Ортаңғы сынып оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда интернет көздерін қолдану.
Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында жаңа технологияларды қолдану мәселесі кеңінен талқыланып жүр. Бұл тек қана техникалық тәсілдер емес, сондай-ақ оқытудың формалары мен әдістері. Шет тілін оқытудың негізгі мақсаты студенттің коммуникативтік мәдениеттілігін және шет тілін практика жүзінде меңгеру шеберлігін дамыту. Оқытушының міндеті студенттердің шет тілін меңгеруге қолайлы жағдай туғызу. Яғни, студент өзінің шығармашылық белсенділігін көрсете алатын оқытудың тәсілін қолдану. Заманауи педагогикалық әдістер, яғни жобалық әдіс және жаңа информациялық техниканы қолдану. Интернет ресурс студенттердің дағдыларын ескере отырып олардың индивидуалдық ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Ағылшын тілі сабағында интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, жазу дағдыларын қалыптастыру, студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің ағылшын тілін оқуға деген қызығушылығын арттыру. Студенттер интернет желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады. Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға мүмкіндіктері болады. Соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісі елеулі әсерін тигізген халықаралық желі – Интернет.
Біздің басты мақсатымыз оқушылардың коммуникативтілігін жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Жалпы білім беретін жоғырғы оқу орындары студенттердің коммуникативтілігін туған тілінде ғана емес, шет тілінде де жүзеге асыру қажет сонымен қатар информациялық біліктілігін негіздеуіміз керек. Студенттер өздеріне қажетті информацияны табуды, оны оқып, ішінен ең маңыздысын табуды және өз қажеттілігіне жұмсауды үйренуі шарт. Және де студенттердің бойында өзіндік білім алуды бүгінгі күн талабына сай ізденуді, ақпараттық ағымда жол табу және өзін өзі дамытуды әрі қарай жетілдіру қажет. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді. Студенттер чаттар, видеоконференциялар, форумдар мен электронды почта арқылы тілдесе алады.
Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде ғалымдар кез келген адамға қолжетімді, межеленген нәтижеге жеткізетін білім берудің жаңа парадигмасын іздестіруде. Жаңа парадигма бұл - ЮНЕСКО жариялаған жетекші қағидаларды негізге алатын «Білім беру бүкіл ғұмыр бойы» - «Life Long Learning (LLL)» және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы. Қазіргі заманның талаптарына жауап беретін білім берудің мақсаттары ЮНЕСКО да «білім беру барлығы үшін» қозғалысының «Төрт бағаны» ретінде сипатталған: «өмір сүруді үйрену; тани білуді үйрену; істей білуді үйрену; қатар өмір сүруді үйрену».
Аталған қағидалар әлемдегі ең озық идеялар мен білім беруді қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті әлем адамзаттарын тәрбиелеу.
Осындай маңызды да, жауапты талапты орындау үшін білім алушы да (біздің жағдайымызда студент), білім беруші де, (оқытушы) соған лайық оқыту парадигмасын таңдауы қажет. Ол оқытушыға да, білім алушаларға да көптеген міндеттер жүктейді. Мысалы, оқу материалдарының жаңа түрлерін дайындау, оларды оқу үдерісінде қолдану тәсілдері мен қызметтерін жетілдіру, ақпараттық технологияны тиімді қолдана білу, үнемі ізденісте болу, техниканың жаңа мүмкіндіктерінен хабардар болу және т.с.с. күрделі мәселелерді шешуге тура келеді.
Қазіргі таңда қоғамның даму тенденциясының басым бағыттарының бірі – ақпараттандыру болып табылады. Интернет технологиялардың жылдам дамуы мен таралуы білім беру жүйесінде жаңа парадигмаларды жүзеге асыратын мүмкіндіктердің көзі ретінде қарастырылады. Жаңа буынның электронды білім беру технологияларын құру және пайдалану және білім беру жүйесін жаңғыртудың ең тиімді тәсілі болып табылады.
Подкаст (podcast) – кез келген адам жасаған аудио немесе бейнежазбаларды Веб 2,0 қызметінде көруге немесе тыңдауға болатын әлемдік желі. Оның теледидар мен радиодан айырмашылығы – тікелей эфирден емес, қолайлы уақытта аудиофайлдардан тыңдауға немесе бейнехабарламалардан көруге болады. Тұтынушы подкаст қызметіне кіріп, таңдағанын көріп, оны өзінің жеке компьютеріне көшіріп алуына болады. Оның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Интернетте түрлі деңгейде меңгерген аутентикалық подкасттар да, оқу мақсатына арналғандары да болуы мүмкін.
Ғылыми еңбектерде, соның ішінде шетел тілдерін оқытуда да бұл тақырыптағы материалдар аса көп емес. П.В. Сысоев пен М.Н.Евстигнеевтің, А.Г. Соломатинаның зерттеулерінде сөйлеу әрекетінің түрлерін жетілдірудегі маңызы және К.В. Капранчикованың мақаласында подкаст қызметінің шетел тілін оқытудағы әлеуметтік мәдени қызметі туралы жалпы шолу жасалады.
Подкаст серверінің танымал түрі – YOU Tube болып табылады. Youtube қызметіне тіркелген әрбір қолданушы өзінің видеоподкастын салуына, басқалардыкін көруіне, сондай ақ микроблоктағы подкастқа талдау жасауға, түсініктеме беруіне болады. Подкаст әлеуметтік қызметі жазбаларды тыңдау, қарауға мүмкіндік беретіндіктен, сөйлеу әрекетінің тыңдалым мен айтылым шеберлігін дамытуға септігін тигізеді.
Кәсіби бағдарлы ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әрекетінің түрлерін подкаст қызметі арқылы жетілдіру оқытудың жаңа парадигмасын іздестірудің жолы болып табылады. Мысалы, студенттің сөйлеу әрекетін жетілдіру мен дамыту үшін интернеттегі мамандығына сай материалдарды оқу материалына сай тақырыптарға бөліп беруге болады.
Подкасттар ағылшын тілінде несімен жақсы? Несімен ыңғайлы?
Сіз ағылшын тілінде сөздердің дұрыс айтылуын, сөздердің ортасына кідіріс қоймады, интонацияның дұрыс айтылуын, сөздердің қысқартылған кезінде дұрыс дыбысталуын ескеріп жаттығасыздар. Ағылшын тілінде сөйлемей тұрып, ең бірінші дұрыс тыңдап үйренуіміз керек. Ал, осының бәрін біз подкасттың көмегімен үйренеміз.
Ең біріншіден қысқа баяу жылдамдықпен жаттықтыратын аудио файлдарды тыңдаған қажет. Содан кейін күрделі формасына көшкеніміз жөн.
Сіз ағылшын тілінде кездесетін түрлі акценттерге үйренесіз. Әр ұлт өкілі ағылшынша әрқалай сөйлеседі. Біреулер дыбыстарды дұрыс дыбыстамайды, кейбіреуі әріптерді жұтып қояды, енді біреуі шолжаң сөйлейді. Осындай қиындықтарды ескере отырып, біз ағылшын тілін подкасттар арқылы үздік меңгере аламыз. Басында шетелдіктердің сөздері сіздерге дыбыстар жиынтығы болып көрінеді, бірақ егер де сіз күнделікті тұрғыда подкастпен жаттықсаңыз, ондай қиыншылықтарға ұшырамайтын боласыз.
Сіз жаңа лексиканы қалай тез әрі ыңғайлы жаттауын үйренесіз. Жаңа лексиканы үйрену 5 минут, ал оны тәжірибеде қолдана білу үдерісі ауқымды жұмыс. Сондықтан қолданар алдында тақырыпқа байланысты подкасттар жиынтығын таңдаңыздар. Мысалы, ‘Shopping’ – осы тақырыпқа аудио тауып тыңдаңыздар. Аудио файлдарды қандай сөздермен ұштастырады, жаңа лексиканы қандай контекстте қолданатынын білесіздер.
Сіз зейін концентрациясын жаттықтырасыз. Қазіргі ХХІ ғасыр инновациялық технологиялар заманы болғандықтан, әрбір адамзат баласы смартфон, планшет сияқты технологиялар көмегімен ақпаратты 80-90% зейін арқылы қабылдайды.
Сізге ыңғайлы жерде қолдана аласыз. Ол үшін сізге тек смартфон, планшет немесе mp3 керек. Жаттығу үшін ешқандай ауыр оқулық, қалам, дәптердің көмегі керек емес. Бар болғаны mp3 мен оқуға деген ниетіңіз болса болғаны.
Ағылшын тілін подасттар арқыл үйрететін саиттар:
Подкастты бастамас бұрын оны күрделілігі бойынша бөлу. Осындай саиттардың көмегімен тілді жаттықтыру үшін тамаша материалдар жинауға болады.
Мысалы, Learnenglish. britishcouncil. org подкаст ұзақтығы 10-15 минут Elementary және Pre-Intermediate деңгейі бойынша. Саиттар материалдар қарапайым лексикамен берілген, бірақ өте жылдам қарқынмен сөйлеуді қолдайды. Кез – келген подкасты және транскрипт (текст) жүктеуі тегін. Әрбір аудио жазбаға қоса тест және бірнеше тапсырмалар берілген. Олардың көмегімен сіз өзіңізді қаншалықты жақсы түсінгеніңізді тексере аласыз.
Eslpod.com – подкаст ұзындығы 10-30минут деңгейдегі Pre- Intermediate және Intermediate деңгейі бойынша. Бұл ресурста аудио жазба лексикаға қарағанда күрделілеу, бірақ диктордың сөйлеу жылдамдығы баяулау.
Сондай – ақ BBC.co.uk подкасты, осы саиттан өзіңізге керек деген подкастты жүктеп алуыңызға болады. Мұнда подкасттар 5-60 минут Intermediate деңгейінде берілген. Бұл аудио подкасттар сіздің сөздік қорыңызды молайта түседі. Сіз неғұрлым көп жаттықсаңыз, тезірек қалаған нәтижеге жетесіз.
Аудио жазбалар мен подкасттар тілдік ортаға тез үйренуді, өз сөздік қорын молайтуға және де жәй ғана қызықты уақыт өткізуге арналған программалардың бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |