адам табысы – адам баласына ортақ. Мәдениет, әдебиет бір елден бір елге жұқпалы ырыс. Самаурын, лампа, сүт машина, соқа, трактор, роман, драма... бәрі де бөгде мәдениет табысы. Бала ересекке еліктегендей, өнерсіз ел өнерлі елге еліктемек. Бір кезде бұдан араб, арабтан Еуропа, Еуропадан орыс үлгі алған болса, бұл күнде орыс мәдениетінен біз үлгі алмақпыз. Өнерлі елден үлгі алмай, өнеге көрмей, еңбегіміз құнарлы, ажарлы болмақ емес».

Аударма өзіміздің төл әдебиетіміздің жазба дәстүрлерін орнықтыруға, көркемдігін кемеліне келтіруге көп көмектескен әрі алдағы кезде де көмектесе алады. Ондай көмек қазақ әдебиетіне дәл қазір қай кездегіден де керегірек. Сан түрлі себептерге байланысты әдебиет әуесқойлықтың әуезесіне айналып, талғамсыздың топанына тоғылып тұрған тұста тәржіменің таңдаулы үлгілері арқылы көркем туындыға қойылар талапты қалпына келтіруге тырысудың да өзіндік орны бар. Ең бастысы, бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын толық түсіну арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін асыруға ықпал жасай алады.

Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топырағымызда тәржімеге қатысты зерттеудің кенжелеп қалуынан орын алып отырған олқылық деуге де болмайды. Жалпы, аударматану әлемінде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана ғылыми пән ретінде орнықты. Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырылғандықтан, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін.

Кезінде аударма мәселелерін әдебиеттану ғылымы қарастыруы керек пе, әлде бұл тақырып тіл ғылымына тиесілі ме деген сұрақ туды. Дұрысында, аударматану сөз өнері жайлы осы екі қос қанат ғылымының назарында қатар тұрғанынан ұтарымыз көп болар еді. Әсіресе, аударма мәтіндеріне лингвистикалық талдаудың қай тұрғыдан да пайдасы мол. Ақиқат бел ортада жатады дегендей, бүгінгі ғылымда аударма лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі деген пікір орнығып келеді.

Көркем туындының өзге тілге аударылуы аударылмауы мәселесі де қызғылықты тақырып. Кезінде кеңестік әдебиеттануда орныққан аударуға көнбейтін шығарма жоқ, бәрі тек шеберлікке байланысты деген былайша қарағанда көкейге қонымды, бірақ аударма өнерінің жалпы тіл табиғатының бүкіл диалектикасын толық ескермеуден шыққан үзілді-кесілді тұжырымдаманың ойлантатын тұстары бар, бұл қағида әсіресе өлең жүйесіне, құрылысына, екпініне, ырғағына, ұйқасына, т.б. көп нәрсе қатысты болатын поэзия аудармасына келгенде қатты ескерілуге тиіс. Жақсы аударманың басты белгісі қазақтың өз өлеңіндей болып кетуі деген ой қисынында да мәселені оңайлатушылық бар. Аударма өлең өз өлеңімізден еш айнымай қалса, тәржіме арқылы тілдің толығуы, өлең өрнегінің өзгеше бояулармен, бедерлермен баюы да болмас еді.

Аударма деген жан алып, жан беретін жекпе-жек. Бұл сайыста не аудармашы, не аударылушы толық жеңіліске ұшырайды. Шекспир шығармаларының аудармашысы XYIII ғасырда өмір сүрген неміс қаламгері Август Шигель. Аударма өнерінің азабын көрген, қиындығын сезінген қаламгердің бір ғана сөздің баламасын табу үшін қаншама уақыт ізденгенін естіп те, көріп те, оқып та жүрміз. Қазақ әдебиетінің орыс тіліне аударылуына аса зор еңбек сіңірген Герольд Бельгер «Лики Слова» атты кітабында Ғ.Мүсіреповтың ұзақ уақыт ойланып, жүріп «канитель»деген ұғымның қазақшасын тапқанда соншалық қуанғанын, Ә.Нұрпейісовтың «предрассудок» деген бір ғана сөздің баламасын іздеп, көп уақытын сарп еткенін, С. Мәуленовтың «упоение» сөзінің қазақшасын таба алмай біраз күн қиналғанын жазады. Сонда әрбір сөзге осыншама уақыт бөлгенде бір шығарманы аударып шығу үшін қаншама мерзім керек? Мұндай азапты жұмысқа екінің бірі шыдай алмас.

Кеңес үкіметі дәуірлеп тұрған заманда, ұлт әдебиетін насихаттау науқаны қызған уақытта «ерінбегеннің бәрі етікші» болып, аударма өнері нәпақа табудың көзіне айналды. Ұлт әдебиетін талғау, талғамсыз кім көрінген аударып, небір жақсы шығармалардан «ботқа пісірді». Керісінше, әлем әдебиетінің классиктеріне тіл өнерін меңгермеген әлдекімдер қиянат жасап, өздерінің «таз кепешін» кигізді. Қазақ тіліне аударылған батыс классиктерінің шығармаларын түпнұсқамен салыстырып оқыған адам небір «қызықты» көрер еді. Көркем шығарманың басқа тілге аударылғанда сапалық қасиетін жоғалтып алатын себебі аудармашының сол ұлттың өзіндік ерекшелігін, жан әлемін мүлде түсінбейтіндігінен.

Өмірінде бір рет қазақ ауылында болмаған, қазақтардың күнделікті тіршілігін көзімен көрмеген адам Ә.Нұрпейісовтың немесе Т.Әлімқұловтың шығармаларын орыс тіліне қалай аудармақ? Өкінішке орай мұндай парадокстар болған және қайталанған.

Осы орайда Г. Бельгердің аудармашылық тәжірибесіне, өз кәсібіне деген адалдығына сүйенбеске, ризашылық білдірмеске болмайды. Ол көп уақыт қазақ жазушыларының шығармаларының жолма-жол аудармасын жасаумен айналысқан. Кейін Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын аударуға атсалысқан. Аудармаға кіріспес бұрын Ә. Нүрпейісовпен бірге Арал өңіріне барған, ел өмірін көзімен көрген, балықшылардың тұрмыс тіршілігімен жан-жақты танысқан. Халықтың жан дүниесін тану арқылы «Қан мен тердің» тереңіне еркін бойлаған, жазушы тілінің әуезі мен әуеніне құлағын қанықтырған.

Бұл - аударманы нәпақа табудың көзі емес, нағыз өнер деп таныған адамның тірлігі. Жалпы Г. Бельгер тәрізді аударма өнерінің нағыз шеберлері аз емес. Олар өздеріне өте үлкен талап қойған, қолдарына түскен шығармаларды талғау, талғамсыз аудара бермеген. Белгілі бір елдің әдебиетіне бейімделіп, бүкіл өмірін сол халықтың озық шығармаларын тәжімалауға арнаған. Нағыз өнер қай тілде сөйлесе де оқырман жүрегіне төте жол табады. Сөздің сондай сиқыры бар.


жүктеу 4,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау