Сахнаға осы сәтте милиция мен солдаттар шығады.
Милиция:- Тараңдар, әйтпесе күш қолданамыз.
1-Жүргізуші: (Сырттан оқиды )
Алаңда ешікім қозғалмайды.Осы сәтте сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреп, тепкілеу, айқай—шу, алаң қызыл қанға боялады.
Гүлнәр: Бар болғаны осы еді қылмысымыз,
Савиций көрген жоқ бір кісіміз.
Кейін соның қазасы танылғанда,
Аң- таң болып, қан жылап тұрды ішіміз.
Хасен: Темір құрсау біздерді бүргені шын,
Мұң шағады қапаста кімге құсың.
Ақ- қаранды тексерер түрме деген,
Концлагерь болды ғой біздер үшін.
Осы сәтте 2 солдат бір қыз, бір жігітті сүйреп әкеліп, тепкілей бастайды.
2 - Жүргізуші: (сырттан оқиды)
Түн, бірақ бұл өзгеше еді. Себебі, бұл түнде қаланың кез келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып- соғып, өлімше халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем деп жүргендердің арасында Қайрат та бар. Иә, тарихта бұл «Желтоқсан- 86» деген атпен мәңгі қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |