Сызықтардың ұзындығын өлшеу әдістері
Белгілі бір жердегі нүктелердің ара қашықтығын тікелей өлшеуге немесе есептелінген басқа шамалар арқылы есептеп шығаруға болады.
Тікелей әдіс кезінде ұзындықтарды өлшеу рулеткалардын, ленталардың және сымдардын көмегімен жузеге асырылады. Оларды болаттан немесе инвардан (64% темір мен 36% никельдік қорытпасы) жасайды. Инварлық өлшеуіш аспаптардың сызықтық ұлғаю коэффициенті өте аз. Болат өлшеуіш аспаптар ара қашыктыктарды 1:10000, 1:25000, ал инварлық 1:25000...1:1000000 шамасындай салыстырмалы қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді.
Жанама әдісте ара қашықтықтарды өлшеу үшін оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық және радио қашықтык өлшеуіштер кеңірен қолданылады. Сонымен қатар, ізделініп отырған ара кашықтыкты аналитикалық жолмен есептеп шығару үшін өлшенген базистер мен бұрыштардың геометриялық арақатынасы пайдаланылады. Оптикалық қашыктық өлшеуіштермен ара қашықтықты анықтаудын салыстырмалы қателіктері 1:200-ден 1:500-ге дейін, ал жарык және радио қашықтық өлшеуіштерде — 1:10000-нан 1:250000-ға дейінгі аралықтарында болады.
Геодезиялық жұмыстардын түрі мен жүктелген міндетіне, олардың дәлдігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ өлшеу жағдайына қатысты сызықтардың ұзындығын өлшеу үшін әр түрлі әдістер мен аспаптар колданылуы мүмкін.
Арнайы құрылғылар мен құралдарды қолдана отырып, белгілі бір тізбектегі нүктелер арасындағы қашықтықты анықтау болып табылады. Сызықтық өлшеу құралдарында қазіргі заманғы жарық диапазондарын қолдана отырып, өлшеу өлшеуіштерін қолдана отырып, Тараптардың ұзындығын дәл анықтауға дейін бірнеше қарапайым бөлуге болады.
-Ұзындықтарды тікелей өлшеу әдісі.Жер бетіндегі уакытша немесе тұрақты белгілермен (қазықша-бағаналар, темір бетонды монолиттер) бекітілген нүктелердің ара қашықтықтарын тікелей өлшеу әдісімен өлшегенде өлшеуіш аспаптын өлшенілетін ұзындық бойымен қанша рет төселетіні есептеледі. Сызықтың ұзындығын өлшеу үшін ұзындығы 20 немесе 24 м, ені 10 мм-ден 25 мм-ге дейін, калындығы 0,2— 0,44 мм болат өлшеуіш лента колданылады. Лентаның барлық ұзындығында әр 10 см сайын кішкентай тесіктер тесілген. Әрбір бесінші тесік диаметрі 5 мм-дей пластинкамен тойтарып шегеленген, ал әрбір метрден кейін лентаның екі жағында пластинкалар тойтарылып шегеленіп (мыс немесе баска материалдардан), оларға лентаның екі шетінен есептелетін метрдік реттік нөмірлері таңбаланған.
2.сурет.Өлшеуіш лента.
Ара қашықтықты өлшегенде лентаны жерге жатқызып, олардың шеттерін диаметрі 3-4 мм, ұзындығы 40 см болат сымнан жасалған темір қазықшалар қадап белгілейді. Лентаның жиынтығына он темір казыкша енеді.
Сызықтың ұзындығын салмақтап өлшеу үшін 24 немесе 48 м-лік сымдар қолданылады, олар диаметрі 1,65 мм болат немесе инвардан жасалады. Сымның екі шетінде әрбір 1 см сайын бөлінген ұзындығы 8 см шкала орналасады. Өлшеуіш сымдар І-класс базисын және 1, 2, 3, 4-класс полигонометриясының қабырғаларын өлшеуге арналған базистік аспаптардың жиынтығына кіреді. Базис аспабына 24 м-ден кіші аралықтарды елшеуге арналған 12,1 немесе 6,1 м-лік инварлық лента немесе 10 м-лік рулетка кіреді. Маркшейдерлік топографиялық, геодезиялық, геологиялық барлау және құрылыс жұмыстарында ұзындығы 5, 10, 20, 30 және 50 м металл немесе тоқыма баулы рулеткалар кең қолданылады.
Ара қашықтықты, әдетте, екі өлшеуші мынадай әдіспен өлшейді. Алдыңғы өлшеуші қолына 10 темір қазықша мен лентаның тұтқасын алады да, лентаны өлшенілетін кесінді сызыктың бойымен тарқатады, ал осы кезде соңғы өлшеуші бастапқы штрихті нүктемен беттестіріп алдыңғы өлшеушіні берілген сызықтың бойымен тіке бағыттайды. Алдынғы өлшеуші лентаны келесі аралыққа тартады, оның артқы ұшын бірінші темір қазықшаға ілмегімен іліп, бірінші аралықты өлшеген кездегі барлық іс-қимылды қайталайды. Осылайша ұзындықты өлшеу процесі жалғастырыла береді. Сонымен сонында алдыңғы өлшеушінің белгілеп қадаған темір қазыкшаларының саны лентаның толык орын ауыстыру санына тең болады.
Сызыктың ұзындығы (D) мына формуламен анықталады
(1)
мұндағы п — лентаның толық орын ауыстыру саны, ол екінші өлшеушідегі темір қазықшалардың және де жалпы берілгендерді қоса есептеген кездегі санына тен; r — калдык.
Жердегі нүктелер жаксы көрініп тұру үшін олардың арасына, яғни тікелей жанына ұзындығы 2-3 м дөнгелек ағаш қадалар қойылады, олардын ұшы ұшталған темірмен кұрсауланған. Қадалардың ен бойын әрбір 25 см сайын ақ және қызыл түспен бояйды.
Берілген сызыктың шеткі нүктелері арқылы өтетін вертикаль жазықтық жарма деп аталады. Жергілікті жердің жағдайына байланысты көбіне сызықтың жармасына, сызықтың ішіне немесе оның жалғасына аралық қадаларды қоюдың қажеттігі туады. Сызықтың жармасына каданы орнату белгі қою деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |