Силлабус э.ғ. к., доц. Жақсығұлова Г. К., э.ғ. к., доц. Хаджиева А. Б., аға оқытушы Оразбаева Д. Б



жүктеу 345,5 Kb.
бет1/2
Дата25.11.2018
өлшемі345,5 Kb.
#24552
  1   2

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ФАКУЛЬТЕТІ

СИЛЛАБУС





1.2 СИЛЛАБУС

ЖОО аты: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

Кафедра: «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг»

Пән «Мамандыққа кіріспе»

Мамандық 5В050700 - «Менеджмент»

Оқу сағатының (кредит) көлемі - 45 сағ (1 кредит)

Тәжірбиелік (семинарлық) сабақ - 10 сағ

Студенттердің өзіндік жұмысы

оқытушының басшылығымен (СОӨЖ) - 7 сағ

Барлығы аудиториялық - 17 сағ

Студенттердің аудиториядан тыс өзіндік жұмысы (СӨЖ) - 28 сағ

Курс - 1 Семестр – 1


Алматы


2012
Силлабус э.ғ.к., доц. Жақсығұлова Г.К., э.ғ.к., доц. Хаджиева А.Б., аға оқытушы Оразбаева Д.Б. «Мамандыққа кіріспе» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды

Кафедра отырысында қарастырылып, хаттамамен №___ «______» _____________ бекітілді.

Кафедра меңгерушісі,

э.ғ.к.,доцент ____________________________________________Жақсығұлова Г.К.


1. Жалпы мәлімет:

1.1. ЖОО аты: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

1.2 Модуль: «Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджмент»

1.3. Пән: «Менеджмент мамандығына кіріспе»

1.4. Мамандық: 5В050700 - «Менеджмент»

1.5. Оқу сағаттарының көлемі45 сағат

1.6. Оқу курсы және семестр – 1 курс, 1 семестр

1.7. Оқытушы жөнінде мәлімет: Оразбаева Дания Бақытқызы –аға оқытушы

Байланыс мәліметі: мекен жайы Бөгенбай батыр к-сі 153 А, корпус 2, 2 этаж, телефон: 8(7272) 92-59-86 (доп.335)
1.9. Пәннің саясаты және процедуралар: сабақтарға кешігуге, себепсіз сабаққа келмеуге (ауырып қалған жағдайда анықтама алып келу керек), жұмысты кешіктіріп тапсыруға, емтиханға келмеуге тыйым салынады.
Студенттерге қойылатын талаптар:

  • себепсіз сабақтарды жібермеу;

  • барлық тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау;

  • міндетті және мұқият болу;

  • оқу орындарында этикетті сақтау;

  • оқытушымен қарым-қатынаста субординация сақтау;

  • оқытушы мен курстастарға шыдамды, мейірімді болу;

  • сабақ барысында зейінді болу;

  • ұялы телефондар мен пейджерлерді сөндіріп қою;


Академиялық этика нормалары:

  • тәртіп;

  • тәрбие;

  • мейірімділік;

  • адалдық;

  • жауапкершілік;

  • корпоративті мәдениет және жеке жұмыстарды орындау үшін құрылған шағын топтарда іс-әрекет мәдениеті.

Қарама-қайшылықтар оқу топтарында оқытушымен бірге ашық түрде талқылануы керек, егер шешілмейтін жағдайда деканат қызметкерлеріне айтылуы қажет.
2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Республикамыздың экономикалық өмірінде көрініс тапқан дағдарыс жағдайы менеджмент мәселелеріне және оның ұйымның немесе компанияның нарық жағдайындағы табысты қызметіне әсер етуіне үлкен қызығушылық тудырды.

Заманауи менеджменттің мақсаты – қазіргі және болашақ менеджерлерге барлық ұйымдарда болатын мәселелерді шешу үшін инновациялық шешімдер жасауға көмектесу.

Денсаулық сақтау мен фармациядағы менеджменттің пайда болуы сыртқы ортаның өзгерісі мен әлемдік экономикалық факторлардың әсері жағдайында басқару шешімдерін қабылдау үшін медициналық және фармация ұйымдары қызметкерлерінің теориялық және тәжірибелік дағдылары мен қабілеттерін кеңейтуді талап етеді.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында келесі мәселелер түындап отыр:

- студенттерге білім беруді заманауи талаптарғы қалай жақындатуға болады;

- бітірушілердің жоғары оқу орнынан кейінгі бейімделу ұзақтығын қалай қысқартуға болады;

- студенттерге тек терең теориялық білім беріп қана қоймай, сондай-ақ әлемдік нарықтық экономикада нақты тәжірибелік дағдыларды қалай беру керек;

- студенттерге тәжірибелік қызметті орындау мен мамандық бойынша жұмысқа орналасуға қажетті нақты дағдыларын қалай қалыптастыру керек.

Аталған және басқа да мәселелерді шешуде студенттерге көмек көрсету үшін «Менеджмент мамандығына кіріспе» электив пәні жасалды. Бұл пәннің маңызды ерекшелігі студенттердің өз мансабын құру және өздігімен қызметі бойынша жоғарылау, болашақ кәсіби менеджерлік қызмет сферасында тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Медициналық қызмет көрсету нарығының және медициналық көмек көрсету технологиясының спецификасы бұл пәнде саланың әлеуметтік бағыттылығы және экономикалық тиімділік міндеттерін ескере отырып, жалпы басқару және ішінара медицина бизнесін басқару мәселелерін біріктіре отырып қарастырылады.

«Менеджмент мамандығына кіріспе» электив пәні менеджмент концепциясын және медицина қызметкерлерінің басқару сферасындағы кәсіби даму мүмкіндіктерін түсінуге көмектеседі.


2.2 Пәннің мақсаты

«Менеджмент мамандығына кіріспе» пәнінің мақсаты – студенттердің мамандыққа қызығушылығын қалыптастыру, оқу сабақтарына жауаптылықты арттыратын басқарушылық көз-қарасын қалыптастыру, студенттердің 5В050700 - «Менеджмент» мамандығы бойынша оқуына және медициналық мекемелер мен фармация ұйымдарында басшы (менеджер) ретінде жұмыс істеуіне қажетті арнайы теориялық білім беру мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.


2.3 Оқу міндеттері

Оқу міндеттері келесі бағыттар бойынша студенттерге білім беру:

1. Студенттердің жүйелік көз-қарастарын қалыптастыру:

- өз мамандықтарының болашағы және кәсіби қызметінің объектісі туралы;

- менеджердің кәсіби қызметі түрлерінің ерекшеліктері туралы;

- ұйым менеджерлерін кәсіби дайындау құрылымы туралы;

- менеджмент сферасында қызмет әдістемесі туралы;

- мансап құру технологиясы туралы;

- болашақ басшыларға қажетті білім, дағдылар туралы;

- мамандық бойынша дайындау процесінде студенттер меңгеретін пәндер туралы.

2. Мамандықтың болашақ кәсіби қызметінің мазмұны жөнінде білімді және осы мамандық мамандарына қойылатын негізгі талаптарды құру.

3. Студенттердің келесі дағдыларын дамыту:

- кәсіби және өмірлік мақсаттарын қою;

- өз қызметін дұрыс ұйымдастыру және бақылау;

- өз дамуын жоспарлау және оқу орнында және де кейінгі кәсіби мансап этаптарында менеджер ретінде жетілу;

- өз дайындығының деңгейін бағалау.



4. Студенттердің жаңа білім мен кәсіби аргументтерді өздігімен меңгеру дағдыларын қалыптастыру.
2.4 Оқудың соңғы нәтижесі: қорытынды емтихан тапсыру

Курсты оқу нәтижесінде студент меңгеруі керек:

1. Когнитивті білім: «Менеджмент» мамандығымен танысу – менеджердің квалификациялық сипаттамасын, жалпы білім беру міндетті, базалық, профильді пәндерді, оқу және өндірістік тәжірибені; менеджмент мәні, мазмұны, тарихы, функциялары, міндеттері жәе әдістері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру; персоналды менеджмент білімдерін, мансапты ұйымдастыру технологиясын, шешім қабылдау процесін қалыптастыру.

2. Операциональды дағды: нарықтың өзгермелі конъюнктурасына сәйкес нарық жағдайын бағалау, басқару шешімдерін қабылдау, уақыт бойынша жоспарлау, барлық басқару процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау.

3. Коммуникативті дағды басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу, нақты жағдайларда іс-әрекет қабілеті, жеке тұлғалық құзыреттерді (топта жұмыс істеу, келісім-сөздер жүргізу және т.б.) және менеджерлердің персоналды қасиеттерін (тәртіптілік, жауапкершілік, креативтілік, көшбасшылық, мобильдік, әлеуметтік, моральдық және психологиялық бейімделушілік) қалыптастыру.

4. Құқықтық компонент, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық базасын білу: «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін дамуның стратегиялық жоспары», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі, «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Қазақстан Республикасы десаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жж. арналған стратегиялық жоспары», «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторында технология беру және институционалды реформа жүргізу жобасын», «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кадрлық ресурстарын дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған концепциясы».

5. Өз білімін жетілдіру өзіндік даму және өмір бойы өз бетінше білім алу траекториясын жүргізуге дайындықты білдіреді, сабақта келесі қызмет түрлері: ауызша сұрақ, рольді ойын, ситуациялық есептер шешу, презентация, реферат жазу бойынша бағаланатын портфолио құру.
2.5 Пәннің пререквизиттері: нарықтық экономика негіздері, психология, жүйелік талдау, математика.

2.6 Пәннің постреквизиттері: менеджмент теориясы және практикасы, антикризистік менеджмент, стратегиялық менеджмент, инновациялық менеджмент, өндірістік менеджмент.
2.7 Пәннің қысқаша мазмұны:

«Мамандыққа кіріспе» элективті пәні медициналық қызметтің сапасын арттырудың әртүрлі өзекті сұрақтарына жауап табуға және медициналық мекеме мен фармация ұйымдарының ресурстарын рационалды қолдануға көмектеседі. . Бұл сұрақтардың жауабы адамның құндылық негізін құрайды, төменгі курс студенттерінің оқу процесіне жауаптылықпен қарауына, мансапты жоспарлауына, өзіндік жетілуге қажеттілікті қалыптастыруға және нәтижесінде таңдалған мамандықты меңгеру үшін ЖОО оқудың төрт жылын тиімді қолдануға көмектеседі.


2.7 Тақырыптық жоспар: әрбір сабақтың (дәріс, тәжірибе (семинар), зертханалық, оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысы, студенттердің өзіндік жұмысы) тақырыбы, өткізу формасы және ұзақтығы.
Сабақтардың тақырыптық жоспары



Сабақ тақырыбы

Тәжірибелік сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Барлық сағат

1

Мамандыққа кіріспе: кіріспе бөлім

3

1

4

8

2

Менеджерді оқыту курсының мазмұны

1

1

4

6

3

«Менеджмент» мамандығының негіздері

2

1

4

7

4

Персоналды менеджмент негіздері

1

1

4

6

5

Мансап технологиясы

1

1

4

6

6

Менеджер және оның командасы: табыстылық тарихы

1

1

4

6

7

Шешім қабылдау қажеттілігі және техникасы

1

1

4

6




Барлық сағат

10

7

28

45



Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары





Тәжірибелік сабақтың тақырыбы

Тәжірибелік сабақтың негізгі сұрақтары

Тәжірибелік сабақты өткізу формасы

Ұзақтығы, сағ

1

Мамандыққа кіріспе: кіріспе бөлім

  1. «Менеджмент» мамандығының түсінігі

  2. Маман ретінде менеджердің квалификациялық сипаттамасы

  3. Жалпы білім беру міндетті пәндердің қысқаша сипаттамасы және шолу

  4. Базалық пәндермен танысу және шолу

  5. Профильді пәндерге шолу

  6. Оқу және өндірістік тәжірибе мазмұнының қысқаша сипаттамасы

Пікір-талас


3

2

Менеджерді оқыту курсының мазмұны

  1. Маманның кәсіби сипаттамасы

  2. Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық

  3. Ғылыми дайындық

  4. Жалпы білім дайындығы

  5. Арнайы дайындық

Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау

1

3

«Менеджмент» мамандығының негіздері

  1. Менеджмент мәні және мазмұны

  2. Менеджмент тарихы

  3. Менеджмент функциялары

  4. Менеджмент міндеттері

  5. Менеджмент әдістері

Тақырып бойынша мәселелі сұрақтарды талқылау, жазбаша тапсырманы орындау

2

4

Персоналды менеджмент негіздері

1. Персоналды менеджмент мақсаты

2. Персоналды менеджмент функциялары және техникасы

3. Персоналды менеджмент жүйесі

4. Жоспарлау және мақсатты анықтау

5. Жұмыс уақытын үнемдеудің негізгі ережелері

Шағын топтарда жұмыс: ситуациялық есептерді талқылау

1

5

Мансап технологиясы

  1. Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс

  2. Жеке қабілеттердің мансапқа әсері

  3. Жұмыс орнын іздеу әдістері

  4. Өзін-өзі жарнамалау: анкета, резюме, жолсерік хаттар, телефон шалу

  5. Жұмысқа қабылдау кезінде сұхбаттасу және келісім-шарт жасау

  6. Жұмыс орнындағы табыс: кәсіби факторлар, қызмет бабы бойынша жоғарылау

Жазбаша тапсырманы орындау


1

6

Менеджер және оның командасы: табыстылық тарихы

  1. Менеджер қызметінің жаңа жағдайлары

  2. Таңдалған мамандықтың сәйкестігі

  3. Менеджер сапасы моделі

  4. Менеджер командасы: командалық жұмыс тиімділігі

  5. Көшбасшылық

Шағын топтарда жұмыс: тақырып бойынша мәселелі сұрақтарды талқылау,

1

7

Шешім қабылдау қажеттілігі және техникасы

1. Шешім қабылдау техникасы

2. Мәселені белгілеу және баламаны анықтау



3. Оптимальды нұсқаманы таңдау 4. Шешімді жүзеге асыру және нәтижені бақылау

Пікір-талас

1




Барлығы

10


СОӨЖ тақырыптық жоспары



Тақырып атауы

СОӨЖ сұрақтары

Оқыту әдістері

Ұзақтығы, сағат

1.

«Мамандыққа кіріспе» курсының пәні

  1. Менеджер кәсібінің өзектілігі

  2. «Мамандыққа кіріспе» курсының пәні, мақсаты, құрылымы

  3. Менеджменттің негізгі түсініктері

  4. Әлеуметтік ұйым мәні

  5. Басқарудың негізгі тәсілдері

Пікір-талас

1

2.

Менеджмент генезисі және эволюциясы

  1. Менеджменттің пайда болу жағдайы мен алғышарттары

  2. Менеджменттің негізгі мектептері

  3. Қазақстан Республикасында менеджменттің дамуы

Шағын топтарда жұмыс: ситуацияны талқылау

1

3.

Менеджердің кәсіби қызметінің ббъектісі

  1. Заманауи ұйым туралы түсінік

  2. Ұйымның өмірлік циклы

  3. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы

  4. Басқару деңгейлері

  5. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

Пікір-талас

1

4.

Менеджер қызметінің түрлері

Менеджердің басқарушылық, ұйымдастырушылық, экономикалық, жоспарлы-қаржылық, маркетингтік, ақпаратты-аналитикалық, жобалы-зерттемелік, диагностикалық, инновациялық, әдістемелік, кеңес беру, білім беру қызметінің сипаттамасы

Ситуациялық есептерді шешу, тест сұрақтарын талқылау

1

5.

Менеджердің кәсіби этикасы

1. Менеджердің кәсіби этикасы түсінігі

2. Менеджер және басшылар этикасының маңызды аспектілері

3. Корпоративті этика

Ситуациялық есептерді шешу, тест сұрақтарын талқылау

1

6.

Іскерлік мансап және оны ұйымдастыру

  1. Іскерлік мансаптың негізгі этаптары

  2. Іскерлік мансапты жоспарлау

  3. Ұйым қызметкерлерін іріктеу

  4. Қызметкерлердің қызметіне кіріспе процедуралары

  5. Мамандарды аттестациялау процесі, оның этаптары

Шағын топтарда жұмыс: ситуациялық есептер

1

7.

Мансапты басқару

  1. Тұлғаны өздігімен анықтау

  2. Жұмыскерлердің өмірлік циклы

  3. Менеджер мансабының мәні, құрамы, мазмұны және типтері

  4. Мансаптың стартты жағдайлары

  5. Мансап мотивтері және менеджердің құндылықтары

  6. Мансап табыстылығын қамтамасыз ететін факторлар

  7. Дағдарыс, қарама-қайшылық және басшы мансабының құлдырауы

  8. Тайм менеджмент

Дискуссия

1




Барлығы

7



СӨЖ бақылау тапсырмасы



Тапсырма тақырыбы

Тапсырма мазмұны

Бақылау формасы

Сағат

1

  1. Менеджмент пәні және функциялары

  2. Менеджмент: білім беру және өзіндік білім алу процесі

Глоссарий құру, реферат жазу

Жеке қорғау

4

2

  1. Денсаулық сақтаудағы менеджер ролі

  2. Менеджменттегі команда ролі

Глоссарий құру, эссе

Жеке қорғау

4

3

  1. Менеджердің жеке тұлғалық қасиеттері

  2. Менеджердің кәсіби қабілеті мен дағдылары

Глоссарий құру, реферат жазу, презентация жасау

Жеке қорғау

4

4

  1. Кадрлық саясат және жұмыскерлерді ынталандыру

  2. Коммуникация және оның ұйым қызметіндегі ролі

Реферат жазу

Жеке қорғау

4

5

  1. Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс

Реферат жазу, презентация жасау

Жеке қорғау

4

6

  1. Көшбасшылық: модельдер, негізгі сапасы және стильдері

Реферат жазу

Жеке қорғау

4

7

1. Басқарушылық шешімдер: түсінігі, ролі және менеджменттегі орны

2. Басқарушыдық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру процесі



Презентация жасау

Жеке қорғау

4




Барлығы







28




    1. Кеңес беру уақыты:

Кеңес беру уақыты – сабақ кестесі бойынша.
2.8 Студенттердің білімін және дағдысын бағалау критерийлері мен ережелері:

Ағымдық бақылау: студенттердің білімін ағымдық бақылау тәжірибелік сабақтар, рубеждік бақылау барысында, өзіндік тапсырмаларды (реферат, эссе, презентация және т.б.) орындау нәтижелері бойынша жүргізіледі. Сабақтың қандай құзыретті қалыптастыруына қарай (құзыретті қамтуына сәйкес) әрбір қалыптасқан құзырет бағаланады.

Тәжірибелік сабақтар:

- ауызша сұрау (студент сабаққа әдістемелік нұсқау сұрақтары бойынша дайындалып келуі керек);



- тест тапсыру (жазбаша түрде жүргізіледі және оқытушыға тексеруге беріледі);

- типтік және ситуациялық есептерді шешу (дәптерге жазылады және әрбір сабақтың соңында оқытушыға тапсырылады);

- сабақ нәтижелерін, СӨЖ орындалуын тексеру (дәптерді оқытушы әрбір сабақтың соңында тексереді).

Реферат, баяндама, эссе, презентация қойылымы, тест тапсырмаларын орындауды бақылау, кесте-сұлбалар мен көрме материалдары әр тақырыпты оқыған аптадан кешіктірілмей тапсырылады. СӨЖ әр түрін орындау талаптары СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқауларда беріледі.

Студент тәжірибелік жұмысының конспектісі болғанда, тест пен ситуациялық есептерді дұрыс шешкенде, оқу үрдісіне белсенді қатысқанда, СӨЖ тақырыптарын қорғағанда балл жинайды.
Тәжірибелік сабақта бағаланатын құзыретті қамту




Тақырып

Бағаланатын құзыретті қамту

білім

тәжірибелік дағды

коммуник.

дағды


құқықтық білім

өзіндік білім

1

Мамандыққа кіріспе: кіріспе бөлім

+

Ауызша сұрақ



-


+

Пікір-талас



-

+

«Менеджмент пәні және функциялары» тақырыбына реферат жеке қорғау



2

Менеджерді оқыту курсының мазмұны

+

Ауызша сұрақ



-


+

Командада жұмыс




-

+

«Денсаулық сақтаудағы менеджер ролі» тақырыбына реферат жеке қорғау



3

«Менеджмент» мамандығының негіздері

+

Ауызша сұрақ



+

Рольдік ойын



+

Пікір-талас



-

+

«Менеджердің жеке тұлғалық қасиеттері» тақырыбына реферат жеке қорғау



4

Персоналды менеджмент негіздері

+

Тестілеу


+

Ситуациялық есеп шешу



+

Ситуациялық есеп нәтижесін қорғау



-


+

«Кадрлық саясат және жұмыскерлерді ынталандыру» тақырыбына реферат жеке қорғау



5

Мансап технологиясы

+

Шағын топта жұмыс



+

Ситуациялық есеп шешу Тест сұрақтарына жауап беру



+

Жазбаша тапсырма нәтижесін қорғау



-

Тестілеу


+

«Мансап және кәсіп: мәні, таңдау, табыс» тақырыбына реферат жеке қорғау



6

Менеджер және оның командасы: табыстылық тарихы

+

Ауызша сұрақ



+

Рольдік ойын



+

Командада жұмыс




+

Ауызша сұрақ



+

«Көшбасшылық: модельдер, негізгі сапасы және стильдері» тақырыбына реферат жеке қорғау



7

Шешім қабылдау қажеттілігі және техникасы

+

Тестілеу


+

Тест сұрақтарына жауап беру



+

Рольдік ойын



+

Тестілеу


+

«Басқарушылық шешімдер: түсінігі, ролі және менеджменттегі орны» тақырыбына реферат жеке қорғау




жүктеу 345,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау