СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ
32
қарсы тетіктерді құру, мысалы, Лиепаядағы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы агенттік және Латвиядағы алғашқы мамандандырылған веб-сайт
жасаумен аяқталады.
Латвияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро
(KNAB) жүзеге асырады. KNAB 2002 жылдың қазанында құрылды және
Министрлер кабинетінің қадағалауындағы мемлекеттік мекеме болып
табылады. KNAB негізгі міндеттері болып табылады:
–
мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қызметіне және оларда
көзделген шектеулер мен тыйымдарды
сақтауына бақылау жасау;
–
лауазымды тұлғаларды «Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың
қызметінде мүдделер қақтығысын болдырмау туралы» Заңын бұзғаны
үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту;
–
саяси партияларды қаржыландыру, сондай-ақ сайлау алды үгіт-
насихатқа шектеу ережелерінің сақталуын бақылау;
–
«Саяси ұйымдарды (партияларды) қаржыландыру туралы» және
«Сайлау алды үгіт-насихат туралы» Заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік
жауапқа тарту;
–
мемлекеттік бюджетке заңсыз алынған немесе жұмсалған қаражатты
төлеу туралы шешім қабылдау.
KNAB консультациялық кеңесі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін
біріктіреді, өз пікірлерін және ұсынымдарын жұмыс топтарында, жария
пікірталас барысында білдіреді.
Жалпы алғанда, Латвияны табысты елдің мысалы ретінде Еуропалық
Одақтың қолдауымен барлық кезеңдерде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы білім беру практикасы кеңінен қолданылды.
Сонымен қатар заңның көмегі мен жұртшылықтың қолдауымен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратын Сыбайлас жемқорлықты
болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі Бюро сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметті жан-жақты ашып көрсетеді.
Тірек сөздер:
сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным,
азаматтық ұстаным, сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағарту.
ПІКІРТАЛАС ҮШІН СҰРАҚТАР
1. Грузияда қандай шараларға көп көңіл бөлінеді?
2. Грузияда жүргізілген реформалардың негізгі нәтижелері туралы
айтып беріңіз?
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама немен сипатталады?
4. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі
құрадамдас бөліктерін атаңыз
5. Швецияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының ерекшелігі
неде?
6. Ұлыбританияда азаматтық қоғам институттары қандай рөл
атақарады?
7. Латвияда қандай орган сыбайлас жемқорлыққа қызметті атқарады?
Рефераттардың үлгілік тақырыптары
1. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты.
2. Мемлекеттік басқаруды реформалаудың Сингапурлық тәжірибесі.
1-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛЫМЫ,
МІНДЕТТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
33
3. Швециядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тәжірибесі.
4. Ұлыбританиядағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
5. Еуропадағы шенеуніктер үшін этикалық стандарттар.
Әдебиет
1. Georgian Anti-Corruption Action Plan, 2014-2016. Secretary of the anti-
corruption council.
2. Почему у Грузии получилось / Л. А. Буракова.
–
М.: ООО «Юнайтед Пресс»,
2011. - 272 с.
3. Материалы
сайта
http://www.forbes.ru/ekonomika-column/vlast/52396
–
porya- dok-po-ruzinski.
4. National anti-corruption strategy: the Singapore experience. http://www.unafei.
or.jp/english/pdf/RS_No86/No86_14VE_Hin1.pdf.
5. Анализ национальных законодательств зарубежных государств в сфере
борьбы с коррупцией (Сингапур, Южная Корея, США, Россия). http://sud.gov.
kz/rus/content/analiz-nacionalnyh-zakonodatelstv-zarubezhnyh-gosudarstv-v-
sfere-borby-s-korrupciey-singapur.
6. Хонг М. Сингапур
–
страна, победившая коррупцию // К обществу без
коррупции.
–
2004.
–
№ 2 (19).
7. Anti-corruption Education and Awareness Raising of the Public. http://www.stt.
lt/en/menu/anti-corruption-education/.
8. Материалы сайта European Commission. ec.europa.eu/.../corruption/anti-
corruption
9. Материалы Минобрнауки России по обобщению опыта иностранных
государств по реализации в них антикоррупционных образовательных
программ. 2010 год. МОН РФ.
–
М., 2010.
–
60 с.
10. Sweden to the EU Anti-Corruption Report, Brussels, 3.2.2014, European
Commission.
11. UK
Anti-Corruption Plan, December 2014, London.
2-ТАРАУ. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ:
ТЕТІКТЕРІ МЕН ДАМУ ИНСТИТУТТАРЫ
§ 5. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбие-
леуде отбасының рөлі
– «Қандай қоғам болса, отбасы да сондай» деп айтады. Қоғамда
жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда
да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты
ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының
негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады.
Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып
табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа
жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі
бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер
етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен
дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара
байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде
біздің түсінігіміздің негізін құрады.
– Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды
орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан
жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның
ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде
сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығару
адамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде
қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани
кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға
айналады.
– Отбасы – қоғамның әлеуметтік институт ретінде нақты адамның
қоғам өміріне енуіне мүмкіндік беретін құндылықтардың трансляторы
болып табылады. Егер қазіргі қазақстандық отбасыға осы биіктіктен
қарасақ, отбасы қатынастарында позитивті және жағымсыз фактілерді
табуға болады.
– Осындай шындық аясында отбасының тұлғаның сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын тәрбиелеудегі рөлі қандай және оның
сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне қарсы төзбеушілік
қатынасын қалай қалыптастыруға болады деген сұрақты қарастырайық.
Қазіргі отбасы қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы у таба ала ма?
Отбасылық салт-дәстүрлер, мәдениет тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа
қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған ба? Отбасы адам-
дардың қатынасына тереңдеп еніп кеткен сыбайлас жемқорлықты
қалай бағалайды және қабылдайды? Отбасы сыбайлас жемқорлықты
моральдық-этикалық нормаларды бұзушылық, ұлт мәдениетіне жат,
асылық, Отанға деген сатқындық деп айыптай ма? Осы сұрақтардың
барлығы отбасының қазіргі қоғамдағы рөлін күрделі талдауды қажет
етеді. Бүгінгі күні обасы қоғам үшін күрделі және маңызды проблеманы
шешуге ынтасы жоқ, тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-
құлқын қалыптастырудың пәрменді субъектісіне айнала алмайтыны