сынып Сабақ: Мерзімі: Тақырыбы


Тақырыбы: Ауаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт Мақсаты



жүктеу 0,66 Mb.
бет7/11
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21381
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырыбы: Ауаның температурасы. Ауадағы су буы. Тұман мен бұлт

Мақсаты:

Білімділік: Ауа температурасын өлшеу, температураның тәуліктік, жылдық, өзгерісінің болу себебі және тәуліктің орташа температурасын анықтау жолдарымен танысу. Су буы қасиеттеріне тоқтала отырып абсолюттік, қаныққан ауа, салыстырмалы ылғалдылық, су буы конденсациясытүсініктеріне анықтама беру. Ауадағы су буының пайда болуын географиялық заңдылықтар тұрғысынан түсіндіру. Тұман және бұлттылық туралы түсініктер қалыптастыру. Олардың атмосферадағы рөліне тоқатлу. Бұлт және олардың түрлеріне сипаттама беру.

Дамытушылық: Ауа райы температурасын өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: амплитуда, тмепература

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі



  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

  1. Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

  2. Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді?

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот – кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат.

2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды.


3


Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Ауаның тікелей күн сәулесінен қызбайтыны неліктен? 2) Биіктеген сайын температура қалай өзгереді?

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Ауаның жер бетінен жылынуы. Ауа температурасының тәуліктік өзгерісі.

2. Тәуліктік және айлық орташа температуралар.

3. Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Көп жылдық орташа температура.

4. Ауаның температурасын өлшеу.

5. Ауаға су буы қайдан таралады.

6. Ауадағы су буының температурамен байланыстылығы.

7. Абсолют және салыстырма ылғалдылық. Су буының конденсациясы. Ауаның ылғалдылығын өлшеу.

8. Тұман қалай пайда болады?

9. Бұлт және оның түрлері

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.


Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де, ең алдымен Жер бетін, кейін ауа қабаттарына таралады. 2) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді.

Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:

1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: Әрбір 100 м биікке көтерілген сайын температура 0,6°С төмендейді. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақыт. Ауаның тәулік ішіндегі ең жоғары температурасы түстен 2-3 сағат кейін байқалады. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең тқменгі температуралардың айырмасын Т.Т.А дейді.

Мыналарды түсініп, еске сақтайды: Темепетаруаның тәулік ішінде өзгеруі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.

2. Мыналарды анықтап жазып алады: тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеулердің нәтижелерін қосып, бақылау санына бөледі. Мысал: сағат 1-де +5°С, 7-де -2°С, 13-те +10°С, 19-да +9°С. Тәуліктік жиынтығы 5°С-2°С+10°С +9°С=22°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С:30=+7°С

Мынаны түсініп еске сақтайды: тәуліктік орташа температурадан айлық орташа температура шығарылады.

3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: температураның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты.

Мыналарды анықтап жазып алады: Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады. Әр айдың көп жылдық орташа температураларының негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады.

4. Келесілерді анықтап жазып алады: Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді.

5. Мынаны еске сақтап қалады: Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққан ауа деп атайды.

Мынаны еске сақтайды: кез-келген ауада белглі бір мөлшерде бу күйіндегі су бар. Табиғатта су буы тынымсыз айналыста жүреді. Атмосфераның жоғарғы қаьаттарында бу салқындаған кезде бұлтқа айналады. Одан жауын-шашын түрінде жер бтіне қайтып оралады.

6. Мыналарды анықтап жазып алады: Ауадағы су буының мөлшері буланатын беттің жағдайына және температураға байланысты. Сонымен бірге неғұрлым температура жоғарылаған сайын ауадағы су буының мөлшері арта береді.

7. Мыналарды анықтап жазып алады: Абсолют ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%). Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а. (латынша конденсацум – қоюлану). Ауаның салыстырма ылғалдығы шаш гигрометрі д.а-тын құралмен өлшенеді (грекше гигрос – ылғал, метр - өлшеу)

Мыналарды еске сақтайды: ауа су буымен қаныққанда салыстырма ылғалдылық 100%-ға жетеді. 0°С-тан төмен температурада су булары қатты күйге ауысады, яғни мұз түйіршіктеріне айналады.










8. Мыналарды анықтап жазып алады: ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі.

9. Мыналарды анықтап жазып алады: Бұлтжер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталғанұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры. Будақ бұлт үйіліп жатқан жұнге немесе мақтаға ұқсайды. Олар әдетте 800-1000 м биіктікте түзіледі де, жоғары қарай 2 км биіктікке дейін таралады, ал қалыңдағанда 3-4 км-ге дейін көтеріледі. Қабат бұлт тұманға ұқсас бірсідірғы сұрғылт қабат құрайды. Ол 2 км биіктікке дейін түзіледі. Шарбы бұлт өте биікте (6 км және одан да жоғ,ары) түзіледі, ол майда мұз кристалдарынан тұрады. Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды. Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды. Ол 0-10 бал аралығында белгіленеді.

Мыналарды еске сақтайды: 0-аспан шайдай ашық, 5 – бұлт аспанның жартысын басқан, 10 – бұлт аспанды түгел торлап алған.


4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Шілде айында сағат 1-де +18°С, 7-де +10°С, 13-те +25°С, 19-да +20°С. Тәуліктік жиынтығын және тәулік бойынша орташа температураны тап.

  1. Айлық орташа температураға мысал келтір.

  2. Петропавл қаласында қаңтар айының орташа температурасы -19°С, шілде айының орташа температурасы +19°С. Орташа жылдық амплитуданы тап.

  3. Абсолют және салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?

Оқушылардың жауаптары: 1) Тәуліктік жиынтығы 18°С+7°С+10°С+25°С= 82°С. Тәулік бойынша орташа температура +22°С:30=+20,5°С

2) мысалы, қаңтар айындағы орташа тәуліктік температуралар жиынтығы -636°С болды, айлық орташа температура -636°С:30=-21,2;

3) Петропавл қаласының орташа жылдық амплитудасы 0°С

4) Абсолют ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері, ол граммен есептеледі (г/м3). Салыстырма ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)



5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§29, 30, 31. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ

Күні:


Сынып: 6

Тақырыбы: Атмосфералық жауын-шашын. Жел

Мақсаты:

Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру, желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Жнл өрнегін салу, атмосфералық жауын -шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар:

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі



  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1) Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы дегеніміз не?

2) Су буымен қаныққан ауа деп нені атайды?

3) Салыстырма ылғалдылық дегеніміз не?

4) Конденсация дегеніміз не?

5) Бұлт деген не?

6) Тұман деген не?

7) Күннің немесе Айдың қоралануы деген не?

8) Бұлттылық деген не?



Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады.

2) Егер ауаға сол температурада ұстап тұра алатын су буы жинақталса, оны су буымен қаныққан ауа деп атайды.

3) Салыстырма ылғалдылық – 1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшерінің сол температурадағы ауаны қанықтыратын су буы мөлшеріне қатынасы (%)

4) Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге (су тамшыларына) айналуын конденсация д.а.

5) Бұлт – жер бетінен біраз биікте, атмосферада жинақталған ұсақ су тамшылары мен мұз түйіршіктерінің шоғыры.

6) Ауаның жер бетіне жақын қабатындағы булар су тамшыларына айналғанда тұман түседі.

7) Өте биікте қабат-шарбы бұлт түзіледі. Күннің немесе айдың төңірегіндегі жарық шеңберді Күннің немесе Айдың қоралануы деп атайды.

8) Аспанды бұлттың торлау дәрежесін бұлттылық деп атайды. Ол 0-10 бал аралығында белгіленеді.


3


Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Бұлт қалай пайда болады? 2) Жауын-шашынның қандай түрлерін білесіңдер? 3) Жел қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Жауын-шашынның түрлері.

2. Ауаның жер бетіне таяу қабатынан түсетін ылғал.

3. Жауын-шашынды өлшеу.

4. Жауын-шашынды есептеу.

5. Булану және буланушылық

6. Жел қалай пайда болады.

7. Желдің жылдамдығы мен бағыты

8. Жрегілікті желдер



  1. Жел өрнегі

  2. Желді зерттеудің маңызы

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап температураны өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.




Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Ауаның құрамындағы су буының биіктіктерде салқындап, су тамшыларына айналуынан пайда болады. 2) жауын-шашынның жаңбыр, қар, бұршақ түрлері болады. 3) Ауаның қозғалуынан пайда болады.

Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:

1. мына анықтамаларды жазып алады: Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық ж-ш немесе ж-ш д.а. Жауын-шаынның түрлері: жаңбыр, қар, бұршақ, шық, қырау, қылау. Бұлтты құрайтын су тамшылары өте майда келеді. Олардың диаметрі әдетте 0,01 мм болады.

2. Мыналарды жазып алады: Шық – түнде салқындаған жер бетіне, өсімдікке және түрлі заттарға жанасқан ауадан бөлініп, тұрып қалатын ылғал. Қылау – қыста аязды түндерде ағаштың бұтақтарына, тартылған сымға, тағы басқа желдің өтіндегі заттарға тұрып қалатын, қарға ұқсас, өте майда мұз кристалдары. Қырау – күзгі желсіз түнде, қыста кейде күндіздің өзінде жер бетіне, шөпке, түрлі заттардың үстіне олардың температурасы ауаның температурасынан гөрі төмендеп кеткен жағдайда тұратын, ақ ұлпа кристалл мұз қабаты.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіне түсетін жауын-шашын мөлшері мм есебімен есептеледі. Ауа райын бақылайтын стансаларда арнайы ж-ш өлшеуіш қолданылады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады). Қар жамылғысының қалыңдығы қар өлшеуіш сырықпен анықталады (59- -суретті дәптерлеріне салып алады).

4. Мыналарды анықтап еске сақтайды: Ж-ш-ның тәулік, ай, жыл ішіндегі мөлшері сепетеледі. Ауаның температурсы сияқты ж-ш-ның да көп жылдық орта мөлшері шығарылады.

Мыналарды анықтап жазып алады: Жыл ішінде бүкіл жер бетінде түсетін ж-ш-ның жартысына жуығы 20°с.е. пен 20°о.е. аралығында түседі. Экватордан тропиктьерге қарай ж-ш мөлшері азаяды да қоңыржай белдеуінде қайтадан көбейеді. Полярлық аймақтарда жер бетіне түсетін ж-ш-ның 4%-ы ғана түседі. Жауын-шашынның ең көп түсетін жері – Тынық мұхитындағы Гавай аралдары және Гималай тауының етегі (12000 мм-ден астам)

5. Мыналарды анықтап жазып алады: Булану дегеніміз судың сұйық күйден газ тәріздес күйге өтуі. Буланушылық – су қоры жеткілікті болған жағдайда булану мүмкіндігі.

Мыналарды анықтап еске сақтайды: булнушылық пен нақты булану бір-біріне ашық су бетінде және ж-ш жеткілікті, ауаның температурасы төмен болған жағдайда ғана сәйкес болуы мүмкін басқа көп жағдайда олар бір-бірінен үлкен айырма жасайды.

6. Мыналарды анықтап жазып алады: Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Желдің пайда болуының неізгі себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы. Ауа райын бақылайтын стансаларда желдің жылдамдығы мен бағытын анықтайтын құрал желбағар (флюгер) деп аталады.

Мынаны еске сақтайды: Жер бетінің кез-келген бір бөлігінде қысым жоғарыласа, ол жердегі ауа қысымы төмен жаққа қарай ауыса бастайды, яғни жел соғады. Өз кезегінде қысым айырмасы жер бетінің әркелкі жылынуынан туады. Жел көкжиектің өай тұсынан соқса, сол бағыттың атымен аталады: солтүстік желі, солтүстік-батыс желі, шығыс желі... Желбағардың құрылысын еске сақтап, оның суретін дәптерлеріне салады.

7. Мыналарды анықтап жазып алады: Жергілікті желдердің негізгілері – бриздер мен муссондар. Бриз (французша – жеңілнемесе самал жел) – теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан

Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады. Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі – алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба.

Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел – сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.

Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.








суға, күндіз судан құрлыққа соғатын желдер. Муссон (арабша – маусым) – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.

Мынаны еске сақтайды: Бриз желінің бір тәулікте бағытын екі рет өзгертуі су мен құрлықтың жылыну жылдамдығына байланысты болады. Муссон желінің жылына бағытын өзгертуі қыс пен жазда құрлық пен теңіздің әр түрлі жылынуына байланысты. Муссондар Еуразияның Тынық мұхитпен жапсарлас өңіріне тән.

3. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел өрнегі – алынған пункттегі белгілі бір мерзімде (ай, маусым, жыл) соғатын желдердің басым бағыттарын көрнекі түрде бейнелейтін сызба.

Мыналарды еске сақтайды: 65-суреттегі жел өрнегі қалай жасалғанын еске сақтап суретін дәптерлеріне салып алады.

4. Мыналарды анықтап жазып алады: Жел – сарқылмайтын ұуат көзі, жер бетіндегі су айналымының негізгі қозғаушы күші.

Мыналарды еске сақтайды: Желдің шаруашылықта пайдаланылуы мен табиғаттағы маңызын еске сақтайды. Бірақ Жер шарының түрлі аймақтарында жыл сайын көптеген сұрапыл апатты дауылдар өтіп жатады. Олар үйлерді қиратып, су тасқынын тудырады, көптеген адамдардың өмірін қиып кеткен. Мұндай апаттардан сақтану үшін алдын ала зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.



4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары:

1) Бұршақ қалай пайда болады?

2) Мектеп алаңында жауын-шашынды қалай өлшер едіңдер? 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алыңдар. 4) Жел дегеніміз не? 5) Жергілікті желдерді атап, сипаттаңдар. 5) Жел өрнегін салыңдар.


Оқушылардың жауаптары: 1) Жазғы уақытта жаңбыр бұлты ауаның жоғары өрлеген күшті ағындарының әсерінен өте үлкен биіктікке көтеріліп, ондағы су тамшылары қатып, мұз түйіршіктеріне айналады. Мұндайда салмағымен құлап келе жатқан мұз түйіршіктері салқындаған су тамшыларына қосылып жұмырланады да, үлкейе түседі. 2) Кәдімгі шелек немесе шелекке ұқсас ыдысты мектеп алаңында қаданың басына биіктігі 2 м-дей етіп орнатамыз. Ж-ш-ды жел ұйытқып алып кетпеу үшін шелектің айналасы қалқанмен қоршалады. Шелекке жиналған судың мөлшерін анықтау үшін өлшеуіш стақанға құямыз. Стақанның қабырғасы өлшем сызықшалармен бөліктерге бөлінген. Оның әрбір 10 бөлігі 1 мм-ге сәйкес. Оны таңертең сағат 8-де және кешкі сағат 19-да өлшейміз. 3) Картадан Гавай аралдары және Гималай тауын тауып алады. 4) Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге қозғалуы жел деп аталады. 4) Жергілікті желдердің негізгілері – бриздер мен муссондар. Бриз (французша – жеңілнемесе самал жел) – теңіздердің ірі көлдердің жағасында түнде құрлықтан суға, күндіз судан құрлыққа соғатын желдер. Муссон (арабша – маусым) – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер.

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§32, 33. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ

Күні:


Сынып: 6

Тақырыбы: Ауа райы. Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері.

Мақсаты:

Білімділік: Ауа райы туралы түсінік бере отырып, оның өзгеру себептерін ашып, болжау түрлеріне тоқталу. Жердің күнді айнала қозғалысы параграфы материалдарын пайдалана отырып жарық пен жылудың таралу заңдылықтарына тоқталу. Күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер туралы түсініктер қалыптастыру.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау