сынып Сабақ: Мерзімі: Тақырыбы



жүктеу 0,66 Mb.
бет9/11
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21381
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сабақтың барысы

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Жаңа тақырыпқа көшу үшін ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды:

1) Су дегеніміз не? 2) Табиғатта су қандай күйде кездеседі? 3) Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады? 4) Жер бетіндегі тіршілік үшін судың маңызы қандай?

Жаңа тақырыпты меңгеру келесі жоспар бойынша жүреді:

1. Жердегі су. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3 екендігін айтады. Олар Жер бетіндегі бүкіл судың мұхитттар мен теңіздерге 96,5%, мұздықтар мен тұрақты қарларға – 1,7% қатысты. Ал өзендер, көлдер, батпақтар және атмосферадағы суға тек қана 0,06% ғана тиеді. Жер бетіндегі тұщы су 2,5%. суды адам өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста пайдаланады.

2. Табиғаттағы су айналымы. Кіші және үлкен су айналымы. Оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып табиғатағы су айналымы туралы түсінікті анықтайды: 1) Неліктен өзендер суы таусылып қалмайды? 2) Көптеген өзендер көлдер мен теңіздерге келіп құяды. Неліктен олардың су деңгейі көтеріліп кетпейді? Оқушылардың жауапатарын ала отырып дүниежүзілік су айналымы ұғымын қалыптастыру үшін арналған сызба немесе оқулық суреті қарастырылады.

3. Дүниежүзілік мұхит. Мұғалім дүние бөліктеріне тоқталып кетеді. Жер бетінің көлемі 510 млн. Км2 болса, соның 361 млн. км2-ы мұхиттарға, ал 149 млн км2-ы материктерге жататынын айтады. Әр мұхитқа қысқаша сипаттама береді.

4. Мұхит бөліктері. Жаңа тақырыпты меңгеру барысында «теңіз», «ішкі теңіз», «шеткі теңіз» ұғымдарына көңіл бөледі. Кейін оқушыларға «шығанақ» пен «бұғаз» не екенін анықтап, оларды картадан табу тапсырмасын береді.


Оқушылардың жауаптары:

1) Су – түссіз, мөлдір, иісі-дәмі жоқ үнемі ағып жататын зат.

2) Табиғатта су сұйық, қатты, газ күйінде кездеседі. 3) Температура өзгергенде су бір күйден екінші күйге ауысады. 4) Адам ағзасының 70%-ы судан тұрады, су – тіршілік көзі. Оқушылар мұғалімнің жаңа тақырып бойынша әңгімесін тыңдап отырып, ең неігзіглерін жазып отырады.

1. Планетамыздағы судың мөлшері 1616 млрд км3.. оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып дәптерлеріне Жер шарындағы әр түрлі сулардың мөлшерін диаграмма арқылы сызып көрсетеді.

2. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді: 1) Өйткені оларға жауын-шашынның суы, жер асты суы қосылып отырады. 2) Өйткені бұл көлдер мен теңіздерден басқа өзендер ағып шығып мұхитқа құяды, сонымен қатар су буланып отырады.

Мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, оқушылар мен мұғалім бірігіп өзендер суларын мұхитқа апарып құяды, жерге сіңген су да ағып мұхитқа қоыслады, мұны дүниежүзілік су айналымы дейді деген қорытындыға келеді. Оқушылар осы қалыптасқан ұғымның арқасында су айналымының рөлі туралы өз ойларын айтады: табиғаттағы су айналымының әсерінен тұщы су көлемі бірқалыпты болады. Үлкен және кіші су айналымын қарастырады.

3. Оқушылар Жер шарында 6 материк бар екендігімен бірге, материктерден дүние бөліктері ұғымын ажырата білуі керек. Дүние бқліктеріне, материктердің өз аумақтарынан басқа жақын жатқан аралдар да кіретінін анықтайды. Барлық дүние бөліктері 6. Олар: Еуропа, Азия, Африка, Америка, Аустралия, Антарктида. Әрбір мұхиттың қысқаша сипаттамасын жасайды: ауданы, географиялық орны, ең терең жері.

4. Осы тақырып бойынша оқушылар «шығанақ» пен «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру үшін оқулықтың мәтінінен олардың түсініктемесін оқып, айтылған нысандарды картадан табу керек.



3

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар мен сұрақтар береді:

1. Кескін картаға Дүние жүзілік мұхит пен оның бөліктерін түсіру.

2. Сабақ соңында тақырып бойынша кейбір сұрақтар қойылады: 1) Үлкен және кіші су айналымдары дегеніміз не? 2) Дүние жүзілік мұхиттың бөліктерін ата. 3) Мұхит бөліктерін ата. Оларға мысалдар келтір.


Ең алдымен кескін картамен жұмыс істейді. Кейін мәтінге көз жүгіртіп, сұрақтарға жауап береді: 1) Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Ол кіші су айналымы. Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға көтеріледі, ал екінші бөлігі өзенге, көлге барып қоысылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Үлкенді-кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды. Жеге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Бұл үлкен су айналымы. 2) Дүние жүзілік мұхиттың 4 ірі бөлігі: Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік мұзды мұхит. 3) Мұхит бөліктері: теңіздер: ішкі – Қара теңіз, Жерорта теңізі, Каспий теңізі шеткі теңіздер – Саргасс, Фиджи, Кариб, Кар, шығанақтар – Мексика, Бенгаль, Гвинея, Аден, бұғаздар- Гибралтар, Мозамбик, Беринг.

4

Сабақты оқушылармен бірге қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды: 1) Бүгінгі сабақта дүние жүзіндегі судың мөлшерін, континенттерді, дүние жүзілік мұхит бөліктерін, мұхит бөліктерін білдік. Картамен, кескін картамен жұмыс қызықты болды.

5

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділіктеріне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай бағалап, оқушыларға бағаларын айтады.

Оқушылар өздерінің алған бағаларын біліп, күнделіктеріне қойдырып алады.

6

Үйге: §38-39 қайталау. Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақ


Күні:

Сынып: 6



Тақырыбы: Мұхит сунының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мұхит суының температурасы мен тұздылығы жайлы білім беру. Тұздылық пен температураның мұхитттың әр түрлі аймақтарында біркелкі болмауының себептерін ашу. Оқушыларда «толқындар», «цунами», «толысу мен қайту құбылыстары» ұғымдарын қалыптастыру. (оқушылар бұл құбылыстардың пайда болу себептерін меңгерулеріне тиіс). Оқушылардың карта және кескін картамен жұмыс істеу біліктерін ары қарай дамыту.

Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақ жоспары



Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Ең алдымен оқулықтағы мәтін соңындағы сұрақтар бойынша тексеру жүргізеді. Сұрақтар мен тапсырмалардың жауаптары:

2) Қазақстан аумаңғынан Д.ж мұхитқа шығуға бола ма? 3) Сендер тұратын елді мекен ең жақын теңізден қандай қашықтықта орналасқан? Бұл қашықтықты карта бойынша өлшеңдер. 4) Қара теңізден бастап ойша Жер шарын айналып шығатын «саяхат» жасаңдар. Өздерің сол арқылы жүретін және жақынырақ өтетін мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, каналдарды атаңдар. 5) Еуразия материгінің жағаларындағы шеткі және ішкі теңіздерді атаңдар. 6) Қандай бұғаз екі теңіз бен екі мұхитты қосып, екі материкті және екі мемлекетті бөліп тұрады? 7) Мәтінд аталған теңіздерді, шығанақтарды және бұғаздарды кескін картаға жазыңдар. 8) Мұхиттар кестесін толтыру.

Соңында 7 тапсырма бойынша кескін карталарын тексереді.


Мәтін соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар жауаптары:

2) Қазақстан аумағынан д.ж. мұхитқа шығуға болады.

3) Павлодар облысына ең жақын Арал теңізі, ол мұннан 1240 км қашықтықта орналасқан.

4) Қара теңізден о-б-қа қарай Босфор бұғазы арқылы Жерорта теңізіне, одан Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шығамын. Осыдан сол бағытта жүзе отырып, Мексика шығанағына, Кариб теңізіне өтіп, Пнама каналы арқылы Тынық мұхитына шығамын. Тынық мұхиты арқылы экватор бойымен жүзе отырып, көптеген аралдар арқылы өтіп, Үлкен Зонд аралдарынан Үнді мұхитына жүзіп шығамын. Содан Аден шығанағына жетіп, ол арқылы Қызыл теңізге жетемін. Одан Суэцк каналы арқылы қайта Жерорта теңізіне өтіп, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізіне қайтып келемін.

5) Ішкі теңіздер: Каспий, Қара, Қызыл, Жерорта, Балтық; шеткі теңіздер: Солтүстік, Норвег, Баренц, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Беринг, Охота, Жапон, Шығыс-Қытай, Сары, Оңтүстік-Қытай, Аравия теңіздері.

6) Беринг бұғазы

8) Тынық мұхиты: 180 млн км2, Еуразия, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Аустралия, Антарктида, Мариан шұңғымасы – 11022 м; Атлант мұхиты: 92 млн км2, Еуразия, Оңтүстік, Солтүстік Америка, Антарктида, Африка, Пуэрто-Рико – 8440 м, Үнді мұхиты: 75 млн км2, Еуразия, Африка, Аустралия, Антарктида, Үлкен Зонд – 7729 м.


3

Жаңа тақырыпты географиялық диканттан бастайды:

1) материктер, 2) дүние бөліктері, 3) мұхитттар, 4) теңіздер, 5) аралдар, 6) түбектер, 7) шығанақтар, 8) бұғаздар.

Географиялық диктанттан кейін жаңа материалды игеру мақсатында оқушыларға проблемалық сұрақ қояды: «не себептен мұхит суының температурасы экваторлық, тропиктік және полярлық аймақтарда әр түрлі болып келеді?», «мұнда қандай заңдылық байқалады?

Оқушылардың жауаптарын қорытып, экваторлық аймақты мұхит суының температурасы 28-29°С, полырлық аймақтарды 0°С көрсететінін айтады. Судың жоғарғы қабатында толқындар мен ағыстардың арқасында араласып, 100 м тереңдікке дейін судың температурасы 2-3°С дейін ғана төмендейді. Сонымен қатар оқушыларға мұхит суының температурасының маусымдық өзгерістерге де тәуелділігін айту керек. Кейін мұхит суының тұздылығы туралы айтып өтеді. Тұздылық 1 л судағы еріген тұздардың граммен алынған мқлшері, ол промилле белгісімен белгіленеді. Мұхит суында ас тұзы, темір, хлор, магний, кальций, натрий, күкірт, мыс, күміс, алтын болатындығын айтады. Мұхит суының тұздылығы ж-ш мөлшеріне, судың булануына, айсбергтердің еруіне де байланысты. Сонымен қатар тұщы су мөлшері аз қосылатын және булану күшті жүретін жерлерінде тұз мөлшері көбейеді.

Мұхит суы әртүрлі күштердің әсерінен үнемі қозғалыста болады. Ең бірінші фактор – жел. Желдің әсерінен толқындар 10-15 м биіктікке көтеріледі. Толқынның элементтері: қыры немесе жалы, биіктігі, биіктігі, табаны, ұзындығы. Толқынның суретін тақтаға салып көрсетеді. Толқынның күштілігін анықтайтын шкала туралы айтып өтеді. Кейін «соқпа тоқын», «цунами», «тайфун» ұғымына тоқталады. Оның пайда болу себептерін оқушылармен бірігіп анықтайды.

Жағалауға орағыта соғатын соқпа толқын. Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 метрден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп 20-30 м-ге жетеді. Цунами болар алдында су жағадан бірнеше жүзлеген метрге шегінеді, оның толқыны сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жер тайфун деп аталады. Оның әсерінен таудай толқын көтеріледі. Мұхит пен теңіздерде қайталап тұратын құбылыс – толысу мен қайту. Оны меңгеру үшін оның сызбасын пайдалану жөн. Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалану мәселесі айтылады.



Ең алдымен геогграфиялық диктантқа жауап береді:

1) Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида; 2) Америка, Африка, Еуропа, Азия, Аустралия, Антарктида; 3) Тынық, Атлант, Үнді, Солтүстік Мұзды мұхит; 4) Ішкі теңіздер: Каспий, Қара, Қызыл, Жерорта, Балтық; шеткі теңіздер: Солтүстік, Норвег, Баренц, Кар, Лаптевтер, Шығыс-Сібір, Беринг, Охота, Жапон, Шығыс-Қытай, Сары, Оңтүстік-Қытай, Аравия теңіздері; 5) Гренландия, Мадагаскар, Жаңа Зеландия, Үлкен Антиль аралдары, Жаңа Гвинея; 6) Үндістан, Аравия, Үндіқытай, Пиреней, Лабрадор, Сомали; 7) Бенгаль, Мексика, Аден, Гудзон, Аляска; 8) Гидралтар, Гудзонов, Беринг, Мозамбик.

Жаңа тақырыпты меңгеру кезінде мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді:

«өйткені экватордан полюстерге қарай күн келетін жылудың мөлшері азая береді, мұхит пен құрлық беті күн сәулесінен жылынатындықтан мұхит суы да экватордан полюстерге қарай әркелкі жылынады, яғни мұхит суының температурасы экватордан полюстерге қарай төмендей береді». Мұхит суының тұздылығын сипаттағанда оқушылар әрбір литр теңіз суында орта есеппен 35 г тұз болатындығын білуі керек. Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз – Қара теңіз, оның тұздылығы 39-40 грамға жететінін біледі.Теңізді сипаттау жоспарын жазып алады:

1) географиялық орны, 2) ішкі немесе шеткі теңіз, 3) көлемі мен жағалау сызықтары, 4) ең үлкен және басым тереңдігі, 5) тұздылығы.

Осы жерде оқушылар толқынның элементтерін мұғалімнің тақтаға салған графикалық суреті арқылы айқындап меңгеру мақсатында дәптерлеріне сызып отырады. Кейін оқушылар оқулық мәтінінен толқынның балдық шкаласы суретін тауып, толқынның күші 9 балдық шкаламен анқыталатынын өздері анықтап біледі.



Цунами (жапонша цунами – қойнауындағы үлкен су) – теңіз түбіндегі жер сілкінулердің әсерінен пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.

Мәтінді оқып, оны берілген суретпен салыстыра отырып, оқушылар өз ойларын сараптайды.

Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл. Жапон, Филиппин аралдарына, Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіне таралады.



4

Тақырыптарды бекіту үшін келесі сұрақтар мен тапсырмаларды береді:

1) Мұхиттың тұздылығының таралуын жарты шарлардың кескін картасына түсір;. 2) жоспар бойынша бір теңізге сипаттам беру; 3) толысу мен қайту құбылыстарын шаруашылықта пайдаланудың сызбасын жасау; 4) Толқындардың пайда болу себептері қандай? 5) Жер шарының қандай аймақтарында цунами жиі қайталайды және неліктен? 6) Судың толысуы мен қайтуы ненің әсерінен пайда болады? 7) Соқпа толқын, тайфун деген не?



Тақырыпты бекіту тапсырмалары мен сұрақтарына жауаптары:

1) Мұхиттың тұздылығының таралуын жарты шарлардың кескін картасына түсіреді; 2) мысалы, Каспий теңізге сипаттама береді: а) Еуразия материгінде орналасқан; ә) ішкі теңіз; б) 396 мың ш.ш; в) 2000 м; 3) Толысу мен қайту: балық аулау, балдырлар дайындау, жануарларға жем дайындау, куат өндіру, кеме қатынасы; 4) мұхит түбіндегі жер сілкінулерінің әсерінен пайда болады; 5) 1960 ж. Анд тауларындағы жер сілкінуден туған цунами Чили жағалауларын, Американың батыс жағалауын Калифорнияға дейін Жаңа Зеландия жағасын, Аустралияны, Филиппин, Гавай аралдарын, Жапонияны, Куриль аралдарын қамтыды; 6) айдың тартылыс күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуы болады; 7) Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл.


5

Сабақты қоыртындылау үшін оқушыларға сұрақтар қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жаууап бере отырып, сабақты қорытындылайды: Бүгінгі сабақта мұхиттар мен теіздердің тұздылығы туралы, оларды суының қозғалысы туралы білдім. Соқпа толқын, цунами және тайфун туралы көзқарастарымыз кеңейді.

6

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалуына қарай, сабақ үстінде көрсеткен белседіліктеріне қарай бағалайды. Бағаларын айтып, күнделіктеріне қойып береді.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.

7

Үй тапсырамысна: 40,41. анықтамаларды жаттау. Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Сабақ

Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы: Мұхит суының қозғалысы . Мұхит ағыстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру.

Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін караталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.

Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуытуралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас

Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақтың барысы


Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Ең алдымен оқушылардың дәптерлерін тексереді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларды сұрайды. Қателерін анықтап, бірнеше анықтамаларды сұрайды.

Оқушылар ең алдымен дәптерлерін тексертеді. Кейін өткен тақырыптың соңындағы сұрақтар мен тапысрмаларды тексертеді. Мқғалімнің сұраған анықтамаларын жатқа айтады.

3

Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін жаңа тақырыпқа көшеді.

Мұхитттардың кейбір жерлерінде айналадағы судан айырмашылығы бар зор ағындар өтеді. Олардың ені жүздеген, ұзындығы мыңдаған километрге созылады. Осындай мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Кейін осы ағыстарды туғызатын – тұрақты желдер екенін айтады. Экватор маңында африканың жағалауларынан тұрақты желдер ылғи батысқа қарай соғады. Осы желдер Гольфстрим ағысын тудырады. Мұғалім оқушыларға суық ағыстардың температурасы неліктен төмен болып келеді деген сұрақ қояды.



Оқушылар үй тапсырмасын тексерткеннен кейін мұғалімнің жаңа тақырыпты түсіндіруін тыңдайды. Осы жерде мұхит ағыстарының анықтамасын жазып алады: мұхиттардағы су массасының тұрақты түрде белгілі бір бағытта қозғалысын мұхит ағыстары дейді. Олар өткен тақырыпты еске түсіре отырып, байланыстыру (ұштастыру) мақсатында толқындардың пайда болу себептерін еске түсіреді.

Мұғалім Гольфстрим ағысы туралы айтқаннан кейін оқушылар жарты шарлар картасынан ағысты тауып, ол неліктен жылы ағыстарға жатады деген сұраққа жауап іздейді.сонымен бірге Дүниежүзілік мұхиттың әр жерінде суық ағыстар да өтетінін анықтайды. Картаға қарап отырып, Гренландияның батыс жағалауларынан Лабрадор ағысы басталып, ал оңтүстікке қарай Лабрадор түбегінің жағалауларын бойлап өтетінін сипаттайды. Оқушылар суық ағыстар басталатын жердің ендігіне баланысты температурасы да төмен болатынын айтады.



4

Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар береді: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк сызықтармен түсіру. Олардың аттарын жазу.

Кейін мұғалім оқушыларға неліктен Еуропаның солтүстігі мен батысында қысы жылы болып келеді? деген сұрақ қояды. Осыған жылы ағыстың қатысы бар ма? Егерде болса оны қандай фактілермен дәлелдеуге болады?



Тақырыпты бекіту үшін оқушылар келесі тапсырмаларды орындайды: кескін картаға жылы және суық ағыстарды қызыл және көк түспен түсіріп, олардың аттарын жазады.

Кейін мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру үшін оқушылар оқулықтың мәтінімен жұмыс істейді: Еуропаның солтүстік-батыс жағалауларын (45° с.е. шамасынан бастап) Солтүстік Атлант ағысы шаяды. Ол – жылы ағыс, суының температурасы айналасындағы сулардан бірнеше градусқа жылы болады. Сондықтан осы жағалауларға жұмсақ климат қалыптастырады.



5

Сабақты оқушылармен біріге отырып қорытындылайды. Ол үшін оқушыларға бірнеше сұрақ қояды: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, сабақты өздері қорытындылайды: бүгінгі сабақта мұхит ағыстары туралы, бірнеше жылы және суыұ ағыстарды білдік. Кескін картаға мұхит ағыстарын түсіру қызықты болды.

6

Оқушыларды сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай және картамен жұмыс істеу сапасына қарай бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қойып береді.

Оқушылар осы сабақта алған бағаларын біліп, күнделіктеріне қойдырады.

7

Үй тапсырмасы: §42. тақырыпты қайталау, мәтін соңындағы сұрақтармен жұмыс істеу. Номенклатураны жаттау.




жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау