Ші оқу жылына арналған ата-аналармен жұмыс жоспары


«Отбасы – тәрбие бастауы»



жүктеу 253 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі253 Kb.
#20553
1   2   3

«Отбасы – тәрбие бастауы»



Тәрбиеші: Нурмагамбетова М.С.


Қостанай қаласы

«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.



Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы болып саналады. Ата-аналардың үлгі-өнегесінің тәрбиелік мәні балаларға тән үлкендерге, олар тарапынан жасалатын жақсы игілікті іс-әрекеттерге еліктеушілікпен туындайды. Өйткені, бала бойына жеткілікті өмірлік тәжірибе, бейімділік пен икемділік әлі де болса толық қалыптасып бітпегендіктен, ол үлкендердің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, сұхбаттасу мәнеріне, іс-әрекетіне, басқалармен ара-қатынасына еліктейді. Олай болса, әке-шеше қарым-қатынасы, өзара сыйластығы, бір-бірін қадірлей, мақтан тұта білулері, үй шаруашылығын келісе отырып шешулері бір-біріне көмектесіп отырулары, өзара сұхбаттасу қалыптары, бала үлгі-өнеге тұтып, қабылдап алып, өзінің іс-әрекетінде жасауға тырысатын қылықтарының сипатын құрайды. Үлгі өнегелік бағдаршамы ретінде қабылданады. Отбасылық тәрбие бала тәлімінің мәні бала нәрестелік шағынан ержетіп, оң-солын тани бастаған шақ аралығындағы үрдісінің мазмұнын құрайтындығы нақты тұрмыстық, тәрбиесі және өнегелік үлгілер негізінде пысықталады. Ата-ана тәрбиесі қоғамдық тәрбиемен ұштасады, бірін-бірі толықтырады. Ата-ана тәрбиесі терең ата-аналық сүйіспеншілік пен қамқорлыққа толы болса, қоғамдық тәрбие балалардың өзін көпшілік ортада ұстай білу қалыптарына тәлімдейді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жасайтын имандылық пен сауаттылық қасиеттерді сіңірсек, тәлім-тәрбие берсек, сонда ғана рухы дамыған, Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген сөзін басшылыққа алған біздің балабақша ұжымы бүгінгі таңда білім мен тәрбие жұмысын дамыту, өркендету барысында жұмыс жасайды.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттеріміздің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымы ең маңызды міндеттердің біріне айналады. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасындағы «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сапасы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Баланы тәрбиелеу, дамыту мен білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымы өзара тығыз байланыста болуы қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бала тәрбиелеуде іске асырушылар – балабақша мен отбасы. Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға «Ашық есік» күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, балабақша жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, балабақша өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, «дөңгелек үстелдер», іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардын дайындық деңгейін ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін аныктайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: «Балалар ойынына талаптар», «Баланың дамуынын көрсеткіштері», «Тіл дамыту негіздері». Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады.
Бүгінгі жас отбасылар - еліміздің ертеңгі - рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарап ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халкынын тарихын, діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу - жалпы жұртшылык, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен «Менің Қазақстаным» атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздім. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың шығармаларын шындай түсу мақсатында «Біз бақытты отбасы» атты сайысын көрсету, қолөнер шеберліктерін, сауалнамалар, тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өте отыра өз бағаларын алды.
Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақсатымен арнайы ата-аналарды балаларымен балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра отыра, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық.
Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» деген мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. «Әкем анам және мен» атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-анаммен балабақшаны бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге баулиды. 
Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.
акциясы ұйымдастырылды. Отбасы мен балабақша - бұл екі тәрбиелік феномен. Әрқайсының әлеуметтік тәжірибесі балаға берері бөлек. Алайда, екеуінің үйлесімділігі кішкентай баланың үлкен өмірге енуіне ыңғайлы ықпал жасайды. Ата-аналар және балабақшаның өзара қарым-қатынасының бірден қалыптасуы сирек кездеседі. Бұл ұзақ мерзімді процесс, таңдалған мақсатты ұдайы зерттеуі, шыдамдылықты талап етуші, ұзақ еңбекті қажет ететін еңбек. Сондықтан ұйымның өзара қарым-қатынасы өте қиын жұмыс. Оның нәтижесі педагогтің шыдамдылығы және талапшылдығымен оның отбасында кәсіби көмекші болу іскерлігімен анықталады. Барлық бұл әрекеттер әрбір баланың ойлау және танымдық қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін, ең басты, оны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталады.

Осы баяндаманы аяқтай отыра, Ғабиден Мұстафин «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" делінген. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-аналардың оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса ғана жемісті болады.

7 бөбекжай-балабақшасы

Кеңес

«Гипербелсенді баламен жұмыс істеу барысындағы

«жедел жәрдем»

Тәрбиеші: Нурмагамбетова М.С.

Қостанай қаласы

 -Баланы  еркеліктерінен көңілін басқа жаққа аудару.

- Басқа таңдауды ұсыну ( қазіргі уақытта мүмкін бола алатын кез – келген басқа іс- әрекет).

- Күтпеген сұрақ қою.

-Балаға күтпеген түрде жауап қайтару (қалжыңдау немесе баланың іс- қимылдарын  қайталау)

- Баланың еркелігіне  үзілді- кесілді  тыйым салмау.

- Бұйрық етпей, тек сұрау, алайда жағымпазданбау.

- Сіздің сөздеріңізге құлақ түрсін десеңіз, баланың айтар сөзін мұқият түрде тыңдап алу.

- Автоматты түрде өзіңіздің өтінішіңізді бірнеше рет қайталау (нейтральді екпінде).

- Баланың еркелеп жатқан уақытында суретке түсіріп алу немесе оны айнаның алдына алып келу.

- Баланы бөлмеде жалғыз өзін қалдыру (денсаулығына ешқандай зиян тимейтін жағдайда).

- Баланың міндетті түрде кешірім сұрауына баса көңіл аудармау.

- Ұзақ ақыл – өсиет айтпау (бала оны бәрі- бір естімейді, естігенмен де жетік түсінуге қабілетсіз).

 Гипербелсенді баламен жүргізілетін профилактикалық жұмыс.

Баламен алдын – ала ойын уақыты және серуендеу ұзақтығы  жөнінде келісімге келу.

Уақыттың таяп қалғандығын ата- ана емес, алдын – ала түзетіліп қойылған сағат (оятқыш) немесе кез- келген таймер хабарлап тұрады. Осылайша баланың агрессиясының төмендеуіне әсер етуге болады.

Баламен бірлесе  отырып ұнамды немесе ұнамсыз (жағымды немесе жағымсыз) тәртіп үшін марапаттау мен жазалау жүйесін құру.

Балабақшада, топ ішінде, сыныпта, үйде тәртіпті сақтау ережелер жинағын құру және оны балаға ыңғайлы жерге орналастыру.

Баладан белгіленген ережелерді дауыстап оқуды сұрау.

7 бөбекжай-балабақшасы



Ақпарат

« Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң

қамқоршысы, өнегесi»

Тәрбиеші: Нурмагамбетова.С.

Қостанай қаласы
Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе, "Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi есте ұстауға тиiспiз.Бiз өз балаларымыз бен немерелерiмiздi сонау алыс болашақта, олар бiздiң жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргiмiз келедi..." делiнiп, ұрпақ тағдыры айтылады.

Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда"- деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».

Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

Өзгермейдi салғанша ажал құрығын.

Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.

Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.

Қазақ халқының " Ата – балаға сыншы" деген мақалы бар. Әр әке өз балаларының ерекшелiктерiн, қандай iске бейiмдiлiгiн дамытуға тырысып, ерте аңғарып, ән мен күй өнерiнен бейiмi болса, өнер қуған сал-серiлерге, үй шаруасына бейiм болса, үй шаруасының тiзгiнiн берiп, сөз ұғарлық ойы болса, жақсыларға жанастыратын.

Ал қыз абыройы – отбасының, елдiң болашағы, босағаның берiктiгi. Қазақ қыздың жолы жiңiшке" деп бекер айтпаған. Осындай ұл мен қыздың тәрбиесiне қазақ халқының тек жеке отбасы ғана емес, бүкiл ауыл аймағы, әулетi жауапкершiлiкпен қараған. "Қызға қырық үйден тыйым", " Ұлға отыз үйден тыйым" демекшi, ұлға да, қызға да айтар сын аз емес.

Әр отбасы ұлы мен қызына салт-дәстүрдi, жетi атасын бiлудi үйреткен. Ата-ананың қанша баласы болса, әр бала ата-анаға өзiнше қымбат.

"Алуан-алуан жүйрiктiң әлiне қарай шабатынын" ең алдымен, атасы мен анасы бiледi. Тарихқа көз салсақ, халқына қорған, елiне басшы болар азамат өсiрiп, төңiрегiне аналық мейiрiмiн төгiп, ел анасы атанған аналар аз ба? Домалақ ана, Қараша ана, Мұрын ана, Дәулет бике, Қарқабат ана, Қызай ана... секiлдi көптеген аналарымыз елiне тұтқа боларлық ұл-қыз өсiрiп, бiр ру-тайпаның атын иеленiп, өнегелi iстерi аңызға айналып, бүгiнге жетiп отыр. Сондай-ақ, кешегi Түркi қағанаты заманында түрiк әлемiне Күлтегiндей батырды, Бiлге Қағандай дананы сыйлаған ананы халқы хан көтергендей ақ киiзге отырғызған, ардақтаған.

"Ана мен әке өздерiнiң үлгi-өнегелерi, гуманистiк белгiлерi арқылы әдептiлiгiмен, өнерпаздығымен, бiр-бiрiне деген өзара достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегiмен балаларына үлгi-өнеге көрсете алады. Егер оқушы маманданған ұстаз десек, ата-ана – өздерiнiң өмiрлiк iс-тәжiрибесi арқылы тәрбиелiк iс-әрекеттерiн қалыптастырған ұстаз. Ал, ұстаз өз iсiнiң шеберi, бiлгiр адам болуы қажет" деп толғанады ақын.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. "Шебер ұстаздан – тәрбиелi шәкiрттер" деп айту өте орынды. "Бала үшiн жай нәрсенiң өзi де жаңалық. Бұлар – құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеушi".

Ата-аналары балаларын өнегелi сөзiмен, жеке басының тәрбиесiмен тәрбиелейдi. Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. "Бала тiлi– бал", "Балалы үй– базар" деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне құрғақ ақылдан гөрi үлгi-өнеге арқылы ықпал етудiң жұғымды екенiн және балаға жора-жолдастарының, құрбы-құрдастарының әсерi мол екенiн айтқан. "Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол" деп, тәрбиелiк мәнi зор мақал-мәтелдер айтқан. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесiне ерекше назар аударып, "Баланы жетiге келгенше тыйма, жетiден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейiн құрдасыңдай сыйла" деп, баланың ой-өрiсi даму кезеңiн ерекше бағалаған.

«Бала тәрбиесi– бiр өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi; бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. "Бала iстеген жауыздықтың жазасын тәрбиешi көтерсiн" деген иран елiнiң мәтелi шын, дұрыс мәтел"10 деп М.Жұмабаев бала тәрбиесiне ерекше тоқталған.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Баланың тәрбиелi болып өсуiне берекелi отбасының әсерi мол. Отбасының әрбiр мүшесi өзара сөйлесiп, не болмаса ата-ананың, баланың мiндетiн атқару ғана емес, береке – бiрлiк, сүйiспеншiлiкпен араласса, босағасы берiк, шаңырағы биiк отбасына айналары сөзсiз.

Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ,

Бала – жағасындағы құрақ, – деп, ата – ана, баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаласың.

"Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгiмелесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейдi, – деген болатын А.С. Макаренко. – Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра бiлуде, балаға әркiмнiң өз жеке басы арқылы үлгi-өнеге көрсетуде. Отбасындағы бала тәрбиесi халық өмiрiмен, қоғамның мақсат-мiндеттерiмен байланысты болуы керек".

Ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр әйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Бала өсе келе ән айтқызып, домбыра тартқызған.

Жамбылдың жырын, Күләштың әнiн, Динаның күйiн, Әлия мен Мәншүктiң, Бауыржанның ерлiгiн халқымыз ұрпағына өнеге еткен. Талғат пен Тоқтардай ғарышкерлерiн, Абай мен Шоқандай дарынды тұлғаларын тәрбиелеген де халық. Отбасы халық тәрбиесiнен үнемi нәр алып отырады. Халық тәрбиесi– отбасы тәрбиесiнiң негiзгi бастауы. Ұрпақтары бұл тәрбиеден нәр алып, бала бойына сiңiредi.



АТА-АНАҒА КЕҢЕС

       Әрбір ата-ана бала бойындағы жасқаншақтық пен ұялшақтық мінезге ұсақ-түйек мәселе деп қарамауы шарт.Баласының бұл мінезіне есейе келе қалатын уақытша құбылысқа балап елең қылмаса, бұл мінез-құлық баланың бойына тереңдей еніп, есейе келе одан арылу үшін қиындық туғызады.

       Жасқаншақтық мінез баланың әлденеден жасқанған жағдайда пайда болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының жасқаншақтық мінезін сезген сәттен бастап, оған көмек қолын ұсынғаны жөн.

       Баланың сәл-пәл атқарған жақсы істерін қолдап, бойында өзіне деген берік сенімді орнықтырып,қолға алса кез келген істі атқара алатынына, басқалардан ешқандай кемістігі жоқ екендігіне көзін жеткізуі керек. Баланың өтпелі кезеңде, одан кейін де талай проблемаларға килігетініне көзін жеткізіп, өмірдің бірыңғай жақсылықтан тұрмайтынына, сонымен қатар кемшілік атаулының барлық адамның бойында болатынына көзін жеткізуге тырысқаны абзал.

 

 

 



Ата аналарға кеңес             

Біріншіден, мұның өзі негізгі нәрсе – «тыйым салу» деген ата-аналық құқықты теріс пайдаланбаңыз. Ең алдымен сәбиді түсініп, оның қиқарлығының көзін табыңыз, «жарайды» деуге болатын жерде «жарайды» деңіз.

 Екіншіден, сіздің балаға деген нұсқауларыңыз бен талаптарыңыз дәлелді, ақылға қонымды болуға тиіс.

            Үш-төрт жастан бастап сәби сізді тыңдап, сөзге құлақ аса бастайды. Егер бала қиқарлық көрсетсе, жанжалға жеткізбей, көңілін басқаға аударыңыз, баланы тыныштандырыңыз. «Баланы жастан» деген осы болады. Қиқарлықты болдырмау үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Жанұядағы жылы шырайлы жағдай, балаға құрметпен қарау, сізге әрі ақылды, әрі дені сау бала өсіруге көмектеседі.

 Бұл шарт орындалмағанда қиқар бала тәрбиесі қиын балаға айналады.

Тәрбиесі қиын балалар көбіне берекесіз жанұяда қалыптасады.    Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор. Макаренко Н. «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын.

        Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, т.б.тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады.

Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі.

            Басқаша айтқанда, отбасы жеке адамның тәртібі және мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.

Ата – анаға кеңес

                 Баланың ашуын қалай жеңуге болады?

 Баланың ашуын қалай жеңуге болады?

Әр ересек адам баланың ашуымен кездеседі. Осындай жағдайда сізге бөтен адамдар қарап тұрғанда, өз-өзіңізді ұстай алмай қаласыз. Бұндай кезде қалай болу керек?

 1.  Естеріңізде болсын, қандай керемет ана немесе әке болса да, осындай жағдайларға тап болуы мүмкін, мәселе анасында емес, баланың мінез құлқында.

Балаңыздың ашуының себебін ойлаңыз:

-Сіздің балаңызға көңіл жетпейді, ол осындай жолмен сіздің назарыңызды өзіне аударуға тырысады (осындай әдет тез жатталып, өскенде де жиі қолданылады);

-Бала өзінікін істеткізіп, не сұраса соны беретінін біліп, сіздерге манипуляция жасайды.

Манипуляцияны ажырата білу қиын, өз балаңызды бақылаңыз: қалай жылайды, оның тынышталуына ненің көмектесетініне.

Егер сіз балаңыздың сізге манипуляция жасап тұрғанын ұқсаңыз, балаға өзіңіздің ұнатпағаныңызды көрсетіңіз.

-Бала шаршады, тамақ ішкісі келеді, ұйқысы келеді: ол себепті жоюыңыз керек сонда баланың ашуы басылады.

 

2.  Егер ашу қызып тұрса, бала дем алу үшін тоқтаған кезде, сол уақытта сіз қызықты әңгіме бастап, назарын өзіңізге аударыңыз.



 

3.  Баланы алдыңызға алып, құшақтап, тынышталғанын күтіп, оған жаныңыздың ашитынын түсіндіру.

 

4.  Ашу кезінде ең бастысы өзіңізге ашуға түспеу. Өзіңіз шыдамды болып, балаға жаныңыздың ашитынын түсіндіріп: «Мен сенің ашуыңды түсінемін, өйткені біз саған сатып алған жоқпыз…», «Сен тынышталғанда, біз болған жағдай туралы әңгімелесеміз».



Бала сізді бір айтқаннан түсінбейді, оны 20 рет немесе одан да көп қайталағаннан кейін, сіз балаға жеткізесіз. Баламен сөйлесіңіз, не себептен сондай тәртіпсіз қылықтар жасағанын сұраңыз

5.  3-5 жастағы балалар үлкендердің дұрыс түсіндіргендерін түсіне алады. Баланы кез-келген жағдайлардан жол тауып шыға білуін үйрету керек, түк болмағандай жүре беруге де болмайды.

 

6.  Сондай кезде сізге қарап тұр деген ойлардың бәрін ұмытыңыз, сол адамдардың өздері де сондай жағдайда болған.



 

7.     Сондай жағдайда өзіңізді де, баланы да кінәламаңыз.

 

Есіңізде болсын, сіздің балаңызды өзінен жақсы ешкім білмейді.



 

 

Ата- Ата-аналарға кеңес 

1. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
2. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
3. Баланың сұрақтарына жауап берген кезде шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.
4. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
5. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіңіз.
6. Баланың әрір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
7. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.
8. Табысқа күшпен жетуге болмайды, сондықтан балаңызға күш көрсетіп, тапсырманы орында деп талап етпеңіз.
9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.
10. Баланың «бақытты кездер банкісі» туралы ойлаңдар.
11. Үлкендер балаға қалай қараса, бала да өзіне солай қарайды.
12. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

Ата – аналарға кеңес 

1. Баланың берген жауабына шын және шыдамдылықпен жауап беріңіз.


2. Балаңыздың жеке бөлмесі не бір бұрышы болуына жағдай жасаңыз.
3. Балаңыздың шашылып жатқан үстеліне ұрыспаңыз, егер ол шығармашылық іс — әрекетпен айналысып отырса.
4. Шешім қабылдауда өзіндік жеке жоспар құруына көмек көрсету.
5. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.
6. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.
7. Отбасымен шешетін мәселелерге балаңызды қатыстырып, оның жеке басының ой-пікірімен санасыңыз.
8. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.
9. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.
10. Жас мөлшері әртүрлі адамдармен дұрыс қарым-қатынам жасауға үйретіңіз.
11. Қиын нәрселерді тауып және оны өз бетімен, жауапкершілікпен шешуге балаңызға көмек көрсетіңіз.
12. Балаңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.
13. Балаңызбен бірге әңгімелер, ертегілер, фантастикалық оқиғалар құрастырып, баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасаңыз.
14. Балаңыздың сүйікті ісіне керек кітап, ойын, т.б. құралдармен қамтамасыз етіңіз.
15. Балаңыздың алған негізгі ісінің ойдағыдай орындалуына сеніміңіз болмаса да, сол істі өзі аяқталуына жағдай жасаңыз.
16. Бала өз жұмысын көрсете алатын стенд жасап қойыңыз.
17. Істеген жұмысының нәтижелі болуына көмектесіңіз.
18. Баланың қойған талабына ерекше көңілмен қараңыз.
19. Балаңыздың өткір ойлығына сеніп, әрдайым сенім артыңыз.

а Пайдалы кеңестер


 

Ата-аналарға мамандардан кеңес

йтқан сөздерді нақты түсінеді және тыныштандыру оңай.
жүктеу 253 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау