71
арқылы өтетін, шәкірттердің әдеби-шығармашылық дарынын тәрбиелеуді,
шығармашылық ойлау дағдылары мен оқырмандық қызығушылықтарын
өркендетуді қажет ететін, күрделі педагогикалық және психологиялық
құбылыстардың дамуын көздейтін жан-жақты шығармашылық үдеріс болып
табылады. Қызығу шындықтағы заттар мен құбылыстарды беленділікпен
танып, білуге бағытталған адамының біршама тұрақты жеке ерекшілігінің бір
көрінісі. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың
сабақ үлгеріміне, терең білім алуына көмектеседі. Оқу қызығулары балаларды
оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушылар кітап
оқуға деген мұқтаждығын сезінуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқырмандық
қабілетін дамытуға ықпал етеді. Мектептегі әдебиет сабақтарында оқушыларға
нақты шығарманы оқытып-үйрету үдерісі олардың бойындағы оқырмандық
қабілеттің негізі болатын психикалық әрекеттерге де ықпал етеді. Мұны –
шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерінен білеміз. Көркемдік қабылдауды
тереңдетуге қызмет ететін осы әсердің мөлшерін, сапасын, деңгейін, даму
динамикасын анықтау мақсатында әдіскер ғалымдардың ізденістері тәжірибеде
пайдаланылуда. Мұндай ізденістердің бірі – жоғарыда аталатын әдіскер ғалым
Н.Д.Молдавская қолданған оқушылардың көркемдік қабылдау дәрежесін нақты
шығарма арқылы анықтау әдісі [71,224б]. Өткізілген сабақтың өз мақсатына
жеткен-жетпегендігін оқушылардың өтілген шығарманы қаншалықты дәрежеде
қабылдағанын анықтауда мұғалім көбінеөзі әзірлеген сұрақ-жауап әдісі арқылы
қалыптасқан жағдайды байқайды. Ғалым оқушының қабылдаушылық деңгейін
сұрақ-жауап әдісі арқылы анықтаудың тиімділігін құптай отырып, көркемдік
қабылдау үдерісінің өте күрделі психологиялық құрылым екендігін, сондықтан
да шәкірттердің жас ерекшелігін есепке ала отырып, оны жазбаша жұмыстар
арқылы да қабат-қатар тексеруге болатындығын алға тартады. Бұл әдіс арқылы
әдіскер-ғалым оқушылардың көркемдік қабылдау үдерісінің даму динамикасын
мүмкіндігінше толығырақ қамтуға, неғұрлым дәл мағлұматтар алуға
болатындығын дәлелдейді.
Орта мектепте әдеби білім берудің тиімділігін арттыру, шәкірттердің
оқырмандық қабілетін дамыту бағытындағы сабақ үстінде жүзеге асырылатын
жұмыс түрлерінің ішіндегі негізгі білімдік және тәрбиелік іс-шаралардың
маңызды түрі – белгілі бір әдеби шығармаға байланысты жүргізілетін тіл
дамыту жұмыстары. Шәкірттердің оқырман ретіндегі көркемдік қабылдау
қабілетінің кеңеюі, оқушының жан-жақты рухани жетілуі, сезімталдық
қабілетінің дамуы, образды ойлау әрекетінің қалыптасуы, шығармашылық
қабілетінің артуы – бастысы ана тілінің інжу-маржан үлгілерін бойға сіңіруі –
тіл дамыту жұмыстарының барысын, оны біліктілікпен ұйымдастыруға тікелей
байланысты болады. Оқушы тілін дамыту – тілді күнделікті өмірде қолдана
білу мәдениетіне тәрбиелейді.
Ғалым Ж.Дәулетбекова тілді дұрыс қолдана білу оқушының қарым-
қатынас мәдениетінің, сөйлеу шеберлігінің, әлемді тұтастықта қабылдауының,
көркем ойлауының қалыптасуына тікелей әсер ететіндігін айтады. Профессор:
«Өмірдің мәнін танытатын, оған гуманистік келбет пен шынайы мән беретін
72
дүниелер– рухани құндылықтар. Солардың ортақ жұлынындағы ең жоғары
құндылық - ана тілі. Тіл – адамдық сапаның көрсеткіші болғандықтан, адами
қасиеттерді қалыптастырумен шектесіп жатады», - деп тілдің қызметін
халықтың асыл қазынасы ретінде сипаттайды. Ал асыл қазына тұрғысынан
келетін болсақ, тіл мен әдебиеттің арналас құбылыстар екендігіне көз жеткізе
аламыз [104].
Әрбір адамның ана тілін қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді
қолдана білуі оның жеке тұлға ретіндегі мәдени-рухани қалыптасуының басты
көрсеткіші болмақ. Өйткені, тілді қоғамдық ортадағы күнделікті қарым-
қатынасында жиі қолданғанымен, бұл үдеріс оның тілдің бар қасиетін,
бояуларын, нәзік астарларын, әр сөздің белсенділік әрекетін өз дәрежесінде
меңгеруіне, сөз құдіретіне терең бойлауына, сөздің барша мүмкіндіктерін
игеруіне ең бастысы – тілдік дамуына негіз бола алмайды.
Ана тілінің бар байлығын толық мағынасында меңгеру сөзбен тұрақты
және жүйелі түрде жұмыс жүргізгенде ғана іске асады.
Орта мектептегі оқушы тілін дамытудың олардың көркемдік қабылдауын
нығайтуына, тереңдетуіне негіз болатындығын бірқатар ғалымдар өз зерттеу
еңбектерінде атаған. Айталық, белгілі әдіскер-ғалымдар В.Стоюнин,
Ц.Балталон, В.Острогорский, В.Шереметьевский, И.Бархин, М.Рыбникова,
В.Голубков, Д.Шевченко, Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов,
С.Тілешева, Ә.Дайырова тағы басқалардың еңбектері осыған дәлел.
Оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының психологиялық
негіздері С.Рубинштейннің, Л.Выготскийдің, К.И.Жинкинаның еңбектерінде
оқушы-оқырманның ақыл-ойының дамуы тіл байлығын тереңдетуге қызмет
ететін психикалық іс-әрекеттердің арқасында ғана жүзеге асатындығын
көрсетеді. Бұл ғалымдардың қай-қайсысы да шәкірттің оқырмандық қабылдау
қабілетін тереңдетуде ауызша және жазбаша жүргізілетін арнайы
жаттығулардың, психологиялық тілдік ситуациялардың маңызы зор екендігіне
тоқталады. Алайда, қалай болғанда да тіл дамытуға орай жүргізілетін жаттығу
жұмыстарын белгілі бір шығармаға – көркем мәтінді негізге ала отырып қана
жүзеге асыруға болады.
Мектептегі әдебиет сабақтарындағы тіл дамытудың негізгі көзі – көркем
мәтін. Оқушы тілін дамыту көркем мәтін арқылы өтетіндіктен, бұл олардың
әдеби дамуымен тығыз байланыста жүзеге асырылатындықтан, осы бағыттағы
іс-әрекеттік үдерістердің бәрі оқушы-оқырманның мәтінді көркемдік
қабылдауын қалыптастырудан басталады. Ал, шығарманы көркемдік қабылдау
– туындының тілін оқушының түсіну дәрежесіне қарай дамиды. Оқушы-
оқырманның көркемдік қабылдауына пайдаланатын шикізат – әдеби-көркем
сөз. Әдеби-көркем жалаң сөз емес, жазушылық ұстанымға, тұжырымдамаға
бағындырылған, өмір құбылыстарының көркемдік өңге ие болған картинасын
бейнелейтін образды сөз. Образды сөз оқушының образды ойлауын
қалыптастыруға баспалдақ іспетті болады .
Оқушының образды ойлау қабілетін қалыптастыру негізінен жоғарғы
сыныптарда жүзеге асырылатындықтан, бұл бағыттағы кез келген жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |