Титульный лист



жүктеу 405,16 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі405,16 Kb.
#17652
түріБілім беру бағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

МОДУЛДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Тау-кен ісі»

Мамандық 6М070700- «Тау-кен ісі»

Алматы 2016

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі

«____» ______2016 ж., хаттама №_____
МОДУЛДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Тау-кен ісі»

Мамандық 6М070700- «Тау-кен ісі»


Білім беру бағдарламасының деңгейі: (1,5 жылдық) профильді магистратура

Алматы 2016


К.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің

«Тау-кен ісі»

Білім беру бағдарламасын келісу парағы
Келісілген:
АЖ жөніндегі проректоры Искаков Р.М.

«____» ______________ 2016 ж.



Жоғарғы оқу орнынан кейінгі

жұмыс жөніндегі басқарушы Сабитова Д.

«____» ______________ 2016 ж.



ТКМИ директоры Абишева З.С.

«____» ______________ 2016 ж.



Құрастырылды:

К.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
«Тау-кен ісі» кафедрасының

меңгерушісі Рысбеков К.Б.

«____» ______________ 2016 ж.




Бекітілді:

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде «____» ______2016 ж.,

хаттама №_____

АЖ жөніндегі директор Ахметова Ж.
«____» _____________ 2016 ж.

1 Білім беру бағдарламасының паспорты
«Тау-кен ісі» мамандығының профильді магистратура бағдарламасын бітіруші түлектерге техники және технология магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура мамандығы аясында оқу орны өздігінен әртүрлі оқу бағдарламаларын Ұлттық бағдарламаларға, кәсіби стандарттарға және Дублин дискрипторларымен келісілген және де Европа біліктілік бағдарламаларына сәйкес құрастырылады.

Білім беру бағдарламасы оқу нәтижесіне бағытталып жасалуы тиіс.

Оқу деңгейінің және білім алушылардың білім көлемінің көрсетілуімен, меңгеру нәтижесімен, компетенцияларымен және ECTS бірліктегі (есептелген) кредиттермен ұсынылған Дублин дискрипторлары оқу бағдарламасын бітіруші түлектердің маман болуына ықпал етеді­.

Білім беру бағдарламасының құрылымы білім берудің мазмұнын анықтайтын әртүрлі оқу мен ғылыми жұмыстардан тұрады және олардың есептемелік мөлшерлерімен арақатынастарын, көлемі мен өлшемдерін анықтайды.

Магистратура білім беру бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:



  1. Теориялық оқу, базалық және профильді пәндер;

  2. Магистранттардың практикалық дайындығы, әртүрлі практикалар мен кәсіби стажировкалар;

  3. экспериментальды-зерттеу жұмыстары, магистерлік диссертацияны дайындау, дайындау барысындағы зерттеу жұмыстары - профильді магистратура үшін;

  4. Аралық және қорытынды аттестациялар.

Профильді бағыттағы магистратура бағдарламасында пәндер циклындағы Базалық пәндер (БД) Типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен (1 жылдық мерзімдегі магистратурада) 44%-ды, ал (1,5 жылдық магистратурада) 28 % -ды құрайды, және сәйкесінше міндетті оқылатын пәндер және де сәйкесінше 38 % және 50 % - таңдау бойынша компоненттер.

Магистратураның профильді бағытындағы оқу бағдарламасында пәндер циклындағы профильді пәндер (ПД) Типтік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен (1 жылдық мерзімдегі магистратурада) 56%-ды, ал (1,5 жылдық магистратурада) 72% -ды құрайды, және міндетті оқылатын пәндер сәйкесінше 10 мен 12% болады және де сәйкесінше 90 % және 88 % - таңдау бойынша компоненттер құрайды.

Таңдау бойынша компоненттердің тізімі мен реттерін ЖОО өзі анықтайды және мұнда жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріледі.




Білім алушының деңгейлік дайындығына қойылатын талаптар
Оқу нәтижелері Дублин дискрепторының екінші деңгейі (магистратура) талаптарына сәйкес анықталады және компетенциялар арқылы сипатталады.

Оқу нәтижелері барлық бағдарлама бойынша және модуль деңгейі бойынша және де жекеленген пәндер бойынша реттеледі.

Дискрептордың екінші деңгейінде келесідей қабілеттері болулары тиіс:

1) Жоғары білім алу кезіндегі алған білімдері мен түсініктерін ары қарай дамыта алулары тиіс, яғни идеялары мен шешімдерді ғылыми –зерттеулерде жүзеге асыра алулары керек;

2) Жаңа немесе таныс емес мәселелерді шешу үшін алған білімдері мен түсініктерін және қабілеттілігін қолдана алулары тиіс;

3) Қиыншылықтардан білімділігін көрсету арқылы шыға білуге бейімделуі керек, сонымен қатар, этикалық және әлеуметтік жауапкершіліктері қолданулары қажет;

4) Мамандар мен маман еместерге де өз ойы, білімі мен қорытындыларын нақты әрі түсінікті түрде жеркізе білулері керек;

5) Білім алуды өздігінен жалғастыруға қабілетті болулары тиіс.


Профильді магистратура түлектерінің негізгі компетенцияларының талаптары:

  1. Хабардар болулары тиіс:

  • ғылымның заманауи даму бағыттарынан;

  • жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының методологиялық және фиософиялық өзекті мәселелерінен;

  • жаһандану процесстерінің кері жақтарынан және әлеуметтік-экономикалық жағынан соқтыратын залалдарынан;

  • әлемдік бизнес-серіктестіктегі экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның заманауи жағдайларынан;

  • мекемені стратегиялық басқаруды ұйымдастырудан және инновациялық менеджменттен, көшбасшылық теорияларынан;

  • мекеменің негізгі қаржылық-шаруашылық мәселелерінен.


2) Білулері тиіс:

- ғылыми жағынан ойлаудың әдістемелерін;

- экономканың құрылымдарын өзгертетін негізгі мәселелерді;

- инвестициялық әріптестіктің ережелерін және ерекшеліктерін;

- ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін кем дегенде бір шет тілін кәсіби деңгейде білулері тиіс.
3) Меңгерулері тиіс:

- кәсіби қызметтерінде ғылыми әдістемелерді қолдануды;

- қазірде болып жатқан мәселелерді талдауды;

- әртүрлі пәндерді оқып меңгеру арқылы жаңа бейтаныс шарттарда аналитикалық талдауды және басқаруды, тез шешім қабылдауды;

- мекеменің шаруашылық қызметтеріне микроэкономикалық талдау жасауды қолдану арқылы мекемені тиімді басқаруды;

- тәжірибеде маркетингтік және менеджменттік ұйымдастыруды;

- мекеменің (фирманың) шаруашылық қызметтеріндегі ұйымдастырушылық және басқарушылық салаларында орын алатын күрделі жағдайларда оң шешім қабылдауды;

- экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын тәжірибелерде қолдануды;

- жаңа ситуациялық мәселелерді креативті түрде тез шешуді;

- ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізуге заманауи ақпараттық технологияларды қолданып орындауды;

- экспериментальды-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және магистрлік диссертация түріндегі сараптау жұмыстарын, мақала, есеп беру жазбаларын және т.б. орындауды меңгерулері тиіс.
4) Орындай алулары тиіс:

- кәсіби тапсырмаларды және ғылыми шешімдерді шығаруды;

- мекемені, өндірісті басқару және ондағы жұмыстарды ұйымдастыру салаларындағы мәселелерге ғылыми тұрғыдан талдаулар жасауды;

- менеджмент және маркетинг салаларында мәселелерді зерттеу және олардың тиімді шешімдері мен әдістемелерін кәсіпорынды басқаруға қолдануды;

- кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасауды және мәдени қатынастар жасауды;

- ораторлыққа бейімделу және өз ойларын дұрыс айта білуді, жазба түрінде де жеткізе білуді орындаулары керек;

- кәсіби қызметтерінде және докторантурада алған білімдерін одан ары қарай жетілдіруді және тереңдетуді орындай алулары тиіс;

- өзінің кәсіби қызметтерінде ақпараттық, комьпъютерлік технологияларды қолдануды орындай алулары тиіс.




  1. Компетентті болулары керек:

- мамандық бойынша зерттеулер методологиясы салаларында;

- әлемдік экономика мәселелері бойынша және ұлттық экономикалық құрылымдарға қатысу;

- кәсіпорын қызметтерін басқаруда және ұйымдастыруда;

- әртүрлі мекемелермен оның ішінде мемлекеттік органдық мекемелермен өндірістік байланыстарды жақсы қалыптастыруда;

- алған білімдері мен қабілеттерін одан ары қарай тұрақты түрде жетілдіруде және тереңдетуде;

Арнайы компетенциялар әрбір мамандықтарға байланысты бөлек құрастырылады, яғни онда жұмыс берушілердің және қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріледі.


«Тау-кен ісі» мамандығы бойынша профильді магистратура бітірушілердің арнайы (кәсіби) компененцияларына қойылатын талаптар:

  1. Хабардар болулары тиіс:

- Тау-кен өндірістік кәсіпорындарын жобалау мен эксплуатациялаудың заңдылықтарынан және ғылыми негіздерінен, тау-кен жұмыстарының технлогияларынан және олардың тау-кен көліктік жабдықтарымен байланысының дамуынан;

- Пайдалы қазынды кенорындарын жобалау және өндіруді жоспарлаудағы есептемелік схемалар мен инженерлік әдістерден, шахта алабын және карьерлерді ашудан, шахта құрылыстарынан, ашық және жерасты қазу жүйелерінен, тау-кен көліктік кешендік жүйелерді дамытудан хабардар болуы керек;

- Тау-кен кәсіпорындарын, энергетикалық кешендерді, құрылыс материалдарын өндіретін мекемедерді стратегиялық басқаруды ұйымдастырудан және инновациялық менеджменттен, көшбасшылық теорияларынан;

- Жер қойнауынан қатты пайдалы қазындыларды барынша толықтай және тиімді түрде қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып өндірудің көпкритериялы сипаттамаларынан;



2) Білулері тиіс:

- Болшағы бар пайдалы қазынды кенорындарын кешенді өндірудің (кеннің жоғалымы мен құнарсыздану мөлшері төмен болатын) заманауи технологияларынан;

- Тау-кен кәсіпорындарын жобалау әдістемелерін цифрлық моделдерде ақпараттық технологияларды қолдануды;

- жоғары өнімділіктегі тау-кен жабдықтарын қолдану арқылы ірі кесектердің шығуын болдырмайтын бұрғылау-жару жұмыстарын орындаудың инновациялық әдістерін;

- тау-кен жұмыстарының ресурстыүнемді технологияларын;

- қоршаған ортаға залал келірмейтін өндірістік қауіпсіздікті жоғарғы деңгейде сақтауға мүмкіндік беретін техникалар мен технологияларды қолданудың ғылыми жетістіктерін;



3) Меңгерулері тиіс:

- Жер қойнауынан пайдалы қазынды ресурстарды минимальды шығындарды жұмсау арқылы мейілінше толықтай және тиімді түрде қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып өндіруді (ашық әдіспен кен өндіру, жерасты әдісімен кен өндіру, таужыныстарын бұзу және шахта құрылысы, жерасты құрылысы, уран өндірудің ұңғымалық әдісі);

- Күрделі тау-кен геологиялық шарттардында тау-кен кәсіпорындарын жобалауда заманауи бағдарламалық кешендерді қолдануды;

- Тау-кен кәсіпорындарында, энергетикалық кешендерде, құрылыс материалдарын өндіретін мекемедерде пайдалы қазындыларды өндіруде тау-кен кәсіпорындарын жобалауда өздігінен заманауи ақпараттық технологияларды технологияларды қолдануды;

- техникалық жобаларға, тау-кен кәсіпорындарына және территориялық-өндірістік кешендерге экологиялық және қауіпсіздігі жағынан сараптамалар (экспертизалар) жүргізуді.

4) Орындай алулары тиіс:

- технологиялық және жобалық құжаттамаларды, жұмыс сызбаларын, тау-кен көліктіктерінің сипаттамаларын, тау-кен өндірісіндегі паспорттарды оқуды;

- қазу және тиеп-тасымалдау жабдықтарының жұмыс принциптерін, олардың жұмыстарының көлемдерін, бір-бірімен байланысын және де тау-кен жұмыстарының даму деңгейіне бақылау жасауды;

- тау-кен кәсіпорындарының жабдықтары мен кәсіпорындарына маниналарын, қолданылатын материалдармен шығарылатын өнімді сертификациялауды.



5) Компетентті болулары керек:

- Жер қойнауынан қатты пайдалы қазындыларды толықтай және тиімді түрде өндіруді ұйыдастыру және басқаруда, қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып кен өндіруде (ашық әдіспен кен өндіру, жерасты әдісімен кен өндіру, таужыныстарын бұзу және шахта құрылысы, жерасты құрылысы, уран өндірудің ұңғымалық әдісі), әртүрлі басқа да мекемелермен байланыстарды жақсы қалыптастыруда, кәсіби әріптестермен тығыз байланыста жұмыс жасауда; еңбек қорғау, жерасты ғимараттары мен нысандарын қызмет мерзіміне дейін сақтау, массивті басқаруды қамтамасыз етуде Мемлекеттік органдамен байланыста жұмыс жасауда компетентті болулары тиіс.

Білім беру бағдарламасы бойынша құрастырылған жалпы универсальды және кәсіби компетенциялар құрастырылды (Қосымша).

2 «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының мазмұны


Модуль аталымы


Оқудағы күтілген нәтижелер

Көлемі

Семестр

Модуль компоненттері

Компетенциялар

KZ

ECTS

Пән коды

Модульді құраушылардың аталымы (пәндер, практикалар және т.б.)

Пәндердің циклы (ООД, БД, ПД).

Группа (А.В.С)

ОК/ВК

Кредиттер саны

Бақылау түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Жалпы модульдер

Жаратылыс-ғылыми модуль

Оқыту табысты аяқталғаннан кейін түлектер халықаралық деңгейде, оның ішінде кәсіби қызметінде шетел тілін, білімін қарым-қатынас және қолдануға қабілетті болады және тау-кен өнеркәсібін басқару меңгереді, инвестициялық жобаларды дамытуға қабілетті болады; менеджер мен қызметкерлер, жеткізушілер мен мердігерлердің рөлін түсінеді, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын, жеке және ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыруға қабілетті болады.

5


8


1


IYa5201

Ағылшын тілі

(Кәсіби)



БД

1.1.1


А

ОК

3

Э

ОК1; ОК2; ОК4; ОК5; ОК6; ОК9; ОК18; ОК10;
ОК11; ОК12; ОК16; ОК19; ОК17; ОК18; ОК 19; ОК20
ПК3; ПК18; ПК19; ПК20

1

Men 5202

Жобалық менеджмент

БД

1.1.2


А

ОК

2

Э

Мамандық модульдері

Жалпы техникалық модуль



Оқыту табысты аяқталғаннан кейін түлектер таужыныстарының массиві мен жер ғимараттары құрылымдарының өзара әрекеттесу процесстерін талдауды және жүйелеуді үйренеді; олардың беріктігін орнықтылығын қамтамасыз етуге қабілетті болады; жерасты құрылыстарын салу, реконструкциялау және жер асты құрылымдарын ұзаққа шыдамды ету жолдары мен әдістерін меңгереді; қауіпті табиғи және антропогендік әсерлерден жерасты құрылыстарын қорғау тәсілдерін үйренеді.

Пәнді зерделеу шеберлерінің нәтижесінде математикалық әдістерін қолдана отырып шахталық және жерасты құрылысы кезінде, ашық және жер асты шахталарында проблемаларды шешудің теориялық негіздерін және принциптерін меңгерулері керек;


Білім алушы магистранттар тау-кен ісінің негізгі есептеулерді шығаруға мүмкіндік алады; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ашық және жер асты тау-кен жұмыстарын процессінің модельдерін жасауды; соңғы ғылыми әдістерді қолдана отырып тау-кен жұмыстарының проблемаларын шешеді. Магистрант тау-кен ісіндегі өнеркәсіптік жарылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін, рөлі мен орны туралы түсінуге тиіс. Тау-кен жұмыстарын жобалаудан терең білім алады.

13

21


1

NOP5203.1

Жерасты кеңістігін игерудің ғылыми негіздемелері

БД

1.2.1.1





КВ

2

Э

ПК1; ПК2; ПК5; ПК6; ПК7; ПК10;

ПК11; ПК12; ПК13; ПК14; ПК15; ПК 16; ПК17; ПК18; ПК19.


1

MN 5203.2

Ғылыми зерттеудің тәсілдері және ғылыми әдістемелері

БД 1.2.1.2




КВ

2

Э

1

OIP5203.3

Өндірісте зерттеулер жүргізу және экспериментті бақылау жүргізу

БД 1.2.1.3




КВ

2

Э

1

ONT5204.1

Құрылыс геотехнология-сының негізгі ғылыми-техникалық бағыттары

БД

1.3.1.1





КВ

3

Э




5204.2

Ашық кен жұмыстарын моделдеу және оңтайландыру

БД

1.3.1.2





КВ

3

Э

1

5204.3

Кен орнын жерасты тәсілімен игеру кезіндегі жаңа технологиялық шешімдер

БД

1.3.1.3





КВ

3

Э

1

SPGD5301

Тау-кен ісіндегі заманауи мәселелер


ПД

2.2.1





ОК

3

Э

1

SPP 5302.1

Бұрғылау-жару жұмыстарының шарттарын және тиімділігін жоғарылату жолдары

ПД

2.2.2.1





КВ

2

Э

1

5302.2

Күрделі құрылымды кен орындарындағы ашық кен жұмыстарының ерекшеліктері

ПД

2.2.2.2





КВ

2

Э

1

5302.3

Геотехнологиялық тәсілмен игерудің физика-химиялық әдісі

ПД

2.2.2.3





КВ

2

Э

1

SKV

5303.1


Жерасты ғимараттары құрылысындағы қазбаларды бекіту жүйелері

ПД

2.2.3.1





КВ

3

Э

1

5303.2

Карьерлердің технологиялық мониторингі

ПД

2.2.3.2





КВ

3

Э

1

5303.3

Күрделі жағдайдағы массивтің жағдай-күйін басқару

ПД

2.2.3.3





КВ

3

Э


Кәсіби дайындық модулі

Пәндердіі оқып үйрену нәтижесінде магистранттар әртүрлі тау-кен геологиялық және табиғи жағдайларда орналасқан кенорындарын игеру кезінде ашық және жерасты кен игеру жұмыстарының теориялық негіздерін және оларды жобалау әдістерін, жобалық шешімдерді экономикалық бағалаудың алдыңғы қатарлы әдістерін меңгереді. Болашақ мамандар пайдалы қазбаларды өндіру және жобалауға арналған Қазақстан Республикасының заңдарын, уран кен орындарын жобалау жаңа бағдарламаларын мен өндіру технологияларын оқып меңгереді. Курсты оқып меңгеру нәтижесінде болашақ мамандар жерасты ғимараттары құрылысы кезіндегі ғылыми зерттеулерді талдауды, жерасты нысандары құрылысының дайындық кезеңдерін, тік оқпан құрылысын, оқпан албарының ғимараттарын, жазық және көлбеу жерасты ғимараттарын, көлденең қимасы үлкен құрылыс нысандарын жобалауды үйренеді. Пайдалы қазбаларды ашық және жерасты игеру технологиясының парметрлерін оңтайландыру әдістерін үйренеді. Бұрғылау параметрлерін, ұңғымалар мен теспелерді бұрғылау тәсілдерін, оқтау мен жару, тазартпалап қазу жұмыстарын механикаландыруды, тау қысымын басқару параметрлерін оңтайландыруды меңгереді.



12


20


2

ONS

5304.1


Жерасты нысандары құрылысының технологияларын жетілдірудің негізгі бағыттары

ПД

2.2.4.1





КВ

3

Э

ПК5; ПК6; ПК7; ПК10; ПК11; ПК12; ПК13; ПК14; ПК15; ПК 16; ПК18; ПК19; ПК20.

2

5304.2

Кешенді кен орындарын ашық қазу мәселелері

ПД

2.2.4.2





КВ

3

Э

2

5304.3

Тау-кен өндірісін желдетудің арнайы сұрақтары

ПД

2.2.4.3





КВ

3

Э

2

TIP

5305.1


Қарапайым жарылғыш заттарды дайындау технологиясы

ПД

2.2.5.1





КВ

3

Э

2

5305.2

Ашық кен жұмысының жобалық шешімдерін негіздеу әдістері

ПД

2.2.5.2





КВ

3

Э

2

5305.3

Жерасты кеніштерін жобалаудың автомат-тандырылған жүйесі

ПД

2.2.5.3





КВ

3

Э

2

MPSPS

5306.1


Жерасты ғимараттары құрылысын жобалаудың әдістемелері

ПД

2.2.6.1





КВ

3

Э

2

5306.2

Карьерлерді жобалау әдістемелері

ПД

2.2.6.2





КВ

3

Э

2

5306.3

Уран кен орындарын жаңа бағытта жобалау және игеру

ПД

2.2.6.3





КВ

3

Э

2

MPP 5307.1

Жерасты құрылысындағы физикалық процесстерді моделдеу

ПД

2.2.7.1





КВ

3

Э

2

5307.2

Келешекті кенорын-дарын ашық әдіспен қазуды моделдеу

ПД

2.2.7.2





КВ

3

Э

2

5307.3

Пайдалы қазбаларды жерасты игеру үрдісі параметрлерін оңтайландыру

ПД

2.2.7.3





КВ

3

Э

Тау-кен жұмыстарын жобалау және модельдеу модульі

Жерасты құрылыстарын салуда математикалық моделдеу әдістерін қолдануды, ықтималдылық теорияларды, графикалық тәуелділіктерді тұрғызу әдістерін меңгереді, бұрғылап-аттыру жұмыстарын жүргізудің техникалық құжаттамаларын жасауды үйренулері тиіс. Сонымен қатар, білім алушылар күрделі геологиялық шарттарда кен денелерін ашу және даярлау әдістерін, тазарта қазу жұмыстарын жүргізуді, тау-кен саласындағы орындалатын жарылыс жұмыстарының сапалы орындалуын бақылауды, жарылыс жұмыстарының қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлерін төмендету шараларын оқып меңгереді.

6

10

2

ESB


5308.1

Жарылыс жұмыстарының экологиялық қауіпсіздігі

ПД

2.2.8.1





КВ

3

Э

ОК1; ОК2; ОК4; ОК19; ОК17; ОК18;

ПК11; ПК12; ПК15; ПК 16; ПК18; ПК19; ПК20.



2

5308.2

Карьерлерде аттыру жұмыстарын автомат-тандырылған жобалау

ПД

2.2.8.2





КВ

3

Э

2

5308.3

Күрделі шарттардағы кен денелерін игерудің арнайы жерасты тәсілдер

ПД

2.2.8.3





КВ

3

Э

2

TSB 5309.1

Қимасы үлкен қазбалар құрылысының технологиясы

ПД

2.2.9.1





КВ

3

Э

2

TSB 5309.2

Тау-кен жұмыстары режимдерін оңтайландыру әдістері

ПД

2.2.9.2





КВ

3

Э

2

TSB 5309.3

Пайдалы қазба кен орындарын игерудегі шикізатүнемді технологиясы

ПД

2.2.9.3





КВ

3

Э


Қосымша модульдер

Практика модульі

Оқыту табысты аяқталғаннан кейін бітірушілер кәсіби құжаттамаларыд әзірлеу үшін ақпарат жинақтауға қабілетті болады; техникалық құжаттаманы оқу дағдылары жоғарылайды, жабдықтарды сипаттауды, процестерді бақылауды, сапалы өнімдерді шығаруды үйренеді; технологиялық жабдықтар сипаттамаларын оқи алады, процестерді бағалауды, бақылауды меңгереді; кәсіби мәселелерді шешу үшін ұжымдық күш-жігерді шоғырландыру мүмкіндігіне ие болады.

10


32


2

ЕІRМ

Магистранттардың Экспериментальды-зерттеу жұмыстары

ДВО 1

В




4

Отчет

ПК4; ПК8; ПК10; ПК13; ПК15; ПК16; ПК17;

3

РrР

Өндірістік практика

ДВО 2

В




6

Отчет

Қорытынды аттестация модульі

Оқыту табысты аяқталғаннан кейін түлектер технологиялық ғылыми мәселелерді және шешімдерді түсінуіне, ақпаратты жеткізуге, ұйымдастыруға және талдауға қабілетті болады; шешімдерді тұжырымдау қабілеттілігіне ие болады, ақылға қонымды ғылыми-зерттеу және жобалық шешімдердің нәтижелерін талқылайды; озық есептеу, модельдеу әдістерін және арнайы бағдарламаларды қолдана алады.

4


15


3

СЕ

Кешенді емтихан (КЭ)

ДВО 3

В




1

Э

ПК10; ПК12; ПК14; ПК18; ПК19; ПК20;



3

ZMD

Магистерлік диссертацияны дайындау және қорғау (ОиЗМП)

ДВО 4

В




3






3 «Тау-кен ісі» оқу бағдарламасындағы модульдер аясындағы

игерілген кредиттердің сомасын көрсететін жиынтық кесте



Мамандық 6М070700 - «Тау-кен ісі» магистратура (1,5 жылдық оқу түрі)


Оқу курсы

Семестр

Игерілген модульдер саны

Оқылған пәндер саны

Кредиттер саны KZ

Барлығы

(сағ)


ECTS

Мөлшері (саны)

ОК

ВК

Теориялық

ЭИРМ

Өндірістік

практика


Қорытынды

аттеста-


ция

Барлығы

Емт.

Кур. жоба/ жұмыс, есеп

1

1

2

3

4

18

-

-

-

18

810

29

7

-

2

2

-

6

18

4

-

-

22

810+480=1290

30+16=46

6

1

2

3

2

-

-

-

-

6

4

10

450+

420=870


24+14=38

1

1

Жиынтығы

6

3

10

36

4

6

4

50

2970

113

14

2


Қосымша


«Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасын меңгеру барысында

білім алушылардың алған компетенциялары


Жалпы универсальды компетенциялар

ОК 1

  • Ғылымның заманауи даму бағыттарынан; жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдарының методологиялық және фиософиялық өзекті мәселелерінен хабардар болу керек.

ОК 2


Әлемдік бизнес-серіктестіктегі экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени және технологиялық ортаның заманауи жағдайларынан хабардар болу керек.

ОК 3

Кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі қаржылық-шаруашылық мәселелерінен хабардар болу керек.

ОК 4

Ғылымның методологиялық өзекті мәселелерін білулері тиіс.

ОК 5

Әлемдік экономиканың құрылымдарын өзгертетін негізгі іс-әрекеттерді білулері керек.

ОК 6

Ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін кем дегенде бір шет тілін кәсіби деңгейде білулері тиіс.

ОК 7

Ғылыми жағынан ойлаудың әдістемелерін білулері керек.

ОК 8

Оқып меңгеру нәтижесінде жаңа кәсіпорынның тиімділігін жоғарылататын аналитикалық сараптамаларды жасауды білулері керек.

ОК 9

Әртүрлі пәндерді оқып меңгеру арқылы жаңа бейтаныс шарттарда аналитикалық талдауды және басқаруды, тез шешім қабылдауды үйренулері тиіс.

ОК 10

Мекеменің шаруашылық қызметтеріне микроэкономикалық талдау жасауды қолдану арқылы мекемені тиімді басқаруды.

ОК 11

Мекеменің шаруашылық қызметтеріндегі ұйымдастырушылық және басқарушылық салаларында орын алатын күрделі жағдайларда оң шешім қабылдауды

ОК 12

Экономикалық қатынастарды реттеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларын тәжірибелерде қолдануды меңгерулері керек.

ОК 13

Ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізуге заманауи ақпараттық технологияларды қолданып орындауды меңгерулері керек.

ОК 14

Экспериментальды-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және магистрлік диссертация түріндегі сараптау жұмыстарын, мақала, есеп беру жазбаларын және т.б. орындауды меңгерулері тиіс.

ОК 15

Кәсіби тапсырмаларды және ғылыми шешімдерді шығаруды орындай алулары керек.

ОК 16

Мекемені, өндірісті басқару және ондағы жұмыстарды ұйымдастыру салаларындағы мәселелерге ғылыми тұрғыдан талдаулар жасауды орындай алулары керек.

ОК 17

Кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасауды және мәдени қатынастар жасауды білулері қажет.

ОК 18

Ораторлыққа бейімделу және өз ойларын дұрыс айта білуді, жазба түрінде де жеткізе білуді орындаулары керек.

ОК 19

Әлемдік экономика мәселелері бойынша және ұлттық экономикалық құрылымдарға қатысуға атсалысуға қабілетті болулары керек.

ОК 20

Кәсіби қызметтерінде және оқу кездерінде алған білімдерін одан ары қарай жетілдіруді және тереңдетуді орындай алулары тиіс.

Кәсіби компетенциялар

ПК 1


Тау-кен өндірістік кәсіпорындарын жобалау мен эксплуатациялаудың заңдылықтарынан және ғылыми негіздерінен, тау-кен жұмыстарының технлогияларынан және олардың тау-кен көліктік жабдықтарымен байланысының дамуынан хабардар болуы тиіс.

ПК 2


Пайдалы қазынды кенорындарын жобалау және өндіруді жоспарлаудағы есептемелік схемалар мен инженерлік әдістерден, шахта алабын және карьерлерді ашудан, шахта құрылыстарынан, ашық және жерасты қазу жүйелерінен, тау-кен көліктік кешендік жүйелерді дамытудан хабардар болуы керек.

ПК 3


Тау-кен кәсіпорындарын, энергетикалық кешендерді, құрылыс материалдарын өндіретін мекемедерді стратегиялық басқаруды ұйымдастырудан және инновациялық менеджменттен, көшбасшылық теорияларынан хабардар болуы тиіс.

ПК 4


Жер қойнауынан қатты пайдалы қазындыларды барынша толықтай және тиімді түрде қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып өндірудің көпкритериялы сипаттамаларынан хабардар болуы тиіс.

ПК 5


Болшағы бар пайдалы қазынды кенорындарын кешенді өндірудің (кеннің жоғалымы мен құнарсыздану мөлшері төмен болатын) заманауи технологияларын білулері тиіс.

ПК 6

Тау-кен кәсіпорындарын жобалау әдістемелерін цифрлық моделдерде ақпараттық технологияларды қолдануды білулері тиіс.

ПК 7


Жоғары өнімділіктегі тау-кен жабдықтарын қолдану арқылы ірі кесектердің шығуын болдырмайтын бұрғылау-жару жұмыстарын орындаудың инновациялық әдістерін білулері тиіс.

ПК 8

Тау-кен жұмыстарының ресурстыүнемді технологияларын білулері тиіс.

ПК 9


Қоршаған ортаға залал келірмейтін өндірістік қауіпсіздікті жоғарғы деңгейде сақтауға мүмкіндік беретін техникалар мен технологияларды қолданудың ғылыми жетістіктерін білулері тиіс.

ПК 10


Жер қойнауынан пайдалы қазынды ресурстарды минимальды шығындарды жұмсау арқылы мейілінше толықтай және тиімді түрде қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып өндіруді (ашық әдіспен кен өндіру, жерасты әдісімен кен өндіру, таужыныстарын бұзу және шахта құрылысы, жерасты құрылысы, уран өндірудің ұңғымалық әдісі).

ПК 11


Күрделі тау-кен геологиялық шарттардында тау-кен кәсіпорындарын жобалауда заманауи бағдарламалық кешендерді қолдануды білулері тиіс.

ПК 12


Тау-кен кәсіпорындарында, энергетикалық кешендерде, құрылыс материалдарын өндіретін мекемедерде пайдалы қазындыларды өндіруде тау-кен кәсіпорындарын жобалауда өздігінен заманауи ақпараттық технологияларды технологияларды қолдануды білулері тиіс.

ПК 13


Техникалық жобаларға, тау-кен кәсіпорындарына және территориялық-өндірістік кешендерге экологиялық және қауіпсіздігі жағынан сараптамалар (экспертизалар) жүргізуді білулері тиіс.

ПК 14


Пайдалы қазынды қорларды аз шығындарды жұмсау арқылы мейілінше толықтай және тиімді түрде қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып өндірудің ғылыми жаңа бағыттарын білулері тиіс.

ПК 15


Технологиялық және жобалық құжаттамаларды, жұмыс сызбаларын, тау-кен көліктіктерінің сипаттамаларын, тау-кен өндірісіндегі паспорттарды оқуды орындай алулары керек.

ПК 16

Қазу және тиеп-тасымалдау жабдықтарының жұмыс принциптерін, олардың жұмыстарының көлемдерін, бір-бірімен байланысын және де тау-кен жұмыстарының даму деңгейіне бақылау жасауды орындай алулары керек.

ПК 17

Тау-кен кәсіпорындарының жабдықтары мен кәсіпорындары машиналарын, қолданылатын материалдар мен шығарылатын өнімді сертификациялауды орындай алулары керек.

ПК 18

Жер қойнауынан қатты пайдалы қазындыларды толықтай және тиімді түрде өндіруді ұйыдастыру және басқаруда, қоршаған ортаға залалсыз әрі өндірістік қауіпсіздікті сақтай отырып кен өндіруде білікті маман болулары керек.

ПК 19


Әртүрлі басқа да мекемелермен байланыстарды жақсы қалыптастыруда, кәсіби әріптестермен тығыз байланыста жұмыс жасауда білікті маман болулары керек.

ПК 20


Тау-кен өндірісіндегі еңбек қорғау шарттарын, жерасты ғимараттары мен нысандарын қызмет мерзіміне дейін сақтау, массивті басқаруды қамтамасыз етуде Мемлекеттік органдамен тығыз байланыста жұмыс жасауда қабілетті болулары тиіс.


Мазмұны


1

Білім беру бағдарламасының паспорты

4

2

«Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасының мазмұны

9

3

«Тау-кен ісі» оқу бағдарламасындағы модульдер аясындағы

игерілген кредиттердің сомасын көрсететін жиынтық кестесі


13





Қосымша. «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасын меңгеру барысында білім алушылардың алған компетенциялары

14





жүктеу 405,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау