66
күнге дейін психологиялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде
жеткілікті зерттелген жоқ. Осы ретте бұл мәселеге зерттеу жасаған
В.П.Ягункова, Н.Д.Молдавская сияқты бірен-саран ғалымдардың еңбектері
ғана ғылыми ортаға белгілі. В.П.Ягункова әдеби қабілеттіліктің ішкі
құрылымы: әсерленушілік, поэтикалық қабылдау, поэтикалық қырағылық, еске
сақтау қабілетінің күштілігі, ой күші арқылы елестете білу, жаңа образдар мен
сюжеттер құра білу қабілеті, жедел шығармашылық күйге ене білу, сөздік
қордың молдығы сияқты бөлшектерден тұратындығына тоқталады. Ал,
Н.Д.Молдавская бұл пікірді әрі қарай толықтыра түсіп, оқушының жеке әдеби
қабілеті де осы қатарға қосылуға тиісті екендігіне тоқталады. Ғалым сонымен
бірге жеке әдеби қабілеттілік образды ойлау арқылы дамитындығына ерекше
мән береді [102, 48 б].
Оқушының образды ойлауы – шығарманың көркемдік мазмұнын
қабылдаудағы бірден-бір тиімді шығармашылық форма.
Образды ойлау қабілеті – сөз өнерінің көркемдік мазмұнын қабылдаудың
арнаулы түрі ретінде, шәкірттің шығарманың идеялық рухына жан-жақты
бойлауына, шығармашылық ой оралымдылығын дамытуға бастайтын икемді
ойлау қызметі болып табылады.
Образды ойлау – жазушының не ақынның азаматтық көзқарасы мен
өмірлік мұраттарынан туған шығарма мен оқырманның азаматтық ұстанымын,
мақсат-мұратын жақындастыратын, екі ойдың бір-бірімен кірігуін үйлестіретін,
сол арқылы оқырманның жанама көзқарасын қалыптастыруына, тың пікірлер
түюіне жағдай жасайтын шығармашылық үдеріс. Қоршаған ортадағы өмір –
тіршіліктің барлық болмыс-бітімі, өмір ағысы жазушы қиялымен көркемдік
өңге ие болып, образды сөзге айналғанда, бастапқы көрінісінен де әсем терең
үйлесімге, сыршыл ырғақтарға толы болып сезіледі.
Өскелең өмірдің барлық құбылыс өзінің ырғақ-үйлесімімен, қуаныш-
қайғысымен қоса-қабат жазушының ой-қиялында көркемдік сүзгіден өтіп, сөз
құдіреті арқылы қайтадан дүниеге келеді. Мұндай ғажайып та қиын, күрделі
үдерістің үстіндегі жазушы басынан өтетін шығармашылық көңіл-күйді белгілі
дәрежеде оқырман да өз басынан кешіреді. Бірақ оқырманның аталған мәселеге
келер жолы сәл өзгешелеу болуы мүмкін. Өйткені, жазушы өмір шындығынан
түйген әлеуметтік-философиялық ойларын, сол арқылы ұсынбақ болған
идеясын табиғат, қоғам құбылыстары аясында кейіпкерлер тағдыры, олардың
іс-әрекеті арқылы сөзге көшірсе, оқырман сөз суретіне, сөз сырына, оның сан
қилы астарына ой-сезім көзімен үңілу арқылы ғана шығарма тұңғиығына
бойлай алады, қаламгер алға тартқан күйініш-сүйініштерді жүрегімен
қабылдайды, сол арқылы түпкі авторлық идеяны тереңірек түсінеді. Дәлірек
айтқанда, оқырманның дүниетанымы, өмірлік, оқырмандық дәрежесі,
шығармашылық қабылдауы неғұрлым терең болса ғана оқыған шығармасы
арқылы ғажайып әсерлену сезімін байқайды. Терең де сыршыл әсерлену
арқылы шығарманың ішкі құнарына бойлау, одан ой түйіп, қорытынды жасау
жүзеге асады. Бұл мектеп шәкіртінің образды ойлауын дамытуға бастайтын,
оқырмандық қабілетін қалыптастыруға жол ашатын негізгі арна болып
67
есептеледі.
Мектеп қабырғасындағы әдеби білім беру барысында қандай да болмасын
жетілдірілген әдіс-тәсіл қолданылса да, білім беру үдерісін оқушылардың
қызығушылығын жетелеумен қатар алып жүрмеген жағдайда шығарма құнарын
оқушы бойына дарытудың нәтижелілігі, жалпы шәкірттің оқырмандық
қабілетін қалыптастыру жұмысы тиісті дәрежеде болмайды.
Мектеп шәкірттерінің оқуға қызығушылығын жетелеу – оның ойын
жетелеу, оқырмандық қабілетті дамытудағы аса қажетті баспалдақ іспетті.Орта
мектептегі әдебиет сабақтарының көпшілік жағдайда шығармашылық сипат ала
алмай жатуы оқушы ойын оңайдан-қиынға, қарапайымнан-күрделіге қарай
бірте-бірте күрделендіріп, жүйелі түрде жетелей алмаудың салдарынан да
болып жатады. Оқушы ойын жүйелі түрде жетелеу үшін сабақтың өзі де жүйелі
болғаны мақұл. Сондықтан, шәкірттердің кітап оқуға қызығушылығы мен
оқырмандық қабілетін қалыптастыру, ойын дамыту үшін сабақ мазмұнындағы
жүйелілік ұстанымын сақтамай тиянақты білім бере алмаймыз. Оқырмандық
қызығушылық пен оқырмандық қабілет бірінен-бірі туындайтын, бірінсіз-бірі
болмайтын жүйелі құбылыс іспетті. Өйткені, сабақ үдерісіндегі барлық
шығармашылық жұмыс түрлері бірін-бірі толықтыра отырып, біртұтас үйлесім
құрайтын үдеріс. Сол себепті де мұғалім бір жұмыс түрінен, келесі жұмыс
түріне көшкенде пайда болатын аралық байланысты, аралық жікті байқатпауға
әрекеттенеді. Сонда қызығушылық та бір сатыдан келесі сатыға үзіліссіз дамып
отырады, жүйелілік қасиет сақталып, оқырмандық қабілет те қалыптаса
бастайды.
Орта мектептегі әдебиет сабақтарын шығармашылық жұмыс деп
түсінетін мұғалімдердің қай-қайсысы болсын өз ісін ұйымдастыруды оқушы
қызығушылығын оятудан бастайтындығы жайдан-жай болмауы керек. Өйткені,
ондай ұстаздар оқушы қызығушылығы өз бетімен оянбаған жағдайдың өзінде,
соған мәжбүр ететін әдістемелік жолдарды тынымсыз ойластырып, еңбектенеді.
Бұл ретте мәскеулік мектеп мұғалімі Е.Н.Ильин оқушының шығармаға
қызығушылық танытып, ықыласын аудару үшін қолданатын көп әдістерінің
бірі ретінде өз тәжірибесін ортаға салды. Онда ол: «...Кітапты оқып шығуға
мәжбүр ететін бетті іздеймін. Бірақ оны табумен іс бітпейді. Оған қоса қызықты
өтіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл кітапқа қарай жетелеу керек.
Өзімнің оқу өнеріммен таңдандыруға тырысамын; жай мәтіннің негізінде емес,
керісінше мәтіннің өзімен шешілуі мүмкін проблемалар қоямын; бүгінгі
балаларға айрықша қиын соғатындары ұғынықты, «қарапайым» нәрсемен
қызықтырып әкету үшін ауырлауынан, күрделіден бастамаймын. Менің сырым
кітапты тезірек ашып, бәрін соған бағындыру. Осы! Сыныппен тілдесу –
кітапты «сөйлетпейінше», қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, әсілі кітаптытүгел
қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Оқушының
кітапқа сенуі, оқығысы келуі және кейіннен оған қайтадан оралуы үшін ол өз
парақтарын да табуы керек. Сөйтіп, қызықтыра отырып, баурап әкету
ұстанымын қалыптастырамын!» – дейді [102]. Айтылған жайттан тәжірибелі
жаңашыл мұғалім Е.И.Ильин оқушының оқырмандық қызығушылығын
Достарыңызбен бөлісу: |