(Сырттан Қайраттың хаты оқылады)
Қайраттың хаты: «Міне өздеріңіз естігендей ату жазасын 20 жылға ауыстырды. Бұл әрине біреуге қуаныш, біреуге азап. Өз басым бұл үшін қуанғаным жоқ, өйткені, асыл анашым, түсініңізші! Мен сорлы бұл тас зынданда жазықсыздан жазықсыз еш отырғым келмейді. 11 ай ішінде жүйке тамырым жұқарды. Әбден шаршадым, сол себептен 20 жыл бойы өз- өзімді қинағым келмейді.»
1- жүргізуші: Қ.Рысқұлбеков 21 мамырда семей түрмесінде 21 камерада қаскөйлікпен қаза болады.
1 – жүргізуші: Желтоқсан құрбандарына арналған арнау Қуаныш орындауында
2 – жүргізуші: Ержүрек Мейірбектің орындауында «Аманат» әні
1 – жүргізуші: Тәуелсіздік тартуы арнау Жиенбаева Ақеркенің орындауында
2- жүргізуші: Арқалықова Назеркенің оррындауында: «Қазақ биі»
2 – жүргізуші: Тәуелсіздікке арналған арнау Досымжанның орындауында
Тәуелсіздік-жастар қаны мұздағы,
Өрімдей жас ұлдары мен қыздары.
Өтсін мейлі жылдар жылжып, ғасырлар
Жазылмайды жүректегі сыздары.
Тәуелсіздік –жалғыз кием тәу етер,
Төгілмеді жастар қаны тым бекер.
Ерте солған, үзілген гүл бәйшешек
Ерліктерін кейінгі ұрпақ жыр етер.
Шындық іздеп шырғалаңда саспаған,
Рухы биік жастарымыз басқадан.
Азаттықтың ең алғашқы сатысы
Баспалдағы желтоқсаннан басталған.
1- жүргізуші: Өлеңбаев Әсеттің орындауында «Атамекен» әні
2-жүргізуші:
Саясатқа сермей алмай семсерді
Езгі күнге тері қылдым
Желтоқсанда жалын атып жастығым
Құрсау болған темір қоғам теңселді
Есте даңқы қыршындардың қалды ма
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы
2 – жүргізуші: Тәуелсіздікке арналған арнау Бекжан орындауында
2 – жүргізуші. Мусин Досанның орындауында «Елім менің» әні
1-жүргізуші:
Уа, еркіндік
Құның немен өлшеңді
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім
Ең шуақты
Ең шырайлы
Ең шерлі
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі
1-жүргізуші:
Еркіндігім.
Қасиеттім
Қастерлім
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң
Кеше сенің келбетіңді арман ғып
Боданына бұғауландық басқа елдің
Бабалардың басын тігіп бәйгеге
Аналардың жанарына жас бердің
Уа,еркіндік
Қош келдің.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып,әлемдік қауымға ендірді.
Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.
Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. Елміз өркениетті заман ағысына қосылды.
Ержүрек Мейірбектің орындауында ән: «Көк тудың желбірегені»
Сахнаға барлық қатысқан оқушылар шығып әнді орындайды.
1- жүргізуші: Құрметті жиналған қауым! Сіздерді тағы да тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ, ұрпағымызға саулық тілейміз.
Осымен біздің «Жасай бер жаса, Тәуелсіз Қазақстаным » атты мерекелік әдеби-сазды кешіміз аякталды, сау-саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |