62
Жоғары сынып оқушыларының көркем шығарма оқуға деген сұранысы
көп жағдайда мектептегі оқу пәндерінің мазмұнымен тікелей байланысты
болып келеді. Гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушылары жаратылыстану
бағытына қарағанда эпикалық шығармаларды көбірек оқиды. Мәселен, кітап
оқуға деген ынта мен қызығушылық бала бойындағы, іскерліктерді,
құзыреттіліктерді жинақтай келе оқырмандық қабілеттің дамуына ықпал етеді.
Төменде беріліп отырған мына суретте жоғары сынып оқушыларының
оқырмандық қабілетін қалыптастыруға негіз болатын шығармашылық іс-
әрекеттер көрсетілген. Мұнан біз қабілеттің оқушының іс-әрекеті арқылы
дамытынын байқаймыз. Эпикалық шығармалардағы мәтін құрылымын
логикалық формулаларға түйістіру, мағынасы жағынан тұтастықта қабылдау
оларды өзара байланыстырып, ортақ логикалық иделар тізбегін құру –
оқырманның шығармашылық іс әрекеттерінің айқын көрінісі деп саналады. Бұл
оқиғаларды дамыту логикасына, оқырманды белгілі істерге бағыттай отырып
оның бойындағы барлық қабілеттіліктердің іс-әрекеттік сипатын көрсете
алатын антиципация үдерісіне әкеледі.
Алдағы оқылып жатқан мәтінді түсіну үшін антиципация немесе біліп
қою, яғни мағыналып тауып алу тәсілі қолданылады.
Антиципация –
болжамдық болашаққа деген бағдарындың психологиялық процессі. Ол алдын
ала шұғыл ойлаумен жүзеге асырылған оқиғаларды дамыту логикасына,
белгілердің сарптамасының нәтижелерін меңгеруге негізделген. Антиципация
оқырманды белгілі істерге бағыттаушы жасырын күтілім әсерімен қамтамасыз
етіледі. Антиципацияның бірнеше түрін ажыратылады:
1. Баяндалған жоспарды алдын ала біліп қою; ол шығама композициясын
басқаруға, оның логикалық
құрылымын ойлауға көмектеседі;
2. Келесілік баяндаудың құрылымын біліп қою; ол мәтін бөліктерінің
арақатынасын құрылымы бойынша белгілеп, мәтіндегі құрылымдық
байланысты ұстап тұруға
көмектеседі;
3. Түйінді біліп қою: егер автор нақты фактілерді сипаттаса, онда ол
оқырманды олардың жалпылануына, олардың тұжырымына алып келеді және
оқырман осы түйінді біліп қояды, оны тауып алады.
4. Негіздеуді біліп қою: егер автор жалпы жағдайды құрып, қандай да бір
пән туралы жалпы формада айтса, демек одан кейін ол, бәлкім, оны түсіндіріп,
негіздеп, нақтылайды. Оқырман түсіндіруді күтіп, алға кетіпол туралы
болжамдар құрады. Антиципация мәтіннің бөліктерін байланыстары бойынша
байланыстырылуына, мәтіндегі байланыстар мен қарым-қатынастарды дұрыс
түсінуге жеке өзіңнің біліміңді қатыстыруға жақындатады. Қорытындысы –
жоғары интеллектуалды белсенділік, мәтін терең және сыни зерделенеді.
Оқылған мәтінді түсінілуін қамтамасыз ету үшін керекті әдістің
реципация деп
немесе оқу барысында пайда болған жаңа ойлар әсірінен ойша қайтып оралу
деп аталады. Бұндай ойша қайтып оралу зерделеніп жатқан мәтіннің терең
түсінілуіне себеп болады.
Оқырман құрылымындағы келесі құрамдас бөлік – бұл кітапты білу және
оны жекелей өзің таңдай алуың. Бұл құрамдас бөлік Н.Н.Светловскаяның