сынып Сабақ: Мерзімі: Тақырыбы


Тақырыбы: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау. Мақсаты



жүктеу 0,66 Mb.
бет6/11
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21381
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тақырыбы: Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар жайлы ұғымдарын қалыптастыру. Мұхит түбін зерттеу әдістерімен таныстыру. Оқушыларды жер бетін шаруашылықта пайдалану және қорғау шараларымен таныстыру. Алған білімдерінің негізінде оқушыларда табиғат байлықтарына ұқыпты қатынас қалыптастыру.

Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.

Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: мұхиттар мен ттеңіздер, тау жыныстарының әр түрлілігі

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі



  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

3


Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Құрлықтағы таулардың пайда болуына қандай күштер әсер етті? 2) Құрлықтағы жазықтар қалай пайда болады? 3) Мұхит түбінде таулар мен жазықтар бар ма? Бар болса, неліктен? Мұхит түбін және оның тереңдігін зерттеу неліктен қажет болды? Жаңа материалды төмендегі жоспар бойынша игеру қажет:

1. Мұхит түбін зерттеу.

2. Мұхит түбіндегі таулар.

3. Мұхит түбіндегі жазықтар.

4. Жер беті – табиғаттың ең басты байлығы. Адам өз іс-әрекетінде жердің табиғат байлықтарын қалай пайдаланады?


  1. Қазба байлықтар – жер қойнауының негізгі қоры.

  2. Жер бетін ұтымды пайдалану.

  3. «Елің бай болсын десең, жеріңнің бабын тап»

  4. Табиғатты қорғау – мемлекеттік іс.

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Картадан мұхит түбіндегі таулар мен жазықтарды көрсету

Оқулықтың «Таулардың, сейсмикалық аймақтардың және жанартаулардың таралу картасы» атты иллюстрация бойынша жер бетіндегі жанартаулардың таралуы, жер сілкіну және тау аймақтарының байланыстылығын анықтау тапсырмасын береді.


Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің ішкі күштерінің әсерінен әр түрлі жыныстардан тұратын қабаттары майысып, қатпарларға бүктеледі. 2) 3 түрлі жолы бар: 1. Бұрынғы теңіз түбі; 2. Өзендердің тосқындары мен шөгінділерінен пайда болады; 3. таулардың ұзық бұзылу үрдісінің нәтижесінде п.б.; 4. лава тасқындарының жер бетіне шығып, жайылып, тегістелуінің нәтижесінде п.б. 3) Мұхит түбінде жер бетіндегі сияқты үрдістер жүріп жатады. Сондықтан онда таулар да жазықтар да болады.

1. Мұхит түбін зерттеу әдістерін мәтіннен анықтайды, нәтижесінде мына түрлерін жазып алады: 1) Бұрынғы кезде мұхит тереңдігі арқанға байланған ауыр заттың көмегімен өлшенетін; 2) эхолот құралымен; 3) Кеменің жүзу барысында мұхит түбінің кескінін түсіру құралымен; 4) фототелекамералармен; 5) жердің жасанды серіктері мен ғарыш кемелеріне орнатылған аппараттар арқылы зерттеу жұмыстары жүргізілген.

2. Мұхит түбі жер бедерінің қалыптасуына жер қыртысының қалыптасуына жер қыртысының жарықтары, тау түзілу үрдістері, баяу көлбеу қозғалыстар, жанартау әрекеттері, жер сілкіну күштері әсер ететіндігі естеріне түсіріледі. Оқулықтағы немесе тақтадағы Д.ж. мұхит түбінің кесіндісі суретін талдай отырып «материктік қайраң», «материктік беткей», «мұхит жазығы – қазаншұңқырлар», «мұхит түбіндегі таулар» ұғымдарын иегереді. Су бетіне шығып тұрған таулардың шыңдары – аралдар болатындығын анықтайды.

3. Мұхит түбіндегі ірі жазықтары – қазаншұңқырлар екендігін анықтайды. Материктік қайраң, материктік беткей, шұңғымалардың анықтамасын тауып жазады.

4. «Жер беті – табиғаттың ең басты байлығы» деген ұғымды талқылап, өз ойларын ортаға салады: егін егеді, мал бағады, жеміс-жидек, ағаш отырғызады, түрлі құрылыстар салып, қалалар тұрғызады, жол тартады, нәтижесінде тамақ өнімдерінің 88%-ын жер бетінен алады, сол сияқты жер бетінің 10%-ын мал шаруашылығына қажетті жайылымдар алады.

5. «Қазба байлықтар – жер қойнауының негізгі қоры» деген сөздердің мән-мағынасын ашып айтады: жер қойнауы – байлықтың көзі. Түрлі

Пайдалы қазбалар жерден өндіріледі. Олар халық шаруашылығында пайдаланып, ел экономикасы дамуының көзі болып табылады. Сонымен қатар жер бетінде өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардың шаруашылықтағы маңызы зор. Барлық тіршілікке қажетті суқоймалары да, бұлақ көздері де осы жер беті мен оның қойнауында.

6. Жер бетін ұтымды пайдалану деген не, оны жүргізу жолдарын анықтайды. өз өлкелерінде қандай жер бетін қорғау шаралары жүргізіліп жатқанын айтады.










7. Қазақ халқында ертеден сақталған табиғатты қорғау дәстүрі туралы өз білгендерін айтады.

8. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңында қандай мәселелер қозғалғандығын айтып өтеді.




4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) екі нұсқаға тапсырмалар беріледі: І нұсқа – экваторды бойлай Оңтүстік Америка жағалауынан Африка жағалауына дейінгі Атлант мұхитының тереңдігі қалай өзгеретініне назар аударып сипаттаңдар; ІІ нұсқа - 30˚ с.е. бойынша Африка мен Аустралия жағалауларының арасындағы тереңдіктерді анықтаңдар; 2) сендер тұратын аймақта қандай қазба байлықтары өндіріледі? Қазба байлықтарды өндіру қандай экологиялық проблемаларды тудырады? Егін және мал шаруашылығының пайдасы қандай? Қазақ халқының жер бетін қорғауға арналған қандай салт-дәстүрлерін айта аласыңдар? Жер бетін қорғауға арналған қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

1) Экваторды бойлай Атлант мұхитының тереңдігі Оңтүстік Америка жағалауында Африка жағалауына дейінгі


5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§25-26. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ №26, 27

Күні: 1.12.24.11.09/30.23.11.09

Сынып: 6 «А, Б»



Тақырыбы: №2 сарамандық жұмыс. Қайталау сабағы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың литосфера туралы алған білімдерін қайталап, бекіту.

Дамытушылық: Тереңдік шкаласын пайдаланып, мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтау.

Тәрбиелік: Кескін картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағыларын қалыптастыруды жалғастыру, дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 4. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5. Бағалау кезеңі

3. Тақырыпты бекітіп, қайталау кезеңі 6. Үй тапсырмасын беру кезеңі



Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кескін карталарын тексереді.

Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды.

3


1. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары:

1) Физикалық карта бойынша жер шарының бір жазықтығы мен тауының географиялық орнын, орташа және максималды биіктігі аралығын сипаттау.

2) Кескін картада жердің таулы, жазықты, вулканды және сейсмикалық белсенді зоналарын белгілеу.

3) Қорытындылау

2. «Литосфера» тақырыбын қайталау.

1) «Сұрақ бәйгесі» ойыны.




1. Жазыққа/сипаттама берудің жоспары: 1) Жазық/тау қай материкте орналасқан, оның ерекшелігі; 2) жазықтың / тау жоталарының созылу бағыты, ұзындығы; 3) жазықтың/таудың орташа биіктігі, биіктігі бойынша қандай жазыққа/тауға жатады; 4) жазықтың максималды және минималды биіктіктері, таудың ең биік нүктесі, оның координаталары.

2. «Сұрақ бәйгесі» ойнының сұрақтары.



І қатар: 1) Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің ........ қабаты (сыртқы); 2) Оңтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының аралығында ...... тақтасы орналасқан (Наска тақтасы); 3) Жер қыртысы бетінде су, жел,

мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болатын жзыныстар ............... тау жыныстары деп аталады (шөгінді); 4) Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері .............. д.а. (жер сілкіну ошағы); 5) Температурасы жоғары болатын, құрамында әр түрлі тұздар мен газдар кездесетін суларды ........... деп атайды (минералды сулар); 6) Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді ........ д.а. (тау торабы); 7) Екінші тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып ................. таулар пайда қалыптасады (қатпарлы-жақпарлы таулар); 8) Жас таулардың биіктігі ........ м-ге жетеді; 9) Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтар қырат жазықтар д.а. 10) Өзен, көл, теңіз жағалауындағы жел айдап үйген құм төбелер – шағылдар.



ІІ қатар: 1) Маттериктік жер қыртысының қалыңдығы 30-40 км, мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы 70-80 км. 2) Мұхиттың түбінде ұзыннан-ұзақ созылып жататын су асты жоталары. Жеке шыңдары арал түрінде су бетіне шығып тұрады – мұхит ортасы жоталары. 3) Минералды жыныстардың түрлері 3000 шамасында, тау жыныстарының түрлері 1000-ға тартады. 4) Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкінісі 3 жылға созылған. 5) Эльбрус пен Казбек қандай жанартауға жатады: сөнген. 6) Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін таулар д.а. 7) Су мен ауаның әсерінен жүретін үгілу түрі химиялық үгілу деп аталады. 8) Орта Сібір, Батыс Аустралия пайда болуына қарай қандай жазыққа жатады: вулкандық жазық. 9) Бархандардың биіктігі 15-20 м-дей болады, шағын барқандар жылына 100-200 м-ге жылжиды. 10) Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін материктік беткей д.а.

ІІІ қатар: 1) Жер қыртысының және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты литосфера д.а. 2) Мұхит ортасы жоталарының тап ортасында ұзыннан-ұзақ созылған шатқалдар. 3) Жер қыртысының 15-20 км тереңдігінде тау жыныстарының 95%-ын магмалық тау жыныстары құрайды. 4) Жер сілкіну жиі болып тұратын аймақтарды сейсмикалық аймақтар д.а. 5) Жанартаулардың көпшілігі Тынық мұхитының жағалауында орналасқан. 6) Карпат таулары биіктігі бойынша орташа биік тауға жатады 7) Бұрынғы теңіздер мен мұхиттардың орнында пайда болған тауларды қатпарлы таулар д.а. 8) Ла-Плата ойпаты пайда болуына қарай аллювиальді жазыққа жатады. 9) Сай – ұлғаюы тоқтағаннан кейін жыраның табаны тегістеліп және беткейлері түйетайланып, өсімдік басқан ұзынша ойыс. 10) Мұхит түбінің ең көп бөлігін қазаншұңқырлар алып жатыр.

Ойынның шарты: үш қатар жарысады. Әрбір қатардың өз сұрақтары болады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Соңында жиналған ұпайлардың нәтижесімен жеңімпаз қатар анықталады.

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады. Ойнынның нәтижесін саралап, жеңімпаз қатарды анықтайды.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына «Литосфера» тақырыбын қайталау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ

Күні:


Сынып: 6

Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылысы. Атмосфералық қысым

Мақсаты:

Білімділік: Атмосфера қабаты туралы оқушыларға түсінік бере отырып, оның жер қабықтары ішіндегі ерекшелігі туралы ұғым қалыптастыру. Атмосфера қабаттарының ерекшеліктерін, оның маңыздылығын айта отырып, оны зерттеу мәселелеріне тоқталу. Атмосфера қабаты туралы түсініктерді жалғастыра отырып, ауа салмағын, ауа қысымының әр түрлі болу себептерін түсіндіру.

Дамытушылық: Ауа қысымын өлшейтін құралдармен таныстырып, оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераны зерттеу тәсілдерімен таныстыра отырып, оны қорғңау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: стратосфера, торпосфера, озон газы қабаты, аэростаттардың, шар-зонд, радиозонд , метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелер, атмосфералық қысым, қалыпты атмосфералық қысым, барометр, сынап барометрі, анероид барометр

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі



  1. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Дәптерлерінен салған суреттерін, анықтамаларын тексереді. Кейін өткен тақырыптар бойынша бірнеше сұрақтар қояды:

1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін не алып жатыр?

2) Пасха, Әулие Елена, Тристан-да-Кунья аралдары қалай пайда болған?

3) Материктік беткей дегеніміз не?



Дәптерлерінде орындаған тапсырмаларын мұғалімге тексертеді. Ескертулері болса, мұғалімге айтып, түсінбегендерін сұрайды. Сұрақтарға жауаптары:

1) Мұхит түбі бедерінің көп бөлігін қазаншүңқырлар алып жатыр.

2) Бұл аралдар мұхит ортасы жоталары шыңдарының су бетіне шығып қалған бөліктері

3) Материктік қайраңнан мұхит түбіне аусыатын бөлігі. Ол 200 м-ден 2800 м-ге дейінгі тереңдікте жатады.



3


Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Жердің сыртқы қабаттарын еске түсіріңдер 2) Атмосфера туралы не білесіңдер?

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1. Атмосфераның құрамы

2. Атмосфераның қабаттары

3. Атмосфераның маңызы

4. Атмосфераны зерттеу жолдары



  1. Атмосфераны қорғау

  2. Атмосфералық қысымның пайда болуы

  3. Қысымның биіктік бойынша өзгеруі

  4. Атмосфералық қысымды өлшеу

- Оқулықты, карта,суретті пайдалана отырып, тақырыпты меңгеру.

- Оқулықтағы суреттерге қарап қысым өлшейтін аспаптрдың құрылысын сипаттайды.


Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, литосфера, гидросфера, биосфера жатады. 2) Атмосфера жердің ауа қабаты, оның стратосфера, торпосфера деген қабаттары бар.

Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:

1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: атмосфера – жер шарын қоршаған ауа қабығы, оның құрамы 78% азоттан, 21% отегіден тұрады

мыналарды түсініп, еске сақтайды: ауада азот көп болғанмен, тіршілік үшін ең маңыздысы – оттегі, басқа газдардың ішіндегі ең мағыздысы –көмірқышқыл газы. Атмосфераның жоғарғы шекарасы шамамен 2-3 мың км биіктікте өтеді, ол Жердің өзімен бірге айналады.

2. Мыналарды анықтап жазып алады: температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша бірнеше қабатқа жіктеледі: тропосфера – жер бетіне таяу орналасқан қабаты, стратосфера – тропосфераның үстіндегі қабат, ол 50-55 км биіктікке дейін барады.

Мынаны түсініп еске сақтайды: стратосферада озон газы қабаты бар, стратосферада температура биіктік бойынша бірқалыпты төмендейді, ал атмосфераның үстіңгі бөлігінде ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін төмендеп, одан әрі 1000-2000°С-ге дейін өседі.

3. Мыналарды анықтап еске сақтайды: атмосфера не үшін маңызды: -жер бетіндегі температураның таралуы ; - жер бетіндегі тіршілік; -жауын-шашынның таралуы; -метеориттерден сақтайды

4. Келесілерді анықтап жазып алады: Атмосфераны зерттеу жолдары – аэростаттардың көмегімен, шар-зонд арқылы, радиозонд (атмосфераның биік қабаттарын зерттеу үшін), метеорологиялық зымырандар, Жердің жасанды серіктері, ғарыш кемелері арқылы

5. Мынаны еске сақтап қалады: ауа адамның шаруашылық әрекетінен ластанады – одан түрлі өкпе аурулары, рау ауруы пайда болады. Біздің елімізде Теміртау, Тараз, Зырян, Риддер, Балқаш, Өскемен, Шымкент, Алматы қалаларында ауаның ластануы қалыпты жағдайдан 5-10 есе асып түседі.

Ауаны ластанудан сақтау шаралары: зауыттардың, жылу электр стансаларының мұржаларынан көтерілетін күл мен шаң-тозаңды тазартатын қондырғылар, автокөліктерден шығатын улы газдарға сүзгілер орнату, энергияның залалсыз түрлеріне (су, жел, күн, жердің ішкі жылуы) көшу, көгалдандыру т.б. шараларды іске асыру қажет.

6. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысым – ауаның жер бетіне түсірген салмағы. Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді.









7. Мыналарды анықтап жазып алады: 45° ендіктегі теңіз деңгейінен алынған сынап бағанасының 760 мм биіктігіне тең қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында әрбір 10 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 1 мм төмендейді.

Мыналарды еске сақтайды: атмосфералық қысым тек биіктік бойынша емес, сон.ымен бірге ауа райы жағдайына байланысты да өзгереді.

8. Мыналарды анықтап жазып алады: атмосфералық қысымды өлшейтін құрал – барометр (грекше барос – салмақ, метрео - өлшеймін) деп аталады. Барометрдің екі түрі болады: сынап барометрі және анероид барометр (анероид – грекше ылғалсыз) қолданылады. Ауа райын бақылау мекемелерінде атмосфера қысымын өлшеуге миллибар (мб) өлшемі қолданылады.


4

Тақрыптарды бекіту тапсырмалары мен сұрақтары: 1) Оттегі мен азоттың тіршілік үшін қандай маңызы бар? 2) Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді? 3) §28 соңындағы 5-тапсырманы орындау.

Оқушылардың жауаптары: 1) Адам мен жануарлар оттегімен тыныс алады. Оттегі жануды қолдайды. Азот – кез-келген ағзаның тіршілігі үшін қажетті зат. 2) Өйткені атмосфераның бұл қабатындағы ауа оған түскен күн сәулелерінен тікелей жылынбайды, алдымен Жер беті жылынып, кейін ол ауаға тарайды. 3) есептің жауабы: А-Б салыстырма биіктігі 200 м, абсолют биіктіктері А – 300 м, Б – 500 м.

5

Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, жалпы сабақты қорытындылайды.

Сабақта қандай тақырыптарға тоқталғандарын айтып, қызықты өткен жерлерін айтады.

6

Оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалайды.

Алған бағаларын тыңдап, ескертулері болса айтып, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасына §§27-28. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.



Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

Сабақ


Күні:

Сынып: 6



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау