7
Балаларға мейірімді қалалар мен
аудандар құру
«Балаға мейірімді қала» бастамасы (БМҚ) ШҚО-
дағы ЮНИСЕФ қызметінің барлық іс-шаралары
үшін негіз болып табылады. Бұл – негізгі мақсаты
жергілікті билік пен қоғамдастықтар деңгейінде
балалар құқықтарын
іске асыру болып табыла-
тын халықаралық бастама. Балаға мейірімді қала
БҰҰБҚК-нің жергілікті деңгейде іске асырылуы
болып табылады. Тәжірибеде бұл балалардың
құқықтары жергілікті саясаттан,
бағдарламалар
мен бюджеттерден орын алады дегенді білдіреді.
Балаға мейірімді қалада балалар шешім қабылдау
үдерісінің белсенді қатысушы болады, олардың да-
уыстары мен пікірлері назарға алынып, ескеріледі.
Жергілікті
деңгейде, әсіресе, қалаларда балалардың
құқықтарын қамтамасыз ету олардың тұрғылықты
жеріндегі жағдайларын жақсартудың құралы
және балалардың барлық мәселелерде, сондай-
ақ өз мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдау
үдерісінде дауыс беруге
құқығы бар екеніне көз
жеткізу тәсілі болып табылады
Қазақстанда БМҚ бастамасын іске асыру 2006
жылы басталды, қазіргі кезде ол 20 қала мен аудан-
ды қамтиды. БМҚ-бастамасы аясында ЮНИСЕФ
ШҚО-да балалар құқықтарын
іске асырудың толық
бағыты бойынша жұмыс істейді және бүкіл ел
ауқымында жаңартылуы мүмкін тиімді, мақсатты
және орнықты модельдерді дамыту үшін әлеуметтік
теңсіздікпен, құқық теңсіздігімен күреседі.
ана денсаулығын қорғау және
баланың тірі қалу құқығы
Барлық балалардың
өмірінің жақсы басталып, дені
сау болып дамуын қамтамасыз ету үшін сапалы
медициналық көмекке қол жеткізуге құқықтары
бар. 2010 жылы ШҚО-да 60%-дан астам сәби өлімі
2
жағдайы перзентханалар мен бөлімшелерден
байқалды, бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш болды.
ЮНИСЕФ ана мен баланы қорғау және сәби өлімін
азайту саласындағы
қызмет сапасын жақсарту
үшін Семей қаласындағы және ШҚО-ның бес
ауданындағы Ана мен бала орталығында (АБДО),
перзентханаларда тиімділігі жоғары өмірді қорғап
қалатын перинаталды технологияларды ендіру
бойынша жұмыс істеді.
ЮНИСЕФ сонымен қатар ана мен баланы қорғау
қызметінің жай-күйі бойынша зерттеу жүргізіп,
талдау
дайындады, денсаулық нәтижелеріне
қатысты теңсіздікті, денсаулық сақтау қызметіне
қол жеткізу жолындағы кедергілерді және
алғашқы медициналық-санитарлық
көмек көрсету
стандарттарын анықтады. Осы ақпаратқа сүйене
Достарыңызбен бөлісу: